Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеміршекті балықтар:акулалар және скаттар.Бекіре балықтар,маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары.Қостынысты балықтар.Саусаққа

Материал туралы қысқаша түсінік
Шеміршекті балықтар:акулалар және скаттар.Бекіре балықтар,маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары.Қостынысты балықтар.Саусаққанатты балықтар,олардың құрлықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегі маңызы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Шеміршекті балықтар:акулалар және скаттар.Бекіре балықтар,маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары.Қостынысты балықтар.Саусаққанатты балықтар,олардың құрлықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар балықтар туралы алған мәліметтерін одан әрі дамытып,олардың маңызы,қалпына келтіру шаралары туралы қосымша мағлұмат алады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс,миға шабуыл,ой қорыту.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, бейнеролик, балық суреттері,сөзжұмбақ,тест.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып,түгендеймін.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Әр оқушы өзіне ұнаған балық туралы бір-бірінен қайталанбайтын мағлұмат әкеліп,баяндайды.Содан соң оқушыға қосымша сұрақ қоямын.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Скаттар (лат. Batomorpha не Batoіdeі ), тұтасқанаттылар — тақтажелбезектілер отрядының үстіңгі тобына жататын балықтар. Жоғары юра кезеңінен белгілі, жоғары бор дәуірінде көп тараған. Негізінен мұхиттарда (тереңд. 2700 м-ге дейінгі жерлерде), тропиктік аймақтардағы өзендерде кездеседі. Скаттардың 5 отряды, 16 тұқымдасы, 50 туысы және 350-дей түрі бар. Денесі тығыз, жалпақ, диск не ромб тәрізді, ұзындығы 30 см-ден 7 м-ге, салмағы ірілерінде 2,5 т-ға дейін жетеді. Терісі тықыр, кейде бұдырлы. 5 жұп желбезек саңылаулары бауыр жағында орналасқан. Жалпақ басы кеуде жүзу қанаттарымен бірігіп кеткен. Арқа жүзбеқанаттары құйрық жағында, көпшілігінде ол жоқ. Аналь, көпшілік түрінде құйрық жүзбеқанаттары болмайды, ал кеуде жүзбеқанаттары өте үлкен болады.

Скаттар — әдетте тірілей не жұмыртқалап туатын балықтар, ромб скаттәрізділер жұмыртқа салады. Скаттардың көпшілігі — бентофагтар (су түбінде тіршілік ететін жәндіктер), араларында жыртқыштары да кездеседі. Скаттардың көп түрінің еті жеуге жарамды, жүзбеқанаттары бағалы, бауырынан тех. май алынады. Кейбір түрлері (денелерінің бүйір жақтарында орналасқан эл. органдары мен улы бездері бар құйрық бөлігі) адамдарға қауіпті. . Скаттар жемін аулағанда кертпелі сояуды немесе электр зарядын пайдаланады. Олардың электр зарядының кернеуі 8-ден 220 вольтқа дейін жетеді. Скаттар жұмыртқа арқылы немесе тірілей шабақтап көбейеді.

Акулалар (Selachii), балықтар жасағы немесе басқаша классификацияда балықтар жасақшасы (Selachomorpha, Selachoidea, Selachioidei). Қазірде өмір сүретін 350–375 түрдің барлығы шеміршек сүйекті, басының екі жақ жанында 5-7 желбезек саңылау бар. Жылы теңіз суларында көптеп кездеседі, сонымен қатар қоңыржай аймақты теңіздерде және тіпті Атлант мұхитының арктикалық аймағында мекендейді.Қазіргі таңда өмір сүріп жатқан түрлерінің ішінде ең ірісі – кит акуласы (Rhincodon typus), оның ұзындығы 15 м-ге дейін жетеді, ал салмағы 10 тоннадан асады. Ең кішісі – қортық тікенекті акула (Squaliolus laticaudus),жетілген мұндай акуланың ұзындығы бар-жоғы 15 см. Акулалар – Орталық Азияның теңіз шөгінділерінен табылған жекелеген тістеріне қарағанда сонау силур кезеңінде, яғни шамамен 410 млн. жыл бұрын өмір сүрген ежелгі топқа жатады. Әлем бойынша жыл сайын акулалардың адамға шамамен 50-70 шабуылы тіркеледі, 5-10 жағдайда өлімге душар етеді. Олардың шамамен 30 түрі өз бетімен шабуылға бейім болады: олардың ішінде адамға көбіне шабуыл жасайтындары ақ (Carcharodoncarcharias), жолбарысты (Galeocerdo cuvieri) және доғалтұмсықты (Carcharhinus leucas) акулалар.

IV. Бекіту.

Оқушыларға сөзжұмбақ беремін.

Shape9 Shape8 Shape7 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape1

с

Shape2

и

м

р

е

д

и

п

э





Shape15 Shape14 Shape13 Shape10 Shape12 Shape11

т

х

а

х

а

б



Shape16 Shape18 Shape19 Shape17

с

а

к

т



Shape28 Shape26 Shape25 Shape27 Shape23 Shape21 Shape22 Shape24 Shape20

и

я

р

м

е

а

л

т

и





Shape33 Shape32 Shape31 Shape30 Shape29

л

а

ғ

о

ш

Shape41 Shape40 Shape39 Shape38 Shape37 Shape36 Shape35 Shape34

к

е

з

е

б

л

ж

е



Shape47 Shape46 Shape44 Shape45 Shape43 Shape42

н

а

р

т

о

ш





Shape49 Shape48 Shape51 Shape50

р

г

к

е



Shape52 Shape53 Shape54

с

і

и



Shape55 Shape56 Shape57 Shape58

қ

з

я

а







1.Балықтардың сыртқы тері қабаты қалай аталады?

2.Патша балығы

3.Жұпбалықтар орысша қалай аталады?

4.1938ж ауға түскен балықты ата.

5.Аталық безден бөлінген сұйықтық.

6.Балықтардың тыныс алу мүшесі.

7.Жыртқыш балық

8.Ихтиология қай тілден енген?

9.Акуланың қай сезім мүшесі өте жақсы дамыған?

10.Тұқытектестер отрядына жататын балық.

V. Қорытынды.

Оқушыларға 15 сұрақтан құралған тест беремін.

Тест сұрақтары

1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы:

а)мамология ә)герпетология б)ихтиология в)гельминтология

2.Желбезек саңылаулары 5-7 жұп болатын балықтар:

а)сүйекті балық ә)шеміршекті балық б)шортан в) сазан

3.Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған:

а)акула ә) скат б)аратұмсық в)аққайран

4.Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық:

а)Іле шармайы ә) Балқаш алабұғасы б) бекіре в)Еділ майшабағы

5.Балықтардың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады.

а) судың жылылығы

ә) судың тұздылығы

б)су ағысының күшін, бағытын, тербелісін

в) судың қышқылдылығын

6.Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады.

а) жауынан қорғану ә) дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өту

б) жауынан жасырыну в) судың астына өту

7.Балық қайда көбейеді.

а)құрлықта ә)суда, құрлықта б)тек сулы ортада в)екеуіде емес

8.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар.

а) 20 мыңнан астам ә)10 мыңнан астам

б) 30 мыңнан астам в) 40 мыңнан астам

9.Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі.

а) бүйрек ә)несепағар б)қуық в)клоака

10. Балықтың көбеюі қандай сатылардан тұрады.

а) уылдырық-балық ә) уылдырық-дернәсіл

б) дернәсіл-балық в)уылдырық-дернәсіл шабақ

11.Тұқы тәріздестер отрядының өкілі

а)акула,сауытбалық ә)қаракөз, табан, ақмарқа

б) бекіре, албырт, қортпа в)құнысбалық, майшабақ,қылқа

12.Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.

А)жүрегі, қантамырлары ә)торсылдақ

б) өкпе,желбезек в) жұтқыншақ, өңеш

13.Қара уылдырық алынатын балықтар

а) албырт тәріздестер

ә)бекіре тәріздестер

б) майшабақ тәріздестер

в) саусаққанатты балықтар

14.Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауы

а)қаны бар жануарлар

ә) салқынқанды жануарлар

б)жылықанды жануарлар

в) жылусүйгіш жануарлар

15.Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзілмейтін омыртқалылар тобы.

а)қағанақсыздар

ә)қағанақтылар

б) құстар

в)сүтқоректілер

Жауабы:

1Б 2Ә 3А 4В 5Б 6Ә 7Б 8А 9Б 10В 11Ә 12А 13Ә 14Б 15А

Әр оқушы тест жауабын көршісімен алмастырып,тексереді.

V.Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалаймын.

VI.Үй тапсырмасын беру.

§42 оқу,венн диаграммасын толтырып келу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
947
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12