Материалдар / Шешендік сөздер. Пікірталас.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шешендік сөздер. Пікірталас.

Материал туралы қысқаша түсінік
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірленді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2023
270
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Біріккен Ұлттар ұйымы және Қазақстан

Бөлім:

Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика.

Шешендік сөздер. Пікірталас.

Педагогтің аты-жөні:

Баялиева А.Ж.

Күні:

09.01.23 ж

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Біріккен Ұлттар ұйымы және Қазақстан

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау

11.2.5.1 - мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру;

Сабақтың мақсаты:

-оқылым мен тыңдалым материалдарының мазмұнын түсініп тыңдайды, оқиды, мәтінді мазмұндайды, түртіп жазудың әр түрлі жолын біледі.орфографиялық норманы түсінеді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3.Оқушыларды топтарға біріктіру.

Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Сұрақтар:

1.Біріккен Ұлттар Ұйымының басты қызметін атай аласыңдар ма?

2.Қазақстан ядролық державаға жата ма?

3.Бейбітшілікті сақтаудың алғышарттарын атаңдар.

Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. («(

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Мұғалім оқулықтағы тапсырманы орындатады.

Бір оқушыға мәтінді оқуға тапсырма береді.

1-тапсырма:

Мәтінді тыңдаңдар. БҰҰ қызметі жөніндегі терминдерге сүйеніп, үзіндіні талдаңдар.

Дескриптор:

-Мәтінді мұқит тыңдайды.

-Негізгі және қосымша мәліметтерді талдайды.

-Пікір алмасады.

Жалпы - 6 балл

Оқулық

11-сынып

Атамұра

Топтық жұмыс

Мұғалім оқушыларға оқулық бойынша тапсырманы орындатады.

Пікір алмасады. Кері байланыс орнатады.

2-тапсырма:

Мәтінді тыңда. «Инсерт» әдісі арқылы мәтіннен керекті ақпаратты түртіп алып, кестені толтырыңдар.

Білемін

Негізгі ақпарат

Мен ойлаймын

Сұрағым

бар






Дескриптор:

-Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды іріктейді.

-Тірек сөздерді ажыратады.

-Ақпаратты түртіп жазады.

Жалпы - 4 балл

Оқулық

11-сынып

Атамұра

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!