Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сенім туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адам өміріндегі сенімділіктің маңыздылығы туралы түсінік беру, бастауыш сыныпта өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: К.Макпалеев атындағы ЖОББМ

Мұғалiм: Сәрсенбек Шынар Рысбекқызы

Сынып: 4

Тақырып: Сенім туралы.

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: сенімділік, адалдық, жауапкершілік.


Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі сенімділіктің маңыздылығы туралытүсінік бере отыра, Ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға «сенім» ұғымының маңызын мәнін аша отырып, сенімділік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылық тапсырма кезінде адалдық, жауапкершілік қасиеттерге баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды сенімділік арттыруға, шынайылық танытуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

  1. Жағымды көңіл-күйге ену.


«Нұрға бөлену».

- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

23 сабақ. Кітаптағы 98-100 беттегі Серік Үсенұлының «Артылған ақша» мәтінін мазмұндау.

Сұрақтары:

  1. Сенім қандай іс-әрекеттердің бастауы бола алады?

  2. Бұл мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

  3. Бүгінгі тақырыбымыз қандай құндылыққа жатады деп ойлайсыңдар?

  4. Өзіңе сенім артқан кезде қандай күйге бөленесің? Айтып бер.

Ескертулер


Мұғалім «Хрустальная грусть» баяу әуенін қояды, жәй дауыспен «Нұрға бөлену» мәтінін айтып, өткізеді. Оқушылар көздерін жұмып отырады, мұғалімнің айтқанын, көз алдарына елестетеді.































Оқушылардың жауаптарына сүйеніп, мұғалім қорытындылайды.


  1. Дәйексөз.

«Ақиқаттың ең сенімді белгісі – қарапайымдылық пен ашықтық»

Ғабиден Мұстафин

  1. Дәйексөзді қалай түсіндіңіздер?

Дәйексөзді әуелі ұл балалар ,сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады

Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?


Дәйексөзің мағынасын өз сөздерімен ашу.

  1. Әңгiмелеу

«Ақиқат» аңыз

Бұрында бір кісі көп қиыншылықтарды кездестіреді. Ол өз өміріне ренжіп, бір пайғамбарға келеді. Ол кісі пайғамбарға қарап: О Алланың елшісі, Бұл дүниеде әділдік, шындық бар ма? деп сұрақ қойыпты.

Пайғамбар – әрине бар деді.

Мен өмір бойы ақиқатты таппадым, маған ақиқатты көрсет деп айтыпты. Мақұл, сен ертең бұлақ бойына барып, бекініп отырсаң ақиқатты табасың, бірақ не көрсең де қозғалма депті пайғамбар. Айтылған күні бұлақ бойына барып, бір жерге тығылып отырады. Не керемет болар екен деп ойлап тұрғанда, бір шабандоз келіп, бұлақтан су ішіпті. Сол кезде шабандоздың бір дорба алтыны суға түсіп қалды. Шабандоз алтының түскенін білмей, атына мініп кетіп қалды. Бір бала қой бағып жүріп, судағы алтынды тауып алады да, кімдікі, кімдікі, кімдікі деп үш мәрте сұрайды да үйіне алып кетеді.

Сол кезде бір шал судың бойына келіп, дем алуға отырады. Алтынын жоғалтқан шабандоз келіп, шалға алтынды қайтар дейді. Мен алтын көрмедім деген сөзіне сенбеген шабандоз, шалды өлтіріп, атына мініп кетеді. Бұндай әділдікке таң қалған кісі пайғамбарға барады да, О Алланың елшісі бұл қандай әділдік алтынды біреу тапса, ал басқа адам зардап шексе дейді.

Сонда пайғамбар Алтын жоғалтқан шабандоз, баланың әкесіне жұмыс істетіп ақысын төлемеді. Сол үшін құдай баласына әкесінің ақысын алып берді.

Ал шал болса, ол атақты қарақшы еді. Бұрын шабандоздың әкесін бейкүнә өлтірген. Ал енді баласы әкесінің құнын алды, деп жауап береді.


Сұрақтар:

1. Кісі пайғамбарға не үшін барды?

2. Ол кісі дүниеден нені іздеді?

3. Пайғампар балаға әділдікті қалай түсіндіріп айтып берді?

4. Ар-ұждан тазалығы қандай құндылық арқылы көрініс табады?

5. Өзің өмірде Ақиқат пен шындықты қалай айырып жүрсің?


Ертегілер жинағы


Мұғалім оқушыларға өз сөзімен әңгімені айтып береді.























Оқушылар әңгімені тыңдап, мұғалімнің сұрақтарына ауызша жауап беріп, талдайды.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушы дәптеріндегі №23 сабақ тапсырмалары:

1-топ: «Өзіңе сенімділік мақсатқа жеткізер» тақырыбында ой-толғау жазыңдар.

2-топ: Жоба күнделігіне бүгінгі тақырыбымызды жобамен байланысын тауып жазу.

3-топ: «Сенім» деген сөздің әрбір әрпінен басталатын адами қасиетті білдіретін сөздерді жазыңдар.

Шығармашылық тапсырмалар жұмыс дәптеріне орындалады.

Оқып талдау жасау.

  1. Топпен ән айту.

«Сенім»

Сөзін жазған Ринат Зайытов

Әнін жазған Ұлықпан Жолдасов

Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген,

Бір сенім бар

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім барда,асығам алға,

Ақ тілегім биікке самға!

Қайырмасы:

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы,

Сенім маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін,

Жүрегіммен сенемін!

Жылуын берер,

Шапағат төгер,

Махаббатым адаспай келер.



Әнді аудио арқылы орындау.

  1. Үй тапсырмасы.

24 сабақ. Кітаптағы 101-104 беттегі Өтебай Тұрманжановтың «Сенім» мәтінін мазмұндау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады.

  1. Сабақтың қорытынды сәті:

Баяу әуен қойылады.

- Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы... Сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, сау болыңдар!


Баяу әуен қойылады, мұғалім жәй дауыспен айтады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
387
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12