Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шелек ауылының кітапханасы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ШЕЛЕК АУЫЛЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.

Секциясы: Өлкетану



Тақырыбы: Шелек ауылының кітапханасы







Ізденуші: Серік Ернар, Мавлетқан Ақбота Қайратқызы, 8 «А» сынып оқушылары, Шелек ауылындағы №1 орта мектебі

Жетекшісі: Демеева Анар Бериковна, Шелек ауылындағы

1 орта мектебінің тарих және география

пәнінің мұғалімі

Кеңесші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы, Шелек

ауылындағы №1 орта мектебінің директоры, тарих

ғылымының кандидаты

Шелек ауылы 2018 ж



Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің "Шелек ауылындағы №1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Шелек ауылының кітапханасы


















Ғылыми жетекші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы

Жоба жетекшісі: тарих және география пәнінің мұғалімі

Демеева Анар Бериковна

Ізденушілер: Серік Ернар, Мавлетқан Ақбота Қайратқызы




1

Тақырыбы: Шелек ауылының кітапханасы

Зерттеу мақсаты: Халықтың мәдени мұрасына айналған Шелек ауылының кітапханасы туралы танып-білу, зерттеу.

Зерттеу нысаны: Орталық - ауылдық кітапхана және мектеп кітапханасы

Ғылыми болжамы: «Жас оқырман» зерттеу тобын ұйымдастыру

Өзектілігі:  «100 кітап» жобасын насихаттау.


Зерттеу кезеңдері:


І. Ізденіс. Кітапхана жайында нақты дәлелдермен мәлімет жинақтап, ғылыми әдебиеттер, газет -журналдар, ғаламтор мәліметтерін салыстыра отырып, іздендім .


ІІ. Мәлімет жинау. Орталық - ауылдық және мектепте орналасқан кітапханалар жайлы ауызша және жазбаша деректер мәліметтеріне шолу.


ІІІ. Зертханалық бақылау. жинақтау. Ғылыми әдебиеттер, газет -журналдар, нақты дәлелдерден мәліметтер жинақтау.


ІV.Талдау жасау. Орталық - ауылдық және мектепте орналасқан кітапханалардың деректерінің құндылығын анықтау, зерттеу.


Зерттеу тәсілдері: Кітапханалар жайлы мәліметтер мен деректер жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.


І. Кіріспе бөлім

Шелек ауылының кітапханасының ерекшеліктері.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Халық үшін кітапхананың қандай маңызы бар?

2. Шелек ауылының кітапханасы халықтың мәдени мұрасын қалай сақтай білді?

3. Кітапхананың өлкетану жұмыстары үлесі

ІІІ. Қорытынды

Мектеп кітапханасының жұмысы



2



Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 "А" сынып оқушылары Серік Ернар, Мавлетқан Ақбота Қайратқызы «Шелек ауылының кітапханасы» туралы жазған ғылыми жобаларына






Пікір


Серік Ернар, Мавлетқан Ақбота Қайратқызы Шелек ауылының кітапханасы туралы ізденуді ұсынуы оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншіліктерін, танымдылықтарын көрсетеді. Ізденушілер ғылыми пайымдаулар жасауға, ізденуге, ғылыми жұмыс жазуға қабілеттері мол екендіктерін байқатты. Олар сыныптастарының да қызығушылықтарын оята білді.

Серік Ернар, Мавлетқан Ақбота Қайратқызы іздемпаздықтары ғылыми дәлдікке негізделіп, көңілге қонымды, әрі зерттеулері ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. «Шелек ауылының кітапханасы» туралы ғылыми жобалары келешекте  «100 кітап» жобасының аясындағы ізденіс жұмыстарымен толықтырылады деп сенемін.












Ғылыми жетекші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы

Жоба жетекшісі: тарих және география пәндерінің мұғалімі

Демеева Анар Бериковна

2018-2019 оқу жылы


3

Біз алғаш рет жобаны бастау үшін кітапханаға бардық. Ол кезде біз балалар бөлмесін зерттедік. Біз кітапхана қызметкерлерінен балалар бөлімі туралы мәлімет алдық. Балалар бөлімі 1 - 9 сыныпқа дейінгі оқушыларға қызмет көрсетеді. Тағы мектепке дейінгі балаларды оқытатын ата - аналарға кітаптар салаға бөлінеді. 1 - 4 сынып кітаптары салаға бөлінбейді. 5 - 9 сыныптарға тағы кітаптар салаға бөлінеді. Балалар бөлімінде көбінесе көркем әдебиетке сұраныс жоғары. Бұл кішкентай бөлімде 1200 оқырман бар. Осының барлығы балалардың кітапқа қызығушылығы жоғары екендігін көрсетеді. Біз бұнымен ғана тоқтап қалмай балалардың қызуғушылығын одан әрі арттыруды жоспарлаудамыз. 1 - 4 сыныптарға арнайы бұрыш бар. Жыл сайын жаңа кітаптар келіп отырады. Бұл кітаптар мемлекеттік меншік. Кітап берілу мерізімі 15 күн. Егер оқып үлгермеген жағдайда мерізімін тағы 15 күнге ұзарта алады. Балалар бөлімінің жетекшісі: Адамбекова Айткүл Қодасовна.

Біз кітапханаға сондай - ақ, оқырмандар залын зерттеу үшін бардық. Оқырмандар залы өте кең, оқу арналған орындар бар жәнеде оқуға деген бар жағдай жасалған. Оқырман залында кітапты тек сол жерде оқуға рұқсат етілген. Оқырман залында балалар бөлімі секілді кітаптар үйге берілмейді. Себебі, ол жерде өте құнды кітаптар мен энциклопедиялар сақталған. Оқырман залында саяси әдебиет, жаратылыстану салаларындағы кітапқа сұраныс жоғары. Себебі саяси әдебиет пен жаратылыстану кітаптары жас өспірімдерге өте қызықты. Сонымен қатар оқырман залында апта сайын тақырыпқа байланысты кітаптар ауысып тұратын бұрыш бар. Мұнымен қоса тұрақты кітап көрмесі бар.

Мысалы, “Елмен етене Елбасы” деген арнайы бұрыш бар. Осы бұрышта Елбасының өзінің туындылары мен Елбасы туралы жазылған кітаптар сақталған. Сонымен қатар оқу залында жаз айларында іс шаралар өткізіп отырады. Мысалы, оқырман залындағы тұрақты оқырмандарға энциклопедия мен құнды кітаптарды 3 күнге оқуға рұқсат беріледі. Оқу залында 300 - ге жуық кітап сақталған.

Содан, біз жаңа заманға лайық технологиямен қамтылған кітапхана бөлімін зерттеуге кірістік. Бұл бөлім 2011 жылы қосылған екен. Бұл бөлімде кітапхана мүлкі түгел жаңартылған. Осы жерде 5 компьютер, 3 принтер бар. Оның біреуі түрлі түсті. Сонымен қатар ол жерде 1 ноудбук, телефонфакс, мультимедиялы проектор экранымен орнатылған. Сонымен қатар, бұл бөлім оқырмандар үшін өте тиімді. Егер кітапханадан іздеген мәліметіңізді немесе кітабыңызды таппай жататын болсаңыз осы бөлімді қолдануға рұқсат етіледі. Бұл бөлімде ғаламтор желісі толық қамтылған.

Біз бүгін абонемент бөлімін зерттеуге бардық. Бұл бөлім өте үлкен. Бұл жерде кітаптар қорының ең көп бөлігі сақталған. Егер сіздерге көне кітаптар қажет жағдайда осы жерден таба аласыз. Осы бөлімде жыл сайын 3000 - нан астам пайдаланушыларға қызмет көрсетіледі. Бұл бөлімнің ерекшелігі адамдардың оқып біткен немесе үйлерінде жатқан пайдаланбайтын кітапты кітапханадағы рұқсат етілген кітаптар бұрышындағы кітаптарға ауыстыруға мүмкіндіктері бар.

Бүгін біз кітапхана жетістіктерін білу үшін кітапханаға бардық. Сол үшін біз кітапхана жайлы жазылған мәліметтер іздей бастадық. Содан кейін біз 2012 жылы жазылған Еңбекшіқазақ газетін таптық. Бұл газетте «Шелек ауылдық кітапханасы үлгілі ауыл кітапхана» деп атанғаны туралы айтылады.

- 2009 жылы облыстық Үздік ауыл кітапханасы байқауында 1-орын иеленіп, дипломмен марапатталыпты.

5

- 2014 жылы мамыр айында облыста өткен өткен мәдениет қызметкерлері күніне арналған мерекелік жиында үздік ауыл кітапханасы номинация дипломымен марапатталып, 100000 теңге ақшаға ие болыпты.

Кітапханада «Қазақ тілінің нәрімен сусындайық» және «Жас әдебиетшілер қызығыушылық клубтары» жұмыс істейді.

Біз енді, жалпы кітапхана жайлы шолу жасадық. Кітапханадан кітап алу үшін маманның жеке куәлігі керек. Егерде кітапты жоғалтса 10 есе құнын төлейді. Сонымен қатар кітапхананың өзінің жеке сайттары бар. Онда күнделікті өткізген ісшара көрсетіледі. Сонымен қатар кітапхана жайлы мәлімет біле аламыз.

Біз тағыда қызықты мәлімет алдық. Шелек өңіріндегі кітапхана ісінің дамуына үлес қосқан басшылары: Белянская Анисия Петровна 1931 жылы тұңғыш оқу үйінің ашылуына атсалысқан 12 белсенділердің бірі болған екен. Шелек аудандық кітапханасының іргетасын қаласқандардың бірі. 1944 - 50 жылдары кітапханашы, ал 1950 жылдан 1975 жылға дейін аудандық кітапхана меңгерушісі болды. 1975 - 1984 жыдар аралығында орталық аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет ету бөлімінде кітапханашы болып қызмет етті.

Апайымыздың айтуы бойынша 1931 жылы Шелек ауылында шіркеу жабылып поптың үйінде тұңғыш рет оқу үйі ашылған екен . 12 адамнан тұратын белсенділер әр үйге кіріп, ауыл тұрғындарынан кітап жинайды. Кітап қоры 1200 данаға жеткен соң 1935 жылы оқу үйі аудандық кітапхана болып қайта құрылды. 1935-1950 жылдар аралығында Шолпан Арынова, А. Белянская, Күлтай Оспановалар кітапханада жұмыс істеген екен.Ол уакытта кітап тапшы болғанын осыдан білуге болады. Казіргідей кітап көп болған жок. Осындай апайларымыздың арқасында кітап әлеміне жас жеткіншектерді әкелді.

1982 жылы көшпелі кітапхана қоры орталық аудандық кітапханаға берілді. Іле –Бұрылдай, Торайғыр, Сарытау қызыл отаулар, ал 1982 жылы Табаксавхоз және Авангард кәсіподақ кітапханалары ауылдық кітапханалар болып қайта құрылды да, аудандағы 47 кітапхананың барлығы да көшпілік әмбебап кітапханаларға айналды.

Оның құрамына 1 орталық аудандық кітапхана, 1орталық аудандық балалар кітапханасы, 45 ауылдық кітапхана – филиалдары кірді . Бұл кезде жүйе бойынша кітап қорының саны 231 104 дана болды.

6

Орталық аудандық аудандық кітапханада кітап қорын ұйымдастыру және өңдеу бөлімі, әдістемелік бөлім, кітапхана аралық қорлармен жұмыс бөлімі, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі және көшпелі кітапхана жұмыс істей бастады. Кітап қорын ұйымдастыру және өңдеу бөлімінде 4 қызметкер \бөлім меңгерушісі және кітапханшылар\. Әдістемелік бөлім – 3 әдістік бөлім меңгерушісі, әдіскер балалар жұмыс бойынша әдістік , 1 библиограф. Кітапхана аралық қорлармен жұмыс бөлімінде 4 - кітапханашы. Сол сияқты техникалық қызметкерлер, шаруашылық жөніндегі меңгеруші, завхоз, безендіруші – суретші, художник – оформитель, электрик, еден жуушылар, автокөлік жүргізуші, библиобус . Сөйтіп орталық аудандық кітапханада барлығы 20, ал жүйе бойынша 71 адам еңбек етті.

Жүйеде әдістемелік және библиограафиялық жұмыс жандана түсті. Әр тоқсан сайын семинар кеңесі өткізеді , онда кітапханашылар тақырып бойынша пікір алмасып отырады ,тағы басқа көптеген жұмыстар жүргізілді, сөйтіп кітапханашылардың білімін көтерулеріне көмек көрсетіліп отырды. Кітап қорының сапасы жақсарды, кітап қоры өсіп, оқырман саны 2 200 адамға, кітап қоры 17 000 дана кітапқа, кітап беру саны 150 000 кітапқа, кітап беру саны 150 000 кітапқа, кітапханаға келу саны 16 000 адамға өсті.

Орталықтандырылған кітапханалық жүйе

Кітапхана ісінің тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі –орталықтандырған кітапханалар жүйесінің құрылуы . КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1974 жылдың 13 наурыздағы жарлығымен бекітілген. КСРО дағы кітапхана ісі туралы ежелде орталықтандырылған кітапханалардің жүйесі елдегі кітапханалар қорын пайданулары үшін халыққа зор мүмкіндіктер беріледі. Әрі кітапханалық биографиялық қызмет көрсетудің көлемін ұлғайтты. Кітапхана жұмысына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына мүмкіндіктер туғызады делінген.

Шелек ауылындағы атқару комитеті Шелек ауылының кітапханасы және Шелек ауылдық балалар кітапханасының Шелек орталық аудандық кітапханасының және Шелек аудандық орталық балалар кітапханасы болып қайта құрылу туралы №378 шешім қабылданды .

Сөйтіп 1976 жылдың қаңтарынан бастап аудандық кітапхан 5 қызметкерлермен 24 611 дана кітап қорымен , аудандық балалар кітапханасы 3 қызметкермен 30 621 дана кітапхана қорымен 27 ауылдық кітапханалар 27 адам жұмыс істеуге тура келді.

7

1998 -99 жылдары оқырмандарға қызмет көрсетуді тоқтатпау үшін окырмандар залы мен абонементке қара пештерді қойылған екен . 2000 жылы пеш қойылып, жылу жуйесі мен жарық жүйесі іске қосылды . 2002 жылы Шелек ауылдық кітапханасының 4 213 дана кітап қоры Шелектегі Абай атындағы мектепке берілген екен . Сөйтіп Шелек ауылдық кітапханасының қорын 2003 жылдың 1 қаңтарында 109 372 дана болды.

2007 жылы тозығы жеткен электр сымдарының кесірінен оқу залындағы жарық жүйесінде өрт болған екен . Сол жылдары өрттің кесірінен 3 142 дана кітап есептен шығарылды , яғни кеміді . Малыбай ауылдық кітапханасы 5 000 дана кітап бергені екен . Жаңа заманға лайықты кітапхана сияқты 2008 жылы ғимарат күрделі жөндеуден өтеді. Оқу залындағы кітапхана мүлкі түгел жаңартылды .







8

Өңірдегі кітапхана ісінің құлдырауы

1995-1997 жылдар аралығында премьер - министр Қажыгелдиннің солақай саясаты еліміздегі кітапхана ісіне өшпес қара дақ салады. Кітапханалар жабыла бастады. Шелек аудандық мәдениет бөлімі мен әкімшіліктің бұйрығының негізінде 1995 жылы 18 992 дана кітап қорымен қыстартылды . Жүйе кітапханаларының 390 160 дана кітап қоры 368 168 данаға кеміді.

1996 жылы жағдай қиындай түсті . Қаржы бөлінбеуі салдарынан жүйе қорына бірде - бір кітап түспеді . Алматы облыстық әкімінің 31.12.1996. жылы Алматы облыстық әкімінің 31.12.1996. жылы Алматы облыстық әкімінің 31.12.1996. жылы № 12.324 Облыстық басқару органдарының құрылымы және штаттың саны жөнінде деген шешіміне байланысты Шелек орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен, тағы да 17 кітапхана қысқартылды. Қысқартылған кітапханалар қорынан тозығы жеткен , мазмұны ескірген 12 732 дана кітап есептен шығарылды, 51 862 дана кітап мектеп кітапханаларына берді. Сөйтіп жүйедегі кітап қорының саны 306 574 дана кітап болды.

1997 жылы кітапханалардың жаппай қысқартылуы жалғаса берді. Аудан тұрғындарының саны 3 мың адамға жетпеген ауылдардағы ауылдық кітапханаларды мектеп кітапханаларына қосу жөнінде

9

9-127. 27.03.97 жылғы шешімінің негізінде тағы да 14 кітапхана жабылды. Олардың 33 267 дана кітабы мектеп кітапханаларына берілді.

Осы жылдың сәуірінде 91 895 дана кітап қордан шықты, оның 82 902 данасы мектеп кітапханаларына берілді. 89 93 данасы әртүрлі себептермен есептен шығарылды. Мектеп кітапханаларына тағы да 57 831 дана кітап берілді. Тескенсу ауылдық кітапханасының 10 000 дана кітап қоры , старый Таусугур, Қорам , Шелек №1 ауылдық кітапханаларының кітап қорылары Шелек аудандық кітапханасына қосылды. Сөйтіп Шелек аудандық кітапханасының кітап қорының саны 68 494 данадан 45 091 данаға артып, 113 585 дана кітапқа жетті.

1997 жылдың мамырында аудан тарқатылғаннан кейін, осы жылдың 4 - маусымында Шелек аудандық кітапханасы Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасына қосылып, Шелек ауылдық кітапханасы болып қайта құрылды. Егемендіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтыңтарды біздің кітапхана да көрді. Кітапхана ғимараты азып - тозып, жарық жүйесі істен шыққан, от жағатын пеш жоқ. 1997 жылы қақаған қыста жарықсыз, жылусыз жұмыс істеуге тура келді.

Жөндеуден кейін кітапхана жаңа жиһаздармен қамтамасыз етілді: оқу залына оқырман үстелдері, орындықтар, шкафтар, кітап көрмелеріне арналған стеллаждар, трюмо, кресолар, компьютерлер қойылатын арнайы орындықтар берілді. Аудандық мәслихаттан бөлінген 100 000 теңгеге кітапхана іші заманға талабына сай безендірілген.

Өкінішке орай құрылыс жұмыстарын жүргізген ЖШС Бизнес Экспресс Строй құрылыс компаниясының жауапкерсіздігінің салдарынан жөндеу жұмыстарында көптеген кемшіліктер жіберілді: жарық жүйесі дұрыс жасалмады, мүгедектерге арналған пандус тек аты ғана, т.б.

Бізді әсіресе қатты қобалжытқан жарық жүйесі еді. Кечкіні жұқа сымдар бір мезгілде жанатын шамдар мен компьютерлер, от жағылатын маусымдығы қосылатын мотор жүктемелкерін көтере алмауы өртке қауіпті болды. Тағы да аудан көлемінде дабыл қақтық, бірақ шешімі табылмады. Сол кезде кітапхана директорының көмегімен жарық жүйесінің сымдары жаңаланды. 2010 жылы кітапхана тұрақты жер пайдалану құқығын беретін АКТ және кітапхана ғимараттың техникалық паспорты жасалды.

10

5 шілді куні Шелек модельді ауылдық кітапханасында (Коворкинг ) орталығы ашылды. Ашылу салтатына НұрОтан партиясының Алматы облысы филиалының төрағасының орынбасары Тойлыбаева Гулнар Қожағұл қызы мен НұрОтан партиясы Еңбекшіқазақ филиалы төрағасы бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат Сұлтан ұлы орталық лентасын қиды .

НұрОтан партиясының Алматы Облыстық филиалының төрағасының орынбасары Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы құттықтау сөзінде Елбасымыздың Рухани Жанғыру жобасы, Астана қаласының 20 жылдық мерей тойын тілге тиек ете келе: «Бүгінгі сіздердің қуаныштарыңызға ортақтаса отырып , Каворкинг орталығының негізгі мақсаты – жастар өкілдері мен жастар ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруды мүмкіндік беретін ұжымдық қызметі. Әлеуметтік жоба аясында жастар үшін барлық жағдай жасалған . Бизнес, шығармашылық оқу бағдарламалары аясында креативті жобалардың жүзеге асыруына тиісті орталық болып табылады. Орталық барлық техникаларымен жабдықталған, оқырмандарымыз өздерінің жобаларын жасай отырып, өздерінің шығармашылықпен айналысуға мүмкіншілігінше жағдай жасалған.»

Тұрақты оқырмандарымыздың Жакеев Максат пен жергілікті ақсақалдар алқасының мүшесі Сыдықбаев Жетпіс аталарымыз орталықтың ашылу салтанатымен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Мерей тойына орай оқу залында Ел сүйсінген Елорда атты әдеби - тарихи Колейдоскоп өткізілді. Колейдоскоп кезінде жиналған қауымға Астанамыздың тарихын кеңінен насихаттады. Шараға еңселі Елорда слайды көрсетіліп, Ару қала Астана атты көрмеге библиографикалық шолу жүргізілді. Шараға қатысушы Төкен Дияс Тұрарұлы өлең оқыса Нұрлан Дидар әсем әнімен кешті жандандырды.

26 қараша күні Шелек Модельдік ауылдық кітапхана жанындағы Каворкинг орталығында оқушылар мен кітапханашылар Елбасымыздың Ұлы Даланың жеті қыры атты мақаласын талқылады. Талқылау барысында оқушылар өз ойларымен бөлісе келе, Елбасымыздың Жасампаздығы мен көрегендігі мен тағы да бір жетістікке жетті.

Тәуелсіздік жылдарындағы Шелек Модельдік ауыл кітапханасының кітап қорының қалыптасуы және тілдік құрамындағы жетістіктер.



11

Шелек модельдік ауылдық кітапханасының кітапхана қорының оқырмандар талабыны сай болып қалыптасуына еліміздің тәуелсіздікке қол жеткіздік әсері көп болды.Тәуелсіздік алғашқы жылдары 1991 – 1994 жылдар аралығында кітапхана қоры 1216 данаға өсті, оның 530 данасы қазақ тілінде еді.

Бірақ Қажыгельдиннің солақай саясатының арқасында 1995 жылдан бастап кітапханалар жаппай жабылып , кітап алуға қаржы да аз беріле бастады. 1995-1999 жылдар арасында барлығы 274 дана ғана кітап түсті, оның ішінде 48 ақ данасы қазақ тілінде болды.

Ал, 2000 - 2015 жылдар аралығында барлығы 6 514 дана кітап түсті, оның ішінде 5 177 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарынан бастап, 2016 жылдың 1 - қаңтары кітапхана қоры 8 732 данаға өсті , 97 975 дана болса , қазақ тіліндегі кітап қоры тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы 28 501 данадан 34 934 данаға өсті . Яғни, 5 805 дана кітапқа көбейді . Сондықтан кітапхананың қорын толықтырудың тілдік диапазоны артып қазақ тілін дегі оқырмандар дың сұранысын қанағаттандырып отыр . Қордың тақырыптық құрамы да оқырмандардың талабын қанағаттандыра алатындай дәрежеге жетті .

Кітапхана ісінің дамуына үлес қосқан басшылар

Белянская Анисия Петровна 1931 жылы тұңғыш оқу үйінің ашылуына атсалысқан. 12 белсенділердің бірі болған . Шелек аудандық кітапханасының ірге тассының қаласқандардың бірі болған . 1944-50 жылдары кітапханашы, ал 1975-1984 жылдар аралығында орталық аудандық кітапхананың окырмандарға кызмет ету бөлымынде кітапханашы болып кызмет етті .

Шелек ауылдық аткару комитетінің 1968 жылгы 30.05 номер №143 «Опристройке здания районной библиотеки - деген шешімнің негізінде аудандык кітапхана үйін кеңейткен.

Кітапхана ісіне енбегі сіңген қайраткер атанған Анисия Перовна Белянская Шелек өңіріндегі кітапхана ісіне сінірген 40 жылдық енбегі ел есінде. Ибраева Куләш Назарқызы Шелек орталық аудандық кітапхана қызметкерлері қыруар жұмыс аткарды.

А) Жүйе кітапханаларының кітап қорларының жүйесін анықтадық.

12

Ә) Кітапхана қорларын тозығы жеткен және мазмұны ескірген әдебиеттерден тазарту, сұранымы аз, артық қосалқы және профильге сай келмейтін әдебиеттер анықталды , баска кітапханаларға болінеді.

Б) Ауылдық кітапханалардың катологтармен аудандық кітапханалардың катологтарымен салыстырып, жүйенің орталық катологын ұйымдастырады.

В)Тағдыр мәселесі , қоғамдық орындармен бірлесе жұмыс атқару .

Г) Әдістемелік жұмыстағы жетістіктер.

Д) Кітапханалардың материалдық –техникалық базасының жақсаруы

1986-1992 жылдары жүйенің директоры Бахамова Малика Абдуаликызы болды. Бұл жылдары да , кітапхана жұмысы өз мәнінде дамыды .

1992-1997 жылдар кезегінде кітапханалар жүйесін жас маман Салима Тоқтасынқызы Тұяқова баскарды. Осы кезде бір орталық аудандық , бір орталық аудандық балалар бөліміне ,45 ауылдық кітапхана - филиалдары бар еді .

Жүйе кітапханашылар арасында «Мамандығым мақтанышым» конкрус өткізілді.

1995жылдың 1 желтоқсанында аудандық кітапхананың 60 жылдық мерей тойы аудан көлемінде аталып өтті .

1997-1999 жылдар аралығында Азизова Сания Ахметқызы басшысы болды.

2000 жылы Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасына директорлық қызметке Салтанат Садыржан қызы Мамажанова келді. Осы күнге дейін басқарып келді. Кітапхандағы жарық және жылу жүйесі іске қосылды.

2017 жылы кітапханада орын алған өрттен кейін, Салтанат Садыржан қызының қолдауымен ауыл тұрғындары атынан ақсақалдар алқасы , белсенді оқырмандар атынан аудан, облыс басшыларына хат жазды , облыс әкімінің а Алматы облыстық мәдениет басқармасының, аудан әкімі , аудандық мәжіліс хат қабылдауында болып жергілікті облыстық , аудандық , ауыл мәслихаты депутаттарымен кездесіпті , кітапхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге көмек көрсету шаруаларын іздестіріпті .



13

2008 жылы 22 млн 600 мың теңге бөлініп , кітапхана ғимараты күрделі жөндеуден өтті.

Елбасының «100 кітап» жобасын насихаттау барысында, мектеп кітапханасының жұмысын да зерделеп өттік.

14



15







16

17

Біз кітапхана жобасына бастаған күнделікті аяқтамақпыз. Кітапхана бұл адамның білім алатын орны. Біліммен сусындалатын жер. Әрбір адам осы жерден өз білімін дамыта алады. Қазіргі оқушылар интернет желісі арқылы бар мәліметті іздей алады. Дегенмен, егер кітапханаға келіп сол мәліметті кітаптан іздесеңіз, сіздің миыңызда мәңгі сақталып қалады. Сондықтан біз жоба иелері сіздерді кітапханаға жиі келіп, білімдеріңізді тереңірек дамытуға шақырамыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Кітапхана мұрағатынан

2. Еңбекшіқазақ газет мақаласы

3. Ақпарат құралдары

































18

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
710
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12