400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шежіре тарқатудың мәні.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ шежіресін тарқату ол қазақ ұлты үшін үлкен мәселе. Қазақ шежіресі ұллтылығымыздың негізі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шежіре тарқатудың мәні.

Шежіре» сөзі араб тілінде «бұтақ» немесе «ағаш» мағынасын  білдіреді.  Тарих  ғылымында  «шежіре» –  ұлттың  шығу  тегін  анықтайтын  дереккөз  ретінде қарастырылады.  Осы  ретте  Әбілғазының  «Түрік шежіресі», Қадырғали Жалайыридің «Жылнамалар тарихы», «Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди»,  сондай-ақ, Н.Аристов, А.Лепшин, В.Григорьев, Л.Мейер, М.Тевкелев,  Н.Гродеков,  Ә.Диваев, Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, С.Мұқанов т.б. зерттеушілердің қалдырған шежірелері тарихымыз-ды танудағы алар орны ерекше. Жалпы, Қазақ халқы шежіре тарқатуды үш деңгейде қарастырған. Біріншіден, ел ішінде әрбір ру-тайпаның шежіресі ауызша  айтылып,  халық  өзінің  ата-тегі  тізбегін  жаттап  өскен.  Сонымен  бірге,  әр  дәуірде  шежірелер хатқа  түсіріліп,  кітап  болып  та  басылған. Дәстүрлі дүниетаным бойынша қарапайым азаматтар ең азында жеті атасының шежіресін білуі шарт болған. Мысалы, ру шежіресінің басында тұрған ұлы баба мен кейінгі буын арасындағы ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене және одан ары қарай қыз алыспайтын жүрежат, туажат,  жекжатқа  дейінгі  тізбекті  әрбір  қазақтың  ба-ласы  білуі  міндетті  саналған.  Себебі,  кешегі  Кеңес үкіметі  құрылғанға  дейін  қазақ  халқының  әкімшілік бөлінісі ру-тайпа жүйесіне негізделді. Яғни, әрбір қазақ өзінің жеті атасы мен шежіресін білу арқылы әкімшілік жүйені саралайтын.  Екіншіден,  XV  ғасырдың  екінші  жартысында Дешті-қыпшақ  даласын  мекендеген  түркі  тайпалары Қазақ  ұлты  болып  ұйысты.  Қазақ  халқын  құрайтын  ру-тайпаның  ұлт  болып  бірігуінің  өзіндік  тарихи  себептері  жоқ  емес  еді.  Өмір  сүрген  кеңістігі, шаруашылығы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, діни нанымы, дүниетанымы, саяси діті бір ру-тайпа ортақ мақсаттың негізінде ұлт болып құралып, Қазақ хандығы деген мемлекетті қалыптастырды. Яғни, Қазақ халқы шежіре  тарқатудың  келесі  деңгейінде  ұлттың  құрам мен болмысты анықтайтын. Үшіншіден, Қазақ  халқы XV  ғасырда тарих  сахнасына  шыққанымен оның  тарихы тым  әріде жатыр. Еуразия кеңістігіндегі байырғы Сақ, Ғұн, Түрік, Үйсін, Қарлұқ, Қарақан, Қидан, Қыпшақ, Алтын Орда, Ақ  Орда,  Көк  Орда,  Моғолстан  мемлекеттері  Қазақ халқының жүріп өткен тарихы саналады. Осы тұрғыда, шежіре Түрік  деген  алып  бәйтеректен оғыз,  қарлұқ, қыпшақ топтарына бөліп, осының ішіндегі қыпшақ тобынан Қазақ халқын таратады. Ал, түріктің тегін Нұх пайғамбардың үш ұлының бірі Яфасқа әкеп тірейді. Яғни, шежіре ілімі Қазақ халқының арғы тегін Адам ата, Нұх  пайғамбардан таратып,  терең  бойлай  келе адамзат тарихына ұласады. Сайып келгенде, шежіре өзінің кім екеніңді танытып, қандай атадан, қандай ұлттан, қандай қауымнан тарайтыныңды  үйретеді. Шиырып айтқанда, шежіре тегіңді,  тарихыңды,  адамзаттық болмысыңды түсіндіріп, тарқатып  беретін ілім. Оны  білмеу тексіздікке, ұлтсыздыққа, мақұрымдыққа ұрындырады.

© ummet.kz Толығырақ: https://ummet.kz/makalalar/348-dastur-danalygy/14500-bala-tarbiesi-shezhire-tarkatudyn-mani.html




Нуралиев Д. А.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.10.2025
78
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі