ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«ШЕЛЕК АУЫЛЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.
Секциясы: Өлкетану
Тақырыбы: Шелек ауылының тарихы
Ізденуші:Тохтарходжаева Әдемі, 8 «Ә» сынып оқушысы, Шелек ауылындағы №1 орта мектебі
Жетекшісі: Демеева Анар Бериковна, Шелек ауылындағы
№1 орта мектебінің тарих және география
пәнінің мұғалімі
Кеңесші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы, Шелек
ауылындағы №1 орта мектебінің директоры, тарих
ғылымының кандидаты
Шелек ауылы 2018 ж
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің "Шелек ауылындағы №1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
Шелек ауылының тарихы
Ғылыми жетекші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы
Жоба жетекшісі: тарих және география пәнінің мұғалімі
Демеева Анар Бериковна
Ізденуші: Тохтарходжаева Әдемі
1
Тақырыбы: Шелек ауылының тарихы
Зерттеу мақсаты: Кіндік қаным тамған жерім, өз ауылымның тарихы туралы тереңірек біліп, мәліметтер жинақтау.
Зерттеу нысаны: Шелек ауылының тарихы туралы іздену, зерттеу, зерделеу.
Ғылыми болжамы: «Өлкетанушы» зерттеу тобын ұйымдастыру
Өзектілігі: Сыныптастарыма ауыл тарихын айтып, кеңінен білуге насихаттау. Экономикалық даму үдерісін ізденіс жұмыстары арқылы дәлелдей түсу.
Жобаның міндеттері:
-
Ауылымның тарихын зерттеу.
-
Өз жерімнің тарихын жетік білу.
-
Болашақта өз өлкемнің дамуына үлесімді қосу
Мәселе: Шелек ауылының тарихын зерттеу арқылы өлкетану саласына деген қызығушылықтарын арттыру.
Зерттеу кезеңдері:
І.Ізденіс. Жазбаша деректерден мәлімет жинақтап, ғылыми әдебиеттерден, газет – журналдардан, ғаламтордан іздедім.
ІІ.Мәлімет жинау. Ауызша және жазбаша деректер мәліметтеріне шолу.
ІІІ.Зертханалық бақылау. Жетекшімен бірге кітапхана, ақпарат орталықтары, интернет мәліметтерін жинақтау.
ІV.Талдау жасау. Құнды мәліметтерді анықтау, зерттеу.
Зерттеу тәсілдері: Мәліметтер мен деректер жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.
І. Кіріспе бөлім
Мені қызықтырған ...
Тарихтың асыл бетін парақтасақ...
ІІ. Негізгі бөлім
а/ “Ауылымның келбеті
” Шелек
кереметі
ә/ Игі істері мол “Шелек
”ауылы.
б/ Ел мерейін асырған ел
ағалары
в/ Шелегімнің
бүгіні
ІІІ. Қорытынды.
2
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 "Ә" сынып оқушысы Тохтарходжаева Әдемі Азаматқызының «Шелек ауылының тарихы» атты тақырыпта жазылған ғылыми жобасына
Пікір
Шелек ауылының тарихы туралы деректерді ізденуді ұсынуы оқушының ізденімпаздығын, ауылына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін көрсетеді. Тохтарходжаева Әдемі ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті зор екенін байқатты. Ол басқа да сыныптастарының қызығушылығын оята білді. Ізденушінің ой - оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. Тохтарходжаева Әдемі ғылыми жобасы келешекте ізденіс жұмыстармен толықтырылады деп сенемін.

Жоба жетекшісі: тарих және география пәндерінің мұғалімі
Демеева Анар Бериковна
2018-2019 оқу жылы
3
Аннотация
Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, елден шыққан тарихи тұлғалардың өмірін, олардың ел арасына тараған мұраларын жинақтауға арналған.
Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.
Сондықтан осы жобамыз арқылы болашақ жастарымыз, туған ауылының тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.
Бұл зерттеу жұмысы оқушыларға өз ауылымды танысам, сырын білсем деген құштарлығын арттырып, әрбір оқырманға берері мол болар еді. Отанын сүюге тәрбиелейді.
Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар еді.
4
Абстракт
Это
исследовательская работа, в течение многих лет, без
какого - либо урегулирования, помогла
установить историю нашего аула,жизнь исторических
деятелей нашего аула , чтобы получить их общее
наследие нашего государства .
Известный во всем
мире, великий предок Абу Насыр Аль-Фараби, "не зная прошлого , трудно
предсказать будущее". Человек, который
не знает своего прошлого по роману Чингиза
Айтматова тот и не знает своего будущего.
Поэтому молодые должны всегда помнить что история народа передается
из поколения в поколение.
Ученики
, ознакамливаясь с работой данного исследования, знают, что
это было бы полезно, чтобы увеличить стремление к жизни ,чтобы
воспитать любовь к Отечеству. Благодаря хорошей
работе школьников можно сделать много
нового, для получения новых данных
экспонатов.
5
Abstract
This
research work, over many years, without any settlement, the history
of our country, the lives of historical figures from the country,
to gain their arasna common heritage of the country.
Known throughout
the world, the great ancestor of Abu Nasr al-Farabi, "without
knowing the past history, current knowledge of the situation, it is
difficult to predict the future". What is the history of people's
intelligence. Intelligence, a person who does not know where it
came from that ChingizAitmatovağamızdıñ novel is no different
mäñgürtten.
Therefore, anyone in the history of the birth of young ones in the
future of this work is to understand that it is defective.
Ölkemdistudents
familiar with the work of this study, I knew it would be useful to
increase the longing for meaning. To foster a love of the
Fatherland.
For this purpose, the school museum, thanks to the good work of the
students do a lot of new data tolıqtırılar of the
exhibits.
6
Мені қызықтырған
...
Мен Шелек ауылының Торғайбаз елді
мекенінде туып өстім. Осы ауылдағы № 1 орта мектептің 8 «ә» сыныбында оқимын.
Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім керек деген ойға әкелді. Бұл менің үлкен өмірге аяқ
басқан алғашқы қадамым.
Ауыл – ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік
қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы
алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі
ұясы.
Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз
өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған
қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың
ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген
барша халықтың шежіресін жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің
туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық
пердесін сақтай алады деп ойлаймын.
Керемет ақын Мұқағали
Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл
жайлы,
Бұдан артық рахат
табылмайды.
– деп туған жерге деген ыстық
сезімін жырға қосады.
Міне осындай туған жерге деген менін балалық
ауылым жайлы тереңірек білуге
баулыды.
Қазақтың қай ауылына барсаң да, ғасырлардың куәсіндей әр жерде қадау-қадау боп қалып қойған саялы бәйтеректерді кездестіресің. Біздің ауылымыздың да сондай тамыры терең болып , жапырағы жайқалған байтеректер бар. Барлығы да бұтақтарын кең жайып , жанға сая самалымен бауырында өскен балапандарын желпи түсіп, адасқанға жол көрсетіп, жөн сілтеп отырады.
Тек солармен сырласып өскен үрім – бұтақтар ғана талай сындардан өтіп, адамгершілік пен азаматтықтың, бауырмалдық пен достықтың ұлы мектебінен дәріс алады, дәл солардай еңсесі биіктей түседі. Сөйтеді де , ақырын ғана сылдыр қағып, сандықтың қақпағын ашады, шежіре шомылдырып, тарихқа тоғытып алады.
«Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру»- деп айқын жол көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы жас ұрпақтар, болашақ.
7
Ар – намысты қорғауға, Отанға тіреу болуға, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу. Ол – елжандылық рухын көтеру. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім ауылдастарымның жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс – әрекетке тәрбиелейді. Осы мақсатта туған елінің, өзімінің ауылымның, жерінмің қадір – қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру.

Тарихтың асыл бетін парақтасақ...
Зерттеу нәтижесінде туған жерімнің тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтау. Шелек ауылының ата тарихы, әріден басталып келетін, қасиетті мекен. Шелек ауылынды небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол. Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдары мен бірен – саранды жазбаларда ғана кездеседі. Ал осы еліміз жайлы сыр шертетін кітаптар жоқтың қасы.
Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Бүгінгі таңда нарықтың қыспағына ұшырап ауылдар мен елді мекендерін, кіндік кескен туған жерін тастап, жұмыс іздеп қалаларды сағалап көшіп кетуде.
Қала сағаласын, туған елі жайлы жастар ұмыт қалдыруы мүмкін.
Қазірден бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасуына уақтылы үлес қосамыз.
Шелек ауылының жеке әкімшілік территория ретінде өз тарихы бар . Өлкеміздің көрікті жерлерінің бірі Шелек табиғат сұлулығының жұмағы десек артық айтпаймыз. Өзінің қөз татарлық көк майсаға оранған табиғаты жаныңды жадыратып, көңіліңе күш қайрат қосып, жайқалып тұратын киелі мекен.
8
Ауылымның жазда ұйытқи соғатын желі , кыста дүлей соғатын бораны , шілде мен күзде аптаған ыстығының өзі бір керемет. Шындығында да ауыл табиғаты құлазыған көңілінді марқайтып, жанға шипа беретін ауданымыздың мақтанышына айналған орталығы . Шелек терең, құлама немесе тік, кейде ойыс беткейлі және көпшілік бөлігі жазық болып келген ауыл. Географияда оны төбелі, тегіс жазықты аймақ деп атайды.

Шелек кереметі
Жер жәннаты Шелек ауылының туризм орталығы болуына мүмкіндіктері мол. Тарихи - археологиялық, діни –танымдық, саяжай-сауықтыру орындары мен көзтарталық көрікті табиғаты, көп ұлтты аудан халқының ғажап өнері мен мәдениетке бай ауыл. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, туризмді дамыту ол біздің келешек ұрпақ алдындағы азаматтық борышымыз.
Туризм өз еліне, шет мемлекеттерге ұйымдасқан топтарға арналған спорттық ( жаяу, шаңғымен, атпен, түйемен, есекпен, күймемен, арбамен) жүру элементтері мен танымдық өрісін байыту мақсаттар бар саяхат немесе серуендеу.
Экскурсия ұйымдасқан түрде мұражайларға, ерекше назар аударарлықтай жерлерге, көрмелерге саяхат жасау немесе танымдық, ғылыми, спорттық және сауық құрып көңіл көтеретін мақсаттары бар серуен.
9

Міне, осы үш аталған мүмкіндіктер мен мақсаттарды толық ғылыми –практикалық негізде айқындап, зерттеп іс - жүзіне асырса, Шелек ауылы керемет туристік орталыққа айналады. Ауылға келетін туристерге, саяхатшыларға, демалушыларға, серуен құрушыларға, көп ұлтты аудан халқының мәдени - эстетикалық, этнографиялық тұрмыс - тіршілігін, салт -дәстүрін, ұлттық спорт ойындары мен сайыстарын, дәстүрлі өнерін таныстыруға қолайлы . Әсіресе, әсем табиғат көріністері . бұлақ бастаулары, өзендері, жеміс - жидекті, тобылғылы алқаптары мен ескерткіштері, діни –танымдық мінәжат орындары тағы да басқа рухани құндылықтары баршылық.
Сондай-ақ, ауылым инвесторлардың ауқымды қаражаттарымен халықаралық талаптарға сай демалыс-спорттық кешендері, түрлі орталықтар бой көтеріп, іске қосу қолға алынуда. Сондықтан, таяу жылдары ауылымдағы туризм саласы экономиканың республикалық секторларының біріне айналуы сөзсіз. Ауыл өндірістің, бизнестің, ғылым мен білімнің ірі орталығы Алматы қаласымен жақын орналасуы, онымен автокөлік, теміржол қатынастарының болуы да , туризмнің дамуына оңтайлы жағдай туғызады. Осындай қолда бар мүмкіндікті бағалай білгеніміз жөн. « Туризмді дамытуда Шелек ауылы басқа ауылдармен салыстырмалы түрде алсам, мұнда ерекше табиғат аясына ие. Туризмді дамыту бойынша маршрутын сызып беруді маған ұсынса, керемет анық түрде сызып берер едім. Туризмді дамытуда жанын, елін сүйетін азаматтар көбею керек. Мен өз өлкемді мақтанышпен айта аламын.
10
Ауыл ақсақалдарының: «Ауылымда екі есе көп тарихы мен тарихи мәдени ескерткіштері бар » - деп жан тәнімен айтқан әнгімесінен елін сүйетін азаматтың жанқұлшынысын естіп, менің жан дүниемдегі өлкеме деген, еліме деген сезімімді одан әрі шарпытқандай сезім алдым.
Олар Шелек ауылының археологиялық және мәдени ескеркіштері туралы көптеген мәліметтер жинағанын айтып, бірсыпырасын ерінбей көрсетті де.

Міне сол жинаған материлдар мен деректерді жинап кітап жарыққа шығаруға мемлекеттен қолдау жоқ деп қынжылған атаның көзінен мұң байқағандай болдым. Біраз әңгіме жүргізген сұхбаттан ерекше сезіммен және тағы сұхбат алуға келуге бола ма деген рұқсатын сұрадым.
Қаладан жүз шақырым жердегі Шелек кенті Қытай шекарасына жақын жерде орналасқан. Табиғаты бай осы аудан заманауи ауылдың нышасын кейіптейді.

11
Әрине, Шелектің өте қатты ыстығынан, желінен төмен орналасқан өзінің климатымен ерекше. Қыста орташа ауа температурасы - 14 градус, көктемде + 18 градус, жазда +32 , күзде +3 градусты көрсетеді. Сайдың жасыл желегі ауаға әсер етіп, тазартады. Жалпы, жергілікті ауа дем алу органдарына, жүрек - тамыр жүйелеріне әсер етіп, орталық жүйке жүйесін сергітеді. Мұнда саябақтар, тоғайлар, өрік және алма бақтары бар. Шелек ауылының шеткері тұсында тасты жырақтардан, тау бұлақтарынан басталған Шілік өзені ағып жатыр. Оның таза, мөлдір, салқын суы ауылдың жасыл алқабын суландырып, ауаны тазартып, айналаға салқын жел алып келеді.
Шелек - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Шелек ауылдық округі орталығы. Географиялық орнына тоқталсам, аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік - шығысқа қарай 76 км-дей жерде, Шілік өзенінің сол жағалауына таяу орналасқан.
Шілік ауылдық округі - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының қиыр шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жер аумағы 0,41 мың км². Округке Шілік және Ескі Шілік ауылдары кіреді. Орталығы – Шілік ауылы.
Жер бедері. Округ ауданның шығысындағы сайлы-жыралы келген жазық өңірінде теңіз деңгейінен 205— 237 м биіктікте орналасқан. Солтүстік-батысында Арыстанды, Құмдай, батысында Көлқұдық қоныстары жайласқан. Солтүстік батысында Қаратөбе (абсолюттік биіктігі 199 м) төбесі және округтың басқа жерлерінде абсолюттік биіктігі 231 м-ден аспайтын бірнеше төбелер бар. Жер қыртысы құмды-саздақты аллювийлі топырақтан тұрады. Онда тал шоғырлары аралас астық тұқымдасты шөптесіндер, баялыш, көкпек, бұйырғын, боз жусан басым өскен. Округ аумағымен бірнеше шағын каналдар (арықтар) тартылған. Олар Арыс-Түркістан каналынан басталады.

12
1997 жылғы әкімшілік-аумақтық реформадан кейін Шелек қала үлгісіндегі кент мәртебесінен айырылып, Шелек ауылдық округіне айналды. 1997 жылға дейін ол Алматы облысы Шелек ауданының орталығы болды, ал енді Орталығы Есікте орналасқан Еңбекшіқазақ ауданының құрамына енген.

Халқы жайлы. 2009 санақ бойынша Шелек ауылының тұрғыны 26 688 адам шамасында. Алдағы 2019 жылы санақ көрсеткіші бойынша біршама өскен болар.

13
Енді мен ауылымның Шелек атауын қалай алғанына тоқталып өтсем.Біреулер, Шілік көп өскендіктен ауыл бара-бара «Шелек» деп аталып кетті деседі. Шелек ауылы тек Алматы облысында ғана емес, бүкіл Қазақстандағы ең үлкен ауыл болып табылады. КСРО кезінде Шелек ең көпұлтты ауыл болып табылатын. Онда қазақтар, ұйғырлар, орыстар, гректер, түріктер, корейлер, болгарлар, грузиндер және тағы да басқа ұлттар мекен еткен.
М.Б.Токашбаев, "Президент және Халық" газетінің бас редакторы, профессор Шелек ауылың аты Шелек Баубекұлының (1755-1816 жж) қыстауынан бастау алады. Бұл жер ертеде Қоянды аталған. Шелек батыр Жетісуды қалмақ-жоңғар басқыншыларынан тазартуға қатысқан. Қаңлы тайпасы бойынша руластарын отырықшылық өмірге бейімдеген. Шелек қаздырған арықты жұрт әлі күнге пайдаланады.
1862 жылы патшалық орыс билігі бұл жерге Зайцевское деп аталатын селение тұрғызды.
1821 жылы Шелектің ұрпақтары Алашорда үкіметінің Жетісу облысынан сайланған мүшесі Садық Аманжолов пен Жетісу облыстық революциялық комитетінің мүшесі Ахметжан Шымболатовтың күш-жігерімен ауылға бұрынғы Шелек атауы қайтарылды.
Қазір бұл жердің негізгі тұрғындары – қазақ, орыс, ұйғырлар. Сол себепті мұндағы мектептер үш – орыс, қазақ, ұйғыр тілдерінде оқытады. Кеңестік замандарда Шелек қамыс өңдеу зауытының арқасында атағы шыққан.
Жергілікті мәдениет үйі – шелектіктердің сүйікті орындарының бірі. Мұнда мәдени өмір қызып тұр.
Отандық эстрада жұлдыздары жиі келіп тұрады. Концерт бағалары қатты қымбат емес, барғысы келгендердің қалтасы айына сондай сауықтың біреуін, тіпті бірнешеуін де көтере алады. Мүгедектер мен ардагерлерге билеттер тегін беріледі, сонымен бірге соларды қолдау мақсатында қайырымдылық шаралары да өткізіліп тұрады.

14
Қарама - қарсы жерде, Ұлы
Жеңіс ескерткішінің артқы жағында жергілікті тұрғындар Ақ үй деп
атайтын жергілікті үкіметтің ғимараты орналасқан, осының арқасында
шелектіктер анықтамалар, түрлі құжаттар мен кеңестер алу үшін
шалғайдағы аудан орталығына (Есік қаласы) барудың қажеттілігі
болмайды. Осының бәрін осында да алуға
болады. 
Шелектегі тарихи - өлкетану мұражайы – тағы бір жергілікті назар аударарлық орын. Мұражайда Шелек ауданынның тарихы мен табиғатын суреттейтін экспонаттар жиналған. Мұрағат қорында 600 - ден астам экспонат бар.
Шелекте үлкен көппәтерлік үйлермен қатар,
кенттерге тән әдеттегі құрылыстар да бар. Сондай-ақ ауылда, сегіз
мектеп бар.
Шелекте білім бері саласының жағдайы да жаман емес: көптеген мектептермен қатар кентте екі колледж бар – политехникалық және медицина - гуманитарлық.
15
Соңғысы 2002 жылы Есік медициналық колледжінің филиалы ретінде ашылған, ал 2007 жылы лицензия алып, дербес оқу орнына айналды.
Уақыт өте келе халықтың өсуімен жаңа да өндірістер қосылды, соның ішінде Шелек өзінің қызанақтары мен темекісімен белгілі болды және оларды сатудан алынған қаражаттар өндірушіліерін Қазақстандағы ең «тоқ» халық етті. Заманауи Шелекте 769 шаруашылық, 25 ЖШС , 90 дүкен, 63 тұрмыстық кәсіпорындары, 43 асхана және көптеген кафе, барлар, биллиард, казинолар және ресторандар бар. Ауылда 2 аурухана, балалар үйі, мәдениет үйі және ролик–клубтар, сауда нысандары бар. 2005-ші жылы ауылда жемістер мен көкөністерді өңдейтін және сүт зауыттары ашылды.
Тарихына келсем, 1997 жылға дейін Шелек ауданының және темекі
өсіретін кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Шелекте және округке қарасты Майское, Торғайбаза ауылдарында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда мәдени - ағарту мекемелерімен қатар құрылыс кәсіпорындары, асфальт, сыра зауыттары, тігін фабрикасы, тағы да басқа жұмыс істейді. Шелек арқылы халықаралық маңызы бар Алматы - Жаркент - Қорғас автомобиль жолы өтеді.

Шелек селосы Іле өзені деңгейінен 800 метр биіктікте орналасқан. Оның Алматы қаласынан арақашықтығы 120 шақырым, ал аудан орталығы Есік қаласынан 89 шақырым. Климаты тез өзгеріп, Ебі желі жиі соғатын өңір. Ауа райының орташа температурасы қаңтар айында – 20°С, ал шілде айында +31°С шамасында. Жерінің топырақ құрамы сазды, құмдауыт, тұзды- борбасты болып келеді. Ал жер асты сулары жоғарғы қабатқа жақын болғандықтан, мөлдір бұлақты сулары көп.
16
Шелек ауылы – бірқатар өндіріс орны бар көп инфраструктуралы мекен. Жол қатынасын байланыстыратын күре тамыр десек те болады. Қазір селода 206 кәсіпшілік пен бизнес орындары, 6 базар бар. Кәсіпкерлердің 99 дүкені, 12 техникалық қызмет көрсету бекеті, 13 жанармай құю бекеті, 13 дәріханасы, 33 қоғамдық тамақтандыру орны, 36 шеберханасы мен әртүрлі қызмет көрсету орындары халыққа қызмет етуде.
Қорытынды бөлімі

Мен және басқа да құрбы-құрдастарым оқитын жаңа мектеп ауылымда бой көтерді. Мектебім, менің мақтанышым! Осындай сәулетті ғимаратта білім алып отырған мен бақытты оқушымын.

17
Жетісуда мекен еткен ауылым,
Алтын ұям. Мақтанышым,бір менің!
Өзің жайлы жылдар бойы сақтаған,
Ашып берем достарыма сыр кенін.
деп ақын С.Ж .Мадияров ағамыз жырлағандай,
Іле өзенінің жағасына дейін қалың құрақпен ши және жиде, шеңгел арасы мал талғамына тұнып тұрған от. Бағзы заманнан аға кәсіп малды тіршілік тынысына айналдырған бабаларымыз осы өңірді күздеу мен қыстау әрі көктеу деп таныған. Шығысында Масақ ауылынан басталып, батыстағы Лаварға жеткен жапан дала ежелден төрт түліктің өрісі. Ауылымда ағаш үйі өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін сақталыпты. Олардың қарағайдан қиып салған ағаш үйлері қазіргі кезде ауыл мұражайы. Ол ескінің көзі, көненің ескерткіші атанған. Әрі тарихтың таптырмас мұрасы . Сондағы атажұрттың жұрнағы қазір мүлдем өзгерген. Себебі, бірер жыл бұрын мұражайға «рестабрация»-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта жасалды.
Дегенмен , бұл қасиетті жер, киелі топырақта ел-жұрт тарихының алсапыран заманын бастан кешкен.
Ауылымның бұл тарихи шежіресі «Шелегім мен Есігім жер ұйығым бесігім» дей келе егеменді ел болғалы еңсемізді ерекше көтерілді, ана тіліміз, салт-дәстүріміз қайта жаңғырды , атамекен атаулары байырғы атауларына қайта ие болып өшкеніміз де , өлгеніміз де қайта тірілуде. Ел жаңарды, жер жасарды, дәуір өзгерді. Еліміз ойлап , жылдап емес күндер көркеюде. Өркениетті , өрісі кең ел қатарына теңелеміз деген қарышты қадам, дүркіреген дәулет, бақ қонған ынтымақ көрші елдерге таңданарлық таңсыққа айналуда. Оған біз тауба деудеміз. 2030 жылға жеткізсін. Оны ұзағынан сүйсіндірсін, ол ең қомақты тарих , нағыз шежіре.
Соның ішінде мақтауға да, тұрарлық ауданымыз жылдан жылға жақындап , экономикасы өсіп, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып , жан сүйсіндіруде...
«Бұл тәуелсіз Қазақстанның
әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы бергі тарихи жолын ой
елегіне өткізіп, кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертен кім боламыз
демек. Бұл әрбір азамат туған елімнің , туған халқымның тарихы
ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат
тарихы қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған
осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген
сөз» Н.Ә.Назарбаев
Еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат
құрған заманда ауыл көркейіп , гүлденеді деп сенемін. Үкіметіміз
ауылды көркейтуге, жұмыс орындарын ашуға көптеп көңіл бөліп келеді.
Тек ауылым деп атқы мінер азаматтар көп болса екен деп
тілеймін.
Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында.
Келешекке үлкен сеніммен көз тастасам менің ауылым сәулеті асқан,
дәулеті тасыған берекелі құт мекен болады деп
сенемін.
18
Қолданылған әдебиеттер
1. С.Ж. Мадияров «Ауылым - алтын бесігім» Қайнар баспасы 1990ж
2. Нұрсадық Сарғожаев «Алтын адам мекені» ТНК- 2030 2008
3. Шелек с/о әкімшілігі мұрағатынан
19
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз