жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шелек ауылының топырағы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«ШЕЛЕК АУЫЛЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.
Секциясы: Өлкетану
Тақырыбы: Шелек ауылының топырағы
Ізденуші: Мәден Аяла, Мәжет Мадина 8 «Ә» сынып оқушылары, Шелек ауылындағы №1 орта мектебі
Жетекшісі: Демеева Анар Бериковна, Шелек ауылындағы
№1 орта мектебінің тарих және география
пәнінің мұғалімі
Кеңесші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы, Шелек
ауылындағы №1 орта мектебінің директоры, тарих
ғылымының кандидаты
Шелек ауылы 2018 ж
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің "Шелек ауылындағы №1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
Шелек ауылының топырағы
Ғылыми жетекші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы
Жоба жетекшісі: тарих және география пәнінің мұғалімі
Демеева Анар Бериковна
Ізденушілер: Мәден Аяла, Мәжет Мадина
1
Тақырыбы: Шелек ауылының топырағы
Зерттеу мақсаты: Шелек ауылының сан алуан өсімдігінің нәрі болған топырағын зерттеп, танып-білу.
Зерттеу нысаны: Шелек ауылының топырақ қабаттары.
Ғылыми болжамы: «Өлкетанушы» зерттеу тобын ұйымдастыру
Өзектілігі: Ауылымыздың ландшафын кеңінен танып-білуге насихаттау. Топырақ қабаттарының әртүрлілігін ізденіс жұмыстары арқылы дәлелдей түсу.
Жобаның міндеттері:
-
Шелек ауылының топырағын зерттеу.
-
Өз жеріміздің топырақ қабаттарын жетік білу.
Мәселе: Шелек ауылының топырағын зерттеу арқылы өлкетану саласына деген қызығушылықтарын арттыру.
Зерттеу кезеңдері:
І.Ізденіс. Нақты дәлелдерден мәлімет жинақтап, ғылыми әдебиеттер, газет -журналдар, ғаламтор мәліметтерін салыстырдым.
ІІ.Мәлімет жинау. Ауызша және жазбаша деректер мәліметтеріне шолу.
ІІІ.Зертханалық бақылау. Жазық, алқапты тағы да басқа жерлердің топырақтарын жинақтау.
ІV.Талдау жасау. Құнды мәліметтерді анықтау, зерттеу.
Зерттеу тәсілдері: Мәліметтер мен деректер жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.
І. Кіріспе бөлім
Топыраққа қызығушылығымыз неден басталды?
ІІ. Негізгі бөлім
а/ Ауылымыздың топырақ
жамылғысы
ә/ Құнарлылықты арттыру шараларының
атқарылуы
б/ Біз саралаған топырақ
түрлері
ІІ. Қорытынды.
Топырағыңнан айналдым, туған жерім...
2
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 "Ә" сынып оқушылары Мәден Аяла, Мәжет Мадина «Шелек ауылының топырағы» туралы жазған ғылыми жобаларына
Пікір
Шелек ауылының топырағы туралы ізденуді ұсынуы оқушылардың ауылына деген сүйіспеншіліктерін, танымдылықтарын көрсетеді. Мәден Аяла мен Мәжет Мадина ізденуге, ғылыми пайымдаулар жасауға, ғылыми жұмыс жазуға қабілеттері мол екендіктерін байқатты. Олар сыныптастарының да қызығушылықтарын оята білді.
Мәден Аяла мен Мәжет Мадинаның іздемпаздықтары ғылыми дәлдікке негізделіп, көңілге қонымды, әрі зерттеулері ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. Мәден Аяла мен Мәжет Мадинаның ғылыми жобалары келешекте ізденіс жұмыстармен толықтырылады деп сенемін.
Ғылыми жетекші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы
Жоба жетекшісі: тарих және география пәндерінің мұғалімі
Демеева Анар Бериковна
2018-2019 оқу жылы
3
І. Кіріспе бөлім
Топыраққа қызығушылығымыз неден басталды?
Жобаны бастамас бұрын бізде сан түрлі сұрақтар болды. Солардың шешімін табу үшін ауылымыздың топырағын зерттеу жұмысын бастадық. Ондағы мақсат, Шелек ауылының сан алуан өсімдігінің нәрі болған топырағын зерттеп, танып-білу. Зерттеу барысында, ауылымыздың топырағының әртүрлілігі байқалды. Олай дейтініміз, біздің байқағанымыздай, Шелек ауылының жер бедері – жазық болып келген. Дегенменде, мұнда әртүрлі топырақ түрлерін кездестіруге болады.
Ауылға кіре берісте, яғни оңтүстік – батысында шалғай құлан дала. Ал, ол жердің топырағы, сарғыш – қоңыр. Аласа шөптекті өсімдіктер мен жиде ағаштарын кездестіруге болады. Көбінесе алқап, жайылым ретінде қолданылуда.
Ары қарай, орталық бөлігінде, арнайы егілген саябақ \роща\ орналасқан. Ал, ол аймақты аралас кішігірім орман дерсің. Себебі, ол ағаштар ешбір жерде кездесе бермейтін түрлері. Олай дейтініміз, олар біздің ата-бабаларымыздың белгілі бір мақсатқа арнап отырғызғандары анық. Саябақтың топырағы қара болып келген. Себебі, ағаштар топырақтың құнарлығын өзі бақылып тұрғандай. Қарашірікті болып келген.
Ауылдың солтүстік – шығысына қарай, яғни Шілік өзенінің маңайында құмды сортаң топырақ. Ол аймақта, аласа бұталы ағаштар көптеп кездеседі.
Сөйтіп, ауылымыздың топырағын бүкіл Қазақстанның топырағымен салыстыра отыра зерделеуді жөн көрдік. Өйткені, ауыл топырағының бір ғана типті еместігін аңғардық. Олай болуыда мүмкін емес. Шелек ауылы деген атпен аталғанымен, ауылдымызды кент дегенге толық лайық.
ІІ. Негізгі бөлім
а/ Ауылымыздың топырақ жамылғысы
Топырақ деген - ол жер бетінің беткі қабаты. Топырақ зерттеудің негізін салушы В.В.Докучаев минералдар, өсімдіктер мен жануарлар патшалықтарымен қатар, топырақтыда «ТАБИҒАТ ПАТШАЛЫҚТАРЫНЫҢ» бірі деп атауға болады. Топырақтың түзілуі - бүкіл табиғат элементтерінің өзара әрекеттерінің нәтижесі. Топырақ бұл -компоненттерінің бірі. Топырақ жердің ең беткі өте жұқа қыртысындағы тау жыныстарының, өлі ағзаларының әсерінен пайда болады. Топырақ бұл тірі органикалық және өлі бейорганикалық табиғаттың әрекетесуінің нәтижесін де пайда болатын ерекше табиғи дене. Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи құндылығы, яғни құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректі заттардың мол болуы. Жәнеде топырақтың құнар болуы . Мысалы, қара топырақ .
4
Қара топырақ – бұл ең құнарлы топырақ . Ондағы қарашірік қабатының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Топырақ бұл түрі қоңыр жай белдеудегі далаларда шөп астында тұз еледі. Даланың топырағы қарашірікке бай. Қара қоңыр топырақтың қара топыраққа қарағанда құнарлығы аздау болады. Жәнеде сұр қоңыр топырақтың құнарлығы аз. Қара топырақ-орманды далада және дала белдемелерінде көп. Жылдық шөпті өсімдіктер астында, негізінен, борпылдақ жыныстарда түзілген аса құнарлы топырақ. Және қара топырақ қабатының қалыңдығы 20 - 40см, оның құрамындағы қарашірінді 4 - 12 пайыз кейде одан да көп болады. Осы аталған топырақ түрі, саябақта және басқа қарашірікті бөліктерде кездеседі.
Қара топырақтың түзілуі мен таралуы. Орманды дала және дала белдемелерінде көп жылдық шөпті өсімдіктер арасында , негізінен борпылдақ жыныстарда түзіледін аса құнарлы топырақ болып саналады . Бұл белдемелерінің табиғи ерекшелігі климатың қоңыржайлығы . Ауадан түсетін ылғал мөлшері бір - бірімен тең . Мұндай жағдайда топырақтағы өсімдіктерге қажетті қоректі заттар солтүстіктегі белдемдердегідей ауданнан түскен артық ылғалмен жуылып-шайылып кетпейді. Қара топырақтар ауылдың 20 % - ға жуық жерін алып жатыр. Қара топырақтың біршама бөлігі ауылдың оңтүстік шығысында орын алған. Бұл жерде картоп, бау отырғызылады. Қалған телімдерде егін егуге пайдалынады. Жәнеде қара топырақты жерлерді жақсарту үшін оның жыртылған қабатын тереңдетіп, көң т.б. тыңайтқыштар шылайды. Және топырақтың бойындағы құнарлық қасиеті, яғни өсімдіктердің сумен, басқада қоректі элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Жәнеде топырақта тіршілік ететін организмдер. Жәнеде қаратопырақта - жуынқұрт жәндігі тіршілік етеді. ӨЙТКЕНІ ОНДА ҚАРА ШІРІНДІ КӨП БОЛҒАНДЫҚТАН ШЫЛАУШАҢ ҚАРА ТОПЫРАҚТА МЕКЕН ЕТЕДІ
Топырақта орташа сілтілі РН7,0-7,5 гипс 80-12 сантиметр тереңдікте кездеседі. Қарашіріктің орналасуына қарай қара қоңыр деп үш топқа
Ақшыл қоңыр деп үш типке, ал механикалык құрамына байланысты сазды, құмды, қумайты топырақ болып бөлінеді. Бұл топырақ типі ауылдың барлық бақшаларында кездеседі. Қоңыр топырақ дәнді және техникалық дақылдар , бау-бақша егуге пайдаланады. Қазақстаның солтүстік аймақ тарында тараған қара қоңыр топыраққа агротехникалық шаралары жүйесі жүргізілсе бидайдан мол өнім алуға болады. Ал ауылдың оңтүстігінде ақшыл қоңыр топырақ. Топырағы сортаңдау болғандықтан шыбындық пен жайылымға және суармалы алқапта пайдаланады . Қоңыр топырақтар құрамындағы құнарлы заттардың мөлшерімен, құрылымымен , ауыл-шаршауашылық дақылдары қолайлы. Және олардың гумасы,көбейген сайын сапалығы арта түседі. Жәнеде қара қоңыр топырақ – құрғақ және шөлді дала белдеуінің жәнеде қара қоңыр топырақтың түрлері де кездеседі.
5
Біз біраз жердің топырағын зерттеу үшін бардық. Біз бір раушан гүлінің түбіндегі топырақтан алдық. Ол қара қоңыр топырақ екен. Ол топырақ өте құрғақ екен. Қара қоңыр топырақ - құрғақ және шөлді дала белдеменің топырағы.
Солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын ылғал азайып, күн қатты ысиды. Осыған байланысты өсімдік түрлері азайып, сирей бастайды. Мұндай өсімдіктер топыраққа мардымды органикалық қалдықтар қалдырмайды. Сондықтан бұл қалдықтардың ыдырап,топырақ қара шірігін түзгенде, қара топырақты белдемдегідей қара түске боялмай,топырақ түсі қара қоңыр түске боялады.
Күңгірт - қара қоңыр топырақ. Күңгірт қара қоңыр топырақ аймақтың солтүстік бөлігінде таралған. Оларға қоңыр реңді күңгірт - сұр бояу тән, тың жерлерде қарашірікті қабатқа кесекті - түйіршікті, игерілген жерлерге кесекті-шаңды құрылым тән.
Топырақ құрылымы.
Топырақ - табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев –
топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар
Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар.
Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.
Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгітіліп, мүжіліп, шыңдар аласарады.
6
Құм мен саздар суға шайылып, желдің күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы жалғасады.
Жаңбыр, жел қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады. Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи құнарлылығы, яғни құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректік заттардың мол болуы. Сөйтіп, аналық тау жыныстарынан кейін топырақ түзуші жетекші фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қышқылдар шығарады. Қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді (гуммус) пайда болған. Шірінді үгілген майда жыныстармен араласып кіріккен. Осылайша топырақ қалыптаса бастаған.
Жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты байытады, өлгендері шірінді мөлшерін көбейте түседі. Шұбалшындар топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап өзгертіп, өңдеп шығарады.
Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор маңызы бар. Бұл процеске қатысатын өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың тіршілігі климатқа байланысты. Аязды кезеңде топырақтың түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде баяулайды. Климат табиғаттың басқа компоненттері сияқты, топырақтың ендік зоналық, биіктік белдеулілік заңдылықтары бойынша таралуына әсерін тигізеді.
Жер бедерінің топырақ түзудегі рөлі жергілікті жердің жер бедеріне байланысты. Олардың аналық жыныстарда әр түрлі, ылғалдың топыраққа сіңуі де әр түрлі. Солтүстік беткейден оңтүстік беткейге түсетін жылу мен ылғал да әр түрлі болады.
Адам баласының топырақтың түзілуіне тигізетін әсері әр түрлі. Бір жағынан топырақты тыңайтқыштар пайдаланып құнарлылығын арттырса, жерді суарып, батпақтарды құрғатып жатса, екінші жағынан тыңайтылған жерлерді үсті-үстіне пайдаланып, жел эрозиясына ұшыратуда. Адамдардың қызмет әрекеті әрдайым топырақтың құнарлылығын арттыра бермейді.
Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлі болады. Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқылдап алып, илегенде құрамында саз бен шірінді бар топырақтар біріккіш келеді. Ал құрамы құмды, құмдауытты, саздауыт болса, онда топырақтың бірігуі нашар болады. Топырақтың қасиетіне қарай оның құрылымы да әр түрлі болады. Шірінді өсімдіктің қоректенуі үшін ғана керек емес. Ол топырақ құрылымының түзілуіне белсенді түрде катысады. Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты. Шірінді мен кальцийге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады. Топырақ түйіршіктерінің көлемі 10 мм-ге дейін болса, кеуек топыраққа ауа, су оңай өтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады.
7
Құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ деп атайды. Құрылымды топырақ құнарлы келеді. Түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ деп атайды. Ол онша құнарлы болмайды. Топырақ құрылымы нашар жерлерде қар суы сіңбей, сай-салаға ағып кетеді. Құрылымды топырақтар тыныс алады. Күндіз топырақ қызады, ауаның көлемі ұлғайып, тысқа шығады, түнде керісінше ауа топыраққа өтеді.
Ауылдағы топырақ жамылғысының типтері
Шелекте Қазақстанда кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: солтүстігінде қара топырақты зона, солтүстік ендік аралығында қара қоңыр топырақты зона,қоңыр, оңтүстігінде сұр қоңыр топырақты зона .
ә/ Құнарлылықты арттыру шараларының
атқарылуы
Топырақ эрозиясы және топырақ жамылғысын
қорғау
Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Топырақтың құрылу процесінің ұзақ екендігін түзуші аналық тау жынысынан құнарлы 18 см топырақ қабаты пайда болу үшін өте қолайлы табиғи жағдайдың өзінде 1400 жылдан 7000 жылға дейін уақыт керек екенін айтса жеткілікті. Ал бұл қабатты желдің ұшырып әкетуі оп - оңай. Топырақ эрозиясының екі түрі бар: жел эрозиясы және су эрозиясы.
Шелек ауылының топырағы көбіне жел эрозиясына ұшырайды.
Жел эрозиясының басым болуы, біріншіден, ауылдың көп бөлігінің жазық және ашық болуы; екіншіден, күшті желдің жиі соғуы; үшіншіден, топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл (құмды, құмдауытты) топырақтардың молдығы. Сондықтан мұндай әсерлерді игеру өте жауаптылықты қажет етеді. Ауылдың тың және тыңайған жерлерді игерген кезде эрозияға бейім жерлер жыртылып, бекерге эрозияға ұшырады. Мысалы, кейбір аймағымыз күңгірт қара қоңыр, қоңыр топырақты аймақ жыртылып, жер эрозияға ұшырап, егіске жарамай істен шығып қалған жерлері бар.
Аққан судың топырақтың беткі қабатын шайып кетуін, жыра мен сай-саланың, жар мен орлардың пайда болуын топырақтың су эрозиясы деп атайды. Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден артық суарған топырақтың беткі қабаты шайылады. Басында ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады. Жалпы топырақтың су, жел эрозиясы - адамның жер ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары деп ұғамыз.
8
Шілік өзенінің жағалауы дәл
осылай.
1) агротехникалық шаралар: еңісі үлкен беткейлерде жерді су
ағысының бағытына көлденең жырту, қыста қар тоқтату, топырақты
қайырмасыз соқамен жырту, т.б.;
2) мелиорация шаралары: жыра мен сай, өзен жағаларына, суару
түрлері бойынша ағаш және бұта отырғызу;
3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік
құрылыстар салу, арықтар мен каналдардың түбін су өткізбейтін
бетондалған тақта, пленкалармен қаптау, т.б. Бұл шаралар топырақтың
су эрозиясына ұшырауын азайтады.
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан.
Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі.
Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр.
9
Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңтүстіктегi
Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 - 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы географиялық белдемдiлiк заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.
Ауданы 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi:
Республиканың қиыр солтүстігін орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi.
10
Қалған жерлерiн орман,
шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауданы 400 мың
га;

Осы белдемнен оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аумағы 25,7 млн. га, оның 15 млн. га - ды жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс Сiбiр ойпатының оңтүстігін Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солтүстік бөлiктерiн қамтып (енi 100 - 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аумағы 11,8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi - сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы - кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңтүстігін бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 - 125 км-дей, аумағы 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 - 9 жылда бiр-екi рет қайталанады.
Республиканың оңтүстік бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орталық аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аумағы 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33,2%-ы. Мұнда солтүстіктен оңтүсттікке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы - қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлшері 3 - 4%-дай. Аумағы 27,7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 - 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады.
11
Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 - 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аумағы 24,4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 - 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 - 5 млн. га жерге соңғы 10 - 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы - өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал шарушылығына жарамды. Аумағы 38,4 млн. га.
Әр түрлі топырақтардың классификациясы
Шөл дала белдемiнiң аумағы 119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы -шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аумағы 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 -150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлшері 1 - 1,5%.Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлді аймақ, жусан мен эфемерлі өсімдіктер басым. Аумағы 61,8 млн. га. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 80 -130 мм.
12
Топырақта қарашірік мөлшері 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиі кездеседі. Бұл жерлерде мал шаруашылығы дамыған, егіншілік суармалы жерлерде ғана шоғырланған.
Биік таулы аймақтың топырағы республиканың оңтүстік-шығысын алып жатыр. Аумағы 37 млн. га, республика жерінің 14%-ын құрайды.
Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін 4 биіктік белдеу бар.
Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 -750 м (кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр-қоңыр, Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлімі егіншілік және мал шаруашылығы дамыған. Аласа таулы дала белдеуі - әр түрлі таулы аймақта 600 - 2200 м биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгірт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері 10 - 15%-дай. Жайылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулері әр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500 м-ге дейінгі деңгейді қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгін топырақтар түзілген. Жайылымы - шүйгін, орман шарушылығы жақсы дамыған. Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды және қарлы-мұзды белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биік таулы аумақтардың 1800 – 3800 м кейде одан да биік деңгейлерді алып жатыр. Топырағы альпілік, субальпілік, шалғынды-шымды. Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері - жазғы жайлау ретінде пайдаланылады.
б/ Біз саралаған топырақ түрлері
13


14




ІІ.
Қорытынды.
Туған жер... Иә, туған жерге деген тылсым күшті еш нәрсемен салыстыруға келмес. Кіндік қаныңыз тамған жер кімді болса да өзінен ешқашанда алысқа жібермейді. Қайда барсаң да, ол жадыңызда тәтті естеліктерімен сақталып тұрады. Әлемнің қандай жерін шарласаңыз да туған жердің топырағынан артық жерді таппасыңыз анық. Жылдар бойына шалғайға кетсеңіз де, туған жеріңіз сізді өгейсітпейді де, өзінен алшақтатпайды да. Бейне бір анаңыз секілді қашанда мейірімділікпен құшақ жая қарсы алады. Алысқа кетсеңіз, сізге өкпелемейді, тек шыдамдылықпен күтеді. Туған жердің тылсым күші ана мен бала арасындағы айтып тауыса алмайтын сезім тәрізді. Өз басым туған жердің қадіріне жетпеген адамды мейірімсіз балаға теңеймін. Өзін бағып-қаққан ата-анасын ұмытып, шексіз жақсылығын жадынан шығаратыны сияқты өз балалық шағы өткен жерін, асыр салып ойнаған топыраған тек мейірімсіз жан ғана есінен шығарып, қадіріне жетпейді. Туған жеріңіздің перзенті ретінде оған бір пайдаңыз тиер болса, баға жетпес сыйлығыңыз болар еді. Туған жеріңіздің самал желі, таза ауасы бойыңызды жазып, кеңінен тыныстауыңызға көмектеседі.
20
Әрбір оқушы өз жерін айтып, мақтанып жатады. Алайда ешбір жер ешбірінен кем емес екен. Әркімнің өз жері өзіне ыстық. Оның ауасын, табиғатын салыстыруға болмайды. Өйткені ол – оның туған жері. Туған жердің қадірін тек сыртта жүргенде, білерсің дегенді жиі естиміз. Өз мақсатыма қол жеткізген шақта туған жерімді көркейтуге өз үлесімді қосуға ниеттімін.
...Туған жерін жақсы көріп, қадіріне жеткен әр перзент оның көркеюіне өз үлесін қоса біледі. Қанша жерді аралап, ел асып, жер асып, жақсы демалыс орнын іздегенше, туған жеріңізге барыңыз! Себебі ешбір жер туған жерден артық емес. Туған жердің топырағына не жетсін?! Туристік сапарды ең алдымен өз ауылыңыздан, өз туған жеріңізден бастағаныңыз абзал.
Топырағыңнан айналдым, туған жерім... Шелегім!
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
"Қазақ энциклопедиясы", 5 том
-
Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген