Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Себет.
Мақсаты:себеттің
қажеттілігі туралы түсінік беру, ермексазды бірнеше бөлікке бөліп,
есу тәсілі арқылы затты құрастырып
мүсіндеуге үйрету.
Міндеттері:
білімдік:ермексаз кесектерін үзу, жаншу,
созу тәсілдерін қолдана отырып себетті мүсіндей алу білімдерін
бекіту;
дамытушылық: ұсақ қол, саусақ, қимылдарын дамыту;
тәрбиелік: жұмыс барысында тазалыққа, бір-біріне өзара көмек
көрсетуге , жақсы нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар:
№1 жұмыс дәптері,себет түрлері,
ТОҚ, интерактивті тақта,№1слайд,№2слайд,ермексаз, ыдыстағы су,
тақтайша.
Сөздік жұмыс: себет, тоқыма себет.
Көптілділік:себет
– корзина –basket, бағбан – садовник –the gardener, көгөніс –овощ –
vegetables, сопақша – овал –oval.
ҰОҚ-нің барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Есік
қағылады. Педагог балалардың назарын дыбыс шыққан жаққа
аударады.Бөлмеге бағбан кейпіндегі қария кіреді.
Педагог:
–Сәлеметсіңдер ме, балалар? Кәне, балалар, атайға орын берейік,
алыстан жол жүріп, шаршап келген болар. Иә, атай, бізге қандай
өтінішпен келдіңіз? Айта отырыңыз.
Атай:
–Балалар, өздерің
білетін боларсыңдар, қазір қай мезгіл?Күз мезгілінде барлық
жемістермен көгөністер пісіп жетіледі.Менің бақшамда өскен жемістер
мен көгөністерді жинайтын себетім жоқ. Сендер өте шебер, еңбекқор
балалар деп көмек сұрай келдім. Маған бірнеше себет керек болып
тұр.
Педагог:
– Кәне,
балалар, атайдың өтінішін орындауға дайынбыз ба?
-
Негізгі кезең.
Жұмысты бастамас бұрын себеттің түрлерімен танысып алайық.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
№1 слайд. Пішіні әртүрлі
себет түрлері (дөңгелек, сопақша, төртбұрыш).
№2 слайд. Талдың
шыбығынан, сымнан тоқылған себет түрлері. Педагог тазалық шараларын
сақтау қажеттігін ескертеді.
Жасайтын себеттердің
түсін, түрін балалардың өздеріне таңдатады.
– Ермексазды 2 бөлікке
бөлеміз. Бұл себеттің астыңғы және үстіңгі бөлігін жасау үшін
керек.
-
бөліктен табанын жасау.Алақан арасына салып домалақтаймыз және тақтайша үстіне тегістеп жалпақтаймыз.
-
бөліктен есу арқылы қабырғаларын жасаймыз.
Сопақша пішінге келтіріп, бірдей 6-7 бөлікке бөліп, тақтайша үстіне ширатып созамыз.
Сергіту сәті.
Бас бармағым – атам,
Балаң үйрек – әжем, Ортан терек – әкем, Шылдыр шүрмек – шешем,
Титтей бөбек – мен.
(Е. Өтетілеуұлы.)
Сөздік жұмыс: себет, тоқыма себет.
Көптілділік:себет – корзина –basket, бағбан – садовник –the
gardener, көгөніс –овощ – vegetables, сопақша – овал –oval.
қызылша – свекла,
сиқырлы – волшебный. Жеке бөліктерді құрастыру,
орналастыру.
Дөңгелек пішінді ермексаздың шетін кескішпен тегістейміз, шеткі
бөлігіне біртіндеп иілген ермексазды ию арқылы ұштарын біріктіріп,
жабыстырып орналастырамыз.
Тұтқасын да дәл осындай ширатылған ермексаздан жасаймыз.Есілген
ермексаздың екі шеткі бөлігін қабырға ұштарына жабыстырамыз,
тегістейміз.
Педагог жұмыс барысында
қиналған балаларға көмектеседі.
–
Балалар, себетіміз дайын болса, бағбан атайға сыйға тартуымызға
болады.
-
Рефлексия.
Бағбан атай балаларға алғысын білдіріп, бағынан жинап келген құрамы
дәруменге бай көгөністер мен жемістерін тарту етеді.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.Балалармен бірге
ата-аналарға көрме ұйымдастырады.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: тазалық
шараларын сақтауды, ауызекі сөйлеуде«себет» сөзінің мағынасына
қарай дұрыс қолдануды;
түсінеді:себеттің
қажеттілігі, түрлері туралы,мүсіндеу барысында түрлі тәсілдерді
пайдалануды;
қолданады:себеттің түрлері туралы мәліметтерді.