Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Шеңбер, дөңгелек

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математикадан қысқа мерзімді жоспар.

Пәні: математика, 5 сынып. Күні 21.10.2015 ж

Тақырыбы:

Шеңбер.Дөңгелек

Мақсаты

1. Білімділік: Шеңбер,дөңгелек туралы ерекшеліктерді ескере отырып тақырыпты өрнектеуді меңгерту

2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын дамыту.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, бір - біріне көмектесуге,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Дөңгелек туралы ерекшеліктерді ескере отырып тақырыпты өрнектеуді меңгереді және білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Ресурстар

Электрондық оқулық,смайликтер, кішітіректер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ойлан, тап» әдісі, «Айналмалы бекет» әдісі.

Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгендеу. «Менің сүйікті пәнім» әдісін қолданып, оқушылар өздерінің қандай пәнді ұнататынын сағат тілі бағытымен айтып, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

I. Қызығушылықты ояту. 14 минут

Қызығушылықты ояту мақсатында қайталауға арналған сұрақтар

1)Натурал сандар дегеніміз не?

2)Разрядтық қосылғыштар дегеніміз не?

3)Кластар дегеніміз не?

4)Нөл саны неліктен натурал сандар қатарына жатпайды?

Топтар өзара 3 топқа бөлінеді:

«Сантики», «Фантики», «Лимпопо».

«Ойлан, тап» әдісі бойынша шеңбершедегі сұрақтарға жауап беріп, артындағы әріптерден математикалық термин сөзді құрастыру.


II. Мағынаны тану. 23 минут

Өздігінен бағыт-бағдар беру.

Шеңбер – барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден (О нүктесінен) бірдей қашықтықта жататын геометриялық фигура.


Шеңбердің бойынан А нүктесін белгілейік. А және О нүктелері ұштары болатын АО кесінді сызайық. АО кесіндісін шеңбердің радиусы деп атаймыз. Радиус R әріпімен белгіленеді. Егер шеңбердің радиусы 16 мм болса, оны былайша жазамыз: R=16мм.

Егер шеңбердің бойындағы В және С нүктелерін қосатын ВС кесіндісі оның центрі (О нүктесі) арқылы өтсе, ВС кесіндісін шеңбердің диаметрі деп атаймыз. ВС – диаметр. Диаметр – D әріпімен белгіленеді. Егер шеңбердің диаметрі 32 мм болса, оны былайша жазады: D=32мм.

Диаметрдің бойында екі (ОВ және ОС) радиус орналасады. Сондықтан екі радиусқа тең:


D=2R


Жазықтықтық шеңбердің ішіндегі бөлігі, шеңбердің өзімен қоса дөңгелек деп аталады.


Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі шеңбердің доғасы деп аталады.



496

Центрі А нүктесі болатын шеңбердің диаметрі 10 см, центрі В нүктесі болатын шеңбердің диаметрі 4 см. D нүктесі екі шеңберге де ортақ. Шеңберлердің центрлерінің ара қашықтығын табыңдар. Шеңберлер өзара қалай орналасқан.Ж: арақашықтығы 3 см. Кіші шеңбер үлкен шеңбердің ішінде орналасқан.


497

Центрлері ортақ – О нүктесі, ОА және ОВ кесінділері радиустары болатын екі шеңбер кескінделген. АОВ үшбұрышының АВ қабырғасы 3 см, ал ОА қабырғасы ОВ қабырғасынан 1 см ұзын. АОВ үшбұрышының периметрі 12 см.

ОВ радиусы неше сантиметр? Ж:4 см;

ОА кесіндісі радиусы болатын шеңбердің диаметрі неше сантиметр?Ж:10 см.


498

Әрқайсысының ұзындығы 4 м болатын 20 бөрене ағашты ұзындықтары 25 сантиметрден кесіп, бөліктерге бөлу керек. Барлық бөрене неше рет кесілді? Ж:300рет.


499

1)403:13+(72-((114:19*25-137)*(41-352:11):39))=100;

2)(((15*6+576:48)-(56*24:42+66))*35+345)-28*17=9.


501

1)Дөңгелекте тік бұрышты неше сектор бар?

2)Дөңгелекте жазыңқы бұрышты неше сектор бар?


502

Суреттегі дөңгелек неше секторға бөлінген?



III. Ой толғаныс. 5 минут

Қосындыға ,айырмаға оқушылар мысалдар келтіреді.

Әр оқушы 5 мысалдан келтіреді.

Постер арқылы құрастырылған есептерді «Айналмалы бекет» әдісі арқылы шығарады. Сағат тілімен бағыттас, топтар бірін - бірі тексеріп, бағалайды.

Үйге тапсырма 1 мин

493,494,495

Бағалау 2 мин

Формативті бағалау

Рефлексия


Тексерілді: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Н. Әлметова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
762
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12