400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеберден алған сыр мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға көмек,еңбекке баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шеберден алған сыр


Ақтөбе облыстық Өнер мұражайында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өнерлі адамдардың көрмесі өтті.

Көрмеге ауылдардан көптеген шеберлер қатысып, өз бұйымдарын тамашалауға қойды. Солардың ішінде, мен теріден жасалған көне бұйымдарды көріп қызықтым және таң қалдым. Өйткені, бүгінгі күні ұмыт болған, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық бұйымдар қамшы, торсық, саба, кесеқап, көнек т.б. мен өз көзіммен бірінші рет көрдім. Оны жасайтын шебермен сол жерде танысып, маған бұйымдар туралы көп сыр шертті.

Шебердің аты-жөні – Жақыбаев Нұрлан Сәулебайұлы. Ол Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылының шебері. Нұрлан Сәулебайұлы өзі туралы, шеберлік ісі туралы, осындай ерекше бұйымдардың жасалуы туралы айтты. Оның айтқан мәліметтерінен түсінгенім - қазақтың ұлттық қолөнерін бүгінгі жас ұрпаққа жеткізу, дамыту.

Жақыбаев Нұрлан Сәулебайұлы 1989 жылдан бүгінгі күнге дейін қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін дамыту жолында қолөнершілік шеберлік ісімен айналысады екен. Қолөнершілікті атақты шебер Дәркембай Шоқпарұлынан үйреніпті. Қазірде өзі көптеген шәкірт тәрбиелеп, ата-баба өнері жалғасын табуда. Нұрлан Сәулебайұлы осы жолда еңбек етіп, Қолөнершілер Одағының мүшесі.

Нұрлан Сәулебайұлы оқушылардың дарын қабілетіне қарай жұмыстанып зерттеп, оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарына жетекші болды. Шебердің үйреткен шәкірттері үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, бәрі ірі оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алған және әлі де оқуда. 150-ге жуық шәкірттер жетістікке жеткен дейді, – шебер. Соның ішінде ірі жетістіктің айғақты дәлелі Н.С.Жақыбаевтың шәкірті жасаған қолөнер туындылары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың назарына ұсынылып оның батасын алған екен.

Шебер Нұрлан Сәулебайұлы 2017 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің этноауыл кешеніне қатысып, жұртшылыққа өнер туындыларын ұсынған.

Елімізде мәдениет, өнер саласында осындай тұлғалардың еңбегін көріп, біз жас ұрпақ мақтан етеміз, әрі үлгі аламыз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың руханилық саясатының қолдауымен бұндай жетістіктер жалғасын табады және еліміз мәдени дамиды деп ойлаймын – дейді шебер Н.С.Жақыбаев.




Альжанова Сабрина Жанатовна. 8 г класс оқушысы.

Жетекшісі: Джакибаева Мария Саулебаевна.

№20 орта мектеп-лицейі , Ақтөбе қаласы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.04.2019
584
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі