жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Шешендік өнер курсы"
Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
№176 мектеп-гимназия




2020 жыл
Түсініктеме хат
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыз-
дың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сыны-
нан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі
грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке
пән ретінде оқыған. Шешендік сөздер дегеніміз-белгілі бір адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр ойлы сөздері.
Шешен сөйлей білу дегеніміз-адамдардың асыл қасиеттерінің
бірі ретінде оқушының қоршаған ортаға деген көзқарасын ,адамдар-
мен қарым-қатынастағы сөйлеу әдептілігін, тілдік мәдениеттілі-
гін қалыптастыру.
Төменгі сынып оқушыларына тілдік ауызекі сөйлеуді меңгерту
қазіргі мектептегі негізгі мәселенің бірі. Сондықтан бастауыш мектеп-
тегі факультативтік шешендік өнер бағдарламасы тіліміздегі сөздер-
дің байланысына, мәдениетті сөйлеу талғамдарына, тілдік
сөйлеу құрылымына , оқушылардың қоршаған орта арқылы
ой-өрісін кеңейтуге және сөйлеу әдебін меңгеруге негізделген.
Халық даналығын ,тіл байлығын меңгере отырып, тапқырлықпен айтыл-
ған, көркем тілмен жеткізілген ой- тұжырымдарды күнделікті өмірде қол-
дана білуге үйрететін тақырыптармен қамтылған.Мысалы : «Адамдар-
дың қарым-қатынасы», «Жүйелі сөз жүйесін табады», «Біз қалай сөйлейміз», «Сөйлеушінің көңіл-күйі мен ішкі сезімі», «Сен қалай жауап берер
едің», «Өтіне білу де өнер» т.с.с тақырыптар берілген.
Бұл факультативтік бағдарлама «Шешендік өнердің әліппесіне»
(Мереке Құлкенов ,Күланда Ерешева «Өлке» баспасы 2010») негізде-
ліп жасалды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - оқушының әдеби тілде еркін сөйлеуі-
не ,жан-дүниесі арқылы қуану, ренжу, кешіру,күлдіру, жұбату,сағы-
ну, қоштасу, қарсы алу,өтіну іс-әрекеттерін тілмен ғана емес,
дауыс ырғағымен, екпінмен, мәнерлі ,жүйелі сөзбен, сыпайылықпен жет-
кізе білуге және сөздік қорларын молайтуға арналған .
«Шешендік өнер» курсының міндеті:
Болашақ ұрпағымыздың сөздік қоры мол жеке тұлға ретінде қалыптасуы-
на әсер ету;
Халық даналығын ,тілдің байлығын ,сезім белсенділігін көрсете білу;
Ұтқыр шешім, тапқырлық,ой-тұжырымдарын көркем тіл арқылы жеткізу;
«Шешендік өнер» курсының мақсаты:
Шешендік өнердің мағынасын оқушыларға анық түсіндіру;
Шешендік сөздер арқылы оқушының сөздік қорын дамыту;
Шешендік сөздерді күнделікті өмірде , қарым-қатынаста қолдана-
тын белсенді сөздерге айналдыру;
Ой-өрісін кеңейтіп, тіл орамын арттыру;
Жақсылықпен -жамандықты, ақ пен қараны жақсыдан үйреніп,жаман-
нан жиренуге тіл арқылы бағыттау.
Сабақтың негізгі жұмыс түрін қолдану:
Әңгіме-дәріс, пікір-талас, талдау, баяндамамен сөз сөйлеу, топпен
жұмыс, эссе, өзара тәжірбие алмасу сабағы.
Қолданатын әдістер:
Зерттеу әдісі, сұрақ- жауап, конференция,баянау, түсіндіру,
топтастыру, әңгімелеу, АКТ, т.б.
Жұмыс түрлері:
Эссе жазу, тест, бес жолды өлең шығару, сырттай саяхат жасау, сөзжұм-
бақ, ребус құрастыру, пікір-сайыс немесе пікіралысу .
Күтілетін нәтиже:
Шешендік өнерді оқыту арқылы сөйлеу мәдениеті мен ой – өрі-
сін, дүниетанымын қалыптастыра отырып дарынды оқушылар-
ды олимпиадалар мен байқауларға және ғылыми жұмыстарға қатыс-
тыруға төселдіру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-“Тіл ашар” Алматы. “Жалын” 1980ж
-“Ұрпағым саған айтам” Ділдә Матайқызы
-“Ұлттық дүниетаным” А.Құралұлы “Өнер”
-“Қанатты сөз қазына” Кеңес Оразбекұлы “Бәрекелді”
баспасы 2010ж
-“Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы,
1-4том Қазақ энциклопедия баспасы ”1998ж
-“Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” Дайк пресс баспасы 2008ж
Күнтізбелік жоспар
Шешендік өнер 1-сынып 34 сағат
|
Реті |
Сабақтың тақырыбы |
Сағ.саны |
Мерзімі |
|
1 |
Адамдардың қарым-қатынасы |
1 |
|
|
2 |
Амандасу. Үнсіз сәлем беру |
1 |
|
|
3 |
Қош келдіңіз |
1 |
|
|
4 |
Маңдайшалардағы суреттер мен жазулар |
1 |
|
|
5 |
Бау-бақша |
1 |
|
|
6 |
Сөз ренжітеді. Сөз күлдіреді. |
1 |
|
|
7 |
Сөз жұбатады |
1 |
|
|
8 |
Қоштасу. Сағыныш |
1 |
|
|
9 |
Таңдану, қуану, ренжу, мұңаю, қорқу |
1 |
|
|
10 |
Кел,санамақ айтайық |
1 |
|
|
11 |
Сөйлейміз және тыңдаймыз.Оқимыз, жазамыз |
1 |
|
|
12 |
Дауыс ырғағы |
1 |
|
|
13 |
Спорт алаңында |
1 |
|
|
14 |
Көңіл-күй |
1 |
|
|
15 |
Алғыс |
1 |
|
|
16 |
Телефон арқылы сөйлесу |
1 |
|
|
17 |
Әдептілік белгісі |
1 |
|
|
18 |
Мәтін. Кім туралы ?Не туралы? Аты-жауабы |
1 |
|
|
19 |
Жұмбақтар |
1 |
|
|
20 |
Теңеу |
1 |
|
|
21 |
Тақырыбы,аты. Кітаптың аты, атауы |
1 |
|
|
22 |
Ат қоя білу де өнер |
1 |
|
|
23 |
Кешірім сұрау |
1 |
|
|
24 |
Кешірім сұрау. Өтіну |
1 |
|
|
25 |
Кешірші. Не үшін? Таныс бейтаныстар |
1 |
|
|
26 |
Ең маңызды сөздер |
1 |
|
|
27 |
Мәтіннің негізі |
1 |
|
|
28 |
Мәтіннің негізі |
1 |
|
|
29 |
Ертөстік туралы ертегі |
1 |
|
|
30 |
Мәтін қалай жазылады? |
1 |
|
|
31 |
Мәтіндегі тыныс белгілер |
1 |
|
|
32 |
Өлеңдегі сөздердің ұйқастығы |
1 |
|
|
33 |
Тілден артық не бар, тілден жаман не бар? |
1 |
|
Күнтізбелік жоспар
Шешендік өнер 2-сынып 34 сағат
|
Реті |
Сабақтың тақырыбы |
Сағ.саны |
Мерзімі |
|
1 |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген