15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шеберлік сабақ «Бұлшықеттің құрылысы маңызы» 8 сынып
№28 жалпы орта мектеп
Шеберлік сабақ
Тақырыбы:«Бұлшықеттің құрылысы маңызы»
Биология пән мұғалімі
Нурманкулова Улбике Еримбетовна
Пәні:биология
Пән мұғалімі;Нурманкулова Улбике Еримбетовна
Сынып: 8 «а»
Өткізілген уақыты:06.12.2016 ж
Сабақтың тақырыбы: «Бұлшықеттің құрылысы маңызы»
Сабақтың мақсаты: Бұлшықеттің құрылысын, маңызын, қызметін интербелсенді әдістер арқылы анықтау
Күтілетін нәтиже:Бұлшықеттің құрылысын,қызметін анықтайды,айырмашылығын ажырата алады
Қолданылатын әдістер:Болжау әдісі;Екі жақты күнделік стратегиясы ;Оңай және қиын сұрақ құрастыру кестесі; Кері байланыс кестесі, топ арасында өзара бағалау, қалыптастырушы бағалау т.б
Модуль: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;сыни тұрғысынан ойлауға үйрету;АКТ;ОүБ;оқытуды басқару және көшбасшылық;талантты және дарынды балаларды оқыту;жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;
|
Уақыты |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Қолданылған ресурстар |
||||||||||||||
|
5 минут
10 минут
10 минут
10 минут
10 минут
|
І.Оқушыларды топқа біріктіру Нұсқау:алдымыздағы сезім мүшелері,қаңқалар,бұлшықеттер жазылған кеспе қағаздардан біреуден алыңдар,сезім мүшелері 1-ші топ,қаңқалар 2-ші топ,бұлшықеттер 3- топты құраңдар. Топ ережесін еске саламыз.... «Табыс критерийі»
ІІ.Жаңа тақырыпты ашуда болжау әдісін пайдаланып, тақырып атауы келтірілгеннен кейін оқушыларға сұрақ:бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?қандай тақырып маңайында өрбиді? қандай негізгі мәселелер көтеріледі?
Демек бүгінгі тақырыпты өздерің ашып өттіңдер,жаңа тақырып: Бұлшықеттің құрылысы маңызы.Сабақтың мақсаты: Бұлшықеттің құрылысын,қызметін маңызын анықтау. Жаңа тақырып түсіндірмесі жүргізіледі. Бұлшықеттер- Мышцы-Muscles (үш тілдік аударма) «Бағалау критерийі»
Біздің ағзамызда қаңқаны бұлшықетер қимыл-қозғалысқа келтіреді.Бұлшықеттер тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігін құрайды.Олар біздің денемізді тік бағытта ұстайды және денеміздің әр түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді.Құрсақ бұлшықеттер ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және қорғайды.Адамда 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері болады.Бұлшықеттер біріңғай салалы және көлденең жолақты бұлшықет деп бөлінеді.Біріңғай салалы бұлшықеттер ішкі мүшелерді құрайды,адам еркінен тыс жүзеге асырылады.Көлденең жолақты бұлшықеттер талшықтардан тұратын қаңқа бұлшықеттері,сүйекке сіңірлер арқылы бекиді,қаңқаны қозғалысқа келтіреді. ІІІ. «Екі жақты күнделік стратегиясы» әдісін пайдаланып жеке жұмыс жүргізу. Нұсқау:әр оқушы жеке бүгінгі тақырып бойынша өз ойларын жазыңдар,содан кейін әр оқушы өз жұмысымен таныстырыңдар, топпен талқылап,пікірлесіңдер.
Сұрақтар: Бұлшықеттердің маңызы? Бұлшықеттердің құрылысы? Біріңғай салалы бұлшықет пен көлденең жолақты бұлшықеттің айырмашылығы қандай? (Оқулықтан тыс сұрақ құрастыру,жеке жұмыс)
Сергіту сәті: әр оқушы бүгінгі тақырыпқа бірнеше сөз құрауы керек (бұлшықет) Мысалы:бұлбұл,қыш,ұл,ет,бұқ,ұлық,құл,шет,шық,шұлық т.б Сабақты бекітуде кері байланыс кестесін пайдаланып,жұмыс жүргізу Нұсқау:әр оқушы жеке-жеке бүгінгі тақырып бойынша, кері байланыс кестесін толтырыңдар (жеке жұмыс)
Оқушылар белгіленген критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай отырып бағаланады. Үйге тапсырма: бұлшықеттің құрылысы мен маңызына эссе жазу
|
Оқушылар топқа бірігеді
Оқушылар табыс критерийіндегі сұрақтарға жауап береді
Сұрақ-жауап арқылы ,оқушылар жауабы айтылады
Оқушылар тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік алуда жеке жұмысты орындап,өз жұмыстарыңмен таныстырады. Әр топтан бір оқушы талдаудың қорытындысын түсіндіріп өтеді.Топ арасында өзара бағалау жүргізіледі.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Оқушылар берілген кестеге сұрақ құрастырып,сұрақ- жауап жүргізеді (жеке жұмыс)
Оқушылар бұлшықет сөзіне бірнеше сөз құрап,өздерінің тапқырлығын,жылдамдығын көрсетеді.
Оқушылар жеке-жеке өз жұмыстарымен таныстырады Оқушылар бүгінгі тақырыпта негізгі мәселе не қиын болды,осыған жауап береді |
Оқулық (8-сынып,Атамұра баспасы 2015ж) Макет (адам ағзасының құрылысы) Кестелер т.б 1)Болжау әдісі 2)Екі жақты күнделік стртегиясы 3)оңай және қиын сұрақтар кестесі; 4)кері байланыс кестесі; |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген