400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Серік Асылбекұлының әңгімелеріндегі ұстаз образы

Материал туралы қысқаша түсінік
1960-80 жылдар қазақ прозасында тақырып аясы кеңіді, суреттеліп отырған оқиғаның әлеуметтік мазмұны тереңдеді, адам образы, характер күрделенді, соған орай көркемдік әдіс-тәсілдер жаңаша сипат алды. Қазақ жазушылары шығармаларында сомдалған ұстаз образы арқылы авторлық ұстанымын оқырманға жүктеді. Аталмыш кезең қаламгерлері жаңа идеялар нәтижесінде терең ойға барып тың концепцияларды ұсынды. Мақалада Кеңес уақытындағы мұғалім кәсібінің қалыптасуы тарихына шолу жүргізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Серік Асылбекұлының әңгімелеріндегі ұстаз образы

Алпысыншы жылдардың басында жарыққа шыққан әңгімелерге арқау болған мәселелер өмірдің сан саласын қамтиды. Ауыл тұрғындарының психологиясын жақсы білгендіктен, жазушылар соғыстан кейінгі уақыт әкелген адам санасындағы эволюцияны шынайы суреттеді. Қазақ әдебиетінің тарихында прозалық, әрі драматургиялық шығармаларымен елеулі орын алған Серік Асылбекұлының туындылары күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпады. Жазушының бірқатар әңгімелерінде қазақ ауылындағы орта мектептер жағдайы, мұғалімдердің педагогикалық ахуалы мен кәсіби білктілігі сияқты мәселелер қамтылған. Мектеп бітірушілердің толғану, қобалжу, бір сәтте есею сезімдері көркемдетіп жазылған шығарма – Серік Асылбекұлының «Мектеп бітіру кеші» [1, 3 б.] әңгімесі. Әңгімедегі сюжеттің эскпозициясы мектеп бітіру кеші болып жатқан староста Айбардың үйінің алдындағы көріністен басталады. Ұялшақ мінезі бар Нұраш үйге әлі кірмеді. Ауылдың кешкі салқын желіне керіліп, рақаттанып тұр. Жұлдыздары жамыраған аспан мен шегірткенің шырылы да бұл кешке үйлесіп-ақ тұр. Лирикалық музыканың даусы шығып жатқан үйде мұғалімдер мен оқушылар жарыса билеп жатты. Әңгімеде Нұраштың Бибіжанға деген ерекше сезімін көре аламыз. Екеуінің қосылуына Нұраштың баяғыда бір жасаған Бибіжанға ұнамсыз әрекеті себеп болып тұрғандай. Бибіжан да араларындағы бұл жағдайды шешуде жүрек үнін кері ысырып, ақылынан көмек сұраған. Оны Ленинградқа ат басын бұрған Нұрашпен мектеп бітіру кешінен кейін де қоштаспай кетуінен байқаймыз.

Әңгімеде басты кейіпкерлермен қатар жанама кейіпкер ретінде көрсетілген мұғалімдердің образы ашылады. Кеше ғана кішкентай бала ретінде қараған оқушылары, бүгінде есейгенін мұғалімдер дәл сол мектеп бітіру кешінде түсінді. Әрине, қимастық сезімі де бойларын кернеп тұр. Оған Майя Дмитриевнаның мына сөздері дәлел: «Қане, жастар! Бізбен тағы бір билеңдерші!» [1, 6 б.]. Ұстаздарымен соңғы мәрте билеуге бір топ жас қыздар таласа кетті. Әңгімеде есімі аталған тағы бір мұғалім – Рахат Жағыпарович. Алмагүлдің әкесінен естіген: «Кезінде жап-жақсы қызметтер жасаған, бір себептермен төмендеп келген ғой» [1, 8 б.],─ деген сөздеріне қарағанда, Рахат Жағыпарович отызыншы жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған. Екі жас баланың арасындағы еш маңызы жоқ әңгіме болып көрінгенімен, бұл ─ автордың оқырманға жеткізгісі келген жасырын белгісі. Ойымыздың шындығын дәлелдей түсетін жолдар ол – Рахат Жағыпаровичтің демалыс күні ішіп, дүйсенбі күні мектепке көзі қызарып келетіні. Көркем шығарма нақты бір ортадан тысқары тұрып жазылмайтындықтан, сол ортаға тән ерекшеліктер туынды идеясына сай мінездің бойына жинақталатыны жөнінде Н.Ғабдуллиннің «Уақыт сыры» атты еңбегінде: «Адам мінезін жағдай жасайды. Сондықтан көркем шығармада геройдың мінездерін беталды ойша қарастыруға болмайды. Автор адам мінездеріндегі кездейсоқ жайларды теріп немесе кейіпкердің сырт бітімін күлкілі етіп көрсетумен адам мінездерін жасай алмайды, бұл үшін өмір шындығына терең бойлап, белгілі бір әлеуметтік ортаға тән сипаттарды жинақтап, образ арқылы көрсету керек»[2], − деген пікіріне назар аудару қажет. Жағдай – сөз өнері ғылымында көп ретте көркемдік-эстетикалық ерекшелігі толық айқындала қоймаған әдеби категория. «Мектеп бітіру кеші» әңгімесіндегі «жағдай» ұғымы Рахат Жағыпаровичтің қоғамдық ортаның талап-тілегі бойынша қалыптасқан мінезінде айқындалады.

Автордың мұғалімдер тақырыбына арналған әңгімесі – «Мұғалімдер күні»[3, 244 б.]. Әңгіменің идеялық желісінде оқушыны оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарының қиындықтары сараланады. Дүрімжан Еңсепбаев – мектептегі өз ісін жетік меңгерген, теориялық дайындығы мол мұғалім. Алайда, аудандық оқу бөлімінен келген комиссия мүшесі Дүрімжан Еңсепбаевтың методикалық кемшіліктерін атап өтеді. Мұғалімнің өзі де әдістемеге маңызды нәрсе деп қарамайтын. Оған мына жолдар дәлел бола алады: «Методика деген не, тәйірі, біреулердің бас қатыру үшін ойлап тапқан ермегі, ең бастысы мұғалімнің жеке басының білімі, тереңдігі ғой» [3, 245 б.]. «Сегізінші кластың қазақ тілі дәптерлері тексерілмеген, дәптердегі бір де бір жолға үш аптадан бері қызыл қаламның ізі түспеген... Оқытушы Еңсепбаев үкіметтің қыруар ақшасын тегіннен тегін жеп жүре берген... Мектеп басшылары Еңсепбаевты бақылаусыз жіберген...»[3, 246 б.], − деген комиссияның сөздерінен кейін оқытушы Еңсепбаев ұяттан құнысып кетті. Дүрімжан Еңсепбаевты өз ісінің үздігі, іскер маман ретінде білетін мектеп ұжымы комиссия сөздеріне не сенерін, не сенбесін білмеді. Алайда, әдістемеге аса назар аудармағанымен, мұғалімнің теориялық даярлығы жақсы деңгейде еді. Алтыншы сынып оқушылары диктантты тек «өте жақсы» мен «жақсы» деген бағаға жазған. Комиссияның мұғалімге айтар сөзі көбейіп келеді, Еңсепбаев болса, директоры Ілепес Қожаназаровичке: «Мені қорғасаңшы», − деген көздерімен қарап қояды. «Еңсепбаев, отырыңыз! Біле білсеңіз бұл сіздің пайдаңызға айтылып жатқан сөз. Отырыңыз енді!» ...»[3, 247 б.], − директордың мұғалімге бар айта алғаны осы. Мәжілістен кейінгі сабағынан да көңілсіз шыққан мұғалім директормен жолда кезігіп қалады. Сонда Ілепес Қожаназарович мәжілісте айтқан сөздерінің мәнісін түсіндірді: «Мен сізді білемін... Жақсы білемін... Әділетті, білімді, үлгілі жан екеніңізді, қақ-соқпен ісіңіздің жоқтығын... Сондықтан осы аттестацияда біздің мектебімізге берілетін «методист-мұғалім» деген жалғыз орынды сізге бейімдеп жүргем. Енді, міне, көрдіңіз бе не қылғаныңызды!...»[3, 249 б.]. Директордың сөзінен аяушылық белгісі білінгенімен, түбіндегі ниеті: «Жоқ, осының өзі дұрыс болды. Сен ыбылжыған немеден оп-оңай құтылдық, шүкір, сәті түсіп орайы келді, міне», − деп тұрған еді. Ілепес Қожаназаровичтың бұл ойынан кейін, комиссия да әдейі шақырылуы мүмкін деген ой келеді. Алайда, аңғал мұғалім директордың теріс ниетін түсінбеді. Осылайша, мұғалім ауыл шетіндегі үйіне де жетті. Ал үйде оны құттықтаулар күтіп тұр еді. Бес жасар баласының оған арнаған сыйлығынан кейін ғана, бүгін «Мұғалімдер күні» екені есіне түседі. Дүрімжан Еңсепбаев мектепте мерекені биыл атаусыз қалдырғанын, басқа жылдары шағын болса да, сыйлық таратылатынын, тіпті үйі кеңірек біреулердікінде отырыс жасалатынын ойға алады.

Осы сәттен әңгімені оқырман ойы жалғастырып алып кетеді. «Мұғалімдер күні» расымен аталып өтілмеді ме, әлде ол отырысқа Дүрімжан Еңсепбаевты шақырмады ма? Себебі, мұғалімдер ұжымы мәжілістен кейін ескерту сөздер естімегендей көңілді шыққан болатын. Тұжырымды әр оқырман әрқалай жасайды. Ал бұл әңгімеден басты кейіпкер Дүрімжан Еңсепбаевтың бейнесінен аңқау, өз ісін жақсы көретін маманды аңғарылады.

Серік Асылбекұлының «Мектеп бітіру кеші», «Мұғалімдер күні» әңгімелерінің тақырыбы ауқымында мектептегі мұғалімдер мен олардың шәкірттеріне ортақ педагогикалық-психологиялық хал-ахуал қамтылады. Әңгімелердің идеялық желісінде мектептегі шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарының қиындықтары мен нәтижелі жетістіктері тұтасқан күрделі болмысы сараланады.

Қаламгер Серік Асылбекұлының әңгімелері өмір шындығын көркемдік жинақтаумен, авторлық-суреткерлік шешім өрнектерімен бейнелеген психологиялық, лирикалық-философиялық сарынды поэтикалық тұтастықпен жазылған туындылар қатарында бағаланады. Әңгімелердің мазмұны мен пішіні жүйесін құрап тұрған жалпы халықтық сөздік қор мен сөздің құрам байлығы мол пайдаланылған сөздер, сөз тіркестері арқылы қаламгердің суреткерлік шеберлік өрнектері айқын танылады. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиетінің әлемдік классикалық үрдістер арнасындағы дамуы желісінде көрнекті жазушы Серік Асылбекұлының қазіргі және болашақ ұрпақтарды тәрбиелейтін шығармалары – біздің ұлттық рухани құндылығымыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. . Асылбекұлы С. Сағыныш: Повестер мен әңгімелер. – Алматы, 1994. .

  2. .Ғабдуллин Н. Замандас келбеті. – Алматы: Жазушы, 1972. – 65 б.

  3. .Асылбекұлы С. Мұғалімдер күні: Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1984.





Смагулова Назерке Қанатбекқызы

«Қайнар» Академиясы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
615
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі