Материалдар / Шешендік өнер

Шешендік өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда қосымша сағат яғни ватиатив сағат қарастырылады.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Түсінік хат


Оқушыларды шешендік өнерге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегелерін бойларына дарыту – басты мақсат.

Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған.3-сынып оқушылары әдебиеттік оқу пәніне негіздей отырып, көрген білгендерін көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады. Бұл жинақ әдебиеттік оқу пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.

«Шешендік өнер» курсының бағдарламасы аптасына 1-сағаттан жылына 34 сағатты қамтиды. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып жасалды. Сонымен бірге, бұл деңгейдегі оқушылардың «Әдебиеттік оқу» пәнінде жіберілген қателіктерді түзетіп, 3-сыныпта тереңдетіп оқытуға дайындау үшін «Шешендік өнер», «Сөйлеп үйренейік», «Тыңдауды, оқуды және жазуды үйренеміз», «Сыпайы қарым - қатынас», «Дұрыс сөйлеу», «Мәтін» деген бөлімдер қайта қарастырылып, біртіндеп күрделендіріледі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 







  «Шешендік өнер» курсын оқытудың басты мақсаты:

 

Бастауыш сыныптардағы шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты- оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамына тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға мұқтаждықтарын қалыптастыру.

 

«Шешендік өнер» курсын оқытудың басты міндеті:

 

 -оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

-шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын дамыту;

-шығарманың түпкі мазмұнын түсініп оқу;

-шығармадағы көркем бейнелердің ерекшелігін аша білу;

-ойын еркін жеткізу;

-өзіндік ой-пікірін айта білу;



Күтілетін нәтиже:

Сыни тұрғыда ойлай алатын  жеке тұлға қалыптастыру.






























 Оқушылардың курсты меңгеру талаптары



Бағдарламаны жүзеге асыру стратегияларын оқушылардың меңгеруі тиіс. «Шешендік өнер» курсы бойынша қойылатын талаптар:


-шығарманы дұрыс ,түсініп, шапшаң мәнерлеп оқуды;
- мәтінді рөлге бөліп оқуды;
-өлеңді жатқа айтуды;
-алған білімдерін тиісті жерінде қолдана алуға бағытталған тапсырмаларды орындауды;
-оқушы өнімді әрекет жасауды(.Мысалы: өлең құрастыру, мәтін құрастыру, шығарманы сахналау, мазмұнды сурет салу);
-өз бетінше жұмыс жасай білуді;

-өзін және өзгелерді бағалауды;



































Оқу курсының тұжырымдық бөлімі

«Шешендік өнер» курсының бағдарламасы 3-сынып оқушыларына арналған, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатты қамтиды.

Бағдарлама төмендегідей 7 бөлімнен тұрады:

1-бөлім. Шешендік өнер

Шешендік өнер туралы түсінік алады. Жақсылық пен жамандық. Сенің сөйлеу мүмкіндігің. Не мақсатпен? Не үшін? Деген тақырыптар қамтып, тапқырлықпен айтылған көркем тілімен жеткізілген сөздерді үйренеді.

2-бөлім. Сөйлеп үйренейік

Ойланбай сөйлеу. Ойланып сөйлесу. Жаттап алмай еркін әңгімелесу. Қысқа да нұсқа сөйлесу деген тақырыптар аясында артық сөйлеп ағаттық жасамау туралы үйренеді.

3-бөлім. Тыңдауды, оқуды және жазуды үйренеміз

Тыңдаймыз және түсінеміз. Кітап оқимыз. Қажетсіз сөйлемді алып таста. Шығарманы өңдеудің тәсілдері. Қажетсіз сөйлемді алып таста. Сауатты жаза білу, кітап оқу, жаңа ой, шығарманы өңдеу туралы түсінік алады.

4-бөлім. Сыпайы қарым-қатынас

Сыпайылық деген не? Әдепті деген кім? Әдепсіз деген кім? Сыпайы қарым-қатынас, сыпайылық, әдептілік, әдепсіздік туралы түсініктер алады.

5-бөлім. Дұрыс сөйлеу және жазу

Сауатты жаза біл. Сөздерді дұрыс қолдана біл. Сөздерді дұрыс айта біл.

6-бөлім. Мәтін

Өз сөзіңмен айтып бер. Кітап жайында. Керек жерін таңдай біл. Диалог және монолог. Құттықтау және тілек айту.

7-бөлім. Мәтін әр түрлі болады

Мәтіннің түрлері. Салыстыру. Пайымдау. Өзіндік пікір, ойын, көзқарасын білдіру.






«Шешендік өнер» бағдарламасының оқу жоспары

Барлығы:34 сағат, аптасына 1 сағат

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


  1. бөлім Шешендік өнер

5-сағ


1

Шешендік өнер нені үйретеді

1


2

Жазда не байқадың?

1


3

Жақсылық пен жамандық

1


4

Сенің сөйлеу мүмкіндігің

1


5

Не мақсатпен? Не үшін?

1



  1. бөлім Сөйлеп үйренейік

6-сағ


6

Ойланбай сөйлеу

1


7

Ойланып сөйлеу

1


8

Шежірені білесің бе?

1


9

Жаттап алмай, еркін әңгімеле

1


10

Қысқа да нұсқа сөйлейміз

1


11

Мақтау және мадақтау

1



3-бөлім Тыңдауды, оқуды және жазуды үйренеміз

6-сағ


12

Тыңдаймыз және түсінеміз

1


13

Тыңдаймыз және тереңіне бойлаймыз

1


14

Кітап оқимыз

1


15

Жаңа ойды жаңа жолдан жаз

1


16

Шығарманы өңдеудің тәсілдері

1


17

Қажетсіз сөйлемді алып таста

1



  1. бөлім Сыпайы қарым- қатынас

4-сағ


18

Сыпайылық деген не?

1


19

Әдепті деген кім? Әдепсіз деген кім?

1


20

Сыпайы және дөрекі

1


21

Өзің сыпайысың ба?

1



  1. Бөлім Дұрыс сөйлеу және жазу

3-сағ


22

Сауатты жаза біл!

1


23

Сөздерді дұрыс айта біл

1


24

Сөздерді дұрыс қолдана біл

1



  1. Бөлім Мәтін

6-сағ


25

Өз сөзіңмен айтып бер

1


26

Кітап жайында

1


27

Керек жерін таңдай біл

1


28

Диалог және монолог

1


29

Монолог

1


30

Құттықтау және тілек айту

1



  1. Бөлім Мәтін әртүрлі болады

4- сағ


31

Мәтіннің түрлері

1


32

Салыстыру

1


33

Пайымдау

1


34

Өзіндік пікір

1






Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. «Алаштың ардағы»Е.Тілешов.Г.Әріпбекова. «Зерде»2008ж.Астана.
2. «Жыл он екі» журналы №4 2010ж,№1 2009ж.
3. «777 жұмбақ»Әли Ысқабай.  «Ана тілі»2004ж. Алматы.
4. «Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы «Өнер»2002ж. Алматы. 
5. «Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. «Қазақпарат»2004ж.Алматы.
6. «Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов.  «Балауса»1994ж. Алматы.
7. «Шешендік сөздер»Б.Адамбаев.2000ж.
8.Абайдың  қара сөздері.2012ж. Алматы.

 

Қосалқы әдебиеттер тізімі:

1.Адамбаев.Б. «Шешендік сөздер» -Алматы: «Отау» 1992.
2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журнал №2, 2007.
3.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журнал №11, 2007.
4. «Қазақ тілін жедел оқыту».
Қапасова.Б.Қ, Әбдіжүсіпова.Б.Х, Жұмаділова.Ш.Т -Астана: «Арман- ПВ» баспасы, 2007.
5.Г.Косымова Қазақ тілі(шешендік өнер) ,Алматы,»Мектеп»2011ж
6. Қазақ басылымдары (шешендер өмірінен мәліметтер

 7. «Бала би» журналы №7 2008-№12 2014ж. 
8.”Қазақ әлемі»А.Сейдімбеков.1998ж.Алматы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 







Шешендік өнер   34 сағат

 

Ұстаздар сайты

р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Түсінік хат .Сөйлеуді дамыту

1


2

Суретті әліппе Суреттер сыр шертеді

2


3

Қима суреттер құрастыру

2


4

Әріптерден буын құрастыру

1


5

Сөз тізбектері арқылы сөздер құрастыру

1


6

«Кітап –білім бұлағы», «Кел,балалар, оқылық!» Ы. Алтынсарин

1


7

Ертегі-тәрбие құралы

1


8

Адам болам десеңіз… А. Құнанбаев

1


9

Би шешендер туралы ұғым

1


10

Төле би

1


11

Әйтеке би

1


12

Қазыбек би

1


13

Билердің сөздері

1


14

Мақал-сөздің мәйегі

2


15

Жұмбақтар. Санамақтар

1


16

Жаңылтпаштар. Өтірік өлең құрастыру.

2


17

Ер қаруы-бес қару.

1


18

Қой атасы-Шопаната.

1


19

Жылқы атасы-Қамбар ата.

1


20

Сиыр иесі –Зеңгі баба

1


21

Түйе атасы-Ойсылқара.

1


22

Ешкі иесі-Сексек ата.

1


23

Бес жолды өлеңдер.

2


24

Тірек сөздер арқылы өлеңдер құрау.

2


25

Әңгімелер Өз мүмкіндігіңше жалғастыр

2


26

Тест жұмыстары

2


27

Қорытындылау

2


 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Қазақтың билері

  2. Қазақтың би шешендері

  3. 2-сынып хрестоматиясы

  4. 4-сынып хрестоматиясы

  5. Балдырған журналы

  6. Айгөлек журналы

  7. Ертегіле жинағы

 

Түсінік хат
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған.
Оқушыларды шешендік өнерге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, 7 сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.
Бұл бағдарлама 7сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған.
7 сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.
«Шешендік өнер» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл, әзіл, тапқырлық сындарды, т.б. қамтиды. Мұнда жыраулардың,би-шешендердің шешендік нақыл, тапқырлық сөздермен қатар ақындық терме, толғаулар да аз емес. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген ,аптасына-1 сағат

Курстың мақсаты:
*Оқушылар шешендік өнерді,соның ішінде қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру
*Әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту
*Ақыл-ойы мен ұлттың сана-сезімін дамытуға ықпал ету
*Кітап оқуға деген ынтасын арттыру.
*Өз бетімен жұмыстану арқылы шығармашылыққа шыңдау
Курстың міндеттері:
*.Антикалық дәуірден бастап, Рим,орыс,қазақ дәстүрінің қалыптасасу тарихы туралы әңгімелеу
*Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
*Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді анықтау
*.Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсінуге үйрету
*.Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
*.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
*.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;
*.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.

«Шешендік өнер» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:


1-тарау Кіріспе 1 №
Шешендік өнер-ауызша түрдегі әдеби шығармашылық 1сағ 1
2-тарау Шешендік өнер тарихы 4
Ежелгі Грециядағы шешендік өнер 1сағ 2
Ежелгі Римдегі шешендік 1сағ 3
Аристотельдің шешендігі 1сағ 4
Ресейдегі шешендік өнер 1сағ 5
3-тарау Ұлттық шешендік өнерінің тарихы 4
Түркі халқына ортақ Орхон-Енисей көне ескерткштері 1сағ 6
Әл-Фараби еңбегі 1сағ 7
Қорқыттың нақыл сөздері 1сағ 8
Майқы би,Аяз би, Жиренше шешен 1сағ 9
4-тарау Қазақ ауыз әдебиетіндегі сөз үлгілері 4
Тұрмыс-салт жырлары 1сағ 10
Мақал-мәтелдер 1сағ 11
Батырлар жыры мен ғашықтық жырлар 1сағ 12
Айтыстағы сөз оралымдары 1сағ 13
5-тарау Қазақтың шешендік сөз саптаулары 5
Төле би,Каз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би 1сағ 14
Сырым шешен, Ақтайлақ би, Канай шешен 1сағ 15
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» 1сағ 16
Қасым хан мен Есім ханның ережелері 1сағ 17
Абай қарасөздерінің өсиеті 1сағ 18
6-тарау Қазақ жазба әдебиетіндегі шешендік 4
М.Жұмабаев»Батыр Баян» дастаны 1сағ 19
Шәкерім өлеңдері 1сағ 20
М.Әуезов»Абай жолы»роман-эпопеясынан үзінді 1сағ 21
Махамбет өлеңдері 1сағ 22
7-тарау Шешендік сөздердің түрлері 3
Шешендік арнау 1сағ 23
Шешендік толғау 1сағ 24
Шешендік дау 1сағ 25
8-тарау Шешендік сөздердің көркемдік ерекшеліктері 3
Тіл көрнектілігі 1сағ 26
Сөздің дәлдігі-ой айқындылығы 1сағ 27
Тіл тазалығы 1сағ 28
9-тарау Шешенге қойылатын талаптар 6
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық 1сағ 29
Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу мәдениеті 1сағ 30
Пікірталас,оның түрлері 1сағ 31
Қарсыласына тойтарыс беру шарттары мен тәсілдері 1сағ 32
Монолог пен диалог 1сағ 33
Шешендік өнер-тауып айтылған тапқыр сөз 1сағ 34






Білімдерін тексеру және бағалау жүйесі:

*Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақтан соң тест немесе шығармашылық жұмыс.
*.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары.
*.Қорытынды бақылау, тексеру, ой-толғау, өлеңді мәнерлеп оқу, сөз қолданысы.
*.Практикалық жұмыстар сынақ түрінде «тапсырылды» деп бағаланады.
*.Бағалау жүйесі ретингілік: 1-3 ұпай – «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».




Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

*шешендік өнер тарихын;
*шешенге қойылатын талаптар;
*шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибратты;
*ұлттық шешендік өнердің ерекшеліктерін;
*қазақ тарихындағы белгілі би-шешендер мен билер жайлы мағлұмат.
*өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі;
*әдебиет теориясы бойынша талдау жұмысын жүргізуді;
*кейіпкердің іс-әрекеттерін салыстыра отырып баға беруі.

Әдебиеттер:

1.Адамбаев.Б. «Шешендік сөздер» -Алматы: «Отау» 1992.
2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журнал №2, 2007.
3.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журнал №11, 2007.
4. «Қазақ тілін жедел оқыту». Қапасова.Б.Қ, Әбдіжүсіпова.Б.Х, Жұмаділова.Ш.Т -Астана: «Арман- ПВ» баспасы, 2007.
5.Г.Косымова Қазақ тілі(шешендік өнер) 11 сынып оқулығы,Алматы,»Мектеп»2011ж
6. Қазақ басылымдары (шешендер өмірінен мәліметтер)

Түсінік хат


О
қушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор.Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан,бастауыш  сынып оқушыларынан бастап ата-баба ізімен шебер сөйлеу,тілдерін дамыта түсу ,олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.  Бұл бағдарлама 5- сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай құрылған.  5- сынып оқушыларын қазақ әдебиеті пәніне негіздей отырып,көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттықтырылады.Оқушылар би – шешендердің сөздерін жаттап өсіп,жаңа ұғымдармен танысады.Мақалдың немесе өлең  ұйқастарын таба отырып,берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастара білуді үйренеді.Бұл бағдарлама  қазақ әдебиеті  пәніне  көмекші құрал ретінде пайдаланылады.Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі – тілдің рухы.Тілдің рухы - өте бір құдіретті ұғым.Ол -біздің салт-санамыз,дәстүріміз,ұлттық психологиямыз,дүниетанымымыз.Курс бағдарламасы 5-қазақ сыныптарына арналған,барлығы 34 сағаттан,аптасына 1 сағат өтіледі.

 Бағдарламаның мақсаты:                                                                  

5-сыныптардағы  шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты- оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып,әдеби мұраларға деген  талғамын тәрбиелеу,рухани дүниесін кеңейту,ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету,кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынандай міндеттер жүктеледі. 
Міндеттері:
- о
қушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру; 
- к
өркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
- шы
ғарманың түпкі мазмұн – мәнін түсінуін ,эмоциялық қабылдауын (кейіп-керлердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну,сүйсіну т.б.)қамтамасыз ету
- шы
ғармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін  аша білуге бағыттау.
- ауызекі ж
әне жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу,сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
-
өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
- о
қушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;
өркем мәтіндерді мәнерлеп,сазына келтіріп оқуға баулу;
- жа
қсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу;
Ба
ғдаламаның мақсаты осы міндеттерді орындауға бағытталады.

                             Күтілетін нәтиже:

- сөздік қорын толықтырады
- о
қу материалдары бойынша курста ( диалог,рөльмен инсцинировка  жасау,әңгіме,пікіралмасу т.б.) дағдыларын меңгереді. 
- с
өздерді мақсатқа негізгі ойға,мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.
-шы
ғармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға ,ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.
-халы
қтың қанатты сөздерінің мәнін ,мағынасын түсініп,одан тәрбие алады.
-Шешендік с
өздерді әңгімелеу дағдысы қалыптасады,мәті құрау,оқу,жазу сауаттылығы артады.
-
Өзіндік ой-пікірін дамытады,көпшілік алдында сөйлеуді үйренеді.

 

«Шешендік өнер» бағдарламасы  5- сынып  34- сағат.
2014-2015 оқу жылы





                    Тақырыбы

Сағат 
саны

Уақыты

1

Қазақ мемлекеті (хандығы)

      1


2

Егеменді қазақ елі

      1


3

Қазақ халқының шешендік өнер дәстүрі

      1


4

Шығармашылық жұмыс сабағы

      1



5

Шешендік сөздер,түрлері.Шешендік арнау

      1


6

Шешендік толғау

      1


7

Шешендік дау

      1


8

Шешендік сөздердің көркемдік ерекшеліктері

      2


9

Майқы би,Аяз би.

      2


10

Жиренше шешен,Асан қайғы (ХІҮҮ ғғ.)

      1


11

Қазақтың үш биі

      1


12

Жыраулар поэзиясы(XV-XVІІІғасырдағы жыраулар шығармашылығы)

      1


13

Жыраулар шығармаларының тілі

      1


14

Маңғыстаудың би -шешендері

      1


15

Мақал-мәтелдер,жұмбақ,жаңылтпаштар  ұйқасы

      1


16

Тірек сөздер арқылы өлең құрастыру

      2


17

Абайдың қара сөздері.

      1


18

Қара сөздердің тәрбиелік мәні

      2


19

 Инабаттылық дәстүрлері.

      2


20

Қазақша той - думандар

      2


21

Наурыз тойы

      1


22

 Ертегілер елінде

      1


23

«Өзім жазған ертегі...»шығармашылық жұмыс

      1



24

Әңгімелерді өз мүмкіндігіңше жалғастыру

      1


25

Бата-тілектер

      1


26

Ұлттық ойындар

      1


27

 “Сөз өнері» сайысы

      1


28

Қорытынды.

      1


  
        Пән мұғалімі:               Төлеуова Анар Қаражігітқызы

                          Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Алаштың ардағы»Е.Тілешов.Г.Әріпбекова. «Зерде»2008ж.Астана.
2. «Жыл он екі» журналы №4 2010ж,№1 2009ж.
3. «777 ж
ұмбақ»Әли Ысқабай.  «Ана тілі»2004ж. Алматы.
4. «
Ұлттық дүниетаным» Аюбай ҚҰралұлы «Өнер»2002ж. Алматы. 
5. «
Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. «Қазақпарат»2004ж.Алматы.
6. «Жаттама
қ» Ермек Өтетілеуов.  «Балауса»1994ж. Алматы.
7. «Бала би» журналы №7 2008-№12 2014ж.
 
8.”
Қазақ әлемі»А.Сейдімбеков.1998ж.Алматы
9.”Шешендік с
өздер»Б.Адамбаев.2000ж.
10.Абайды
ң  қара сөздері.2012ж. Алматы.

 

«Шешендік өнер» 
           бағдарламасы
5-сынып         



Мақалаға белгі:шешендік сөз арнайы курс

ҚайтуПікірлер: 0[complaint]Әкімшілікке хабарлама[/complaint]

БІЗДІҢ САЙТ ҰСЫНАДЫ:



ЖИ арқылы жасау
15 Қазан 2018
1927
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі