400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

СЕМЕЙ ӨҢІРІНІҢ ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеудің мақсаты мен өзектілігі: туған жердің табиғаты, оның қойнауында кездесетін түрлі байлықтары мен табиғат құндылықтарын қастерлеу, құрметтеу қабілеттерін қалыптастыру және туған өлке табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып туған жердің флорасы мен фаунасымен таныытыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Семей қаласы «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Шарифоллина Саулет Касимовна


СЕМЕЙ ӨҢІРІНІҢ ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ

Зерттеудің мақсаты мен өзектілігі: туған жердің табиғаты, оның қойнауында кездесетін түрлі байлықтары мен табиғат құндылықтарын қастерлеу, құрметтеу қабілеттерін қалыптастыру және туған өлке табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып туған жердің флорасы мен фаунасымен таныытыру.

Шығыс Қазақстан - бөктерінде құс ойнап, көркем көрікке құлазыған таңмен ұштасқан жер! Табиғатынан сүмбімелі болғандықтан,мұнда қылқанжапырақты өсімдіктерден:қайың, көк терек, терек, бал қарағай, шырша, самырсын өссе, ал жануарлардан бұлғын, құндыз, тиін, күзен, түлкі, саршұнақ, суыр, борсық, қасқыр, аю, марал, теңбіл бұғы, қоян, арқар мекендеп,балықтың 30-дан астам түрі кездеседі. Жер алқабын-еліміздегі ең үлкен солтүстік-батыс бағытты қиып өтер киелі Ертіс өзені,жазық даласын-өскелең ну орман алып жатқан шұғыл континентті қоңыс. Толазыған Сауыр менен Алтай және Ертіс маңы ормандарында тиін, ақтышқан, кәмшат сияқты қымбат елтірілі аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы бар. Шипалы Алакөл мен Зайсан су қоймаларында ондатра жақсы жерсіндірілген. Ертіс пен оның салаларында, Марқакөл, Зайсан және Алакөлде, Ертіс бойындағы Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендерінде балықтың көптеген түрлері, оның ішінде стерлядь, таймень, хариус сияқты бағалы балықтар көптеп кездеседі. Катонқарағай-жауын-шашын үздіксіз жауатын,табиғаты шұғыл континентті аймақта орналасқан құдыретті асыл мекен. Бұл ғажайып аясында- сүтқоректілердің 72 түрі, құстардың 250-ден астам түрі кездеседі. Соның ішінде сирек кездесетін, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ұлар, қара дегелек, т.б. құстар бар. Арнайы қорғалған саябағында самырсын, балқарағай, қарағай, шырша,қайың, мойыл, терек өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 40-тан астам өсімдік түрлері (алтын тамыр, алтай рауғашы, марал тамыр) гүл жаяды.

Шыңы биік маңғаздары, оның ішінде ең тартымдысы 4506 м-дей қамтитын Алтайдың төріндегі - Мұзтау атты 4 елмен шегараласып жатқан алпауытқа айналған маң! Таудың ылғалы мол болғандықтан,барлық тірішілігіде жалқая өседі.Алтайдың орман алқаптарында-май қарағай, бал қарағай, шырша сынды қарағай тұқымдастары гүл жайса,тау жоталарында балауызданған аралар омартасы орналасқан. Маң даланың көркін ашып тұрған тоғайларыда долана, қарақат, итмұрын жидектерімен, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас шөп тектес өсімдіктер бүршік атады. Ал 700 м және одан биіктеу жерлерінде астық дақылды аралас шөпті шалғын алмасқан қылқан жапырақты орман белдеуі орналасқан. Кенді Алтайда самырсынды-шыршалы-қара самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда олармен сібір қара самырсыны аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Кенді Алтайда орманды белдеуден жоғары субальпілік, альпілік шалғындар өседі, одан биікте олар қыналарға ауысады. Бұл көгілдір аспан мен жаризалы жасыл әлемнің аясында - ерекше жаратылыстарда бар. Атап айталық ну ормандарында: бұғы марал, аю, таутеке, қар барысы тіршілік етсе,сирек кездесетін қаракүзен, бұлғын, аққіс секілді терісі бағалы аңдар жиі байқалады. Құстар класынанда меңіреу құр, шіл, кекілік, тоқылдақ, және ұларлар кездеседі. Оған қоса өлкеміздің там-тамаша бедерін сақтау үшін – Батыс-Алтай, Марқакөл, Тарбағатай, Төменгі Тұрғысын және Алакөл тәрізді т.б. қорықтар ашылғанда еді. Өлкеміздің тұрыпты биофизикалық сипаты - Шыңғыстаудай асқарлы жотасында табиғаты Қазақстандағы 15 мың өмісдік түрлерінің тең жартысын шалғайында жапырақтандырып жатқанын ұмытпағайсыздар. Биіктік белдеуіне тән өсімдіктер тұқым жайғандықтан, аймақтың флоралық құрамы эндемді және реликтілі биологиялық алуандылықтың бар екендігі анықталды. Міне осындай биоботаникалық жүйесі бар, қызыл кітапты реңктентіріп тұрғанда жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің мекен етуі айқын байқалады.

