Сенім тәжірибелері

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Сенім тәжірибелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тимбилдинг жаттығулары қатысушылардың командалық рухын нығайтуға, бір-біріне деген сенімділікті арттыруға және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы











ТИМБИЛДИНГ



«Сенім тәжірибелері»



(20-87 әскери шекара орталығының

шекарашы сарбаздарына арналған ТИМБИЛДИНГ)





Педагог-психологтер: Абитова К.

Сарсенбаева К












2024-2025 оқу жылы

«Сенім тәжірибелері» ТИМБИЛДИНГ

(Бейнеу ауданы, 20-87 әскери шекара орталығының

шекарашы сарбаздарына арналған ТИМБИЛДИНГ)


Мақсаты: Сарбаздарға арналған тимбилдинг жаттығулары олардың командалық рухын нығайтуға, бір-біріне деген сенімділікті арттыруға және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар сарбаздар физикалық, интеллектуалдық және психологиялық тапсырмаларды орындауы арқылы командалық жұмыс, бір-біріне деген сенім және байланыс дағдыларын дамытуға арналған.

*Амандасу* жаттығуы.

Мақсаты: Топта жағымды ахуал тудыру, сарбаздардың есте сақтау қабілетін шыңдау, зейінін тұрақтандыру.

Шарты: Қатысушылар барлығы бір шеңберге жиналады. Бір сарбаз өз есімі мен өзінің жақсы 1 қасиетін айтады, келесі қатысушылар алдыңғы қатысушының есімі мен жағымды қасиетін өз есімі мен жағымды қасиетіне қоса айтады. Жаттығу шарты дәл осылай барлық қатысушы жалғастырады.

Топқа бөлу: Сарбаздарды 1,2 ге саналу арқылы екі топқа бөлу. Топтар команда капитанын сайлап, топтың аты мен ұранын ойласуға 1,2 минут уақыт беру. Топ жеңімпазын анықтаушы сарапшыларды анықтау.


1.*Колцо*жаттығуы.

Мақсаты: Топ басшысы мен бір-бірінің қолдауын сезіну, жылдамдыққа үйрену.

Шарты: Екі топ жеке-жеке шеңбер болып тұрады. Оларға колцо (обрущ) беріледі,

1 минуттық құмсағатымен уақыт белгіленеді. Сол уақытта колцоны қолымен ұстамай, шеңберді бұзбай топ басшысы келесі адамға жалғайды, колцо топ басшысына 1 минут уақыт ішінде жетуі керек. Дәл осы қалыпта орындаған топ жеңімпаз атанады.


Сергіту жаттығуы: «Айна» қатысушылар теріс қарап тұрады, ең алда тұрған адамға бір іс-қимыл көрсетіледі, соны келесі қатысушыға көрсету.


2.*Командалық кедергілер маршруты* жаттығуы

Мақсаты: Топ басшысының дауысын зейін қойып тыңдай алуы мен бағыт-бағдарына сенім артуын, қиын сәттен кейінгі ойлана алу дағдысын қалыптастыру.

Шарты: Екі топ қатар сапқа тұрады, топ басшысының ғана көзі ашық күйде, қалғандарының көздері жабыңқы күйде болады. Қатысушылардың алдына кегельдер кедергі ретінде қойылады, ал топ басшысы өз тобының мүшелерін қауіпсіздікпен алға қарай бағыттайды. Мәреге жеткен кезде ғана сарбаз көзін ашып, алдында тұрған ретсіз жатқан сөздерден мақал-мәтел құрастырады. Ең бірінші аяқтаған топ жеңімпаз атанады.


Сергіту жаттығуы: “Жер сілкінісі”қыздыру жаттығуы

Мақсаты: Сергіту арқылы еркін әрекет етуге үйрену

Шарты: Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр  және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған сарбаздар ауысуы керек.Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.


3.*Пинг теннис*жаттығуы

Мақсаты: Топтық бірлікке, мақсатқа жетуде тиімді әдістерді қолдана отырып жеңіске жетуге үйрету.

Шарты: Сарбаздардың барлығының маңдайларына стакандар кигізіледі. Олар сол стаканның көмегімен теннис добын бір-біріне қолының көмегінсіз мәредегі стаканға салулары керек. Бірінші болып мәредегі стаканға теннис добын сала алған топ жеңімпаз болып есептеледі.


Сергіту жаттығуы: «Сиқырлы сөздер» ойыны

Нұсқаушы кез-келген өтінішті айтады, ал сарбаз оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші » 


4. «Сөз құрастыру» жаттығуы

Мақсаты: Командалық бірлік пен бір шешімге келу, қарым-қатынас дағдысын дамыту.

Шарты: Екі топқа екі түрлі сөз беріледі, сарбаздардың әрқайсысының жауырынына ілінеді кімде қандай әріптер бар екенін бір-біріне көмектесу арқылы анықтай отырып, сол әріптерден 1 сөз (негізгі) шығарады, содан кейін сол сөзден әртүрлі сөздер құрастырады. Қай топтың құрастырған сөздері көп болса сол топ жеңімпаз болады.

САРБАЗДАРЫ – ас, базар,ар, база, бар, арба, рас, саз, сары, асар, сарбаз,аса, дара, ара, т.б

ЖАУЫНГЕРІМ – жау, жауын, ер, ау,жу, ар, нар, ауыр,жарым, жар, жарма, жыр, т.б


5. «Асар» жаттығуы

Мақсаты: Бір – бірін қолдай отырып, топтық

Шарты: Ортада үлкен шелекте су толтырылып тұрады, сарбаздар екі қатарға тұрады, оларға стакандар беріледі, топ басшылары шелектегі суды стаканмен топтарындағы қатысушыларға тасиды, ал олар бір-бірінің стакандарына суды тасымалдау арқылы өздеріне берілген ыдысты толтырулары керек. Қай топтың ыдысында су мөлшері көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.


Сергіту жаттығуы: «Қорапта не бар?» жаттығуы

Түйсігіміз қаншалықты дамығанын анықтауға арналған көңілді жаттығу. Қораптағы заттарды қолдың көмегімен сипай отырып не екенін сипаттап айта отырып табу


6. «Мен кіммін?» жаттығуы

Мақсаты: Ым ишара арқылы бір-бірін түсінуге үйрету

Шарты: Сарбаздардың маңдайларына әртүрлі карточкада суреттер ізбе – ізділікпен қойылады, қалған қатысушылар ым ишара арқылы не жасырылғанын, яғни өзінің кім екенін табуы керек. Қай топ ең көп кейіпкерлерді дұрыс тапқанына қарай бағаланады.

Ым-ишараны табуға 2 мүмкіндік қана беріледі.


Қорытынды:

Жеңімпаз топты анықтау, сарапшыларға сөз кезегін беру, марапаттау


РЕФЛЕКСИЯ. Сарбаздармен кері байланыс

Тимбилдингте ұнаған жаттығу?

Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

Сіз командалық жұмыста өзіңізге қандай баға бересіз?









1.Туған жердей жер болмас,


Туған елдей ел болмас.


2. Туған жер  алтын бесік



3. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз


еліңде ұлтан бол. 4. Туған жердің


қадірін шетте жүрсең білерсің.


5. Отан – отбасынан басталады


6. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл


7. Ит - тойған жеріне, Ер - туған

жеріне. 8. Өз елім - өлең төсегім.


9. Туған үйдің түтіні жылы,


Туған ананың күтімі жылы.

САРБАЗДАРЫ – ас, базар,ар, база, бар, арба, рас, саз, сары, асар, сарбаз,аса, дара, ара,


















ЖАУЫНГЕРІМ – жау, жауын, ер, ау,жу, ар, нар, ауыр,жарым, жар, жарма, жыр,

























Күні: Уақыты:

Бағалау парақшасы: Сарапшы:




Топтың аты

«Кольцо» ж\у

«Командалық кедергілер маршруты» ж\у

*Пинг теннис*

ж/у

«Сөз құрастыру» жаттығу

«Асар»

ж/у

«Мен кіммін?» жаттығуы


Жалпы

1.










2.
















Күні: Уақыты:

Бағалау парақшасы: Сарапшы:




Топтың аты

«Кольцо» ж\у

«Командалық кедергілер маршруты» ж\у

*Пинг теннис*

ж/у

«Сөз құрастыру» жаттығу

«Асар»

ж/у

«Мен кіммін?» жаттығуы


Жалпы

1.










2.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі