Сергіту сәті "Сіз қандай адамсыз?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сергіту сәті "Сіз қандай адамсыз?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сергіту сәті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сіз қандай адамсыз?



Үстел үстінде стақанда мөлдір, тап-таза су тұр. Бұл суды ішпес бұрын кез келген адамды түрлі ой мазалайтыны белгілі. Бірі – ойланбастан суды іше салады, екіншісілері – мұның қайдан шыққаны, кімнің әкелгені мазалайды. Үшіншілері болса, күдіктене ішуден бас тартады. Сонымен алдымен Сізді қандай ой мазалайды? Соған қарап мінезіңізді біліңіз.



  1. Аздап ойланып барып, ішемін.

  2. Еш ойланбастан ішемін.

  3. Алдымен: «Мұндай таза су қайдан пайда болды?» деген ой келеді.

  4. Біреуге ішуге ұсыныс жасаймын.

  5. Терезеден сыртқа қарап, суды ішемін де ұйқыға жатамын.

  6. Бұл жағдай менің сол кездегі көңіл-күйіме байланысты болады.

  7. Ол сумен түбектегі гүлді суғарамын.





























Аздап ойланып барып, ішемін

Аздың өзін қанағат тұтатын адамдар. Айналасындағы адамдардың сұлулығы мен ерекше қасиеттерін тез байқайды. Қар басқан биік таудың шыңына ұзақ уақыт көз жүгірте отырып, көптеген ойлар мен бейнелерді тудыра алады. Алайда бұл жан ішкі дүниесіне ешкімнің үңілуіне жол бермейді. Сиқырлы әлеміне кілтін тапқан сенімді адам ғана онда кіреді. Дегенмен жүрегі мен рухани жан-дүниесі бұл адамдардың өте таза.

Еш ойланбастан ішемін

Өте қарапайым жан. Өмір ағысымен жүргенде, қандай да бір мақсатқа қол жеткізгенде, болып жатқан қым-қиғаш оқиғалардың бәріне қалыпты жағдай деп қарайды. Осы өміріне қанағатпен шүкір деп жүре береді. Ақымақты немесе ұлы істер жасауға қабілетті емес. Қарапайым ғана жан, қарапайым өмір.

Алдымен: «Мұндай таза су қайдан пайда болды?» деген ой келеді

Шаруашылық жұмыстарды атқарғанда тәжірибелі болғандықтан есеппен жүреді. Үйде де, жұмыста да бұларға артылатын міндет көп. Тіпті жеке өміріне де қарауға шамасы жоқ. Олардың қолы тиген әрбір іс жанданып, гүлденеді. «Үлкен сезімдер» жайында адам ойына келмейтін сөздерді ойлап табады. Кез келген ісінің өзіне пайда әкелетіне бұлар сенімді.

Біреуге ішуге ұсыныс жасаймын

Мінезі аумалы-төкпелі. Түсінікті тілмен айтқанда «Бірде көл, бірде шөл». Әрекеттерін түсініп болмайды, өмір сүрудегі не мақсаты, не жоспары жоқ. Бұл адамдарды жақсы танып-білдім деген адамдардың өзі бір ғана сөз айтуы мүмкін. Ол –«Айтарым жоқ».

Терезеден сыртқа қарап, суды ішемін де ұйқыға жатамын

Әлсіз адам. Дегенмен айналадағы адамдардың ойын айқын әрі тез арада аңғарады. Олардың әлемі мен ішкі дүниесіне «абайсызда» немесе «әдейі» аяқ басқысы келгендерге өзі тез кедергі жасай алады. Бағалауды бұл типтегі адамдар білмейді.

Сол кездегі көңіл-күйі ме байланысты болады

Бұл жандарға айтарлықтай сенім артуға болмайды. Көңілді кезде бұдан өзге жақсы адам жоқ секілді болып көрінгенімен, аяқасты өзгергенде ойынан тарс шығып кетуі ғажап емес. Жан-дүниесіне кіріп сыр бөліскендей сыңай танытқанымен екі-үш күнде оны біреу айтып жүрсе таңқалмаңыз. Кейде өзінің де құпиясын ақтарып салғанына қарамастан мұндай адамдардан сақ болған артық болмайды.

Ол сумен түбектегі гүлді суғарамын

Ешкімге сенім артпайтын жандар. Жақсы тіршілігі, қол жеткізген биіктері, алған асулары барлығы өзінің еңбегімен келген дүниелер. Сыр сақтауға, ой бөлісугекелгенде таптырмас адамдар болып бағаланады, қолынан келсе көмегін аямайды. Бірақ алдау-арбауға бейім адамдарды мүлдем жанына жолатпауға тырысады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.10.2025
22
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі