Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шертпе күй

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі

__________

__________2018 ж.


Ұзақ мерзімді жоспар 1 бөлімі: Қазақ халқының музыкалық мұрасы.

Мектеп:№274

Мұғалім: Құлемет Марат

Күні: 5 «А», «Ә», «Г» - 16.10

Күні: 5 «Б», «В», «Д» - 18.10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Күй құдіреті. Шертпе күй

Осы сабаққа құрылғаноқыту мақсаты


5.1.2.1 –дәстүрлі халық әндері мен аспаптық музыканың жанры мен стилін, күйдің түрлерін анықтау;

5.1.1.1 - музыканың түрін, стилі мен жанрын, музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

-сыныптастарымен бірге музыкалық аспапта күйді тыңдайды,көркемдік сипатына талдау жасай алады;

-күй жанрын ажыратуда музыкалық сауаттылығын дұрыс көрсетуге тырысады;

Оқушылардың көпшілігі:

сыныптастарымен бірге музыкалық аспапта күйді тыңдайды,көркемдік сипатына талдау жасай алады;

-күйдің орындау түрін ажырата алады,орындаушылық түрленімге баға беруге тырысады.

Кейбір оқушылар:

күй әуенін ажырата алады,интонациясын,стилін сезінеді;

-күйді орындау түрленімдеріне байланысты нақты пікір қоса алады.

Бағалау критерийлері

-Күйді тыңдау мен талдау барысындағы оқушылардың өзіндік пікірі.

-Күйден үзіндіні түсіндіру.

Тілдік мақсаты

Оқушылар:

Шертпе күйді талдау және талқылау барысында сәйкес терминдерді қолданады.

Талқлаға арналған сұрақтар:

  • «Сарыжайлау» күйін тыңдау барысында мен ...

  • Егер де ... мен өз жұмысымды жақсартар едім.

Құндылықтарды дарыту

Аспаптық музыканы тыңдауға үйрету, мәдени құндылықтарды дәстүрлі күйшілік өнер арқылы оқушыларға дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет

Бастапқы білім


Күйдің не екенін оқушылар теледидар арқылы, бастауыш сыныптардан түсінік қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут

1.Психологиялық дайындық.

Тарт күйіңді, домбыра!

Төгіл, төгіл тәтгікүй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін, желпін жел соқтыр!

Тауда тұман тұрмасын,

Көкте бұлт ыдыра!

Сабақ басында оқушылардың назарын жинақтау:

2.Үй тапсырмасын сұрау. «Қасиетті домбыра» ән мәтінін шумақ бойынша сұрау.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру


Сабақтың ортасы

5 минут




































10 минут











15 минут












1-тапсырма Ақпарат іздеу.Ұ.МК.

«Серпілген сауал» әдісі

«Шертпе күйі» атты тақырыпша аясында және төкпе күйдің құдіреті Тәттімбет өмірін оқушылармен бірге «күй» жанрын ,күйші өмірі,күйлердің орындалу түрлерін,тарихын талқылау.



«Шертпе күй – оң қолдың саусақтарымен шертіліп орындалатын күй»

МК.Тәттімбет Қазанғапұлы — қазақ күй өнерінде Арқа дәстүрін дамытқан өнер иесі. Оның әсем де көркем шығармалары еліміздің Орталық, Оңтүстік өңірлеріне кеңінен танымал. Тәттімбет Қазанғапұлы 1815-1862 жылы Қарағанды облысы, Егінді бұлақ жерінде жарық дүниеге келген. Композитор, күйші, шертпе күйді орындау мектебінің негізін салушылардың бірі. Шыққан тегі Қаракесек ішіндегі Байбөрі аталығы. Күйшінің әкесі Қазанғап ауыл-аймағына қадірлі адам болған. Бала Тәттімбет домбыра тартуды көкесі Әлиден үйреніп, күйші атанады. Күйлерді орындап қана қоймайды, өз жанынан да шығара бастайды. Зерттеушілердің анықтауынша, ол қазақ өнерінің дара тұлғалары — Біржан, Жанақ, Жаяу Мұса, Кемпірбай, Тоқа, Ықылас, Шашақ, Шөже және Алшынбай, Ерден, Құнанбай, Шыңғыс сияқты ел басыларымен пікірлес болған. II Александр тойына барған. Осыған қарап оның ел басқару ісіне араласқанын да аңғаруға болады. Бірақ Тәттімбет есімін тарихта қалдырған оның күйшілігі. Ең алдымен, Тәттімбет — саусақтарынан бал тамған шебер орындаушы, заманының ой-арманы мен мұң-мұқтажын дөп басып, күйлеріне арқау ете білген ірі суреткер-композитор. Қазақтың қара домбырасына оң бұрау, теріс бұрау, шалыс бұрау, қалыс бұрау, тел бұрау секілді ұғымдарды енгізген де Тәттімбет.

Тәттімбет Қазанғапұлы “Сарыжайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді.

Дескриптор:

Тыңдаған дерек бойынша сұраққа жауап береді.

«Сарыжайлау» күйінің шығу тарихын біледі.

ҚБ. Мадақтау.
2-тапсырма Тыңдау және талдау.

Бейне жазба арқылы Тәттімбеттің « Сарыжайлау» күйін белгілі домбыраша Әбікен Қасеновтың орындауында тыңдайды.(Әбікен Хасенов( 1897-1958) – қазақтың белгіді күйші- домбырашысы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.)

ОТ. Күйге сипаттама береді. «Сарыжайлау» күйін «Отырар сазы» және Жамила Серкебаеваның орындауында тыңдайды.

Дескриптор:

Тыңдау барысында күйдің орындау ерекшеліктеріне тоқталады.

Күй әуенінің өзгеріске ұшырағанын байқайды, пікірін ортаға салады.

ҚБ. Үш шапалақ

3-тапсырма.Орындау.

  • «Сарыжайлау» күйінің негізгі әуенін «ля» немесе «дың» буындарымен орында.

  • Өзіңе ұнаған екпінді тыңда.

  • Орындалған күй үзіндісін түрлендір.

Дескриптор:

Күйді буындар арқылы орындайды.

Өзіне ұнаған екпінді тыңдай алады.

Орындалған күй үзіндісін түрлендіре алады.

ҚБ. Бас бармақ










Уикипедиядан алынды




























Google

Аudio










Google

аudio

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: «Шертпе күй шеберлері туралы мәлімет жинап келу.

Рефлексия.

Мен не білдім?

Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?




Рефлексия


Сабақта бағалаудың әдіс-тәсілдерінің қолданылуы :


Әдіс-тәсілдерді сақтайтын денсаулық.


Жалпы баға


Сабақтың қандай екіа спектісі жақсы өтті? (ойланыңыз, білім беруде , солай оқытуда да)?

1:

2:

Сабақтың жақсы өтуіне қалай көмек берер едіңіз? (ойланыңыз, білім беруде , солай оқытуда да)?

1:

2:

Менің сабақта сынып туралы,жетістіктері туралы байқағаным /кейбір оқушыларға қиыншылық тудырғаны, келесі сабақта неге аса көңіл аудару керек?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1701
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12