Жалпы қасиетті Семей шахарымыздың территориясы екі жазықтықты полюстеп, шөл, шөлейт және дала зоналарын қалыптастырып отыр. Шыңды жиектерінде зона тәртібінің өзгеруі-биік белдеулерге байламды. Соның арқасында өсімдік жамылғысы әртүрлілік танытып,дара тұрыптарды бұтақтандыруда. Оның ішіндегі маңыздылары - Крестгүлділер тұқымдасынан шалғынды жерлер мен таудың тастақты беткейлерінде, өзен бойларында онымен қоса жол жиектерінде көп жылдық өсімдік 20- 100 см құрайтын дәрілік сарбасқуарай өседі. Көктемнің шырайлы соңында гүлдері гүлдеп, жеміс салады. Жемісі бұршаққын. Маңды жоталарымызда шалатікенді сарбасқурай эндемик түр деп саналады. Сарбасқурайдың арамшөптік түрлерінің өте көп ұсақ тұқымының құрамында 30%- ға дейін май болады.

Алқалылар тұқымдасы-биіктігі 30-100 см, екі жылдық шөптесін өсімдік қара меңдуана. Жапырақтарының пішіні жұмыртқа тәрізді, кезектесіп орналасқан, үстіңгі беті сұрғылт түсті болады. Жапырақтарының жиегінде ретсіз, қауырсын тәрізді айырықтары бар. Жапырақтарының ұнамсыз иісі бар. Гүлдері өте ірі келеді, олар жапырақ қойнауларында орналасқан. Гүлдері қос гүлсерікті, тостағаншасы қоңырау тәріздес, жемістенген кезде үлкейеді және қатаяды. Күлтесі тостағаншасынан 2 есе ұзын, қошқыл-ақ, күлгін торлы жүйкелі болып келеді.

Ал өзеңді және шатқайлы жерлерде – жіңішке жемісті кобрезия мал шаруашылығында толық азық ретінде қолданылады. Сабақтары үш қырлы. Гүлшоғыры эллипті, қалақ тәрізді, қызыл-қоңыр түсті. Бір гүл масақтарында гинецей және жемістің қойнауында дамыған аталығы болады. Жемісі- жаңғақша. Биік таулы аймақтардың шалғындықтарында, өзен жағалауларында және батпақты жерлерінде таралған.

Қалампыргүлділер  тұқымдасынан - тамыры қатты түбірлі, биіктігі 60-100см болатын көп жылдық, сабақтары күшті тармақталған,шөптесін өсімдік. айыр аққаңбақ мекен етеді. Маусым - шілде айында гүлдеп, жемісін шілденің аяғы мен тамызда береді.Жемісі дөңгелек пішімді болып далалы аймақтарда, ашық қарағайлы ормандарда, жол жиектерінде сәндене өседі.

Шалғын атқонақ – дамығанға дейін жасыл түсті, гүлденгеннен кейін сиякөк түсті келген,собық гүлшоғырының жоғары бөлігі доғалданған,тілшесі ұзын малға жазы-қысы азық болатын бидай типтес өсімдік.

Ерінгүлділер тұқымдасы- қабықшалы сасықшөп тау баурайларында, өзен жағалауларында, жол жиегінде, бұталардың арасында өседі.Биіктігі 50- 200 см аралығында, тамырсабақты өсімдік. Жапырақтары қалақ тәрізді, саусақ салалы.Тостағанша жапырақшалары жіңішке конус пішіндес. Күлтелері алқызыл, жоғары еріні ақ түсті. Көктемде гүлдеп, күзде жеміс береді.Ата-бабаларымыз кезінде С витамині бар бұл өсімдікті асқазан ауруларын,созылмалы ішек аураларын оған қоса күрделі ревматизм ауруларын емдеуге пайдаланады.

Түйнекті  фломис - биіктігі 50-80 см, сабағы төрт қырлы, көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырлары түйнек тәрізденіп жуанданған. Жапырақтары үш бұрыштанған жебе тәрізді, кезектесіп орналасады, қосалқы жапырақтары болмайды. Сабағы мен жапырағы бездеуітті түктермен жабылған, олар эфир майларын бөліп шығарады. Ертістің оң жақ талабы мен солтүстік аймақтарын құрғақ дала белдемесі тұрыптап тұр.Сондықтан шөптесін өсімдіктерден атқонақ, ұйқы шөп, бидайық, бетеге, жусанның әр түрлері және тобылғы өседі. Шабындық өсімдіктері: жалбыз, бидайық, қоға, қияқ, қамыс өзен аңғарларында және ылғалды аласа жерлерде көптеп кездеседі.

Облысымыздың да жануар ордасы өте пайымды. Жалпы айтқанда фауналық ордамызда-сүтқоректілердің 11, құстардың 40,бауырмен жорғалаушылардың 5 және қосмекенділердің орайлы түрлері тіршілік етеді. Бұнымен қатар 1981 жылғы бекітілген мәлім бойынша,қаламызда түралуанның 56 түр талабы мекен етеді. Семей шахарымызда күні бүгінде еріктілік жобасының ұйымдастыруымен біз фаунамыздың түр сипатын танып,оған экологиялық көмек созғанда болатынбыз. Жұмыс барысында өлкемнің жаратылысын кеңінен танып,оның тіршілік кезеңдерін көріп-алдағы бастамаларға жетерлік ақпарат алдым. Әр жануар-ол табиғатымыздың тұрмыс тіршілігін болжап, болашағын жарқын етіп,биоалуандылық қалыптастыратын биобаланс.

Бұл астары мол, дүниесі зор әлем аясындағы зерттеу жұмысы-әр жас буынның еліне деген сүйіспеншілігін арттырып,оған деген орасаң зор түсінігін кеңінен өзгертеді. Жалпы ғылыми бағыттағы туған өлкемнің әр саз балшығы, гүлі мен жануары ерекше құндылық танытып,менің ғылыми ой-өрісімді жәнеде киелі қара топырағымның мекендеуші ортасын танытуға үлкен үлес тигізді.Ұстазыммен бірге зерделеген жұмыс барысы-барша оқушыларға біліми азық пенен жаңа салаға айқын көзқарас бола алды. Сондықтанда, ғылыми жұмысымның бастамасы-мен үшін асқарлы биік асумен тең түседі.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Massaget.kz сайты(Шығыс Қазақстанның шамшырақтары)

  2. Wikipedia(ШҚО)

  3. Stud.kz(Хан шыңғыс флорасы және экологиялық сипаттамасы)

  4. Infourok.ru(ШҚО-ның табиғаты)

  5. Kitaphana.kz(ШҚО-дағы Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

  6. Жер жаннаты - Қатонқарағай (Алматы : Орхон, 2008)









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
1409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі