Серуен 123.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Ауа райын бақылау»
Мақсаты: Балаларға ауа райының жағдайын байқап, белгілеуді ұсыну. Қатты желге назар аудару. Қатты жел әсіресе ақпан айында жиі болады,
ұйтқыған боран мен бұрқасын борандарда қар бір жердең бір жерге жөңікіліп жүреді.
Жүру барысы: Өлең оқу: Қыстың кенже баласы ақпанбысың,
Аспан астың ораған ақ қармысың.
Алай-түлей бораның, аязында,
Әппағым-ау аз –аздан шақтармысың?!
Әңгімелесу: -Балалар күннің көзі жылы ма?
-Аяз ба, немесе боран ба?
2.Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық»
Ойын шарты: Ойынға топ балалары түгел қатысады. Балаларды дөңгелене тұрғызып, ортаға тәрбиеші көмегімен тышқан мен мысық сайланады. Дөңгелене тұрған балалар тышқанды мысықтан қорғауға жұмыстанады. Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық таныта білуі қажет. Ойын осылайша жалғасады, мысық пен тышқан бетперделерін пайдаланады.
3.Еңбек: Ауланы қардан тазалау.
Ойын: «Кім шапшаң»
Мақсаты: Балалардың шапдығын, ептілігін дамыта отырып, еңбекке баулу.
4.Жеке жұмыс: Асем, Амина, Қасиет тіл дамытудан жұмыс жүргізу.
Жаңылтпаш айту: Қар аппақ, дала аппақ-бәрі аппақ,
Қыс қыспаса, қыс па, құс ұшпаса ұшпа.
Д/ойын: «Кім жылдам»
Мазмұны: Балалар саппен келе жатып, тәрбиеші белгі берісімен, жан-жаққа бытырап, ойнап кетеді. Екінші белгімен тез өз орындарына тұра қалады. Тәрбиеші «1,2,3» деп санағанша балалар тұрып үлгеруі керек. Кімнің тез, дұрыс тұрғанын атап айтылып, жаңылған балаға ескерту берілед
5.Еркін ойын: Балалардың өз қалауынша ойнауға мүмкіндік беру.
Серуен 124.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Күнге бақылау»
Мақсаты: Күннің көзін қыс мезгілімен (қыстың басы, ортасы,аяғымен ) байланыстырып, балаларға барынша мол түсінік беру.
Жүру барысы: Сұрақ-жауап: -Балалар күн көзін бақылаңдаршы.
- Бүгін күн бұлтты ма?
-Бұлтсыз ба?
2.Қимылды ойын: «Паравоз», «Қара күшік»
Ойын шарты: Балалар саппен келе жатып, тәрбиеші белгі берісімен, жан-жаққа бытырап, ойнап кетеді. Екінші белгімен тез өз орындарына тұра қалады. Тәрбиеші «1,2,3» деп санағанша балалар тұрып үлгеруі керек. Кімнің тез, дұрыс тұрғанын атап айтылып, жаңылған балаға ескерту беріледі.
Ойын: «Қара күшік»
Ойын шарты: Ойынға 5-10 бала қатысады. Оңаша жерге топтасады. Өз араларынан бір баланы қазық етіп арнайы белгілейді. Қазық тұрған жерінен қозғалмай қала береді. Басқалары әрі таман кетіп қалады. Содан кейін ойынға қатынасушылар қазық
ойыншыны қоршап, бірте-бірте жақындай түседі. Таяп келіп: Мына жатқан кім-деп
шошынғандай бірінен-бірі сұрасады. Біреуі: Ойбай-ау, бұл қара күшік қой?-деп
тұра қашады. Басқа ойыншыларда. Қара күшік! Қара күшік!-деп, жан-жаққа қаша
жөнеледі. Қара күшік біреуін ұстап қалуы үшін тұра қуады. Қолға түскен бала «Қара күшік» болады. Ойын қайта басталады да, сол ретпен жалғаса береді
3.Еңбек: Балаларға алаңға қардан аққала жасауды ұсыну.
Жұмбақ: Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Мақал-мәтел: Мезгіл жетсе, мұзда ерір.
4.Жеке жұмыс: Нұрсая, Шапағат, құндыз көркем әдебиеттен тасырма орындау.
Сұрақ-жауап: -Қазір жылдың қай мезгілі?
-Жердің беті қандай?
-Күн көзінің нұры қандай?
-Сіздер аязды сезіп тұрсыздар ма?
Өлең оқу: Аппақ, аппақ ақшақар,
Бірін ұстап алайын.
Ұстадым!
Жоқ, ақша қар,
Қайдан іздеп табамын.
5.Еркін ойын: Балалардың іс-әрекетін бақылау.
Серуен 125.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Желге бақылау»
Мақсаты:Желдің бағытын бақылау.
Жүру барысы: -Желдің бағытын қалай бақылауға болады?
-Қыста жел қандай болады?
-Қазір далада жел байқала ма?
Өлең оқу: Аппақ,аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды, түнгі аспан.
2.Қимылды ойын: «Қояндар мен қасқырлар»
Ойын шарты: Балалардың арасынан қасқырды таңдап алу.
Қалған балалар қоянның рөлін ойнайды. Қояндар өздеріне үйшік жасап алады.
Қасқыр алаңның екінші жағында сайда болады.
Тәрбиеші: Шоқақ ,шоқақ жүгіріп,
Қояндар кетіп барады.
Тұрған көгі құлпырып,
Көгалды іздеп табады.
Шөпті жалмап жеседі,
-Қасқыр жоқ па?-деседі.
Тың-тыңдайды абайлап.
Қояндар жүгіріп шығып ойнайды. Қасқыр сайдан шығып қуалап бастайды.Қояндар үйлеріне қашады Ойын жалғасып ойналады.
3.Еңбек: Балаларға ойын алаңындағы ойын құралдарын қардан тазалауды үйрету.
-Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
-Балалар қардан не жасап ойнаймыз?
-Қар мұздай ма, жылы ма?
-Қане, қолымызбен ұстап көрейік?
4.Жеке жұмыс: Саят, Қазыбек, Дарын, Ықылас Тіл дамытудан тапсырма орындау.
1. Қыс мезгілі туралы тақпақ айту: Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп-үшкір,
Көзі көмір, қап-қара.
5.Еркін ойын: Балалар өз бетінше қызықты іс-әрекетімен айналысуға мүмкіндік беру.
Серуен 126.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Ағаштарға бақылау»
Мақсаты: : Балалардың ағаштарды қыс кезінде қалпын анықтап, білімін толықтыру.
Ағаштарды сыртқы түсінен, түрінен, бұтақтарынан қалай орналасуынан танып, айыруға үйрету.
Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.
Жүру барысы: Сұрақтар:
- Жапырақтар неге күзде түсіп қалады?
- Жапырақсыз ағаштарды қалай атаймыз?
- Ағаштар бір біріне немен ұқсас?
-Ордың айырмашылығы қандай?
Тапсырма: «Таңғажайып ағаштарды безендіреміз» тақырыбына сурет салу.
2.Қимылды ойын: «Түлкі мен торғай»
Ойын шарты: Бір бала түлкі болады, қалған балалар торғайлар,олар биік бөрене үстінде қонақтап отырады. Балалар торғай жөнінде өлең айтады.
Торғай, торғай тоқылдақ,
Жерден тары шоқып -ап.
Бөтегесі томпиып,
«Шиық-шиық» десіп отырады.
Торғайлар ұшып-қонып жүреді. Сол кезде түлкі келіп, оларды қуа жөнеледі. Ұясына жетпей түлкіге ұсталған бала ортада қалады. Ойын осылайша қайталанып ойналады.
3.Еңбек: Ағаштардың түбіне қар жинау. Қар ағаш түбін аяздан қорғайтынын түсіндіру.
Өлең оқу: Ағаштар тұр жүдеп,
Жапырақ сәні енеді.
Соғады жел үдеп,
Қыстың келіп сәлемі.
Жұмбақ шешу: Жазда жатсаң көлеңке,
Қыста жақсаң отының. (Ағаш)
4.Жеке жұмыс: Айәділ, Динара, Айзере көрке әдебиеттен жұмыс.
Д/ойын: «Не жоғалды»
Мазмұны: Балаларға бірнеше ойыншықтардың суретін көрсетіп: Балалардың көздерін жұмдыру. Балалар көздерін ашқанда қандай ойыншықтың суреті жоқ екенін табу. Ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ертегі әңгімелеу: «Түлкі мен тырна»
Мақсаты: Балалардың ертегі мазмұнын дұрыс тыңдай білуге, өз бетінше әңгімелеуге үйрету.
5.Еркін ойын: Балалар өз қалауынша ойындар ойнауы.
Серуен 127.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Құстарға бақылау»
Мақсаты:Қыстайтын, алаңға келетін құстардың аттарын анықтау. Олардың сыртқы бейнесін, қандай жемді жақсы көретінін, қалай тұрып, қалай жүретіндерін анықтау.
Балаларды байқағыштыққа, құстарға жанашыр болуға тәрбиелеу.
Жүру барысы:Өлең оқу:
Мың торғай қамаса қораға,
Бір торғай тұрмайды...
Бір торғай тұрмайтын қораға
Мың торғай тұрмайды.
2.Қимылды ойын: «Қуып жет»
Ойын шарты: Балалар алаңның бір шетінде тұрады, тәрбиеші алдына қарсы тұрады.
Тәрбиеші «Қуып жет»-деп қарсы бетке жүгіреді, балалар қуып, ұстап алуға жұмыстанады. Ойын осылайша ойналады.
3.Еңбек: Құстарға тамақ беру, Құстар қандай тамақтар житінін бақылай отырып, оларға жем беру керектігін үйрету.
Ырымдар: Сарышымшық үйге ұшып келсе жақын арада қыстың түсетінін білдіреді.
Бозторғай қыста ән салса қар еріп, жер батпақ болады.
Егер торғай шөпке тығылса аяз немесе боран болады.
4.Жеке жұмыс: Асем, Фатима, Бексұлтан математикадан тапсырма орындау.
Санамақ: Бақшаға жақсы аға,
Көп ойыншық әкелді.
Бір қоян, екі доп, үш мысық,
Төрт машина, бес қуыршақ.
Сегіз ат, тоғыз аю.
«Дұрыс сана» ойыны 1-5 ке дейін снау. Сандар қатарын дұрыс санап қанша? неше? сұрақтарына жауап беру.
Дид/ойын: «Ненің төлі»
Мазмұны: Үй жануарларының төлдерін көрсете отырып, олардың атауын айтқызып ненің төлі екен танып атап беруді ұсыну.
5.Еркін ойын: Балалар өз еркімен ойнайды.
Серуен 190.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Ауа райын бақылау»
Мақсаты:Ауа райына қадағалау жасау,маусымның белгісіне көңіл аударту. Маусым жаздың басы, жеміс-жидектің гүлдеп болатын, құрт-құмырсқалардың, құсатардың келуімен байланысты,маусым ең ұзақ күн,ең қысқа түн екенін айту.
Жүру барысы: Сурет бойынша әңгәмелету.

3.Еңбек: Топырақтарды қопсыту, арасындағы қоқыстарды тазалау.
Олең оқу: Ой балалар, балалар,
Жылы-жылы жел соқты.
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл-қаңқыл қаз келді.
4.Жеке жұмыс: Шапағат, Айәділ, Жұлдыз тіл дамытудан тапсырма беру, орындауға үйрету.
Дид/ойын: «Ненің дауысы»
Мазмұны: Балалар суретке қарап қайсысы қалай дыбыстайтынын айтады, қайталап дыбысты айту.
5.Еркін ойын: Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қадағалау.
Серуен 191.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Күнді бақылау»
Мақсаты: Күннің көзі жылу мен жарықтың негізгі көзі. Жазда күннің көзі ұзақ тұрады.
Жүру барысы: Күн көтерілген сайын ыстық болады.
Жұмбақ шешу: Жұрттың бәрі оны жақсы көреді,
Бірақ оған қарағысы келмейді. (Күн)
2.Қимылды ойын: «Қояндар мен қасқыр»

Қояндар жүгіріп шығып ойнайды. Қасқыр сайдан шығып қуалап бастайды.Қояндар үйлеріне қашады. Ойын жалғасып ойналады.
3.Еңбек: Алаңдағы топырақты қопсыту, тазалау.
Ағаштың көлеңке түсетін жағы мен күн түсетін жағын табу, ажырату.
4.Жеке жұмыс: Айзере, Нұрсая, Құндыз Математикадан тапсырма беру.
Дид/ойын: «Қандай түс»
Мазмұны: Берілген суреттер мен заттарды салыстырып, түстерін ажыратуға үйрету.
5.Еркін ойын: Әр балаға өзін қызықтыратын іспен айналысуға мүмкіндік беру.
Серуен 192.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Өсімдіктерді бақылау»
Мақсаты: Балаларға жаңа өсіп келе жатқан көк шөпті бақылату. Балаларды өсімдіктерді аялап, баптап, күтім жасауға үйрету.
Жүру барысы: Жұмбақ шешу: «Айт!» десе жүгірмес,
Су тисе сілкінбес. (Шөп)
Мақал-Мәтел айту: Адам жерге нәр береді. Су көп болса, шөп бітік шығады.
2.Қимылды ойын: «Кім жүйрік»
Ойын шарты: Балалар сапқа тұрады. Тәрбиешінің белгі берісімен белгіленген межеге дейін жүгіріп жарысу ұсынылады. Кім тез жүгіріп жетсе сол бала жүйрік атанады.
3.Еңбек: Ауладағы шөп қалдығын жинау. Жолдастарымен бірігіп жұмыс жасай білуге үйрету.
Болжам айту: Көктем мезгіліндегі ағынды су қалың шөп өсуіне мүмкіндік болады.
Сұрақ-жауап: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қарлар қандай күйге еніп жатыр?
-Өсімдіктер ше?
4.Жеке жұмыс: Қасиет, Саят, Бексұлтан қоршаған ортадан тапсырмалар орындау.
1.Ауладағы қыстан кейінгі шыққан шөптің орнын табуды үйрету.Сөздік қорын, ойын дамыту. Сқраққа жауап бере білуге дағдыландыру.
Д/ойын «Не өзгерді»
Ойын мазмұны: Екі жолақшаға қойылған заттарды бір-бірімен салыстырып, кері орындарын ауыстыру , балалардан жолақшадан не өзгергенін сұрау.
5.Еркін ойын: Балалардың өзара бірлесіп ойнауларын қадағалап отыру.
Серуен 193.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Ағаштарды бақылау»
Мақсаты: Ағаш туралы мағұлмат беру. Ағаштардың жыл мезгілдеріне байланысты құбылыстарын түсіндіру.
Жүру барысы: Сұақ-жауап: -Ағаш қандай?
-Ағаш бізге не үшін қажет?
-Ағаштар қай мезгілде көктейді?
Ағаштар көбінесе көп жылдық болып келеді. Ағаштар бойына көміртегін сіңіріп, от тегін бөліп шығарады.
2.Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты»
Ойын шарты: Балалар шеңбер болып тұрады, ұшатын заттың атауын айтқанды қолдарын жоғары көтеріп, ұшпайтын затты атағанда қолдарын төмен түсіру. Шатасқан баланы ойыннан шығарылып ,соңына дейін шатыспай ойнаған бала жеңімпаз болады
3.Еңбек: Ағаштарға су құю, арам шөптерін жұлу,балаларды ағашқа қамқорлық жасауға баулу.
Тақпақ айту: Көгілдір аспанда,
Көк сеңгір тастар да.
Құлпырып жайнайды,
Мамыр гүлін ашқанда.
4.Жеке жұмыс: Таңірберген, Саят, Қасиет ағаш жапырақтарын бақылатып, әңгіме құрастырып айтқызу. Сөздік қорын дамыту.
Дид/ойын: «Не жоғалды»
Ойын мазмұны: Балаларға бірнеше ойыншықтардың суретін көрсетіп: Балалардың көздерін жұмдыру. Балалар көздерін ашқанда қандай ойыншықтың суреті жоқ екенін табу. Ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Серуен 194.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Көше қозғалысын бақылау»
Мақсаты:Балаларға көлік туралы жалпы мағұлмат беру. Көлік түрлерімен таныстыру.
Жүру барысы: -Балалар қандай көлік түрлерін білесіздер?
Тақпақ жаттау: -Папа мен тракторшы,
Моторымды бұрап берші.
Кәне, келші жәрдем ет,
Түтін шықты бұрқылдап.
2.Қимылды ойын: «Кім жылдам»
Ойын шарты: Балалар секіргішпен алаңның бір жағында сапқа тұрады. Қарама-қарсы бағытта жалауша байланған жіп тұрады, балалар берілген белгі бойынша бір мезгілде сызыққа секіреді. Сызықтың үстіне түскен баланы белгілеп алу.
3.Еңбек: Балаларды алаң қоқыстарын тазалауға үйрету. Балаларды тазалыққа тәрбиелеу.
4.Жеке жұмыс: Асем, Шапағат, Ықылас сурет бойнша әңгімелеп беруді үйрету.
Дид/ойын: «Атын ата»
Ойын мазмұны: Балаларға берілген заттың атын атап, бір-бірімен салыстыруға үйрету.
5.Еркін ойын: Балалардың бір-бірімен бірігіп ойын ойнауларын қадағалау.
Серуен 195.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Ағаштарға бақылау»
Мақсаты: Балаларға алаңдағы ағашқа, ағаш жапырағына бақылау жасату.
Жапырақтың жыл мезгіліне қарай өзгеріп тұратынын түсіндіру.
Жүру барысы: -Ағаштың пайдасы қандай?
-Ағаштардың өсуі үшін не қажет?
-Жыл мезгіліне байланысты түстері өзгере ме?
-Балалар жапырақтың түсі қандай?
-Жапырақ қай мезгілде түсіп, қай мезгілде өседі?

3.Еңбек: Ағаш түбін қопсыту. Балаларды еңбекке, жинақылыққа баулу.
Жұмбақ шешу: Ағайынды бәрі,
Шықса-жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
Табиғатсыз адамзаттың тіршілігі жоқ. Айнала ағаштар табиғатқа әсемдігін, көркемдігін беріп сән береді.
4.Жеке жұмыс: Жұлдыз, Саят, Сәндігүл Жапырақтар мен ағашты қатыстырып әңгімелеуге үйрету.
Дид/ойын: «Ненің дуысы»
Ойын мазмұны: Балаларды үй жануарларымен таныстыру, аттарын атай білуге үйрету.Олардың қалай дыбыстайтынын айтқызу,тілін дамыту.
5.Еркін ойын: Балалардың еркін іс-әрекетімен айналысуына мүмкіндік беру.
Серуен 196.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Ауа райына бақылау»
Мақсаты: Балаларға ауа-райы туралы мағұлмат беру.
Жүру барысы:
-Балалар ауа-райы дегеніміз не?
-Ауа-райы жазда қандай болады?
-Балалар бүгін ауа-райы қандай?
Жазда көбінесе аспан ашық, күн ыстық болып келеді.

3.Еңбек: Ауланы тазалау,ұқыптылыққа,тазалыққа баулу.
Өлең оқу: Болмас бірден бөгелген,
Дем ал іштен тереңнен.
Ентігіміз басылсын,
Тынысымыз ашылсын.
4.Жеке жұмыс: Асем, Қасиет, Саят «Жазғы демалыс» тақырыбына әңгіме құрастырып айтуға үйрету.
Дид/ойын: «Қандай түс»
Ойын мазмұны: Берілген суреттер мен заттарды салыстырып, түстерін ажыратуға үйрету.
5.Еркін ойын: Балалардың өз бетінше ойындар ойнауларын бақылап, бағдар беру.
Серуен 197.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Бұлттарға бақылау»
Мақсаты: Балаларға бұлт туралы мағұлмат беру.
Жүру барысы: -Балалар бұлт дегеніміз не?
-Бұлт қалай пайдаболады?
Бұлтардың түсі қандай болады?
2.Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты»
Ойын шарты: Балалар шеңбер болып тұрады, ұшатын заттың атауын айтқанды қолдарын жоғары көтеріп, ұшпайтын затты атағанда қолдарын төмен түсіру. Шатасқан баланы ойыннан шығарылып ,соңына дейін шатыспай ойнаған бала жеңімпаз болады.
3.Еңбек: Ауладағы ойын құралдарын тазалау. Балаларды ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
4.Жеке жұмыс: Сәндігүл, Амина, Саят Аспандағы жазғы бұлтты бақылап, әңгімелеп беруге үйретіледі.
Өлең оқу: Бұлттар, бұлттар аусаңшы,
Қалаға, далаға.
Бұлттар, бұлттар жаусаңшы,
Селдетіп, көлдетіп.
Нөсер,нөсер төк-төк,
Болсын егін көп-көп.

5.Еркін ойын: Балалардың еркін бірлесіп ойнауларын бақылау.
Серуен 198.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Көше қозғалысына бақылау»
Мақсаты: Балаларға көлік туралы жалпы мағұлмат беру. Көлік түрлерімен таныстыру.

- Көліктердің қандай пайдасы бар?
- Кімнің үйінде қандай көліктер бар?
Өлең оқу: Шалғын өссе сайларда,
Гүл қауласа тауларда.
Машинамен біздерді,
Апарады бауларға.

3.Еңбек: Ойын алаңын тазалау, топырақ төсеуге үйрету.
Жұмбақ шешу: Ағайынды бәрі,
Шықса-көк, жаны жасыл. (Жапырақтар)
4.Жеке жұмыс: Асем, Ықылас, Тәңірберген суретпен әңгіме айту, тілін, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Қлең жаттау: Біздің гүл бақшада,
Бар әсем асхана.
Бар онда аспазшы,
Ақ көңіл жақсы апа.
Балаларға аспазшы апайларының еңбегі туралы әңгімелеп беру.
Дид/ойын: «Не өзгерді»

Серуен 199.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Желдің бағытын бақылау»
Мақсаты: Балаларға жел туралы мағұлмат беру. Желдің түрлерімен таныстыру.
Жүру барысы: Сұрақ-жауап:
-Жел дегеніміз не?
-Жел қандай болады?
-Қазір жел қай жақтан соғып тұр?
Сергіту жаттығуын жасау: Жел соғады бетімізге,
Тербеледі ағаштар.
Тыныш-тыныш отырыңдар,
Биік-биік ағаштар.
2.Қимылды ойындар: «Кім жылдам»

3.Еңбек: Гүлдерге су құю. Балаларды еңбекқорлыққа баулу.
Өлең оқу: Гүлдер, әсем гүлдер,
Ашылып тербеледі.
Жайлауларды түрлендірер,
Жер әлемді гүлдендірер.
4.Жеке жұмыс: Шапағат, Жұлдыз, Саят «Жайдарлы жаз» тақырыбына суретпен жұмыс жүргізу.
Дид/ойын: «Атын ата»
Ойын мазмұны: Ғажайып қалта ішінен алған заттың, суреттің атын атап, түстерімен топтастыру.

Серуен 200.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Бұлттарды бақылау»
Мақсаты: Балаларға бұлттардың бірнеше түрі болатын түсіндіру.
Жүру барысы: Сергіту жаттығуы: Бұлттар, бұлттар,
Қалаға, далаға.
Бұлттар,бұлттар жаусаңшы,
Селдетіп, көлдетіп.
Нөсер,нөсер төк-төк,
Болсын егін көп,көп.
2.Қимылды ойын: «Түн мен күн»
Ойн шарты: Балалар бірі « Күн» , екіншісі « Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.
3.Еңбек: Ауланы қоқыстан тазалау, балаларды тазалыққа тәрбиелеу.
-Балалар жаз айларын атап беріңіздерші?
-Жаздың қай айы ыстық болады білесіздер ме?
-Жазда қандай жаңбыр жауады?
4.Жеке жұмыс: Құндыз,Динара, Қасиет тақпақ айту жаз мезгіліне байланысты.
Тақпақ айту: «Жаз»
Өрік, алма,
Шие,алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Дүкендерге түседі.
5. Еркін ойын: Балалар өзара іс-әрекетімен айналысуға мүмкіндік береді.
Серуен 201.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Ағаштарға бақылау»
Мақсаты: Балаларға ағаш туралы мағұлмат беру. Ағаштардың жыл мезгіліне байланысты құбылыстарын түсіндіру.
Жүру барысы: -Ағаш қандай?
-Ағаштар не үшін қажет?
-Ағаштың бірнеше түрі болады?
Жұмбақ шешу: Қыста отын болады,
Жазда көлеңке қылады. (Ағаш)
2.Қимылды ойын: «Соқыр теке»
Ойын шарты: Ойын бастаушы « Соқыртеке» болып белгіленген ойыншының көзін байлап, оны бөлменің ортасына апарып, бірнеше рет шыр көбелек
айналдырады,содан кейін былай деп сұрайды:
-Мысық, мысық неде тұрсың?
- Күбіде.
-Не бар екен күбіде?
-Бар боп шықты ашытпа
-Бізді емес, тышқанды ұста.
Осы сөздерден кейін ойынға қатысушылар жан-жаққа тарап қашады, ал « Соқыртеке»
оларды қуады. Ол кімді ұстаса, сол « Соқыртеке» болады.
3.Еңбек: Ағаштарға су құюды тапсыру, арам шөптерін жұлып тазалауға үйрету.
Жаңылтпаш айту: Пай-пай-пай,
Жайылып жүр тай.
Ай-ай-ай, ұшып кетті торғай.
4.Жеке жұмыс: Асем, Саят, Шапағат, Ықылас «Жаз келді» тақырыбы бойынша өлеңдер оқу. Жаз: Жаз келді жадырап,
Ағаштар гүлдеді.
Жаңбыр жауып нөсерлеп,
Жер- ана көкке бөленді.
Дид/ ойын: «Жұбын тап»
Ойын мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл сондай суреттің жұбын табуды ұсыну.
5.Еркін ойын: Балалардың өз бетінше ойынауларына мүмкіндік беру.
Серуен 202.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Желдің бағытын бақылау»
Мақсаты: Балаларға желдің бағытын бақылата отырып,мағұлмат беру.
Желдің түрлерімен таныстыру.
Жүру барысы: -Желдің бағытын қалай білеміз?
-Жел бізге керек пе?
-Желдің қандай түрлері болады?
Жұмбақ шешу: Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қнады. (Жел)
2.Қимылды ойын: «Кім шапшаң»

3.Еңбек: Алаңдағы гулдерді суару, айналасын тазалап, арам шөптерін жұлуды үйрету.
Сөз ойла, ойлан: Күннің көзі сөзіне-ыстық,жарық сөзін қатыстырып сөйлем құрастырып айту.
4.Жеке жұмыс: Қасиет, Тәңірберген, Сәндігүл «Жазғы жаңбыр» тақпақ жаттау.
Жау-жау, жаңбыр,жау-жаңбыр,
Жауған жаңбыр-жауған нұр.
Жердің шаңы басылсын,
Гүлдің аузы ашылсын.
Гүлдермен таныстыру, гүл туралы түсінік беру, әңгімелеуг үйрету.
Дид/ойын «Кімнің даусы»
Ойын мазмұны: Суретке қарап оны атау, олардың дыбысын тыңдап ажыратып айту.Суретті көрсету арқылы дыбысын бейнелеу.
5.Еркін: Ойында балалар өзбетінше бір-бірімен араласа білуін қадағалап отыру, бағыт бағдар беру.
Серуен 203.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Ауа райын бақылау»
Мақсаты: Балаларды ауа райына бақылау жасауға үйрету. Маусым айының белгісіне көңіл аударту. Өсімдіктердің өсуіне, жылудың төгілуіне бағдарлау жасату.
Жүру барыс: Маусым айында алма ағашы, барлық жеміс ағаштарының гүлдеп болатын түсіндіру.
Тақпақ айту: Болмас бірден бөгелген,
Дем ал іштен тереңнен.
Ентігіміз басылсын,
Тынысымыз ашылсын.
2.Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»

3.Еңбек: Құмдарды тазалап, таза құмдар себу керектігін түсіндіру. Балаларды еңбекке тәрбиелеу.
Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету. Құмның қасиетін түсіндіру.
4.Жеке жұмыс: Жұлдыз, Құндыз, Дарын балалардың сөздік қорын дамыту.
Мысалы: Жылы-суық, ыстық- суық, жарық-қараңғы т.б.
Айналаны қоршаған ортаны терең түсінуге үйрету.
Дид/ойын: «Өз үйіңді тап»
Ойын мазмұны: Балаларға түрлі түсті дөңгелектер таратып беріп, тстерін атау. Белгі бергенде балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңбер жасап өз үйлерін жылдам тауып тұра қалу.
5.Еркін ойын: Балалардың өз бетінше еркін ойын ұйымдастыруын қолдау.
Серуен 204.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Көше қозғалысына бақылау»
Мақсаты: Балаларға көшедегі көліктерді бақылату. Олардың қандай түрлері бар екен үйрету.
Жүру барысы: -Қандай көлік түрлерін білесіздер?
-Жеңл көліктерге қандай көліктер жатады?
-Ауыр көліктерге қандай көліктер жатады?
-Көшеде көліктер көп пе?
2.Қимылды ойын: «Қуып жет»
Ойын шарты: Балалар екі топқа
бөлініп, бір - бірінің қолдарынан ұстап,
«Айгөлек»әуенін айта келе:
Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Осы топтың ішінен,
Анар атты қыз (Асан атты ұл ) керек - деп шақырады.
Анар күш жинай жүгіре барып, қолдарын үзіп өту керек.
Қолдарын үзе алмаса, сол топта қалады. Үзіп қашып кетсе, екі топтың
қай біреуі, қуып жетіп ұстау керек. Өзінің тобының балалары ұстап
алса өз тобына қайтадан келеді. Олай болса, бұл баланың яғни
шапшаңдығын, күштілігін аңғарамыз.
3.Еңбек: Ойын алаңындағы құралдарды жуу,тазалау. Балалаға тазалық,ұқыптылық туралы түсіндіру,үйрету.
4.Жеке жұмыс: Сәндігүл, Қасиет, Саят ертегілер туралы әңгімелеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
Дид/ ойын: «Түсін ажырат»
Ойын шарты: Берілген суреттерді түстері бойынша топтастыра білуге үйрету.
5. Еркін
ойын: Балалардың өз бетінше
іс-әрекетімен айналысуына мүмкіндік беру.
Серуен 205.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Күнді бақылау»
Мақсаты: Күннің көзін, жылуын,жарығын бақылату.
Жүру барысы: Балалар күн жоғарыда тұр, ол өте ыстық болады. Түс мезгілінде күннің көзі қатты жарық болып өте ыстық болады.
Жұмбаұ шешу: Жұрттың бәрі оны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (Күн)
2.Қимылды ойын: «Күн мен түн»
Ойын шарты: Балалар бірі « Күн» , екіншісі « Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.
3.Еңбек: Алаңдағы гүлдерге күтім жасау, арам шөптерін тазалау.
Балаларға гүл туралы түсінік беру, оны баптап күту керек екенін үйрету.
4.Жеке жұмыс: Асем, Тәңірберген, Ықылас тақпақ жатқа айтқызу.
Күн: Алақай, алақай!
Күн шықты,күн шықты.
Жер үстіне нұр шықты.
Алақай, алақай,Нұрын төгіп шуақты.
Дид/ойын «Не жоқ»
Ойын шарты: Балаларға бірнеше суреттер көрсетіп,олардың біреуін жасырып не жоқ екен сұрау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
5.Еркін ойын: Балалардың іс-әрекетін бақылау, өз қалауларымен ойнауларына мүмкіндік беру.
Серуен 206.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Шөптерді бақылау»
Мақсаты: Балаларға шөп туралы мағұлмат беру. Балалардың бақылай білулерін үйрету.
Жүру барысы: -Шөп қайда өседі?
-Шөптер қай мезгілде көктейді?
-Шөптердің пайдасы қандай?
Шөп малдың жейтін азығы. Шөптің көптеген түрлері болады. Күз мезгілінде адамдар шөпті шауып,малға азығын дайындап қояды.
2.Қимылды ойын: «Паравоз»
Ойын шаты: Балалар саппен келе жатып, тәрбиеші белгі берісімен, жан-жаққа бытырап, ойнап кетеді. Екінші белгімен тез өз орындарына тұра қалады. Тәрбиеші «1,2,3» деп санағанша балалар тұрып үлгеруі керек. Кімнің тез, дұрыс тұрғанын атап айтылып, жаңылған балаға ескерту беріледі.
3.Еңбек: Ауладағы арамшөтерді жұлу. Балаларды еңбектенуге баулу.
Тақпақайту: Кешкілік пе, күндіз бе,
Өсіп тұрған көкті үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы жүрміз бе?
4.Жеке жұмыс: Шапағат, Жұлдыз, Дарын, Құндыз Сөздік қорын дамыту мақсатында сөйлемді жалғастыруға тапсырма беру.
1.Сопақша көк өңі бар, 2.Бақшадан жер қазып,
Пайдалы, мөлдір сөлі бар. Жиып алдым қазық.
Піскен кезде жияр, Жазық бұл не?........ (Сәбіз)
Оның аты ..... (Қияр)
Дид/ойын: «Не артық»
Ойын мазмұны: Балаларға бірнеше суретті көрсетіп, берілген суретте не артық екенін табуды ұсыну. Мысалы: Айна, ірімшік, қант, шұжық, т.б.
5. Еркін ойын: балалрдың өз бетінше әрекет жасауларына мүмкіндік беру.
Серуен 207.
1.Бақылау.
Тақырыбы: «Ағаштарды бақылау»
Мақсаты: Аулада өсіп тұрған ағаштарды бақылату. Олардың айырмашылығын ажырату, жапырақтарын салыстыруға үйрету.
Жүру барысы: Жұмбақ шешу: Жазда жатсаң-көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң жаның рахат табады. (Ағаш)
Мақал-мәтел: Бұтаға паналаған торғайда аман қалады.
2.Қимылды ойын: «Өз орныңды тап»
Ойын шарты: Балаларға сандар беріледі сол сан бойынша әр балаға шеңбер сызылады. Балалар сапқа тұрады, белгі берілгенде өз сандарына сәйкес саны бар шеңберді тауып тұруға тапсырма беріледі.
3.Еңбек: Ағаш бұтақтарын жинау, ағаш туралы білімдерін нығайту.
Өлең оқу: Көбейсін жасыл көшелер,
Үйеңкі, терек, қарағай.
Бойлай өсті күн сүйіп,
Көшемізде жағалай.
4.Жеке жұмыс: Сәндігүл, Саят, Қасиет, Асем Сөздік қорын дамыту мақсатында сурет бойынша әңгіме құрап айтуды ұсыну керек.

5.Еркін ойын: Ойын барысында балалар ойыншықтарын айырбастауға, бір-бірімен қарым –қатынас жасауларына көмек беру.
.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Серуен картатикасы

шағым қалдыра аласыз