Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеберлік сабақ «Қалқаншамаңы,айырша және бүйрекүсті бездері» 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шеберлік сабақ «Қалқаншамаңы,айырша және бүйрекүсті бездері» 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шеберлік сабақ

Пәні:Биология

Пән мұғалімі;Нурманкулова Улбике Еримбетовна

Сынып:8 «а»

Өткізілетін уақыты:

Сабақтың тақырыбы: «Қалқаншамаңы,айырша және бүйрекүсті бездері»

Сабақтың мақсаты: Қалқаншамаңы,айырша және бүйрекүсті бездерінің құрылысын,қызметін интербелсенді әдістер арқылы анықтау

Күтілетін нәтиже: Қалқаншамаңы,айырша және бүйрекүсті бездерінің құрылысын,қызметін біледі,айырмашылығын ажырата алады

Қолданылатын әдістер:ойлан,жұптас,пікірлес әдісі;жоғары деңгейлі сұрақ құрастыру кестесі,инсерт кестесі; топ арасында өзара бағалау ,қалыптастырушы бағалау

Модуль: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;сыни тұрғысынан ойлауға үйрету;АКТ;ОүБ;оқытуды басқару және көшбасшылық;талантты және дарынды балаларды оқыту;


Уақыты

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Қолданылған ресурстар

5 минут







2 минут









7 минут



























10 минут









10 минут











7 минут







3 минут






І.Оқушыларды топқа біріктіру

Нұсқау:алдымыздағы бауыр,бүйрек,өкпе,жүрек жазылған кеспе қағаздардан біреуден алыңдар,бауырлар 1-ш топ,бүйрек 2-ші топ,жүрек 3-ші топ,өкпе 4-ші топты құраңдар

Топ ережесін еске саламыз

«Табыс критерийі»

  • Қалқанша бездің құрылысы ,қызметі қандай?

  • Эндокринолог кім?

  • Гормондар дегеніміз не?

  • Йод жетіспесе ағзада қандай өзгерістер болады?

ІІ.Жаңа тақырыпты ашуда миға шабуыл (видеоролик) көрсету

Сұрақтар:қалай ойлайсыңдар,бүгінгі тақырып қандай болуы мүмкін? Неліктен ?

Демек бүгінгі тақырыпты өздерің ашып өттіңдер,жаңа тақырып: қалқаншамаңы,айырша және бүйрекүсті бездері.Сабақтың мақсаты: қалқаншамаңы,айырша және бүйрекүсті бездерінің құрылысын,қызметін анықтау.Жаңа тақырып түсіндірмесі жүргізіледі.

Қалқаншамаңы безінен паратгормон бөлінеді.Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына,екеуі төмені жағына жабысып оған жанаса орналасқан.Қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцидің мөлшерін реттейді.Айырша без кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады.Бұл безден тимозин гормонын бөледі,ол ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып саналады.Тимозин гормоны жетіспесе ,ағзаның иммундық қасиеті төмендейді.Бүйрекүсті безері бүйректің жоғары ұшында орналасқан жұп бездер.Бұл бездің қыртыс қабатынан кортизон гормоны түзіледі,жыныс мүшелерінің дамуына әсер етеді.Бездің іщкі қабатынан адреналин гормоны түзіледі.Бұл гормон адамның көңіл күйі күрт өзгерген кезде адреналин көп бөлінеді.

«Бағалау критерийі»

  • Қалқаншамаңы бездерінің құрылысы,қызметі

  • Айырша безінің құрылысы, қызметі

  • Бүйрекүсті бездерінің құрылысы,қызметі



ІІІ. «Ойлан,жұптас,пікірлес» әдісін пайдаланып жеке,жұптық жұмыс жүргізу. Нұсқау:әр оқушы жеке өз ойлары мен пікірін жазып,содан кейін жұбымен талқылап,пікірлесіңдер. Әр топтан бір жұп өз жұмыстарымен таныстырыңдар.

Сұрақтар:айыша безі мен бүйрекүсті безінің айырмашылығы қандай?Бүйрекүсті безінің қыртыс қабатынан түзілетін гормондар қандай қызмет атқарады?Паратгормонның қызметі қандай?



(Жоғары деңгейлі сұрақтар кестесі,жеке жұмыс)

Жоғары деңгейлі 1 сұрақ құрастыру



Сергіту сәті: әр оқушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіруі керек.



Сабақты бекітуде «Инсерт» кестесін пайдаланып,жұмыс жүргізу

Нұсқау:әр оқушы жеке-жеке бүгінгі тақырып бойынша, инсерт кестесін толтырыңдар (жеке жұмыс)

Түсінікті


түсініксіз

Жаңа ақпарат

Мені таң қалдырды





Кері байланыс:

Не қиын болды?

Оқушылар белгіленген критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай отырып бағаланады.

Үйге тапсырма: қалқаншамаңы,айырша және бүйрекүсті бездері тақырыбына эссе жазу







Оқушылар топқа бірігеді







Оқушылар табыс критерийіндегі сұрақтарға жауап береді





Сұрақ-жауап арқылы ,оқушылар жауабы айтылады



























Оқушылар тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік алуда оқулықпен жеке,жұппен бірлесе жұмысты орындап, әр топтан бір жұп өз жұмыстарымен түсіндіріп өтеді.Топ арасында өзара бағалау жүргізіледі

Оқушылар сұрақтарға жауап береді





Оқушылар берілген кестеге сұрақ құрастырып,сұрақ- жауап жүргізеді (жеке жұмыс)

Оқушылар өз есімдерін сипаттап,сын есімдер келтіреді



Оқушылар жеке-жеке өз жұмыстарымен таныстырады





Оқушылар бүгінгі тақырыпта негізгі мәселе не қиын болды,осыған жауап береді



Оқулық (8-сынып,Атамұра баспасы 2014ж)

Макет (адам ағзасының құрылысы)

Муляж (кеңірдек құрылысы,қалқаншамаңы,айырша бездері)

АКТ (миға шабуыл гормондар)

кестелер

1.ойлан,жұптас,пікірлес әдісінде қалқаншамаңы безінің құрылысы,қалқаншамаңы безінің қызметі;айырша безінің құрылысы,айыша безінің қызметі;бүйрекүсті безінің құрылысы,бүйрекүсті безінің қызметі;2)жоғары деңгейлі сұрақ құрастыру;3)инсерт кестесі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
401
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі