400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтерін біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


7.4А бөлім: Шеңбер. Геометриялықсалулар

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері

Сабақтың типі

Жаңа мазмұнды түсіндіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.28шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;

Сабақ мақсаттары

  • Шеңбер және оның элементтері тақырыбы бойынша жаңа ұғымдармен таныстыру.

  • Оқушылардың математикалық сөйлеу, ойлауқабілетінің дамуына, ақпараттық мәдениетініңсауатты қалыптасуына ықпал ету;

  • Тақырып бойынша білімдерін тереңдету.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

Білу жәнетүсіну

шеңбер мен дөңгелектің анықтамаларын және олардың элементтерін біледі.

Білужәнетүсіну

суреттендөңгелек сегмент пен дөңгелек сектор көрсетеді

дөңгелек сектор мен дөңгелексегменттіңанықтамасынбіледі


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- шеңберлердің орналасуын олардың центрлерінің ара қашықтығы мен радиустарына тәуелділігін сипаттайды;

- түзу мен шеңбердің өзара орналасуы шеңбер центрі мен берілген түзуге дейінгі қашықтыққа тәуелді екенін түсіндіреді;


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Радиус

Радиус

Radius

Диаметр

Диаметр

Diameter

Шеңбер

Окружность

Circle

Дөңгелек

Круг

Шеңбердің ұзындығы

Длина окружности

Perimeter of circle

Дөңгелектің ауданы

Площадь круга

Area of ​​a circle

Циркуль

Циркуль

Compass

Доға

Дуга

Аrc

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Бірдей қашықтықта,доғаны салыңыз.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Шеңбердің ұзындығын қалай табамыз?

Дөңгелектің ауданын табу формуласын қалай дәлелдеуге болады?

Құндылықтарды дарыту



  • анология бойынша талқылау, жалпылау, салыстыру және коя білу интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;

  • Өзін-өзі қадағалау және өзара қадағалау дағдыларын дамыту;

Пәнаралық байланыстар

Сызу, көркемөнер

АКТ қолдану дағдылары

«ActivInspire» бағдарламасын дұрыс қолдану арқылы интерактивті тақтаны презентацияны мезеттік өңдеуге дағдыландыру

Бастапқы білім



Параллель түзулер, бұрыштар мен үшбұрыштар түсінігі. Дәл өлшеу және сызу мүмкіндігі және салуды тексеру үшін бұрыштарды транспортирмен өлшей алу. Бұл бөлім Үшбұрыштар теңдігінің белгілері зерттеу бөлімімен параллель дами алады.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин









5 мин



І.Ұйымдастыру.

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу;

  • Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару;

  • Ынтымақтастық атмесферасын орнату;

  • Үй тапсырмасын тексеру;

  • Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.




ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау.

Оқытушы:

Интерактивті тақтадан презентацияның 2-ші слайдын көрсетеді. Оқушыларға алдын-ала дайындалған сұрақтарды кезекпен оқып отырады.

Оқушы:

Кезекпен тақтаға шығыпоқылған сұрақтардың жауабын сәйкес жолға бір тор көзге бір әріптен жазады.

Сөзжұмбақты шешкенде біздің жаңа тақырыбымыздың атауы шығады.

Сұрақтары:

  1. бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш)

  2. екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі)

  3. барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы)

  4. бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)

  5. үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді? (медиана)

  6. бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)







Ш













Е













Ң











Б

















Е













Р













Презентация

2-слайд



Сабақтың ортасы

Тақырыпты түсіндіру

10 минут























































































Есептер шығару

15 минут


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Оқытушы:

Презентацияның 3-8 слайдтарын кезекпен арасына жеткілікті уақыт салып көрсетеді. Оқушылардың ақпараттың мазмұны бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.

Оқушы:

Кезекпен көрсетілген ақпараттарды оқиды. Көрсетілген ақпараттарды дәптерге конспекті жасайды.

А нықтама. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады.

О нүктесі – шеңбердің центрі, АО – радиусы.

Белгіленуі: R немесе r.

(O, R) – центрі О нүктесі болатын,

радиусы R-ге тең шеңбер.




Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндісінхорда деп аталады. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Диаметр – ең үлкен хорда. Шеңбердің центрі диаметрдің ортасында жатады.


CD, AB, EF – хордалар,

AB – диаметр, AB=2R.


Ш еңбердің бөлігі доға деп аталады. Доғаны « » белгісімен белгілейді. Шеңбердің кез келген екі нүктесі оны екі доғаға бөледі.


және .


Екі радиустың арасындағы бұрыш центрлік бұрыш деп аталады.


АОВ бұрышы – центрлік бұрыш.


АВ доғасының градустық өлшемі АОВ центрлік бұрышының градустық өлшеміне тең.

.





Жазықтықтың шеңбермен шектелген

бөлігін дөңгелек деп атайды.






Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзуді жанама деп, ал осы ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды.


Ж анасу нүктесі шеңбер бойында жатқандықтан, оның центрге дейінгі қашықтығы радиусқа тең. Жанаманың өзге нүктелері шеңберден тысқары орналасқан, яғни олардан центрге дейінгі қашақтақтар радиустан үлкен. Олай болса, жанамасынан шеңбер центріне дейінгі қашақтық OK-ға тең, яғни . Сондықтан шеңберге жүргізілген жанама радиусқа перпендикуляр.



ІV. Есептер шығару.

Оқытушы:

Слайдтағы есептерді көрсетеді. Есептің мазмұнын қысқаша түсіндіреді.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында, әр оқушының жұмыс барысын бақылап, тапсырманы өз деңгейінде орындай алмай отырған оқушыларға мұғалім дұрыс бағыт-бағдар беріп, көмектеседі.

Оқушы:

Көрсетілген тапсырмаларды оқушылар жеке-жеке дәптерлеріне орындайды.


1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуымүмкін бе? ( d = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)

2. Шеңбердің радиусы диаметрден 15 мм кіші. Диаметрді табыңдар.

(r=d-15; d=?; Ш: d=2r; d=2(d-15); d=2d-30; -d=-30; d=30. 30 мм)

3. Шеңбердің В нүктесі арқылы ВС диаметрі және ВD хордасы жүргізілген. ВD-ның ұзындығы шеңбер радиусына тең (1-сурет). ОВD үшбұрышының ішкі бұрыштарын табыңдар. (600, 600, 600)

4. 1-суреттегіОDВ үшбұрышы тең қабырғалы. В нүктесі арқылы шеңберге жанама жүргізілсе, жанама мен ВD хордасының арасындағы бұрыш неше градус болатынын табыңдар. (300)

1-сурет

Тапсырманың орындалу уақыты біткеннен кейін тақтада дұрыс жауаптарын көрсетіп, оқушылар қзара тексереді және тексерген оқушыларды бағалайды.











3-слайд

















4-слайд













5-слайд





























6-слайд












7-слайд




8-слайд

















9-слайд

Қосымша №1

ІІІ.Cабақтың соңы

Бағалау

5 минут






























Рефлексия

5 минут

Математикалық диктант.

Оқытушы:

Төмендегі бос орындармен жазылған (соңындағы жауаптарын өшіріп тастау керек) парақтарды оқушыларға үлестіріп, тапсырманың шартын түсіндіреді.

Оқушы:

Төмендегі сөйлемдердегі бос орындарды дұрыс деп ойлаған сөздермен толтырады.


1. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы ... деп атайды. (диаметр)
2. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесіндіні шеңбердің... деп атайды. (радиус)
3. Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын... деп атайды. (шеңбер)
4. Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін ... деп атайды. (дөңгелек)
5. Шеңбердің бөліктерін...... деп атаймыз. (доға)

6. Шеңбермен бір ортақ нүктесі бар түзуді ... дейді. (жанама)

7. Екі радиустың арасындағы бұрышты ... деп атайды. (центрлік бұрыш)

Бағалау критерийлері

Сабақтың мақсаты

шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;

Дағдылар

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

Білу жәнетүсіну

Критерий

Оқушы 7 тапсырманың 6 –уын дұрыс істесе мақсатқа жетеді

Рефлексия:

- не білдім, нені үйрендім

- не түсініксіз күйінде қалды

- немен әлі жұмыс жасауым керек


Үй тапсырмасы

207, 213; №24 (Г-2).



Қосымша №2










10-слайд




























11-слайд

Геометрия 7 сынып

Шыныбеков Ә.Н.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1. Оқушылар өзара көмек көрсету арқылы олардыңжинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады.

2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.


Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
3856
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі