400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеңбердің ұзындығы. π саны. Шеңбердің доғасының ұзындығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныптағы геометрия пәнінен жазылған сабақ жоспары, әріптестеріме бір кәдеге жарар деген оймен жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

Шеңбердің ұзындығы және дөңгелектің ауданы

Мектеп: Подхоз ЖББНМ

Күні: 04.04..2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мухтарова Айтканым Булатовна

Сынып: 9

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны: 0

Сабақ тақырыбы

Шеңбердің ұзындығы. π саны. Шеңбердің доғасының ұзындығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Шеңбер ұзындығының формуласын, π саны туралы түсінік алады

Теориялық білімін практикада қолдана алады және білім – білік дағдылары қалыптасады, оқушының танымын кеңейеді, ойлау қабілетін артады

Есептер шығара алады

Сабақтың мақсаты

Шеңбердің ұзындығы. π саны мен шеңбердің доғасының ұзындығы туралы түсінік алу

Бағалау критерийі

Шеңбердің ұзындығы. π саны мен шеңбердің доғасының ұзындығы туралы түсінік алады, есептер шығарады

Пәнаралық байланыс

Химия, математика

Бастапқы білім

Синустар және косинустар теоремалары

Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

5мин


Ұйымдастыру сәті. Сыныппен амандасып, түгендеу.

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын сұрау

ІІ. Білімдерін жан - жақты тексеру:

Өткен материалды еске түсіру мақсатында сұрақ –жауап алу:

Синустар теоремасы

Косинустар теоремасы жайлы не білесіңдер?

Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табу кезінде қандай формула қолданылады?


Сабақтың ортасы

Миға шабул әдісімен сұрақтар қою

Сұрақ:

1.Шеңбер дегеніміз не?

2.Дөңгелек дегеніміз не?

3.Шеңбердің радиусы дегеніміз не?

4.Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?

5.Диаметр радиустан неше есе ұзын?

Шеңберге анықтамасы

-Шеңбердің қандай элементтері бар?

- Шеңбермен шеңбер, шеңбер мен түзу өзара қалай орналасады?

-Шеңбер қасиеттерін еске түсіріңдер

Білу деңгейі:

Практикалық тапсырма

1. Берілген заттың жиегін жіппен айналдырып ора.

2. Жіптің ұзындығын сызғышпен өлше.

3. Шаблонның диаметрін сызғышпен өлше.

4. Шеңбердің ұзындығын оның диаметрінің ұзындығына бөліңдер. Оқушылардың шығарған бөліндісі бірдей болады. Кез келген дөңгелектің шеңберінің ұзындығының оның диаметрінің ұзындығына қатынасы тұрақты шама. Оны гректің π – әрпімен белгілейміз.

π – саны шектеусіз ондық бөлшек.

Есептеулерде мәні алынады = π бұдан С = π • D

егер D = 2 R онда С = 2 π R

шебердің ұзындығы π саны мен шеңбердің диаметрінің көбейтіндісіне тең.

Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын анықтағанда π – саны маңызды және өте қажет. Бұл санды ежелгі грек математигі Пифагор ашқан болатын. Ол шеңбердің ұзындығын оның диаметрінен қанша есе үлкен екендігін көрсетеді:

Шеңбердің ұзындығын өлшеп табуға болады.

Шеңбер ұзындығы деп оған іштей сызылған дұрыс көпбұрыштардың қабырғаларының саны шексіз болғанда

периметрлерінің ұмтылатын шегін айтамыз.

Теорема. Кез-келген екі шеңбер ұзындығының қатынасы олардың сәйкес радиустарының қатынасына тең.

Салдар. Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы шеңберге тәуелсіз, барлық шеңберлерге бірде ортақ сан.

немесе теңдігі орындалады.


Доға ұзындығы

Шеңбер доғасының ұзындығы оған сәйкес центрлік бұрыштың шамасына пропорционал болады. Сондықтан 1 градусқа тең центрлік бұрышқа сәйкес келетін шеңбер доғасының ұзындығының 1/360 бөлігіне тең. Яғни, бұл доғаның ұзындығы . Сонымен, доға ұзындығының формуласы

.

Сергіту сәті:

1.Бір аяғымен тұрған әтеш салмағы 2 кг. Ол екі аяғымен тұрғанда салмағы қанша кг?

2.Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды, ол не?

3.5 оқушы кездесіп сәлемдесті, неше рет сәлемдесулер орындалады?

Оұулыұпен жұмыс есептер шығару № 590, 595,596,597


Сабақтың соңы

3 мин







Үйге тапсырма: №591,595

Кері байланыс:

Рефлексия: «Стикер»

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі