жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Шебер қыздар» үйірмесі. Ашық есік күні өткізілген іс-шара .
Аңқаты ЖОББМ
“Шебердің қолы ортақ”
«Шебер қыздар» үйірмесі.
Ашық есік күні өткізілген іс-шара .
Өткізген қосымша білім беретін педагог : Бекмурзина М.Е
“Шебердің қолы көпке ортақ”
Қолөнер.
Сәндік-қолданбалы өнер элементтерінің
түрлері.
Мақсаты:
Ата-аналармен
оқушылар белсенділік рөлін арттырып,
бірлесе шешуге, ұйымшылдыққа, іскерлік,
шеберлікке үйрету. Қолөнердің сырын
түсіне отырып, ізденуге, танымдылық
қабілеттерінің артуына ықпал ету,
эстетикалық тәрбие беру, логикалық
ойлау, өнерге ынтасын, қабілеттерін
дамыту. Пицца деген ,құрақ түрлерін
тігудің ерекшелігімен құрақ бөліктерін
дұрыс орналастыру реттілігін және өңдеу
технологиясын үйрету.
Көрнекілігі:
көрменің
бұйымдары, даналық сөздер,
мақал-мәтелдер,
суреттер,
бейнеролик.
https://www.youtube.com/watch?v=M-a92-0-uxA
Өнер туралы өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер:
Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет.
Қолөнер – мол өнер.
Өнер талаптан туады.
Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен. – деген сөздер жазылып ілінеді.
“ Мақал құрастыр ойыны ”.
Барысы:
Кіріспе
Амандасу.
Бүгінгі кездесуіміз “Шебердің қолы көпке ортақ”деп аталады.
“Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы.
Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.
Қазіргі
таңда еліміздегі ақпараттық технологияның
кеңінен қолданылуына байланысты, мектеп
өміріне көптеген жаңа талаптар мен
өзгерістер енгізуде. Соның бір айғағы,
технология пәні арқылы оқушыларды
жан-жақты, толыққанды жеке тұлға ретінде
қалыптастыру, оқушы тек қана теориялық
білім алып қоймай сарамандық, өндірістік
міндеттерді жобалай білуге шешім
қабылдауға жеке шығармашылық жұмыстарды
орындай білуге үйренеді.
Өнер
адамның дүниетанымына, сеніміне,
адамгершілік – моральдық қасиеттердің
қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің
тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының
айқындала түсуіне игілікті әсер етеді.
Құрақ
түрлері туралы мағлұмат:
Құрақты
қандай мақсатта құраймыз?
- Біріншіден,
мата қиындыларын іске асыру, кәдеге
жарату.
- Екіншіден, әдемілікке,
ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.
Құрақ
құрау - халқымыздың үй - тұрмысы
бұйымдарында ұрпақтан - ұрпаққа ұласқан
ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау
үшін, қалған қиынды маталар қолданған.
Құрақ құрау - мата қиындыларын іске
ұқсату, кәдеге жарату және үлкен
сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді
қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы
әже - әпкелеріміз күнделікті үй -
тіршілігінде өзіндік орны бар,
пайдалануына
қарай, шәй құюшыға арналған шағын
көрпеше, мейманға салатын «төр көрпеше»,
ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз
ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді
«атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе
- көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ
құрау өнерінің терең мән - мағынасы бар.
Ертеде апа - әжелеріміз құрақ құрай
отырып, қыз - немересіне арналған құрақты:
«Отан
болып құралып кетсін, өсіп - өнсін»деген
тілекпен жасаған.
Таңғажайып талантымен
талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің
қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып
құрақ қию, одан көздің жауын алатындай
өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат
құндылығының бір айғағы құрақтан
жасалған заттардың ұзатылатын қыз
жасауына еніп, бұл дүние - мүліктің
ажарын арайландырып жіберетіні, үй
ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын
асқақтататыны. Мата қиындыларын
қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ,
ромб тәрізді өрнектерден құралған
көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп
атайды.
Ендеше біздер бүгін қалдық матаны да керек жерде пайдағастырып ,
« пицца» деген әдісімен танысып ,соны жасау жолдарын үйренеміз.
Ағымды
нұсқау.
1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін
қайталау.
2. Қиынды қалған маталарды
астарға алыңған матаға еркін түрде
орналастырып аламыз.
3. Маталардың
үстіне сетка ,немесе қалған қиық органза
тюльді төсеп жабамызда, әр жерден
көктеп тігіп аламыз.
4. Дайын жұмысымызды ,ұтікпен ұстінен ұтіктеп аламыз.
5.Астар мен құралған бөлшегін ,сырып тігу әдісімен ,сетканың үстінен жиі,жиі,сырып тігіп аламыз.
6.Дайын бөлшекті жан жағын өлшеп ,керек көлемдегі өлшем алып тазалап қию.
7.Шетіне ұзынынан жиек мата тігу.
Бір
шетінен 10-15см тігусіз жер қалдыру.10 –
15 см тігіс жерден бұйымды оң бетіне
айналдырып, ішіне тегістеп жүн немесе
мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен
тігу.
Астарды қияр алдында матаны
жайып үстіне құраған бұйымды орналастырамыз.
Құрақ жиегінен жиектеп сызып, сызық
бойынша қиып алынады. Қиылған астармен
құрақ бұйымды оң бетімен беттестіріп
шетіне 1см тігіс есептеп сызып шығамыз,
сызылған сызық бойынша көктеу керек.
Ал құрақ көрпешенің арасына мақта және
жүн салу үшін бір шетінен 10-15см тігілмеген
жер қалдыру керек. Бұйымның ашық жерінен
жүн немесе мақта салынады. Егер жүн
салатын болсақ жақсылап жуып, тазалап
кептіріп алу керек. Кепкен жүнді түтіп
көрпеше ішіне тегістеп салу керек.
Көрпешенің жүнін салғаннан кейін ашық
жерін ішкі тігіспен тігеді. Үлкен
көрпеше болса, көрпешенің үстінен
ұзыннан тепшіп тігеді.
Оқушылардың
білімін бақылау сұрақтары.
1.
Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақтан қандай
бұйымдар жасауға болады?
3. Құрақтың
қандай түрлерін білесіңдер?
4. Құрақтар
бір – біріне қалай біріктіріледі?
5.
Құрақ неліктен ортасынан бастап
құралады?
6. Құрақ құрау өнері тек
қазақ халқында ма әлде...?
“Мақал құрастыру” ойыны
Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шеберді – бізі.)
Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)
Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.)
Қорытынды
Міне
Ата-аналар,оқушылар , бүгінгі кездесуімізде
қалдық маталарды да пайдағастырып
,әдемі көрпешелер жасау түрімен
таныстық.
Сонымен
қатар құрақ құрау адамды үнемділікке
үйретеді. Кішкентай мата қиындысынан
сәнді заттар жасау қабілеттілікке
тәрбиелейді. Өз қолдарымен жасаған
бұйым әрқашанда ыстық болады. Сондықтан
уақыт тауып жиі – жиі құрақ құраумен,
тігін тігумен айналысқан жөн.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген