400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сен және Заң

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сен және Заң" сынып сағатының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Сынып сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Сен және Заң

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Үлестірмелі материалдар

Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, нақыл сөзбен жазылған плакаттар,жеке суреттер,

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)





2 мин

Тәрбие сабағымызды бастамай тұрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні болып тұрған мына қанатты сездерге назар аударайық. 
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» 
Б. Момышұлы.

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»

Н.Назарбаев. 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

Компьютер



Сабақ басы (8 мин)







Мағынаны тану.

Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру заман талабы болып отыр. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Оқушылар

түсінгендері туралы ой бөліседі



Ортасы

12 мин












«Тарихқа саяхат» әдісі

Оқушылар сынып қабырғаларына ілінген қима қағаздарын оқып тарихқа көз жүгіртеді.

Енді осы кезге дейін жүріп өткен құқықтық жолымызға көз салып көрелік:

-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды. 
-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардыңкұқықтары декларациясы қабылданды. 
-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды.

-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды.

-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды. 
-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды.
 
-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші
Конституциямыз қабылданды.

- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңы қабылданды.

- 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңы қабылданды.


Оқушылар топ болып пікір алмасады келтіреді,






Ой бөлісу

Кеспе қағаздар










Бекіту

13мин

Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы 
баптарын саралап шығайық.

«Менің құқықтарым мен міндеттерім» әдісі.

Оқушыларға қима қағаздар таратылып беріледі. Оқушылар жұп болып өздеріне берілген баппен сыныптастарын таныстырады.


Заң міндетті бәрімізге, халайық, Заңнаманың басын ашып алайық, Барлық заңның біріктірер бастарын, Ата заңды қасиетке балайық



Соңы

5мин

Рефлексия «БББ» әдісі бойынша сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
273
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі