Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Рационал сандарға амалдар қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2.А. Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: №47

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Рсалды Ұ. Б.

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны: 0


Сабақтың тақырыбы: Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.18 шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу;

6.1.2.19 рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету;

6.1.2.20 шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу;

6.1.2.21шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру;

Сабақтың мақсаттары

-шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып біледі;

-рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсете алады;

-шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын таба алады;

-шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады.

Бағалау критерийлері

-шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді біледі, түсінеді;

-рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсетеді;

-шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табады;

-шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды біледі, түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- шектеулі ондық бөлшектер туралы сипаттайды;

- есептер шығаруда рационал сандарды бөлу амалының ережелерін түсініп қолданады.

Пәндік лексика және терминология:таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды бөлу, период, периодты ондық бөлшек

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  1. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту үшін.......................

  2. Санды 0-ге көбейткенде ........

  3. Екі теріс санды көбейткенде ................

  4. Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды .......... сандар деп атайды.

  5. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін..........

  6. Натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу үшін.........

  7. Теріс санды 0-ге көбейткенде....

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет, ынтымақтастық, ашықтық», «еңбек және шығармашылық» құндылықтары.

Пәнаралық байланыс

Информатика, қазақ әдебиеті.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

1.Рационал сандарды бөлу.

2.Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері .

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


5 минут














І. Ұйымдастыру:

1.1. Сынып оқушыларымен амандасу

1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.3. Оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Оқушылар ортаға шақырылып шеңбер бойына тұрады, осылайша бір-бірін қошеметке бөлейді).

Саралау тәсілі жіктеу,топқа бөлу

Үй тапсырмасына байланысты есептің жауаптарын табу арқылы топқа бөлінеді.

Жасыл түсті жалауша-Оң сан. Қызыл түсті жалауша-Теріс сан. Сары түсті жалауша-0(нөл) саны.

1. -5·0,3=-1,5 7. -7·0=0

2. 8,1·0=0 8. -6·(-0,8)=4,8

3. 2,7·(-1)=-2,7 9. (-1,6)·(-5)=8

4. -1,5·(-3)=4,5 10. 0·9,78=0

5. 3·(-2,5)=-7,5 11. (-12)·(-5)=60

6. -6·0,8=-4,8 12. -0,71·0=0

Белсенді оқу әдісі "Конверттегі сұрақ"

Өткен сабақты бекіту мақсатында өткен сабақ бойынша сұрақтар жазылып, конвертке салынады.Оқушылар конверттегі сұрақтарға жауап береді.

1. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту үшін.......................

2.Санды 0-ге көбейткенде ........

3.Екі теріс санды көбейткенде ................

4.Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды .......... сандар деп атайды.

5.Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін..........

6.Натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу үшін.........

7.Теріс санды 0-ге көбейткенде....

8. Рационал сандарды қосу үшін...

9. Рационал сандарды азайту үшін...

10.Оң санды 0-ге көбейткенде...

Қалыптастырушы бағалау: "Үш шапалақ" әдісі арқылы оқушылар жауаптарына қарай бірін-бірі бағалайды.Егер жауап толық болмаса шапалақ саны азаяды.








Оқушылар барлығы айтады.











Конвертте сұрақтар болады.


Оқушылар ребустың шешімін табады.

Сабақтың ортасы/сабақ- тың негізгі бөлімі

30 мин














































Жаңа сабақпен танысу.

Балалар, сендер рационал сандарды көбейту ережесін білесіңдер, олай болса бөлуге есептер шығарып көрелік:

Топтық жұмыс:

"Болжау" әдісі.(Топтық жұмыс-Оқулықпен жұмыс)

1-топ. №610(1) 2-топ. №610(2)

-6,3:(-0,9)=7 2,4:(-0,8)=-3

-5,4:(-3)=1,8 -15,5:5=-3,1

-270:(-5)=54 9: (-5)=-1,8

-5·0=0 0·5=0

3-топ. №612(1,2,3)

1) 56:(-7)+3=-8+3=-5

2) -8·(-5)+75:(-15)=40+(-5)=35

3)(12-28):(-4)·5=-16:(-4)·5=4·5=20

0:(-4) Санды нөлге бөлуге болмайды!

Осы шығарылған есептерден кім ереже қорытып шығара алады?(ой бөлісу)

Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу үшін:

1)бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек;

2)шыққан бөліндінің алдына "-" таңбасын қою керек.

Дескриптор:

-Теріс санды оң санға бөле алады;

-Оң санды теріс санға бөле алады;

-Теріс санды теріс санға бөле алады;

-Рационал сандарды 0-ге болмайтындығы туралы ережені тұжырымдай алады.

ҚБ:"Екі жұлдыз бір тілек" әдісі арқылы топты бағалау.

Ондық таңбаларының саны шектеулі ондық бөлшектер шектеулі ондық бөлшектер деп аталады.

Периодты ондық бөлшектегі үтірден кейінгі шектеусіз қайталанатын бір цифр немесе цифрлар тобы период деп аталады.

0,222...=0,(2).

Егер периодты ондық бөлшектің периоды үтірден кейін басталса, оны таза периодты ондық бөлшек деп атайды. Мысалы,

Егер периодты ондық бөлшектің периоды үтірі мен бірінші периодының аралығында бір немесе бірнеше қайталанатын цифрлар тобы болса, оны аралас периодты ондық бөлшек деп атайды. Мысалы,

Дескриптор:

-ережелерді біліп, мысалдар келтіреді.








Математика, 6 сынып 1-бөлім,2015



Постер жасату.Оқушылар есепті постерге жазады.





























Сабақтың соңы


Бекіту





1.Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесін айтып беріңдер?

2. Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесін тұжырымдаңдар?

3. Санды қандай рационал санға бөлуге болмайды?

4.Қандай жағдайда екі рационал санның бөліндісі нөлге тең болады?

1.Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылады?

2. Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер таза периодты ондық бөлшек түрінде жазылады?

3. Периодты ондық бөлшектің периоды дегеніміз не?

Есептер №649, №651

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, ережелер жаттау, №649, №651 жұп



Кері байланыс.

3 минут

ББҮ кестесін толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім






Рефлексия

2 минут

Рефлексия. «Мишень» әдісі

Бөліктерін толтырады.

  1. Қызық болды

  2. Жаңалық

  3. Белсене қатыстым

  4. Түсінікті болды


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
4949
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі