жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сейтқазынова Жулдуз Байсолтановна
Эссе «Ұстаз – ұлағатты ұғым»
Ақырын
жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес
далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден
балаға.
Абай Құнанбайұлы
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - ұстаз. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі», - деген қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Ал білім нәрімен сусындататын тұлға – ұстаз.
Ұстаздық мамандық - әлемдегі ең маңызды және жауапты мамандықтардың бірі. Мен тіпті «мамандықтардың анасы» деп айтар едім. Өйткені әуел бастан ұстаздар ғана баланың болашаққа деген алғашқы бағдарын қалыптастырады. Тек білім беру жүйесінде - балабақшалар мен мектептің оқу барысында бала болашақ өміріне қажетті дағдыларды алады, түрлі қабілеттері қалыптасады.
Жалпы, ұстаздық – ең қиын мамандық, ал ұстаз болуды жүрегіңіз қаламаса, арман етіп, шешім қабылдамаған болсаңыз, білім ошағында маман болуға қадам жасамаған жөн. Өйткені, қайталаймын, бұл өте жауапты мамандық. Ұстаз алдына келген әрбір баланың, әр тұлғаның тағдырына жауапты. Осы жауапкершілікті түсінгенде ғана ұстаздық мамандық қандай да қиындығына қарамастан, сізге әрдайым қуаныш пен бақыт әкеледі.
Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлағат, асыл ой, қаншама мән жатыр?!
Ұстаз дегеніміз бүгінгі қоғамдағы «Мұғалім», «Тәрбиеші», «Педагог». Қай ұғымды алсақ та, мақтау мен мадақтауға тұратын мамандық. Міне, осы мақтана айтуға тұратын менің мамандығым-мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі. Бала кезімнен тәрбиеші болуды армандап едім. Осы арман мақсатпен лайықты дипломымды алып шықтым. Тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім, бұл өте қызықты, әрі жауапты мамандық, яғни мен балаларды жақсы көремін, ал балалар мені жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді, ал мен болсам олардың балалық өмірімен бірге өмір сүремін, табыстары мен әр жетістігіне қоса қуанамын.
Мен ұстаз болу бақытын сезініп те, де түсініп жүрмін. Біз қызмет барысында балалармен ашық түрде қарым-қатынас жасаймыз, ұйымдастырылған оқу қызметін өткіземіз, нақты толыққанды тәрбиеші ретінде балалармен қуанышты сәттерді бөлісеміз. Және де осыған қоса айтарым, қазіргі уақытта балабақшада жұмыс жасау қиын және қызықты. Әрқашан балаларды үйретіп қана қоймай, оларға қызықты болуы үшін өзің де үнемі ізденіп, көп нәрсені үйренуге тура келеді, яғни қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолданамын. Біздің еліміздегі жаңартылған білім беру жүйесін, жаңа буынның мемлекеттік білім беру стандартын ескере отырып, енді тәрбиешілерге еселеп күш жұмсап, қиындықтарды жеңуге тура келеді.
Мен жаһандану үрдісіне қанат жайған мемлекетіміздің ертеңгі болашағы болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен оқу-білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды ерекше мақтан тұтамын. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым - жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол - адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі.
Тәрбиеші болу барлық мамандықтың иесі болумен тең: сен мұғалім, дәрігер, биолог, эколог, сәулетші, заңгер, спортшы, сахнагер, әнші де боласың. Өйткені, бала әлемімен өмір сүресің, олардың барлық сұрақтарына жауап тауып, қиын жағдайда көмек көрсетіп, жарақаттарын емдеп, барлық проблемаларды әділ шешуге тырысасың. Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқын көрініп тұр.
Бала тәрбиесі, оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Бес асылымыздың бірі М.Жұмабаев: «Тәрбие-адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» -деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мен балабақшада еңбек етудемін, өз қызметімнен еш жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін естігенде қуанып, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, өздеріне жұмбақ нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін. Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс-әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен? Әрине әрбір оқу қызметіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл- парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ұлы ақын А.Құнанбаев.
Тәрбиеші маман – шығармашыл тұлға. Тәрбиеші маман ретінде көп ізденемін, жаңашыл ақпараттар жинақтаймын, өз тәжірибемде іске асырып көремін. Нәтижесінде қоржынымда ашық ұйымдастырылған оқу қызметі конспектілері, ертеңгіліктер сценарийлері, ата-аналармен жұмыс формалары жинақталған. Кейбірін өңдеп, өз үлесімді қосқан материалдарымды әлеуметтік желілердегі сайттарда жариялап отырамын.
Бүгінгі тәрбиеші - өз мамандығын сүйетін өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашылдыққа ашық және өз шешімін қабылдай алатын тұлға болуы тиіс. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол, білімді, өз елін сүйетін, он қолынан өнері тамған өнерлі болуы керек.
Менің қызмет жолындағы педагогикалық ұстанымым - ел есінде бір жыл қалғын келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол - ұстаздық. Халқымызда «Жас келсе - іске» деген керемет сөз бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Білімді де, білімдіні де жасайтын рухани-шығармашылығы мол тәжірибелі педагог болуға тырысамын.
Пікірімді түйіндей келе, тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды, қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді.
Ұстаз - ұлағатты тұлға. Мен өзімнің алдыма келген кішкентай бүлдіршіндерім мен олардың ата-аналары алдында өнегелі, мәртебелі тұлға болуға лайықтымын. Мен үшін балабақша - балалардың алаңсыз өмірі мен денсаулығын қорғайтын, оларға шуақты өмір сыйлайтын бақыт ұясы. Олай болса, Абай атамыз айтқандай, ұстаздық етуден жалықпай, «шабыт алып жүзінен әр баланың – тәрбиеші болудың өзі – бір бақыт!» деп үн тастаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген