Семинар - тренинг "Сенімділік күш береді"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Семинар - тренинг "Сенімділік күш береді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті өмірде күйбең тіршіліктің қамымен барлығымыз қысыммен жүреміз. Енді бір сәт бойымыздағы жағымсыз әсерлерден, тынымсыз тіршіліктен арылып, өз – өзімізді еркін, керемет күйде сезіну үшін жаттығуға шынайы, шын жүректен қатысуларыңызды сұраймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

Ы. Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің

педагог-педагогы Жұмахметова Айна Амангелдіқызы



«Сенім болса, өміріңде өтер ізгі ниетпен»



Мақсаты: ҰБТ қатысатын оқушылардың өз – өздеріне деген сенімділігін арттыру. Оқушылар арасында жағымды қарым – қатынас орнату.





Амандасу. «Бумба – Юмба» жаттығуы

Мақсаты: оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.

Нұсқау: Біз барлығымыз Бумба-Юмба тайпасына ұсталып қалдық деп елестетейік. Олардың қағидасы: «Тайпаға қабылданғыларың келсе – қасыңдағы адаммен бас түйістіріп, шынтақ түйістіріп, соңынан арқа сүйкеп амандасу керек.»

Талдау: оқушылар көңіл-күйімен бөліседі



Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен  ережелерімен таныстыру.

Балалар бүгінгі «Сенім болса, өміріңде өтер ізгі ниетпен» атты тренинг сабағына қош келдіңіздер! Сабағымызды бастамас бұрын, алдымен тренинг ережелерімен танысып алайық.

Ереже: 

Белсенді қатысу;

Бірін-бірі тыңдау,сыйлау;

Ойын ашық айту;

Бір-бірін сынамау;

Ынтымақтылық;

Жаттығу «Әдемі қорапша»

Мақсаты: қатысушылардың қызығушылық деңгейін және сенім деңгейін анықтау.

Психолог: «Менің қолымдағы қорапшада менің өмірімде ерекше рөл атқаратын, менің өмірім үшін өте маңызды, менің өмірім үшін ең қажет бір зат бар, сіздер оны көргідерің келедіме?» (Психологтың міндеті – сендіре білу. Оқушылар өз қалаулары бойынша ортаға келіп қарауларына болады)



Талдау:

  • Қалай ойлайсыздар, мен сіздерді сендіре білдімбе?

  • Немесе сендер сеніп қалғандықтан емес, қызығушықпен қарадыңыздарма?

Психолог: оқушыларға адамда әр нәрсе қызығушылықтың болуы дұрыс, бірақ қызықтырғанның барине сене беруге болмайтындықтарына көз жеткізуі керек.



Сергіту сәті. «Допты дәл түсір» жаттығуы



Оқушыларға өзін-өзі сендіру формуласы:

  • Мен толығымен өзімнің тәртібімді бақылаймын. Мен өз жолымдағы қиындықтарды көріп тұрмын және бұл менің жеке өсуімнің мүмкіндіктері.

  • Мен өзойым менсезімімді бақылаймын.

  • Менің өзіме деген сенімділігім күн сайын артуда

  • Менің өз мақсаттарыма қол жеткізуге жағдайым бар және мен қол жеткіземін

  • Мен өзімді бақытты, дені сау және сәтті оқушы сияқты елестетемін.

  • Мен өзімді қалай елестетсем, сондай боламын.

  • Мен сабырлымын және өзіме өзім сенімдімін.

Қорытынды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі