Шежіре күні. Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шежіре күні. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Шежіре күні. Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

Шежіре күні

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға жеті ата туралы мәлімет беру; сөздік қорын байытып, қабілеттерін арттыру; ата - баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу; әлем халықтарының салт – дәстүрімен салыстырғанда ұлттық салтымызда ерекше атап айтатын, қасиетті дәстүріміздің артықшылығымен танысу; жеті атаға толмай ағайын арасында қыз алыспайтын қыз беріспейтіндігін білу, ол бірден бір қазақ халқының таза ата тектің, текті ұрпақтың жалғасуын реттейтін дара әлеуетті қасиет екенін түсіндіру;ұлтымыздың ар алдында асқақ рухани құндылығын паш етіп тұрған ұлттық ерекшелікті дәріптеу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Достар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Құрдастар» тобына бөлемін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




Ұлттық даналықта айтады: Тамырсыз жусан өспейді. Өзіңнің шыққан тегіңді білмеу - ол бабаларды сыйламау. Менің ойымша,әрбір адам өз түп-тамырын және отбасы тарихын білу қажет.Қазіргі кезде отбасылар тек алыс туыстарымен емес және жақын туыстарымен де араласпайды. Ұрпақ байланыс жоғалып барады. Кейбір жастар өзінің ата-бабасының кім екенін білмей жатады. Миллиондаған адамдар өзінің ата-бабасымен мақтануына құқығы бар, себебі солардың арқасында ел байлығы қалыптасты. Көптеген елдерде әрбір адам кем дегенде 5 атасын білу міндет деп есептейді.Қытайда шығыс жаңа жылының алдында отбасы болып жиналып, жеті атасына дейін еске алады. Таулы Алтайдың халқы өзінің шығу тегін жатқа біледі. Бурят халқы өз бабаларына аса құрмет көрсетеді. Дәстүр бойынша кез-келген бурят жеті атасын білу керек, бірақ кейбіреулері өзінің 20 атасына дейін біледі.



  • Ал, сендер өздеріңнің Жеті аталарыңды білесіңдер ме?

(


Балалардың жауаптары



Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жен айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген. Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Әрбір қазақ жеті атасын жетік білуі міндетті, бұл отбасылық тәлім-тәрбиенің негізі

Жеті атаға жетпей қосылғандарды қалай жазалаған?

Теріс бата – әке-шешесі алақанын теріс қарата жайып, лағнет айтып, қарғыс дұғасын оқыған.

Тас ату – әр үйден бір адамнан шығып, бір кесек тасты елді қара бет еткен жастарға атқан.

Үстінен мал айдау – жерге жатқызып байлап, үстінен қоралы қойды өткізу арқылы малдың тұяғына таптатып өлтірген. Елден аластау – екі жасты байлап, елден алыс жерге апарып, тентіретіп қоя берген. Асау жылқының құйрығына байлап, сүйретіп жіберіп те жазалаған.



-Әулет деген не? Бұл бір атадан тараған тізбек. Әрқайсысымыздың өз бабамыз бар, тегі әр түрлі болады. Сәби-бұл үлкен ағаштың бір жапырағы секілді. Ата-ана - бұл осы алып ағаштан жанданған бұтақ. Ағаштың діңгегі-отбасы. Жер-бұл ағаштың түп-тамырын жасырып жатқан жұмбақ. 

Шежіре жасаудың түрлі нұсқасы бар: атадан балаға қарай, немесе ұрпақтарынан бабаларына қарай.

Ұрпақтан бабаға қарай шежіре жасалады, онда әкеміз жақтағы туысқандар жазылады.


Жеті ұрпақты білмейміз Үшіншісі – арғы ата,
Әлі күнге көбіміз. Төртіншісі – бабамыз,
Және бізге беймәлім Бесіншісі – түп ата.
Біздің ата-тегіміз. Қалай тыныш жатамыз,
Ең алдымен сөз етем, Маған да, ата, бер бата!
Бірінші ата – өз әкем. Алтыншысы – тек ата,
Екіншісі – атамыз, Жетіншісі – ұлы ата.

Азамат:

Жеті ұрпақты сөз етсек, Үшіншісі – шөбере,
Қателікті түзетсек, Төртіншісі – шөпшегің,
Бірінші ұрпақ – ол бала, Бесіншісі – немене,
Ұрпағыңды қорлама! Алтыншысы – жүрежат,
Екіншісі – немере, Жетіншісі – туажат,

Расул:

Тұқым солай өседі.
Бірін бірі қуалап.
Жеті атаның тілін ал,
Жеті ұрпақты біліп ал!

Ерасыл:

Атам менің әрқашан

Кішіпейіл бол деген.

Ақыл сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

Дәурен:

Атам менің әрқашан

Бол дейтұғын бауырмал.

Мынау байтақ ғаламда

Қаншама дос, бауыр бол.

Азамат:

Атам менің әрқашан

Мейірімді бол деген.

Ақыл сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Расул:

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де




«Менің шежірем» атты тірек-сызбаларын қорғау.

«Мақал-мәтелдер» кезең


  1. Жеті атасын білмеген жетесіз

  2. Тегін білген-текті адам

  3. «Жеті атасын білген жетімдік көрмейді»

  4. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер».



Қорытынды

Ата-ананың көмегімен ата-әжемізді және де, туған-туысқандарымыздың шыққан тегін қалпына келтірдік.Ол үшін барлық қандастарымыздан мәлімет іздестірдік. Біз тек оларды емес және бұл өмірде жоқ туыстар жайлы білуге тырыстық. Басқа жанұялар секілді, соғыс бізді де аямады, төрт атамның үшеуі соғысқа қатысты. Біреуі ғана оралды.

Біз туыстарымыздың мамандығы жайлы білдік, туылған күндері жайлы күнтізбе құрдық. Енді оларды құтықтауды ұмытпаймыз.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерінің мол болды деп айтуға болады. Өйткені бүгін айтылып жатқан нақыл сөздер, барлықтарыңызға үлкен әсер еткен болар. Жеті атамызды, өз тегімізді біліп жатсақ ол бізді тектілігіміздің белгісі деп білемін.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2024
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі