Шешендік сайыс. "Қанеки, тілім,сөйлеші !"Сыныптан тыс іс-шар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шешендік сайыс. "Қанеки, тілім,сөйлеші !"Сыныптан тыс іс-шар

Материал туралы қысқаша түсінік
Шешендік өнерге баулуға арналған іс-шара жоспары. 8-сыныптарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Алатау ауданы №209 мектеп-гимназия









Қанеки, тілім, сөйлеші!

(Шешендік өнер сайысы)



















Қатысушылар:8-сыныптар

Жауапты мұғалімдер: Байсбаева Ғ.Б





Қанеки, тілім, сөйлеші!

(Шешендік өнер сайысы)

Қатысушылар: 8- сынып оқушылары

Мақсаты: Шешендік өнер арқылы қазақ халқының даналығы мен ақылдылығын ұғындыру, ел бірлігін сақтауда бірауыз сөздің құдіреті мен қасиетін түсіндіру.Шешендік сөздердің мәнін түсіндіру арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәбиелеу.

Сабақтың барысы

Шешендік сөздер – терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармашылығы. Ол тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі болып табылады. Шешендік сөз – дүйім жұртын аузына қаратып асыл сөздің өрнегі. Шешендік сөздер – ауызекі айтылу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып бізге дейін келе жатқан өнер. Ел арасындағы шешілмейтін дау – дамайды бір ауыз сөзбен аса шеберлікпен шешіп берген біз ерекше қадірлейтін шешендеріміз Жиренше, Қарашаш, Төлеби, Әйтеке би т. б. Ел болашағын ойлаған от ауызды, орақ тілді шешендерімізден қалған асыл мұрамыз

Негізгі бөлім

І .Кезең. Сұрақ-жауап .

Барлық қатысушалар шешендік өнерге қатысты берілген сұрақтарға жауап береді.Әр оқушыға екі сұрақтан қойылады.

ІІ кезең. Бабалар сөзі-ұрпаққа үлгі. Шешендік сөздерді жатқа айтуы тиіс. Өздері жаттап келген шешендік арнау, толғаулардан үзінділерді мүдірмей жатқа айтуы тиіс.

ІІІ кезең. Мақал-мәтелдер айту. Тақырып беріледі , соған қатысты үш-үштен мақал-мәтел, нақыл сөздер айтуы тиіс.

ІV кезең. Шешендік жұмбақтары шешу кезеңі.

І кезең

Сұрақтар.

1.Қазақтың би-шешендерін нешеге кезеңге бөлуге болады?

ХІІ – ХІІІ ғасыр – Майқы би, Аяз би.

ХІV – ХV ғасыр – Асан қайғы, Жиренше шешен.

ХVІ – ХVІІІ ғасыр – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би



2.Шешендік өнер жайлы ірі-ірі түйіндеулер берілген еңбекті табыңыз.
(Қабуснама)

3. «Шешендік тәлім» еңбегінің авторын көрсетіңіз.
(Квитилиан)

4.Қазақтың шешендік өнері жайлы тұңғыш пікір айтқандар - Шоқан, Абай.

5."Шешен сөз" ұғымын термин ретінде алғаш қолданушы кім? ( Ахмет Байтұрсынұлы "Әдебиет танытқыш кітабында)

6.Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған сөзі

(Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар)

7.«Майқы бидің таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты

( ру атымен)

8.Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған? (Ақарыстан)

9. Майқы би 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді? (Жауға бірінші болып шабатындығы)

10. «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп атаған кім? (Төле би)

11.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»  кезеңі қай биді еске түсіреді?

(Қазыбек би)

12. Әйтеке бидің шын есімі (Айтық)

13. Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? (1) шешендік арнау; 2) шешендік толғау; 3) шешендік дау)

14. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер?» деп басталатын толғау кімдікі? (Асан қайғы)

15.Қазақ пен қалмақ арасын бітістірген би-шешенді табыңыз (Қазыбек би)

16. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендік сөздерге не жататынын анықтаңыз ?(жиындарда және қазіргі уақытта тойларда айтылып жүрген сөздер)

17. Шешендік дау нешеге бөлінеді? ( беске бөлінеді,ар дауы, жесір-жетім дауы, жер дауы,құн дауы, мал дауы)

18. “Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» осы сөзді қай би айтты? (Қазыбек би)

19. Кіші жүзден шыққан 25 жасынан бастап елдің бас биі болған кім? (Әйтеке би)

2- кезең. Мақалдар

А) Салт-дәстүр туралы

Ә) Табиғатқа қатысты

Б) ата-анаға қатысты

В) балаларға қатысты

Г)тілге қатысты

Е) төрт түлік малға қатысты

Ж) Бірлік, татаулыққа қатысты

Е)Еңбек тақырыбы

3- кезең. Жұмбақтардың шешімін тауып көр. (шешендік сөздердің)

1.Жігіттің неше жұрты бар? — деп сұрайды.
— Жігіттің үш жұрты бар деп ойлаймын.

Жауабы:
Қайын жұрты — міншіл,
Өз жұрты — күншіл,
Нағашы жұрты — сыншыл.

2.Қылыштан өткір не бар?

Қылыштан өткір тіл бар.

3. Алыста не алыс?

Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ

4. Жақында не жақын?

Жақында — ажал жақын

5.Өмірде не тәтті?

Жан шығарда адамның өз жанынан тәтті жоқ

6.Не нәрседе үміт жоқ? Барлық нәрседен адам үмітенеді.

Көктемі мен жазы өтіп жапырағы қуарған ағаштай, ұрты солып, жағы суалған кәріліктен ғана үміт жоқ екен.?

7.Жерден ауыр дегенім не?

Жерден ауыр дегенім-ақыл, білім

8.Оттан ыстық деген не?

Оттан ыстық дегенім-адамның өмірі

9. 9.Бұл заманда не жаман?

Бірлігі кеткен ел жаман.

Қорытынды.

Мұғалім сөзі,оқушылар! Біз бүгінгі сабағымыздан ел болашағын ойлаған, от ауызды, орақ тілді шешендерімізден қалған асыл мұралардан көп ой түйдік. Біздің арамыздан болашақта ел болашағын жырлайтын Жыр дүлдүлі атанған Тұрмағанбет те, үш жүздің басын қосқан Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты билер шығатынына сенім мол. Бүгінгі төрт айналым кезеңінде өз білімін танытып, барлық тапсырмаларды жақсы орындап шыққан балаларды бағалайық















Shape1 Shape2













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2024
220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі