400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Семей сауда байланысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Семей сауда байланысы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Семейдің іргесі қашан қаланғаны туралы тарихшылар әлі бір тоқтамға келе қойған жоқ.

Білеміз дейтіндер еліміздің шығысындағы бұл қаланың кемі мың жылдық тарихы бар деседі. Ал ерке Ертіс бойындағы үш қаланы Бірінші Петрдің шолғыншылары тұрғызған дейтін пікірге бас шұлғи­тындардың уәжіне сенсек, енді бірер жылдан соң Семейдің іргетасы қаланғанына 300 жыл толмақ.

Не десек те, Семей татарларының мұнда келіп орныққанына үш ғасырдай уақыт өткені анық.       Татар­с­тан­ның белгілі дипломат-ғалымы М.Каримовтың Семейдегі татарлар этносқа жатпайды, олар осы жақтың тұрғылықты халқы дейтіні сондықтан. Соның бір айғағындай, сонау тоқсаныншы жылдары кейбір халық өкілдері атажұрттарына ауа көшіп жатқанда, мұндағы татарлар жылы орындарынан қозғала қой­маған.
Иә, татарлардың Семейдің тұр­­ғылықты халқы екендігін ер­тедегі білікті ғалым­дар сөзі мен тарихи деректер айғақтай түседі. Мәселен, танымал түркітанушы ғалым В.­В.Радлов Ертіс татар­ларының бұл жаққа ХV ғасырдан бастап Орта Азияның оңтүстік хан­дықтары мен Еділ бойынан кей жағдайда еріксіз, ал одан ке­йініректе ерікті түрде келгенін айтады. «Семей әжептәуір үлкен қа­ла екен, – дейді ол 1862 жылы жаз­ған жолжазбасында. – Мұн­дағы тұрғындардың саны 6 мыңға жуық. Орыстардың саны соның үштен бірінен аспаса, қалғандары татарлар мен қазақтар. Қазірде Семей Батыс Сібірдің қазақ даласы мен Батыс Қытайдың сауда орталығына айналған. Осы шаруамен негізінен жергілікті татарлар айналысуда».
Еділ татарларын Сібірдегі шекаралық шептерге орналастыру ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында қай­тадан қолға алынған. Ал келер ғасырдың қырқыншы жылдары Қазан татарларын Сібірге қоныстандыру саясаты жүзеге асырыла бастайды. В.В.Радлов жоға­рыдағы жазбасында сол шақтағы Ресей өкіметінің қыспағымен Семей өңіріндегі Башкөл ауылына келіп жайғасқан Қазан татарлары туралы: «Мұнда 60 шақты жақсы тұрғын үй салынған, соның бәрінде тазалық байқалады және бұл ауыл тұрғындары таза да ұқыпты киіне біледі екен», – деп жазыпты.
Ал И.Завалишин деген ғалым 1867 жылы Мәскеуде жарық көрген «Батыс Сібір көріністері» атты үш томдық көлемді еңбегінде татарлардың ислам дінін қатты ұстанатынын, мұнда олардың 10 мешіті бар екендігін, мұсылмандардың айт мерекелерінде татарлар мен қазақтар бар жақсы киімдерін киіп, бір-біріне қонаққа барып бір жырғап қалатындығын сүйсіне отырып әңгімелейді.
Сол шақта, нақтылап айтсақ,  статистикалық комитеттің 1882 жылдың 15 наурызында жүргізген бірінші халық санағында Семейде 12 ұлттың өкілдері тұрған екен. Соның 37,4 пайызы қазақ болса, орыстар – 35, ал сол шақта жалпы саны төрт мыңның үстіндегі татарлар мұндағы халықтың 22,8 пайызын құрапты. Бұлардың көбі жаз айларында егін шаруашылығымен айналысқан. Солай дей тұрғанмен, Семей татарла­рының көбі көпес болғандығы, яки өнеркәсіппен айналысып, бақуатты тұрғандығы да рас. Солардың қата­рында ағайынды Мусиндер, Халитов, Рафиковтер әуле­тін бірінші кезекте атаған жөн. Семейде күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған қос мұнаралы, бір мұнаралы мешіттер осы көпестердің қаржысына салынған.
Рафиковтер Семейдегі сабын өндірісіне қожалық жасаса, Мусиндер Ертістегі өзен қатынасының бір бөлі­гін өз қолына алған. Бір сөзбен айтқанда, Семей­дің өркендеп, дамуына өз үлестерін қосқан. Арада қан­ша жыл өтсе де олардың бұл еңбегі бүгінде ескерусіз қалып отырған жоқ. Айталық, бертінде Семейдегі бір көшеге ағайынды Мусиндер есімі берілді. Сондай-ақ, Семейге қатысы жоқ болса да осындағы бір-бір көше татар халқының көрнекті ақындары Ғабдулла Тоқай және Мұса Жалил есімдерімен аталады.
Әр нәрсені өз жөнімен атаған дұрыс дегенге саятын болсақ, 1917 жылғы дүниені дүр сілкіндірген төңкеріске дейін-ақ Семейде татарлардың «Ярдем» («Жәрдем») атты бапаханасы болған. 1912 жылы одан Шәкәрім қажының екі бірдей кітабы жарық көрген. Дәл осы тұста татар жастарының бастамасымен Семейде «Ярыш» атты футбол командасы құрылып, оның құрамында халқымыздың болашақ ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезов ойнағаны бүгінде көпке белгілі жәйт. Қазақстан футболының тарихы осы кезден басталады деген пікірге ден қойсақ, биылғы жылы оған тура 100 жыл толады екен. Ал оны қалайша, қандай деңгейде атап өтетініміз өз алдына бір әңгіме. Сөз арасында сол бала Мұхтар ойнаған «Ярыш» футбол командасының эмблемасы осындағы татар мұражайында сақтаулы тұрғанын айта кеткеніміз жөн.
Дәулет  СЕЙСЕНҰЛЫ,
Семей.


Негізі: Егемен Қазақстан, 13 қан 2012










        1. 1897 жылғы «Памятная книжка» мәліметтерінде Семей облысында шағын елді мекендердегі айтпағанда: Семей жәрмеңкесі, Қарқаралыда қоянды жәрмеңкесі, Делбегетей болысында Шар жәрмеңкесі, Өскеменде Екатеринск жәрмеңкесі, Көкпектіде Никольск және Крестовоздьжинск жәрмеңкесі жұмыс істеген. /4/ Кашляк В. 100 лет Семипалатинскому географическому подотделу // экспресс к 2002 г. 18 мая.


        1. В.Маяковский қоянды жәрмеңкесінде 1876 жылы 120 киіз үй болса жылдан-жылға дамып, 1890 жылы 276 құрылыс ғимараттары, оның ішінде 1 шіркеу, 199 сауда, 42 тұрғын үй және 707 киіз үй тігілгенін айта келіп «Теперь же торговцы стараются илотов дело непосредственно с киргизами; всегда за раздачею товаров по рукам торговцев мелких, оптовые торговцы идут сами в степь и указывают киргизам настоящие сцены товаров; киргизы вошли в сделки непосредственно с оптовым торговцам; в степной торговли появились кредиты, а отсюда понятно и образ ярмарочной торговли должен год от году изменится… В общем благосостояние ярмарки отнюдь не пошатнулось и если к цифровым данным об оборотах торговли присоединить сведения о банковых операциях, то можно почти безошибочно предсказать Ботовской ярмарка на многие еще годы светлую будущность и остается пожелать , чтобы съ ожидаемым утверждением проекта правил для ярмарки и съ открытием деятельности ярмарочного комитета последний оправдал возлагаемые на него надежды о благоустройстве ярмарки» – деп және түкпір-түкпірден келген саудагерлерді атап, тауарлар түрі мен сауда айналымын көрсетіп «Ботовская ярмарка» атты зерттеу мақаласын аяқтаған. /3/ Бабинцев С.М. Заметки о периодике Семипалатинского края // Записки Семипалатинского отдела общества изучения Казахстана выпуск ХХ 3 т. Семипалатинск 1931.


Сібірде айдауда болған поляк халқының белгілі революционері Адольф Янушкевичтің 1846 жылы 17 мамырда бауырына жазған хатында: «Незнакомый еще тебе Семипалатинск, несмотря на то, что он меньше и скромнее по своим историческим памятникам и политическому значению, чем Тобольск или Омск, все же заслуживает упоминания, как пункт обширной торговли, которую Сибирь ведет с Китаем, Ташкентом, Кокандом, Бухарой, а также со средней и большой ордой киргизов.

Семипалатинск, некогда областной центр так называемой Омской области, ныне принадлежащий к Бийскому округу Томской губернии, лежит в 1300 верстах от Тобольска и в 700 от Омска, при впадении речки Семипалатински в Иртыш. Сегодняшний Семипалатинск отстраненный на руинах старой крепости джунгаров, насчитывает до 7000 жителей, более всего татар, ташкенцев и бухарцев.

Поэтому только одна церковь, но шесть или семь мечетей. Киргизский язык употребляется почти повсеместно. Даже прекрасная половина российского племени белею говорит на нем, как наши дамы по французский.

Здешние купцы за российские товары, привозимые из Ирбита и Нижнего Новгорода, получают из пограничных китайских городов Чугучака и Кульджи чай, шелковые материи, фарфор, разные мелочи. Из Ташкента, Коканда и Бухары – халаты, ковры, различные изделия из хлопка, рис, сушенные фрукты, а из киргизских степей невыделанные шкуры лошадей, коров, овец, лис и других зверей, войлок и т.п. Вся эта торговля ведется с помощью верблюдов , многочисленные караваны которых выходят оттуда в мае, а возвращаются в декабре. Доходы здешней таможни доходят порой до 2000 рублей с лишним. Среди запрещенных товаров первое место занимает опиум, который правительство не разрешает ввозить в Китай, так же, как и киргизскую соль не разрешается провозить в Сибирь, щедро снабженную этим даром природы» – деп сол кездегі Семей шаһарының нақты тарихи бейнесін жазып қалдырған.

        1. Семейдің 1800 жылдан бастап 1913 жылға дейін Ресей империясындағы бай қалалардың қатарында болғанын, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ оның қатты жүдей бастағанын құрылысшы-журналист-тарихшы-өлкетанушы Тоқтарбай Қазбаликовта жазды /9/ Қамзин К. Е.П.Михаэлистің журналистік және қоғамдық қызметіндегі кейбір ақтаңдақтар // Абай 2002 № 1.









Семейдің атақты бай-көпесі Қаражан Үкібаев тәуелсіздікті мұрат еткен.



Қаражан Үкібаевтың «Абай» журналын шығаруға жәрдемдесіп. Қаржылай көмек бергенін айтады...............


Семейдегі бірнеше сауда дүкендері иен тері илеп, жүн түтетін өндірістік цехтардың , мал соятын қасапханалардың , сондай-ақ, қырдағы есепсіз мыңғырған малдың иесі Қаражан Үкібаев «Океан» базары аумағындағы Свободная 50 көшесінде орналасқан , уелде мектепте деп, одан соң облыстық қазақ соты мен уездік Земство басқармасына бергенжаңағы көк шатырлы, биік қақпалы үлкен ағаш үйікеңес үкіметі уақытында мектеп-интернат ретінде бертінге дейін пайдаланып келеді. Алайда, бұл маңда 1970 жылдардың соңына қарай көп қабатты тұрғын үйлердің қаурыт салына бастауына байланысты бұзылып тасталды.

Қаражанның осы үйі туралы бір әңгімесінде марқұм, соғыс және еңбек ардагері Қабыш Омаров: «Ұлы Мұхаңның «Абай жолы» романында айтылатын Абайдың айнымас досы Базаралының қасындағы Әбді біздің үлкен атамыз. Базаралы мен Әбді бірге туысқан. Сол Әбдінің баласы Ақтан, ол Ақтанның ұлы Омар сталиндік репрессия кезінде Семей түрмесінде атылды. Енді осы әулеттен қалған жалғыз мен едім. Менің де жетімдік пен «халық жауының баласы» деген түрпектеуден тартпаған азабым аз болмадым. 1930 жылдары Семейдегі Қаражан байдың үйінде ашылған мектеп – интернатта тәрбиелендім. Әлі есімде бала болған соң, әлгі үйдің ауласында тығылмақ ойнаймыз. Соның оның қоймаларында ескі қымбат жиһаздар: күміспен көмкерілген болыскей кереует, жүк ағаш, сандық, кресло, шкаф т.б. шаң басып жататын. Мұны үлкендер Қаражан байдікі дейтін».

Әдебиеттші ғалым, профессор А.С.Еспенбетов «Тұңғыш жинақ – Абайтанудың алғашқы қарлығашы» мақаласында Әнияр Молдабаев Хакім Абайдың тәрбиесін көріп, көмегімен оқып банк мамандығын меңгергендігі және екі қабаты өзінің жеке меншік үйі болғандығын сөз етеді (Ақжол – Қазақстан 6 20 қыркүйек, 2002ж)

Алашорданың жақтасы, Семейдің бай-көпесі Қаражан Үкібаевтың қай жылы туып, қашан қайтыс болғаны туралы нақты деректер сақталмаған. Шәкәрім әндерінің насихатшысы, әуесқой сазгер Арғынбек Ахметжановтың «Сазды сонар» кітабында Шаған болысына қатысты Саржал ауылында дүниеге келген. Қаражанның әкесі Үкібайдың қолы іскер ағаш шебері, етікші болғанын айтып, оны Тобықты елінің Құлық руынан таратады. СЕМЕЙ 37-қор, 01-тізбе, 55- іс. Сондай-ақ ел аузында оның әкесі Аймағанбеттің есепсіз бай болғаны, Найман еліндегі Жанай руының болысы Түгелбайдың қызы Бәтіш сұлуды қалың малғажүз тайлақ беріп аттырып алғаны туралы да түрлі әңгімелер айтылады.

1927-1928 жылдары бай-кулактардың мал-мүлкін жаппай тәркілеп өздерін бала-шағасы, туған-туыстарымен қосақтап Сібірге жер аударып жатқанда, осы саяси науқанға Алаш қаласының Қаражан Үкібаев, Ике Әділов, Мұсатай Молдабаев тәрізді т.б. ауқатта адамдар ілігеді.Зерттеуші Болат Нәсеновтың «Абыралы – қанды жылдары (1905-1945ж)» кітабындағы 1927 жылдың 8 сәуіріндегі Семей губерниялық ГПУ-дің №44570 айыптау ісінің хаттамасында: «Қаражан Үкібаев өзін кінәлі емес деп есептейтіндігі екендігін айтылып, «Укибаев Каражан – бай, родоначальник







Ұжымдастыру науқанында Жетісуға әйгілі ірі ауқатты әулет Маман отбасынан 1720 ірі қара, 13 ақ үй, 13 ағаш үй тәркіленген. Бұл әулеттің мүшелері қазаққа пайдалы істер жасаумен танылған еді, айталық ғылым-білімнің қадірін ұққан Есенқұл Маманов жақсы роман жазған адамға бәйге жариялаған болатын; Семей округінен Құнанбай – Абай ұрпағынан Шәкәрім, Тұрағұл қудаланғаны белгілі. Сол кезде Тұрағұлдан небәрі 36 мал басы тәркі­ленген екен. Семей қаласындағы ет және тері өнер­кә­сі­бінің негізін қалаған, 1918 жылы М.Әуезовтің өтінішімен «Абай» журналын шығаруға қар­жы­лай демеушілік танытқан, ірі қазақ байларының бірі Қаражан Үкібаевтың мүлкі кәмпескеленеді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі