Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
«Нұржау жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(дөңгелек үстел)
Жастар ұйымының жетекшісі: Ж.Г.Гилманова
2017-2018 оқу жылы
«Бекітемін»
Мектеп директорының тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары
________________С.Габбасова
«____» ___________ 2017 жыл
Тақырыбы: Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі
Мақсаты: Ауыл жастарына темекі, ішімдіктің денсаулыққа жойқын әсері туралы және дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру; олардың денсаулық сақтау және заңды орындау бойынша азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Көрнекілік : Мультимедиа, бейнероликтер, лозинг
Өткізілу түрі: Дөңгелек үстел
Шақырылған қонақтар
-
Мектеп директоры Гульбаршын Жакимқызы
-
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестіруші дәрігері: Бисенова Жамал Габдуловна, Жакупова Акгүлім.
-
АИТВ-ға жауапты дәрігер Тулемисова Жұлдыз, Мамбетова Замира
-
Жастар ресурстық орталығының бас маманы Сидалиев Қайыржан Бауыржанұлы, Еспанова Гүлден Ибрагимқызы
-
Ауыл жастары
-
Мектептің жастар ұйымының мүшелері
-
9-11 сынып оқушылары
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. ( Қонақтарды қарсы алу)
ІІ. Видеороликтер көрсету (сыбайлас –жемқорлық, мейірімділік, зорлық зомбылық, нашақорлық, діни экстремизм)
Жүргізуші: Қайырлы күн шақырылған қонақтар, ауыл жастары мен мектеп жастары.
«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі! » тақырыбы аясында өткізіп отырған дөңгелек үстел кешімізге қош келдіңіздер! Салауатты өмір жоғарғы саналы адамгершілік өмір, салауатты салт-жоғарғы сананың көрінісі. Салауатты өмір салтын орнықтыру осы ғасырдың барынша көңіл бөлетін жауапты парызының бірі. Өйткені, ол адам денсаулығының мықты кепілі. Зиянды зардаптарға жататын: ішімдік, темекі шегу, нашақорлық адам денсаулығына әкелетін зияны аз емес. Маскнүнемдік, нашақорлық , темекінің зардабы жастардың денсаулығына сыза түсіруде. Қазіргі таңда осы үлкен мәселе туындап отырғанын естіп, біліп жүрміз. Ендеше осы дөңгелек үстел кешіміздің мақсаты тақырыпқа сай көкейімізде жүрген кейбір сұрақтарға жауап табу үшін, ауыл жастарының басын қосып , пікір алмасатын боламыз. Олай болса дөңгелек үстел кешімізді ашық жариялаймын.
Жүргізуші: Кешіміздің алғашқы сөзін мектеп директоры Гульбаршын Жакимқызына беріледі
ІІІ. Психологиялық тренинг. Мектеп психологы Арай Нигметова
Жүргізуші: “Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін
жағымсыз әрекет – ол нашақорлық”-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, бүгінгі біздің қозғағалы отырған тақырыбымыз денсаулық жаулары деп аталатын “ішімдік ішу”, “шылым шегу”, “нашақорлық” сияқты зиянды әрекеттерге тоқталамыз. Ендеше сіздердің назарларыңызға маскүнемділік, есірткі пайдалану жолдары, темекінің зияндылығы туралы видеороликтерді ұсынамыз.
IV. Видеоролик көрсету (маскүнемділік, есірткі пайдалану жолдары, темекінің зияндылығы туралы)
-
Видеоролик бойынша қандай ой түйдіңіздер?
(әр топтан өз пікірлерімен бөлісу)
V. Постермен жұмыс
І топ. Нашақорлық қоғамға қандай кесел алып келеді?
ІІ топ. Нашақорлық деген не? Неліктен нашақорлыққа тосқауыл қойылмайды деген ойлар сізді мазалай ма?
ІІІ топ. Нашақорлыққа әуестену, оны қолданудың басты себептері не деп ойлайсыздар?
Есірткі қолданудың себептері:
Білімсіздік;
Қызығу;
Ойын-сауық орындары;
Қысым;
Әуестік;
Мода; т.б.
Жүргізуші: Өз туындысымен Орындайтын: Батуова Раббина
Исатаева Нұрбол
VІ. Нарколог кеңесі.
Жүргізуші: Бүгінгі кездесуімізге келіп отырған нарколог маманымызға көкейіміздегі сұрақтарға жауап алсақ дейміз.
-
Нашақорға заң несімен қауіпті?
-
Адамның нашақор екеніне сыртқы келбетіне қарап қалай ажыратуға болады?
-
Нашақорлықты басқаша қалай атауға болады?
Серпілген сауал. (жастар ішінен көкейде жүрген сауалдарды қою)
Жүргізуші: Келесі сөз кезегі салауатты өмір салтын қалыптастырушы Бисенова Жамал мен Акгүлім Жакупова ханымға беріледі.
VІІ. Жағдаяттарды шешу.
1. Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы, жұртқа танымал.
Бірақ табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасын асырау
үшін“Арақ заводына” жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді. Кейіннен ол аз – аздап ішіп, араққа бойы үйреніп кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша керек, тастамайын десе, ішіп қоя береді. Жағдаяттан қалай шығуға болады?
2. Ол 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз-аздан үйреніп
жүріп әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Інісі ағасының сол бір заттардан қанша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды. Сіздің пікіріңіз?
3. Жартылай жасанды есірткі – героиннің тағы бір ерекшелігі бірден бой көрсете қоймайды. Шегуші ағзасына мысқылдан сіңіп, әбден бойын игеріп алғанда ғана көрініс береді. Алғашқыда қалай тәуелді болғанын білмей қалады.
Сөйтіп ол ...
VІІІ. Сергіту сәті Ән орындалады:
Мақсаты: Берілген өлеңді музыка ырғағымен шырқап айту.
1-топ. Мен қазақ қыздарына қайран қалам әніне салу. (Ауыл жастары)
Мен қазақ ұлдарына қайран қалам
Шылымды шеккен кезде жайраңдаған
Оқуға ниеті жоқ қайран ұлдар
Темекі шегіп алып сайрандаған.
Жасырмай тартасың сен шылымды
Шылымға берілдің ғой мәңгі енді
Өкпеңнен не қалады қарағым –ау
Ертерек ойласаңшы өмірінді.
Шылымды тартпайтын ұл арман болды.
Жақсымен ажыратар оң мен солды
Үлкеннен үлгі алар ұлдар қайда.
Қоғамда бастаушы ма еді қыздар жолды.
Алтын басты әйелден бақыр басты
Ер арттық деді емес пе қайран бабам
Намысын ер ұландар бермей қолдан
Шылымды қоятыны үміт алдан.
2-топ. Жолың болсын жолаушы әніне салу. (Жастар ұйымының мүшелері)
Ана жерде бір қыз жүр
Мына жерде бір ұл жүр
Екеуінің біреуі
Наша шегіп қор боп жүр
Қайырмасы
Оу, халайық, халайық
Нашаға қарсы тұрайық
Болашағымыз үшін
Спортпен дос болайық
Наша шеккен ұлымыз
Өз тамырын қиып жүр
Ал спортшы қызымыз
Бәрінен де озып жүр
Қайырмасы
Салыстырып екеуін
Бір нәтиже табайық
Наша шеккен жақсы ма
Талдап қане қарайық
Қайырмасы:
Жүргізуші: Көрініс « Қара пима»
Сауалнама
«Нашақорлықты қалай түсінесің?»
-
Нашақорлықтың қауіптілігі неде?
-
Нашақорлық дерті неліктен қарқындап барады?
-
Есірткі тұтынушы есірткіден құтылудың жолдарын іздемей ме, қалай ойлайсыз?
-
Сіз есірткі тұтынатын адамды қалай байқаған болар едіңіз?
-
Нашақорлық кездейсоқтық па?
-
Есірткі айналымының жолдарын түбегейлі тоқтату мүмкін бе?
-
Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?
-
Отбасының әлеуметтік, психологиялық, материалдық жағдайына ішімдік пен шылымның қаншалықты кері әсері бар?
Кері байланыс: Нашақорлық мәселесі бойынша айтылған ойлар сіздерге қандай
сезімдер тудырды?
ІХ. Қорытынды. (Елбасының сөзімен аяқтау)
«Арақ – арыңа нұқсан, темекі – тегіңе нұсан» , «Нашақорлық қоғам дерті» Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандары, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматтары шетте қалмауы керек. Жастардың жанын, тәнін улайтын зиянды заттармен күресуі керек. Олар – ішімдік ішу, темегі тарту, есірткі пайдалану, нашорлыққа бет бұру болып табылады. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің өз қолыңда.
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда , ей, жастар,
Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.
«Салауатты өмір салтын ұстанайық» -деп бүгінгі дөңгелек үстелімізді қорытындылаймыз
Сауалнама
«Нашақорлықты қалай түсінесің?»
Мұғалімнің аты-жөні:_______________________________
-
Нашақорлықтың қауіптілігі неде?_______________________________________
_______________________________________________________________________
-
Нашақорлық дерті неліктен қарқындап барады?___________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Есірткі тұтынушы есірткіден құтылудың жолдарын іздемей ме, қалай ойлайсыз?__________________________________________________________
______________________________________________________________________
-
Сіз есірткі тұтынатын адамды қалай байқаған болар едіңіз?________________

Нашақорлық кездейсоқтық па?_______________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Есірткі айналымының жолдарын түбегейлі тоқтату мүмкін бе?_____________

Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?____________________________

Отбасының әлеуметтік, психологиялық, материалдық жағдайына ішімдік пен шылымның қаншалықты кері әсері бар?__________________________________

1. Нашақорлықтың қауіптілігі неде?__________________________________________________
_________________________________________________________________________________
2. Нашақорлық дерті неліктен қарқындап барады?______________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Есірткі тұтынушы есірткіден құтылудың жолдарын іздемей ме, қалай ойлайсыз?________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Сіз есірткі тұтынатын адамды қалай байқаған болар едіңіз?____________________________

5. Нашақорлық кездейсоқтық па?____________________________________________________

6. Есірткі айналымының жолдарын түбегейлі тоқтату мүмкін бе?__________________________

7. Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?_______________________________________

8. Отбасының әлеуметтік, психологиялық, материалдық жағдайына ішімдік пен шылымның қаншалықты кері әсері бар?_________________________________________________________

«Ситуациялық жағдаят»
(Мамандар
сауалы.)
Салауатты өмір салтын
қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ
болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей
жастар,
Су ішпеген гүлдей болып
солмайық!
- Келесі кезеңімізде, әр топқа, сайысымызға
қатысты мамандарымыздың дайындаған сұрақтары бойынша жауап беріп,
«Ситуациялық жағдаятты» талдау. Ойлануға 2 минут уақыт
беріледі.
1. «Болашақ» тобына: (Мектеп психологы - Г.
Құсайынова)
- Саған жоғарғы сынып оқушысы «Маған күніне
бір қорап темекі алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек сен
екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе...» деп жұдырығын көрсетіп
шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен
құтқарасың?
2. «Денсаулық» тобына: (Мектеп медбикесі -
С.Базарбаева)
- Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал
сенің темекі шеккің келмейді, сол үшін олар сені шеттете
бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер
едің?
3.«Салауат» тобына: ( Дене шынықтыру мұғалімі
- А.Қапезов)
- Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан
ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді
деп ойлаған жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның көңілін
қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар
едің?
V кезең «Уланбасын
өмірің» көрініс қою.
- Бұл бөлімде әр топ өз көріністерін
көрсетеді.
1- топ «Зиянды әдеттер »
планетасы
2- топ «Есірткіден аулақ
бол»
3- топ «Спортшы жігіт
»
1 . «Болашақ» тобы: «Зиянды әдеттер »
планетасы
Адам: Уһ, жаным –ай! Енді қайда барсам екен?
Қай жерге барып жаным рақат табар екен! Не етсем
екен!
Арақ: Мен мөлдірмін! Мені ішіп рақаттан.
Көңіл - күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел менімен дос бол!
Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың,
жеңілдейсің.
Темекі: Ал мен сымбатты да әдемімін, иісім
қандай жағымды. Менің әсерімнен рахаттанасың. Менің досым бол,
кел!
Наша: Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең
тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш- жігерің артады, көңіл күйің
көтеріледі. Мен сені еш уақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел,
менімен дос бол!
Денсаулық планетасының
тұрғыны:
- Тоқтатыңдар! Ей, жауыздар, сырты жылтыр,
іші қотыр жауыздар! Кетіңдер, кетіңдер ары, босқа ерікпеңдер. Менің
адамымның алда көрер қызығына сендер кедергі боласыңдар! Егер
сендерге еріп, жеңіл жол іздеп, еріп кете берсе, өмірге қандай
болашақ ұрпақ әкелмек! Жүр, одан да менімен жүрсең адам боласың!
Адам деген асыл атыңды мұндай жауыз заттармен
кірлетпе!
2- топ «Денсаулық» тобының көрінісін
тамашалаңыздар!
Көрініс: «Есірткіден аулақ
бол!»
Автор: Ерте, ерте ,
ертеде,
Дәл қазіргі
заманда,
Арман деген
баланы
Еркелетіп
өсірді.
Сұрағанын
әперді,
Оқу деген ойда
жоқ,
Өсе келе ол
бала,
Жамандыққа
бойлайды.
Өз бойына
жолатты
Есірткі деген
пәлені.
Бала: (Рэп стиліндегі әуен
қойылады)
Керек емес,
үйретпе,
Оқымаймын
ереже.
Еркесімін
әкемнің,
Кенжесімін
атамның,
Қалтам толы
ақшаға,
Ауырмайды басым
басқаға.
(«Аппақ гүлдер» әуені
қойылады)
Тыныш еді
өмірім,
Көріп сені
өзгердім.
Сүйіп сені көңілім жұлдыздырға тең
келдім.
Сөз таппаймын
айтуға,
Сені бойға
алғанда,
Түсімде де жүрсің
ғой,
Темекі мен есірткіні
ұсынып.
(Билеп жүріп құлайды.
)
Дәрігер:
Тамырын у мен
суарып,
Инемен таза
денеңді
Тесуге неге
келістің?
Көк түтінмен
уланып,
Ащы суды неге
іштің?
Төсекке асыл
азамат
Аурумын деп
құлапсың
Жоспар:
-
Темекі жайында мағлұмат.
-
Насыбай жайында мағлұмат.
-
Арақ жайында мағлұмат.
-
Есірткі жайында мағлұмат.
-
Ситуациялық сұрақтар.
Кеш қонақтары: Тәрбие ісінің меңгерушісі, мектеп психологы, биология пәні мұғалімі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, фелъдшері.
Көрнекіліктер: слайд, бейне роликтер.
-
Темекінің тарихы
1492 жылы испаниялық теңізші Христофор Колумб Америка құрлығын байқағанда жергілікті халықтың құрғақ темекі жапырағын күйдіріп, соны ысын иіскеп отырғанын кемедегі екі матрос байқап қалады. Бұл екі матростың бірі әлгі ысты сорып, сынап көрген. Бұл темекі тартқан тұңғыш еуропалық саналады. Испанияға қайтан соң ол құрғақ темекі жапырағын күйдіріп, ысын соруды әдетке айналдырған. Мұны көрген көршілері таң қалып, оны «шайтан иектеген» деп жергілікті діни соттың түрмесіне қаматқан.
.1518 жылы испаниялық саяхатшылар маялықтардың темекі жапырағын түтікше ішіне салып тұтатып, тартып отырғанын көреді де, олардан сұрап тартып көреді. Бұл ең алғашқы темекіні сұрап тарту болса керек.
1530 жылға жеткенде темекі Испанияда кең көлемде тарала бастаған.
1560 жылы Францияның Португалияда тұратын бас елшісі Ян Никотин темекіні Францияға әкеліп, ауру емдеуге қолданған. Және сол арқылы Франция ханымын емдеген. Никотиннің еңбегін қадірлеу үшін химия ғалымдары көк темекі құрамындағы улы затқа «Никотин» деп ат берген. Осыдан бастап көк темекі Францияда егіле бастады.
1639 жылы Қытайдың Мин дәуірінің патшасы жарлық түсіріп, темекіні шектеген. Және темекі тартқандарды өлім жазасына тартқан. Бұл темекі туралы тұңғыш заң еді.
Темекі жайында.
Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы у-лы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса- ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды.Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотинадамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді.Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгісек, егер жағдай
өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі
жетуі мүмкін көрінеді.
Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет,
жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о
баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты
шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені
мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ
қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.
Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол канцерогендік заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі.
Темекі түтінінің
радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа
түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап мейлі жылдап,
ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды
әсерлерін жалғастыра береді. Темекі радиоизотоптарынан әсіресе
полоний-210 және қорғасын-210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты
улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің
генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер. Адамды 200 рет
рентгенге түсіргенде денеге өтетін радияциялық мөлшерді, адам
күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ қабылдап жатады.
Шылым шегудің зияны туралы бірнеше қызықты
оқиғалар:
• Темекінің түтіні автомилдердің шығаратын зиянды заттарынан да 4-есе көп зиянды болады.
• Бір куб миллиметр темекі түтіні 3 млн. ыстың бөлшектерін құрайды.
• Әрбір сигарет денедегі 25 мг С витаминін нейтрализдейді, бұл дегеніміз бір апелсиннің құрамындағы С витаминіне тең болады.
• Герман ғалымдарының зерттеуінше бір сигарет адам өмірін 12 минутқа кемітеді.
• 20 сигар тарту арқылы, адам күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе артық кір ауамен дем алғандай болады.
• Темекі тартатын адамның өкпесі темекінің түтінінен смолаға ұқсап кетеді. Бір жылда темекі тартқыш адамның өкпесіне 800 г. темекі смоласы жиналады.
• Егерде адам 15 жасынан бастап темекі тартса онын өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасында темекі тарта бастаған адамдар 5 есе көп өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады, 25 жасында темекі тарта бастаған адамдарға қарағанда.
Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.
Егер темекіні тастасаңыз:
• 24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.
• 2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.
• 3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.
• 3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.
• 1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.
• 10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.
• 15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей Слайд, бейне көрініс.
2. Насыбай жайында.
Насыбай жасаудың жолы өте қарапайым. Қарабайыр. Алдымен кептірілген жапырақты шағын темір келіге салып, ұнтақтау керек. Бұл әлі насыбай емес! Күл керек. Ол үшін насыбайшы өзі қалаған ағаштың қабығын сыдырып алып, алдымен кептіреді де, содан соң оны жағып, күлін жинайды. Сөйтіп темекі ұнтағына тиісінше күл қосылады. Насыбай түйір-түйір болып тұруы үшін кәдімгі әк те қажет екен. Ол да насыбайшының қалауымен ыдысқа түседі. Енді шамалы су қосып араластырса да жетер еді. Бірақ ақша табудың жолына түскендер бұнымен шектелмейді деседі. Насыбайдың уытын күшейту үшін оған тауықтың саңғырығын араластырады деген сөз бар.
Тауықтың саңғырығы деген қойдың құмалағы немесе жылқының тезегі емес. Ол улы.
Сонымен темекі (құрамында адам түгілі атты өлтіретін улы никотин бар), күйген жерін күйдіретін әк, күл (қоқыс деп түсініңіз) және улы саңғырық араласқан насыбай дайын. Осындай нәрсені қалай ауызға салуға болатыны, айталық, маған түсініксіз. Бір-бірімізден сұрап алып, сатып алып, ататынымыз мүлде ақылыма сыймайды. Өзіне-өзінің қастығы болмаса, адам баласы бұндай шалыс қадамға бармауы керек-ақ…
Енді бір қарағанда пәлендей зиянды әсері жоқ сияқты көрінетін нәрсенің адам ағзасына әсері, ықпалы қандайлық екеніне тоқталайық. Көзі қарақты оқырман темекінің құрамында никотиннен басқа да 29 түрлі улы зат барын біледі. Ал насыбай темекіге қарағанда әлдеқайда улы, зиянды, былғаныш. Ол рак ауруына жол ашады. Насыбай ататындардың ауыз қуысы ойылып, жара-жара болып жүреді. Бұл — әктің әсері. Тауықтың қиы қаншалықты қауіпті екенін айтып жеткізу қиын. Қазақтар тауықты «Құстың шошқасы» деп атайды. Өйткені оның жемейтіні жоқ, тамақ талғамайды, бәрін қылғыта береді. Сондықтан тауық ішегінде құрттар да көп. Тауық қиының қаншалықты улы екеніне бір мысал келтірейін. Егер қой шөппен бірге тауықтың қиын жеп қойса, өліп қалады. Біз оны тіл астына салып, сорамыз-ау
Насыбайдың зияны.
• Насыбай ату адам жасын қысқартады.
• Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды.
• Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықылас
азаяды.
• Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баланың денсаулығына зияны
тиеді.
• Тыныс алу жолдары қабынады.
• Ұйқысыздыққа апарады.
• Адамды ерте қартай-тады.
• Ауызы, үсті, айналасы сасып жүреді.
• Тамаққа деген тәбетті жояды, адам ағзасы әлсірейді.
• Рухани күйзеліске ұшыратады
Слайд, бейне көрініс.
3. Ішімдік.
1.12.Ішімдік – қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, дәрумен жетіспеушілік және бауыр циррозы, белсіздікке ұшырайды, ауруларды жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйде болады. Егер алкоголь қан құрамында 0,1 – 1,15 пайызы болса, машина жүргізу аса қауіпті. 0,2 пайызы болса, түсініксіз сөз, қисалаңдап жүру байқалады. 0,4 пайызы – ес-түстен айырылуға әкеледі. 0,6-0,7 пайызы болса – адам өледі. Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады.
Слайд, бейне ролик.
-
.Есірткі жайында.
Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т.б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез-келген түкпірінде өсіріледі.
Есірткінің түрлері: гашиш, кокаин,анаша, т.б. Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейе түсіп, жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буын-буындары сынып ауырғанда көз қарашығы ұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді. Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылы анықтауға болады.орфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады
Есірткі-адамның қас жауы. Осы әсерлі затты адамдар ортақ шприц арқылы пайдаланып, нәтижесінде қаһарлы ауруға ұшырайды. Мұны пайдаланған адам арықтап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, жүйке жүйесіне әсер етіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, қылмысқа барады. Жаман әдеттердің бірі болып табылатын есірткіні қолдана отырып, адам денсаулығына емес, рухани жан дүниесіне де нұқсан келтіріп, хайуандарша ғұмыр кешіп, ақыл-ой жүйесі бұзылады.
Слайд, бейне ролик.
Ситуациялық жағдайлардан шыға білу.
-
Бір спортсмен өзі әйгілі болады.Жақсы жұртқа танымал.Бірақ табыс көзі онша болмайды.Енді ол отбасын асырау үшін «арақ»заводына жұмысқа тұрады.Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз-аздап ішіп,араққа бойы үйреніп кетеді.Енді жұмысты тастайын десе,ақша керек,тастамайын десе,ішіп қоя береді.Ситуациядан қалай шығуға болады?
2.Темекі тартпайтын планетадан келген қонаққа темекі деген не және оны адамдар не үшін тартатыны жайлы түсіндіру қажет.(қонақтың ролін бір оқушы ғана орындайды,қалған оқушылар темекі туралы оған түсіндіреді
3. Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің,жоқ әлде қойдырудың жолын іздестірер ме едің?
4. .Сұрақ қою.
1. “Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Салауатты өмір салты не үшін керек?
3. “Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер
Қорытынды: Елдің елдігін, азаматтың ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдыра гөр,-дей отырып:
Айналайын жастарым,
Өн- бойыңды әрдайым,
Дәл осындай кеселден,
Сақтай жүрші ылайым!-дегім келеді.
Денсаулыққа зиянды әрекеттер: ішімдік ішу, шылым шегу, нашақорлық
Бүгінгі менің қозғағалы отырған тақырыбым денсаулық жаулары деп аталатын “ішімдік ішу”, “шылым шегу”, “нашақорлық” сияқты зиянды әрекеттерге тоқталамыз. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны, өміріне туғызатын қаупі туралы түсінік бермекпін.
Максүнемдік, нашақорлық және темекі шегу сияқты зиянды әрекеттер соңғы кезде қоғамда көптеп орын алуда. Отбасындағы психологиялық жағдайдың шиеленуі, ата-ананың ұрыс-керісі, маскүнемдігі сияқты жайсыздықтар да балалардың үйінен қашып, түрлі топтарға үйір болуына ықпал етеді. Кейде балаларды алкогольге үйрету отбасынан басталады. Ата-аналары, әсіресе әкелері, өгей әкелері, ағалары, аталарының өздері балаға ішімдік береді. Зерттеулерге қарағанда, тіпті 4-8-10 жастағы балалардың ішімдік ішіп көргенін анықтап отыр.
Негізі балалар алғашында алкогольді ішімдікті жай ойнап, ермек ретінде қабылдайды, алайда кейін біртіндеп оған деген тәуелділік туындайды. Ересек балалар туған күн, мектепті бітіру кештерінде, мейрамдар мен салтанаттарда ішімдікке жақын бола түседі.
Сегізінші сыныптағы ер балалардың 75 пайызы және қыздардың 40 пайызы алкогольдің дәмін татып көргендігін әлеуметтік зерттеулердің қорытындысынан байқауға болады. Оныншы сыныпты бітіргендердің 90-95 пайызы алкогольдің дәмін біледі. Маскүнемдікпен ауыратындардың 75 пайызы алкогольдың дәмін 20 жасқа дейін татып көргендер екенін ғылыми зерттеулер нақтылап отыр. Осы маскүнемдікпен қатар қоғамда нашақорлықта орын алуда.
Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын, аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Қазір республикамыздағы нашақорлардың дені 15 пен 25 жас аралығындағы жастар. Әрине, олар басында еріккеннен, ермек үшін есірткішілік наша, гашиш шеге бастайды. Алғашында миды зеңгітіп, психикаға әсер ететін есірткі, адамды біршама уақытқа дейін көңілдендіреді.
Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолының бұлшық еттері шаншып, ішек-қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-суық тер парлай бастайды. Мұны олардың тілінде “ломка” дейді.
Сырқат адам ашушаң болып, ызақорлық көрсетеді. Психапаттық көріністер, өзін-өзі жарақаттау, тіпті кейде өзіне қолданып жүрген емдеу тәсілдеріне қарсы мінез көрсетеді.
Ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі. Алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді. Адамның аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Содан соң оны бірнеше сағатқа шейін ұйқы басады.
Нашақордың есіл-дерті қайдан да болса да есірткі заттарды тауып ішуде болады. Ең қатерлісі – нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын тонаудан да тайынбайды.
Бұл күнде жігіттер ғана емес, қыздардың да темекі тартатыны, арақ ішетіні, есірткіге берілетіні ешкімге сыр болмай қалды. Бұл әрине, өте өкінішті жай. Өйткені, бұлардың қайсысы болсын, денсаулық үшін зиян. Мысалы, ұзақ уақыт әсер ететін дәрі-дәрмектер жыныстық қабілетке қатты нұқсан келтіреді. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш адамдай тарпа бас салады. Мұны медицинада “наркотизм”, ал оның ауыр түрін “наркомания” деп атайды. Грек тілінен аударғанда “нарк”- жасанды ұйқы, “мания”- есі кету, есіру деген ұғым береді. Нашақорлықтың адам ағзасына тигізетін зияны өте қауіпті. Тіпті адам өліп кетуі де мүмкін. Сонымен қатар шылым шегу де адам ағзасына зияның тигізеді.
Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді, жұтылатын түтіннің құрамында никотин, көміртек тұтығы, синил қышқылының бөліктері және басқа да сол сияқты химиялық заттар бар. Оның ішінде ең улысы – никотин, оның уы ағзаға еніп, әуелі тітіркендіреді, одан соң жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырлары тарылып, сілемейлі қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе, дене тырысып өліп кетуі мүмкін. Никотин ағзаға бірден емес, шамалап енеді, сондықтан да, шылым шегуші қатты уланбайды. Ол біртіндеп болады. Ас қорыту жүйесінің, жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлі ісіктер болуы мүмкін.
Неғұрлым шылымның сапасы төмен болған сайын, соғұрлым оның құрамында никотин көп болады.
Шылым шегуші түтінді ауыз арқылы жұтады, сол кезде зиянды заттар шылым түтінімен бірге жоғарғы тыныс жолына түседі. Әдетте, ондай нәрсе үйреншікті болмағандықтан алғашында жөтел пайда болады, бірақ егер де шылым шегу тұрақталатын болса, ағзаға енетін ауаны фильтрлеп өткізетін тітіркендірілгіш кірпікшелер өледі. Зиянды заттар ағзаны тітіркендіріп, көп жағдайда бронхиттің асқынған түріне әкеліп соғады. Тыныс жолымен түтін бронхы негізіне қарай жылжыған сайын никотиннің зиянды әсері күшейе түседі. Жекеленген химиялық заттар оттегімен реакцияға түскен сайын улы газды түзіп, кейін ол бүкіл ағзаға тарайды. Ұзақ уақыт иісті газбен уланудың нәтижесіндеқанның аяқ, қол саусақтарына ағымы азаяды, оның салдарынан инфекциялану болып, ампутацияға ұшырауы мүмкін.
ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ТЕРІС САЛДАРҒА ӘКЕП СОҒАТЫН СЕБЕПТЕРІ:
-
Тіл мен ерін сілемейлі қабаттарын зақымдайды;
-
Құрғақ жөтелдің болуы;
-
Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы;
-
Ауыз қуысының инфекциясы;
-
Иіс сезу қабілетінің нашарлауы;
-
Бет, жүзді уақытынан бұрын әжім басуы;
-
Тістердің сарғаюы;
-
Қалыпты тыныс алудың бұзылуы;
-
Түрлі ауруларға ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі;
Сонымен, шылым шегудің нәтижесінде адам өз көркін жоғалтып, денсаулығын бұзады.
Маскүнемдік, нашақорлық ауруларына қозғыш, иланғыш, мінезі тұрақсыз жасөспірімдер тез бейімделеді. Мұндай аурулар бассүйек-ми зақымданғанда оңай дамиды.
Кез-келген психобелсенді заттарды пайдалану ауруға әкеліп соғады. Маскүнемдік кезінде болатын блохимиялық өзгерістер, фермептативтік кемістік ұрпақтан-ұрпаққа беріледі деген болжам бар. Алкоголь, нашақорлық заттардың химиялық табиғаты әртүрлі болатынына қарамастан, олар мида біртекті биологиялық өзгерістер тудырады. Осыған байланысты біркелгі патогенетикалық механизмі бар наркологиялық тәуелділік қалыптасады. Бұл аурулар үш кезеңнен міндетті түрде өтеді:
Бірақ жасөспірімдерде барлық кезеңдер жылдам және ауыр түрде өтеді. Ересек адамдарда екінші кезең бірнеше жылдан кейін дамыса, балалар мен жасөспірімдерде 1-2 жылда немесе бірнеше айда дамиды.
Бірінші және екінші кезеңдердегі маскүнемдердің 10-15 пайызында өткір алкогольды психоздар дамып, естің нашарлануы, ақыл кемістігі пайда болады.
Соңғы жылдарда психиатриялық ауруханаларға алкогольды психозбен түсетін адамдардың саны айтарлықтай артты. Қазір аокогольды психоздардың классикалық түрі көбейді, соның ішінде ми кемістігі пайда болатын Карсоков психозымен ауыратын адамдар саны көбейді.
Маскүнемдікті, нашақорлықты медициналық-әлекметтік орталықтарда, наркодиспансерлерде, психиотриялық мекемелерде емдейді. Абститентті симдром /бас жазу/ емдеудің әсерінен жылдам жойылады, ал психикалық құштарлық бірнеше жылдар бойына сақталады. Сондықтан емдеуді тек аурудың өткір кезінде ғана емес, одан кейін де ұзақ уақыт жүргізу керек.
Жоғарыда айтылған алкоголизм, нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алу үшін қоғамда алкоголь мен темекі насихаттауды мүлдем доғару керек.
Сонымен, қорыта келгенде шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық адам денсаулығына көп зиянын тигізеді. Бірақ, өкінішке орай қазіргі жастар осы жаман әдеттерге өте жақын келеді. Олар осы әдеттер денсаулыққа зиян екенін біле тұрсада, шылым шегіп, ішімдік ішеді, тіпті нашақорлыққа да барады. Қазіргі таңда бұл мәселелер бүкіл халықтық проблемаға айналып отыр, сондықтан да бұл мәселеге бір адам немесе бір мекеме болып көңіл аудармай, бүкіл халық болып қарау керек.
“Қазақстанның болашағы жастар” деп елбасымыз жастарға сенім арттырып отыр. Бірақ біздер жастар мұндай жаман әдеттерге үйір болсақ, онда біздің мемлекетіміздің болашағы қандай болмақ.
Нашақорлықа жол жоқ
-
24 ақпан 2014
-
38485
-
0
-
0
Тақырыбы: Есірткі адамның
қасы, аурудың басы
Мақсаты:
Білімділік - дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық
кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын
түсіндіру;
Тәрбиелік - адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір
салтына тәрбиелеу;
Дамытушылық – оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген
аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен
бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға
сай болуын қалыптастыру, дамыту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі: Елбасы өзінің халыққа жолдауы «Қазақстан - 2050»
бағдарламасында «Салауатты өмір салты» туралы нақты айқындап
көрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да,
тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза,
көкжелекті дамыған елде тұруы керек»- деп айтып өткен.
Сабақ жоспары:
І. Профилактикалық минут.
1. Есірткі дегеніміз не?
2. Есірткінің қандай түрлері бар.
3. Есірткінің адам организміне әсері қандай?
4. Есірткіге құмарлық дегеніміз не?
5. Нашақорлар қандай жолмен есірткіге ақша табады?
6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Осы профилактикалық сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға
сала отырып пікір алмасты.
1. Есірткі дегеніміз не?
Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқы мен ұмыттыру
мен, жансыздандыруды білдіреді.
Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез –құлқын
бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып,
құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, айығу үмітсіз.
Әлеуметтік дертті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге
болады.
2. Есірткінің қандай түрлері бар?
1. Медицинада ауруды басу үшін қолданылатын (апиын, опиум, опий)
өнімдеріне морфин, кофеин, омнопин, промедол, метадон, көкнәр,
жәнет. б., заттар жатады.
- Сора өнімдері (коннабиноидтар) гашиш, анаша, марихуана және т.
б.
- Психикаға белсенді әсер ететін заттар – анфетамин (финамин)
сиднокарт;
- Қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон,
первитін, экстрази, фентозидәрі – дәрмектері және т. б.
- Ұйықтататын және седатифтік заттар – барбитураттар,
бензодиазипиндер, натрий оксибутироты және т. б.
- Галлюценогиндер (фенциклидин, кетами, ЛСД, псилоцибин, және т.
б.)
- Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі - дәрмектер (паркинсонға,
аллергияға Қарсы қолданылатын
циклодол, демидрол, пипольфен және т. б.)
- Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы
органикалық ұшпа заттар ( бензин, бензол, толуол және т.б Бұларды
көбінесе иіскейді). Адам организмі мен психикасына күшті әсер
ететін ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі – анаша.
Анаша – сұр түсті химиялық зат, облыстық және құрғақ аймақтарда
өсетін көкнәр тұқымынан алынады.
3. Есірткі қолданудың қандай жолдары бар?
Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы
қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан
арқылы тез миға жеткізеді.
Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу,
шайнау.)
Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы қабылдау. Тікелей тамырға
жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды. Сол
себепті нашақорлар денелеріне ине салуға болатын жерлер іздей
бастайды. Инені қол тамырларынан басқа да тамырларға салуға болады.
Көбінесе ата – аналар балалардың қолының тамырын қадағалап, аман
екен деп алаңсыз жүре береді. Ал, олар аяқ, жауырын тамырларына
салдыруы мүмкін.
4. Есірткінің адам организміне әсері қандай?
Адам организміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның
барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады.
Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік
басады.
Есірткі анда – санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады,
тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ – қолдарының сіңірі оқтын
– оқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тері
ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады.
Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын
болады.
Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді,
тиісінше мидағы эндорофин заттары оған үйренеді де жүйке
жасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қомайтын,
әлсіз болып қалады.
1. С. А. Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы
бар?(Ұстаздан ұлағат)
2. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай?(Отбасының бұзылуы,
қылмыстың артуы)
3. Құрамында этил спирті бар. Ол не?(Ішімдік)
4. Темекі құрамындағы улы зат?(Никотин)
5. Туберкулезге қарсы күрес күні?(24 - наурыз)
6. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы? (Парасатты, байыпты,
ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)
7. СПИД нашақорларға қалай жұғады?(ортақ пайдаланған ине
арқылы)
8.«Пассивті темекі шегу» деген термин нені білдіреді?
(Темекі шегетін адамның айналасындағы темекі шекпейтін адамның
темекінің түтінін жұтуы. Темекі шегетін адамның кесірінен басқа
адам жапа шегеді)
9. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні? (1 - желтоқсан)
6. Есірткінің ең көп тараған түрі?(анаша, кокаин, апиын)
5. Нашақорлар қандай жолмен ақша табады?
Жиі есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек.
Мысалы, орташа есеппен 0, 1 г есірткінің құны 500теңге. Күнде
нашақор осы мөлшерді қабылдауы керек. Жұмыс істемейтін адамға 500
теңге үлкен ақша. Нашақорлардың көбінің күнделікті басқа да
шығындары болады. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан
табамын деген мәселе тұрады.
Олар:
1. Қайтарымсыз ақша алу.
2. Ең оңай жолы – алдау. Яғни олар алдымен достарынан, туған -
туыстарынан, әке – шешесінен қарыз алады.
3. Үйінен ұрлау, көбінесе нашақордың қылмыстық жолы үйінен
басталады. Қымбат заттарды, зергерлік, техникалық заттарды
сатады.
4. Ұрлық – үйдегі ұрлайтын зат біткенде көршілердің, туыстарының
заттары және дүкендерге ұрлыққа түседі, қалта ақтаратын болады.
5. Есірткіні дайындау және сату. Нашақорлар арасында мұндай еңбек
«адал еңбек» деп аталады. Бұл ең көп ақша табу үшін қолданылатын
жұмыс түрі.
6. Алдау. Бұл жағы да нашақорлар арасында көп кездеседі
(қолдарындағы есірткіні өткізу немесе алу үшін түрлі қулыққа
барады.)
6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Нашақорлық пен ауыратын адамдарды медициналық – әлеуметтік оңалту
туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар
көзделінген.
- білікті медициналық – санитарлық көмек алуға;
- наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;
- өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының
сипаты, сондай – ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат
алуға;
- медициналық – әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет
болған жағдайда, жүрген жері бойынша өткізуге;
1 - оқушы:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
2 - оқушы:
Ей, болашақ!
Саулығың өз қолыңда,
Жаламасын тәніңді у, саныңды мұң.
3 - оқушы:
Нашақорлық - жайылған індет, білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ, білем.
Бәрі:
Ұланымыз туған еліміздің,
Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.
Салауатты өмірдің әнін тыңдап,
Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.
“Поезд”
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен 1,2 – ге саналып шығуымыз керек. 1 – ші номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2 – ші номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поездың жүру дыбысы естіледі.
Қоштасу: Жаттығу: “Май шам” (Шырақ).
Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Ал қазір мен май шамды жағамын. Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір – бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.
Қоштасуға май шамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.
-
Темекі тартқан адам жастай өкпе ауруына шалдығып өледі екен
. Себебі темекінің улы никотині өкпені, қолқаны тұтып, таза ауа
өткізбейді. Ал оның жанында жүрген адам екі есе зиян шегеді.
Сондықтан темекіге жол жоқ!
-
: -Жас жеткіншек!
Өздеріне айтып кету –борышым.
Ауырсаңдар бұл кеселмен
Дәрігер бере алмайды қол ұшын.
Жат әдет пен темекіге
Жоламаңдар сол үшін!
-
Жадыра: Темекі тартып ерікпе,
Өкпеңді алар демікпе.
-
Нұрбол: Ұзартқын келсе ғұмырды
Таста арақ пен шылымды.
-
Гауһар: Түтіні тісіңді сарғайтады,
Уы ерте қартайтады.
-
Ерасыл: Шылымды жерге тастама,
Айналаңды ластама!
Хормен: Нашақорлыққа жол жоқ!
«Темекіні таста, жаңа өмірді баста!»
(Оқушылар салынған суретті жыртып тастайды)
Іс-шараның мақсаты –
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Семинар "Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ кепілі"

шағым қалдыра аласыз