Алматы
темір жол көлігі колледжі
Нурбакова
Аяулы Серикмухаметовна арнайы пәндер
оқытушысы
Сәлеметсіздерме
құрметті әріптестер!
Бүгінгі
«Тәжірибе мен тағылым» атты шеберлік
сабағы немесе семинар (дейуге болатын
шығар) қош келдіңіздер!
Мақсаты:
Жас оқытушылармен тәжірибе бөлісу,
бағыт-бағдар беру. Педагогикалық шеберлік
меңгерудің баспалдағын, педагог
жетістігін көрсету.
Біреуге
10 жылдық педагогикалық соқпақты жүріп
өту аз, біреуге көп болуы мүмкін, біреулер
бұл не айтады деп келген боларсыздар...
Айтарым бар болғандықтан Сіздердің
бастарыңызды қосып отырмын.
Ешкім
аспаннан салбырап түскен жоқ, менде
солай қазіргі лауазымыма, абыройыма,
шеберлігіме еңбекпен жеттім. Бұл білім
орынына мен 23 жасымда келген екенмін,
ол кезде жас, педагогикадан ешхабарымыз
жоқ, аңқау болдық қой. Бірақ мен тез
үйренгіш, жаңалыққа ұмтылғыш, жан-жақты,
ең бастысы сабырлы, шыдамды болғанмын.
Міне осы қасиеттердің арқасында осы
дәрежедемін. Аллаға мың да бір шүкір!
Сіздерге
мен жүріп өткен педагогикалық соқпақты
баяндап, көрсетіп, мүмкіндігінше
жеткізбекпін. «Соқпақ» деп отырғаным
бекер емес, өйткені түрлі қиындықтар,
ауыртпашылықтар болды:
Топпен
жұмыс жасау бойынша жеке сабақ өткізуге
уәде беремін.
Ал
енді шеберлікті меңгеруге тоқталатын
болсақ:
(Жасалған
көрмеге, педагог партфолиосына тоқталу);
Біліктілікті
көтеру бойынша ақпарат беру;
Республикалық,
қалалық деңгейдегі тәжірибе жинақтау
жайлы;
Осы
жүріп өткен соқпақ жайлы видео материал
көрсету.
«Ұстаз
- Сіз, адамның жылуын сәулелендіретін
күн болыңыз, адам сезімдерінің
ферменттеріне бай топырақ болыңыз,
білімді студенттеріңіздің есіне және
санасына ғана емес, сонымен бірге олардың
жаны мен жүрегіне егіңіз ...» деген ұлы
педагог Ш.Амонашвилидің сөзі үнемі
есімде. Сол үшін 21 ғасырдың педагогы
қандай болу керек деген сұраққа келесі
видео бойынша жауап беріп көрейік
(видео).
Жаңашыл
болу ол – өз ісінің шебері, уақытпен
бірге қадам басатын, үнемі шығармашылық
ізденісте жүретін адам. Іздену, сынап
көру, меңгеру, өзінің жетістік формуласын
іздеу, ешқашан қол жеткізген жетістікте
тоқтап қалмау. Осы орайда өзім қолданатын
технологиялар туралы әңгімелесем...
(кахот
ойыны, видеоларды өзіңіз дыбыстау,
сабақты әртүлі форматтарда өткізу,
кіріктірілген, өндірістік, онлайн
сабақтар өткізу).Психологиялық
тест
Абыройлы
ұстаз видеосын көрсету
Біз
қазіргі таңда интелектуалды монстрларды
дайындап жатқандаймыз.
Қазіргі
таңда білімді екіге бөлуге болады,
оқыған білім, тоқыған білім. Біз оқытып
жатырмыз ба, әлде тоқытып жатырмыз ба?
(эксперимент жасау «сұқ саусақ»).
Білім
беруде адами құндылықты «адамгершілікті»
ұмытпау керек. Ой тазаланбай, сөз
тазаланбайды. Сондықтанда сөзіміз
басқа, ісіміз басқа болып жатады. Білімді
жүрекпен беру керек, сонда жүрекке
жетеді. «Ұйықтап жатқан жүректі ән
оятар» дегендей ән шырқайық «Өміріңе
немқұрайлы қарама».