Т.Қултумиев атындағы №1 Құлсары балалар саз мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Шертпе күй дәстүрінде домбыра тартуды алғаш үйрену»
Домбыра тенор мұғалімі: Сағынбаев Хамит
Құлсары қаласы
2024-жыл
Бекітемін:
Оқу ісі жөніндегі орынбасары ________ Дүйсенова Г.
«__»________ 20__оқу жылы.
Мұғалім: Сағынбаев Хамит
Аспабы: Домбыра-тенор
Оқушы: Есболай Асалы
Сыныбы: 3-сынып.
Күні: 17.01.2023ж
Уақыты: 09:55
Сабақтың тақырыбы: «Шертпе күй дәстүрінде домбыра тартуды алғаш үйрену»
Мақсаты: Оқушыға жалпы шертпе күйшілік мектебін толықтай түсіндіріп, домбырада ойнап үйрету.
Дамытушылық:Шертпе күй мектептерінің күйшілерімен таныстыру, әр күйшінің өзіндік стильдік жүйесін түсіндіру, орындалу бағытын көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, кітаптар, аспаптар.
|
№ |
Сабақ барысы |
Уақыты |
|
1 |
Ұйымдастыру бөлімі |
2 мин |
|
2 |
Үй тапсырмасын сұрау Сейтек «Тойбастар» |
15 мин |
|
3 |
Сынып жұмысы: Шертпе күйшілік мектебін толықтай түсіндіру. Халық күйі «Мұңды қыз» күйінің бастапқы жолдарына талдау жасау |
20 мин |
|
4 |
Үйге тапсырма Қорытынды |
3 мин |
Ұйымдастыру бөлімі:
1) Оқушымен таныстыру
2) Домбыра бұрауын келтіру
Үй тапсырмасын тексеруСейтек «Тойбастар» күйін жатқа санап ойнату.
Негізгі бөлім. Сынып жұмысы. Жаңа сабақ: Шертпе күйшілік мектебі туралы жаңа сабағымызды бастаймыз.Күй – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі.
Күй сазының екі түрлік әуендік тармағына байланысты халықтың өзі «шертпе күй», «төкпе күй» деп мәңгілік ат қойды. Әр дәстүр өз алдына бірнеше мектептерден тұрады.Шертпе күй — аспаптық дәстүрі өте көне және Қазақстанның түгелдей дерлік аймағына кең тараған дәстүр. Шертпе күй деп ел арасында домбыраға арналған күйлердің ертеден сақталған, бірақ өте жоғары дамыған өзіндік бір ерекше мақамы бар айырықша күйде орындалатын түрін айтады. Шертпе күйлер негізінен лирикалық сезімге бай, бұларда ойға шомып жан-дүниеге түрткі салатын сыршылдық басым. Шертпе күй мектебі 3-ке бөлінеді: Арқа, Қаратау, Жетісу мектептері; «Арқа» күйшілік мектебінің негізін қалаушы: Тәттімбет оның ізін басатын Тоқа. Аққыз, Әбікен Хасенов, Мағауия Хамзин. «Қаратау» күйшілік мектебін: Сүгір, Раздық, Әлшекей, Төлеген Момбеков т.б «Жетісу» күйшілік мектебіне: Байсерке, Тіленді, Нұрғиса Тілендиев, Алтай, Қытай және моңғол қазақтарының күйлері жатады. Шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып күй тақырыбы әр ішекте кездесе жүреді. Күйдің дәстүрлі мектептеріне, орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты оң қолдың 4 саусағынан (шынақтан) бастап бірінші сұқ саусаққа дейін бірінен соң бірін тізбектеп, қос шекте тек төмен ғана шерту керек.
Шертпе күйлер көбіне асықпай баяу, баппан орындауды, домбырадағы қос шекті алма кезек даралап шертуді, пернедегі вибрациялық толқынды қажет етеді.Тек осы айтылған тәсілде орындалса ғана ұғымға жеңіл, жүрекке жылы, көңілге қонымды болып шығады. Осындай әдіс тәсілі Тәттімбеттің, Сүгірдің т.б халық композиторларының күйлерінде қолданылады. Мысалы бірінен кейін бірін тізбектей шерте қағу ол Арқа күйшілік мектебіне тән. Ал оң қолдың 3 саусағын біріктіре,топтастыра қағу – ол Қаратау мектебінің әдісі. Мысалы Тәттімбеттің «Қос басар» күйін осылай топтастыра қақса, күй характерін жоғалтып алады.
«Шертпе тарту», «көсіп тарту», «іліп тарту». «Көкей кесті» күйінде іліп тарту әдісі қолданылады. «Секіртпе тартуда» 1,2-саусақты пайдаланған ол «Әлқиса» күйінде кездеседі, бұл – Жетісу мектебінің ерекшелігі. «Ішімен тұту» әдісі ол «Сылқылдақ» күйінде пайдаланылады. «Сыртымен тұту»әдісі «Сылқым қыз» күйінде пайдаланылады. Оң қолмен тербеліс «вибрация» алудың мүмкіндігі «Көкейкесті» күйінде қолданады. «Сүйретпе» қағысты С.Тұрысбеков «Ақ жауын» күйінде қолданамыз. Нақтылап айтсақ төмен сұқ саусақ, төмен бармақ, жоғары сұқ саусақ ішімен алынады. Домбыраның мойынынан қағу тәсілі және тиектің артынан қағу ол Н.Тілендиевтың «Аққу» күйінде қолданамыз.
Орындау кезінде сол қол қойылымын тұрысы, саусақтардың ара қашықтығын сақтау, білек, шынтақ бас бармақты шашыратпай жинақы ұстау.Домбырада ойнау кезіндегі сол қол қойылымының мақсаты, орындауда саусақтардың еркін ауысуы. Аппликатура мен позиция дыбыс бояуын сол қолда дұрыс орындаудың басты шарты. Осы позицияларды меңгергенде ғана ойнау шеберлігі шыңдала түседі.Сонда дыбыс сапалы болады. Әр өрнектердің барлығы нотаға жазыла бермейді сондықтан күйші осы өрнектің керек екендігін күйді ойнағанда өзі сезіне пайдалану керек. Мысалы, «Қаратау» шертпесінде нота (си,до) нотаға жазылады бірақ (до) нотасын басып ойнамайды, (си) нотасын саусақ пен тарту арқылы (до) нотасын шығарады.Осындай әдіс амалдарды пайдалану арқылы күй құдіретін тануға болады.
шертпе күймен төкпе күйдің айырмашылығы шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғанымен, оның айтарлықтай өзгешеліктері де бар.
Олар 1. Бұл дәстүрде 1,2,3 саусақтар жиі қолданылады.
2. 3,4 – саусақтар мен ішекті бір мезгілде қатар басу көп кездеседі..
3. Бас бармақ сирек пайдаланылады. Мысалы, «Қос басар» күйінде бір тактінің ішінде біршама әдіс амалдарды пайдалануға болады.
Орындаушылық өнердің тобықтай түйіні: екі қолдың жымдасқан үндестігіне күй тартудың көп ғасырлық тәжірибесінің арқасында кейбір әдемі әдіс- тәсілдер қалыптасты. Күй тарту шеберлігінің дәстүрі деп жылдар бойы қалыптасқан, кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған тұрақты әдіс – тәсілдерді айтамыз.
Халық күйі «Мұңды қыз» күйіне талдау жасау. . Ол күйдегі сол қол қойылымына тоқталып, апликатурасын орнықтырып, шертпе күйшілік мектебінің қағыстарын қолдана отырып жәй ырғақта талдап, нота мәтініне қарап отырып ойнаймыз.
Қорытынды: оқушы осылайша шертпе күйшілік мектебін толықтай қамтып, күйшілер туралы, ойналу стильдік бағытын көріп, түсініп, жалпы айтқанда әрі қарай шерпе күйлерді ойнауына оқушы өзіне керекті білімін алады.
Бекіту.
1)Шертпе күй дегеніміз не?
2)Шертпе күйшілік мектебі нешеге бөлінеді?
3)Қағысы қандай?
Үйге тапсырма: бүгінгі сабақта түсінгенін қайталау.Берілген жерге дейін шертпе қағыспен жұмыстану,күйді жәй темпте ойнау. Әрі қарай өз бетімен нота сауатын дамытып шығарып келу.
Оқушыны бағалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шертпе күйшілік дәстүр

шағым қалдыра аласыз