Шебер сағаты: "Қалашық", "Бес асық!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шебер сағаты: "Қалашық", "Бес асық!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан асыл мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеу, балалардың бойында қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру, сондай ақ ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулу, қазақтың ұлттық ойындарын білуге құштарлығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақмола облысы білім басқармасының

Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қажымұқан аулының «Қошақан» бөбекжайы МКҚК












Дене нұсқаушысы:Дунбаева Алмагуль

Кабидулаевна












2023-2024 оқу жылы


Мақсаты мен міндеттері: Ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан асыл мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеу, балалардың бойында қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру, сондай ақ ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулу, қазақтың ұлттық ойындарын білуге құштарлығын арттыру.

«Қалашық» ойыны ережесі

Ойын ережесі. Тасқала ойыны үш мүмкіндіктен тұрады. Ойыншы әр мүмкіндігінің асықты атып шығаруына байланысты. Жалпы ойын алаңы ені 100 метр, ұзындығы 20 метр.Ойын ені 100см, ұзындығы 130см алаңында ойнатылады, асықты тігетін шеңбер көлемі D/30см(сары түс), 1 ұпай шеңбер көлемі D/40см(ақ түс), 2 ұпай шеңбер көлемі D/50 (көк түс), асық ортасындағы сары түсті шеңбер ішіндегі көнге тігіледі, көнге (асық тігілетін сызық) 9 асықты қала сияқты яғни бірінші қабат 4 асық екі асық көлденеңнен оң және сол жағынан (алшы тұрысымен) тігіледі оның үстіне,яғни екінші қабат 3 асық қырымен (алшы тұрысымен) тігіп, ал екі асықты 3 қабатқа (алшы тұрысымен) жағымен тігіледі.

Ойын ережесі. Тасқала ойыны үш мүмкіндіктен тұрады. Ойыншы әр мүмкіндігінің асықтарды атып шығаруына байланысты ұпай жинайды. Сақамен алаңдағы тігілген асықты атқанда алаңның 2 ші шеңберіне (ақ түске) шығарса 1 асыққа (1 ұпай) алады, егерде тігілген асықты алаңның 3 ші шеңберіне (көк түске) шығарса 1 асыққа (2 ұпай) алады.Ал ішкі белгіленген сызықта яғни көн алаңында қалып қойса (сары түс) ұпай берілмейді

Мысалы: Ойыншы бірінші мүмкіндікте 4 асықты D/30см(сары түс) шеңберден сыртқа атып шығарса, 2 асық ақ түсті шеңберге және 2 асық көк түсті шеңберге түссе, ал белгіленген сары түсті шеңбер үстінде 5 асық қалса (0 ұпай), яғни (2х1)=2ұпай (ақ түс),(2х2)=4ұпай (көк түс) жалпы ұпай: 2+4= 6 ұпай.

Егер 9 асықтың барлығы бірінші атыста шеңберден шықса 18 ұпай, екінші атыста 18 ұпай, үшінші атыста 18 ұпай. Жалпы ең жоғарғы ұпай 54.

Ойын барысында ойыншылардың ұпайлары тең түсіп жатса: ойыншыларға бір мүмкіндік беріледі, ал ол ойындада тең түссе сақа иіру арқылы шешіледі

Ойыншының киімі: өзіне бөгет жасамайтын ұлттық нақыштағы киім, бас киім тақия немесе спорттық киім болуы қажет.

Picture 5 Picture 7



«БЕС КЕНЕЙ» ойыны

Ойынға көлемі бірдей бес кеней асық қолданылады (асықтардың төртеуі бір түсті, біреуі бөлек түсті болуы тиіс, бұл асық «хан» деп аталады). Ойнау кезегін анықтау үшін, төреші ойыншылардың «хан» асықтарын алып екеуін бірге иіреді. Иірген кезде кімнің асығы алшы немесе тәйкі түссе, сол бірінші болып ойынды бастайды. Егер екі баланың, үш баланың, немесе төртеуінің де сақасы бір қалыпта түссе, кезек ретін нақты белгілегенге дейін сақалар қайта иірледі немесе жеребе арқылы анықталады.

Ойын жеке және жұптасып командалық түрде өткізуге болады.

Ойын мазмұны.

Ойынды бір қолмен ойнайды. Ойыншылар жерден асықтарды жинастырған кезде, басқа асықтар қолдарына тимеуі тиіс. Егер ойын ережесі бұзылса, ойынды келесі ойыншы жалғастырады. Ойынды жалғастырар кездегі әр сәтте, ойыншы қателескен жерінен жалғастырады.

«Түртпек». Ойыншы жерге 4 асықты бір қатарға бүк шік,бүк шік тұрысымен тігіп қойылады «хан» асықты жоғарыға лақтырып, жердегі бір асыққа сұқ саусағын тигізіп, лақтырған «хан» асықты қағып алуы тиіс. «хан» асық қайта жоғарыға лақтырылып, екіншісі, кейін үшінші, төртінші асықтарға тигізіп қағып алуы шарт.

«Тигізбек». Асықтарды иіріп шашады, «хан» асықты жоғарыға лақтырып, ал жердегі бір асықты екінші асыққа саусақ арқылы біріктіреді және лақтырылған «хан» асықты ұстап алынады. Кейін тағы екі асықты саусақ арқылы біріктіреді және «хан» асықты ұстап алады

«Жанамақ» «хан» асықты жоғарыға лақтырылып, қалған төртеуі қолда болады. Сұқ саусағын ойыншы жерге 1 немесе 2 рет (келісім бойынша) «хан» асықты ұстап алғанша тигізуі керек.

  «Сырғымақ» Асықтарды иіріп шашады. «Хан» асықты жоғарыға лақтырып, екінші қолды қырымен қойып, асықтарды бір бірлеп қолдың астынан сырғытып өткізуі керек , қалған асықтарды да осы ретпен өткізуі тиіс. Ең соңында хан асықты да өткізу тиіс.

«Жинамақ» Ойыншы бес асықты да екі қолымен алақанға салып, бәрін жоғары лақтырып, екі қолының сырт жағынан түсірмей қағып алып қайтадан бәрін жоғары лақтырып қос алақанмен қағып алуы керек . Осылай ойыншыға үш мүмкіндік береді.

Жалпы түсірмей қанша асық қағып алса яғни 1 асық қақса 1 ұпай немесе 5 асық қағып алса 5 ұпай беріледі.

Picture 1 Picture 3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2025
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі