Материалдар / Шеберлік сынып педагогтармен "Ғылыми жоба дайындау; ізденіс және шығармашылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шеберлік сынып педагогтармен "Ғылыми жоба дайындау; ізденіс және шығармашылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас педагогтармен жүргізілетін шеберлік сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2024
110
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сәкен жалпы білім беретін мектебі КММ















«Ғылыми жобаларды дайындау:ізденіс және шығармашылық»

тақырыбындағы



ШЕБЕР - СЫНЫПТЫҢ

әзірлемесі








Өткізетін: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Смагул Асем Жарылгапкызы















2024 жыл



Тақырыбы:

«Ғылыми жобаларды дайындау:ізденіс және шығармашылық»


Спикер

Смагул Асем Жарылгапкызы

Шеберлік сыныбының

мақсаты:

Шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету


Міндеті:

Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі;

Үйренушілердің қызығушылығын тудыру

Құралдар:

презентация, мәтіндер жазылған парақтар, ватман, стикерлер, маркерлер

Жоспар

I Кезең

10 мин.


Ұйымдастыру кезеңі

1 Қызығушылығын ояту.

Видео «Бәрі өз қолыңда»

2 Тренинг — психологиялық ахуал туғызу. Түс таңдау арқылы топқа бөлу. Адамдардың түс таңдауына қарап, олардың мінезі туралы психологтардың айтқан болжамы.

II Кезең

15 мин.



Теориялық бөлім

1 Тақырып бойынша ақпарат беру

2 Қатысушылармен жұмыс (Қатысушылар берілген оқыту әдістерімен танысады, талдайды)

1 топ- «БББ»әдісі

2 топ- «Үш факт»әдісі

3 топ-«Жарқын ойлар»әдісі

III Кезең

15 мин.

Практикалық бөлім

Табысқа жету жағдаятының мәнін талқылау.

1 топ- «БББ» әдісі арқылы

2 топ- «Үш факт» әдісі арқылы

3 топ-«Жарқын ойлар» әдісі арқылы.

IV кезең

5 мин.

Қорытынды кезең

Сабақ соңындағы кері байланыс «Тазалық» ойыны




Күтілетін нәтижелер

Қатысушылардың білімдері жинақталады;

Қарастырылған тақырыпқа қызығушылықтары туындайды, белсенділіктері артады;

Әдіс-тәсілдерді қолдана алады.
















1 Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Презентация арқылы шебер сыныптың мақсаты мен міндетін, сабақ ұранын хабарлау.

1) Қызығушылығын ояту

Аңыз: (видео) «Бәрі өз қолыңда»

Бір қалада әйгілі ғалым өмір сүріпті. Оның шәкірттері өте көп болған екен. Бір күні сол шәкірттердің біріне осы біздің ұстаздың жауап бере алмайтын сұрағы бар ма екен деген ой келеді. Ұстазын сынамақ болған оймен гүлдеп тұрған шалғынды жерге келіп, гүлге қонып тұрған ең әдемі бір көбелекті ұстап алады. Ол көбелекті екі қолының алақанына жасырып, ұстазымнан менің қолымда қандай көбелек бар деп сұраймын. Егер ұстазым сенің қолыңдағы көбелек өлі дейтін болса, мен сол мезетті көбелекті жібере саламын, сол кезде ұстазымның қателескеніне көзі жетеді. Ал, сенің қолыңдағы көбелек тірі дейтін болса, екі алақанымды қысып, ол көбелекті өлтіремін де, сіз қателестіңіз деп айтамын дейді шәкірт. Сонымен, шәкірт ұстазының жанына келіп, менің қолымда қандай көбелек бар деп сұрайды. Сол кезде ұстазы шәкіртіне қарамастан сабырлықпен «Бәрі өз қолыңда»деп жауап берген екен.

Аңызда айтылғандай өзіңнің табысты болуың «Бәрі өз қолыңда» екен. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың ұраны болсын.

2) Тренинг — психологиялық ахуал туғызу. Топтарға бөлу.

Кез- келген адамның сүйікті түсі болады. Адамдардың түс таңдауына қарап психологтар олардың мінезін, жан дүниесін болжайды екен. Сонымен өзіміздің мінезімізді білуге тырысып көрейік. Ендеше түс таңдайық.

Қызыл түс таңдағандар -1 топ

Жасыл түс таңдағандар -2 топ

Сары түс таңдағандар -3 топ

Сары түсті - еркіндікті қалайтындар және қиялға берілгіштер қалайды. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді Үнемі ізденісте жүреді. Тың идеяларды талқылап, ой таразысына салғанды жақсы көреді. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады.

Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызу қанды адам осы түсті таңдайды. Албырт, белсенді тез шешім шығаратындар. Өмірден бәрін тез үйреніп, алға ұмтылғыштар, оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.

Жасыл түсті жақсы көретіндер тыныштықты қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның алдында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.

2 Теориялық бөлім

1) Тақырып бойынша ақпарат беру.

Ғылыми жобаны жазу және қорғау үдерісін жеілдететін тиімді әдістер туралы мағлұмат беру. (презентация)

3.Практикалық бөлім

2) Қатысушылармен жұмыс (Қатысушылар берілген тақырыппен танысады, талдайды)

«БББ» әдісі (1 топ)

Бұл әдіс оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді орындау дағдысын дамытады. Аталған әдіс тақырыпты тез таңдауға көмектеседі.

Тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді..

.


«Үш факт» әдісі (2 топ)

Қалыптастырылатын дағдылар:

- ізденімпаздық;

- ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу;

- бірлескен жұмыс.

Жалпы сипаттама

Бұл әдісте берілген әдебиеттегі ең маңызды деген үш фактыны түртіп алады және оны басқа ақпараттармен салыстырады,бүгінгі күндегі маңыздылығына баға береді..

«Жарқын ойлар» әдісі (3 топ)

Бұл тапсырма идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді,яғни дайын өніммен жұмыс жасайды.

Сыныпты жоспарлау

Мұғалімдер тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.

Жұмыс алгоритмі

1. Белгілі бір сұраққа қатысты 9 немесе одан аз идея беріледі немесе оны өздері жазады.

2. Олар өздері бірінші басымдық беретін идеясын жоғары қояды, содан кейін  екінші солай барлық тоғыз идеяны қойып шығады.

3. Топта ең маңызды деген идеяны анықтау үшін оқушылар арасында талқылау жүреді. Әрқайсысы идеяның маңыздылығына қатысты пікір білдіре отырып, бір-бірін тыңдау арқылы мол мәліметтер алады.


4 Қорытынды кезең

Сабақ соңындағы кері байланысты «Тазалық» ойыны арқылы беру

Чемодан              Қоқыс жәшігі              Еттартқыш

Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Осылайша қатысушы мұғалімдер шеберлік-сыныптан не білім алғандарын көрсетеді.

Бүгін біз сіздермен бірлесіп жұмыс жасадық. Бірлік бар жерде табысқа жетуге болады. Бұл табысқа жетудің бір жолы деп ойлаймын.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!