Материалдар / Əсет Н. туралы мақала

Əсет Н. туралы мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен мұғалімдердің оқуына болады
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Акимбаева Жанерке Калыхешовна

КГУ «Гимназия №6 г. Семей»


Заманының тұлғасы

Әсет Найманбайұлы – асқақ үнді, әсем ырғақты әндер шығарған сазгерлігіне қоса әдеби қорымызға көркемдігі жоғары мол мұра қосқан ақындығымен де оқшауланатын тұлға. Бұл тұрғыда ол – әлеуметтік ойларын, демократиялық-ағартушылық идеяларын өлеңмен, әнмен таратқан Абайдыңбағытындағы ақын және оның алдын көрген талантты шәкірттерінің бірі.

Әсет Найманбайұлы 1867 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан обылысы Мақаншы ауданындағы Бақты аулында дүниеге келген. Әсеттің ән иен өлеңге әуестігі медреседе оқып жүргенде-ақ байқалады. Жаттау, есту қабілеті аса жоғары болған ол ауылға келген әншінің әнін, жыршының қамын бір естігеннен қағып алатын болған. Әлімғазы деген болыс оның әншілігін , ақындығын білген соң өзінің жанына тартады. Ол Әсетті ер жетіп, айналаға әншілік даңқы шығып, әбден атақты өнерпаз болғанша көз жазбай қадағалайды.

Қоянды жәрмеңкесіне барып, Арқаның ән мектебінен сусындап,оның әсем әндерін Жетісу мен Тарбағатай өңіріне жеткізуші, Біржанның, Ақанның, Құлтуманың әндерін шығыс аймаққа таратушы болады. Әсеттің ақындық мұрасын, яғни поэзиялық шығармаларын үш топқа бөліп қарауға болады. Олар:

  1. өлеңдері

  2. айтыстары

  3. қисса-дастандары

Әсет өлеңдерінің ішінде халыққа айырықша танымал бөлігі- оның ән-өлеңдері.

Барша халық оның басқа өлеңдерін, айтыстары мен қисса- дастандарын көп білмесе де, «Інжу- маржан» ,«Қысмет», «Мақпал», «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Қоңыр қаз» тәрізді әндерін жақсы біледі. Ақынның ән-өлеңдерінің дені жастық шақ, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбына арналған. Сазгер

Ахмет Жұбанов «Әсет шығармашылығының шыңы» деп баға берген «Інжу-маржан» әні-сөзі мен әуені шебер ұштасқан , өзіндік өрнегі, мәнерімен ерекшеленетін қазақ әндерінің ғажап дүниесі.

Өлеңдегі ақынның өзі жайында мағлұмат беруі, өз ерекшелігі, өнердегі, өмірдегі жолы, ата-тегі жайлы баяндау ежелгі дәстүрдегі ақындарға, сал- серілерге тән әдіс. Бұл дәстүрді Әсет те жалғастырған. Әсеттің сөзден бал тамызар шешендігін, суреткерлігін, маржан сөзді нөсерлете төгетін асқақ шабыты мен ақындық қуатын танытатын өлеңдерінің бірі – «Арғынмын, атым Әсет арындаған» деп басталатын өлеңі.

Бұл өлеңде төкпе ақындарға тән шалқар шабыт та,сұлу үйлесімділік те орын тепкен.

Әсеттің айтыскерлігіне тоқталсақ, Әсет пен Ырысжанның айтысы-сипаты жағынан қыз бен жігіт айтысы түріне де, жұмбақ айтыс түріне де жатқызуа болатын айтыс. Айтыстағы дәстүр бойынша, әр ақын өз руының атақты адамдарын, бай- мырзаларын, жер, суын, елін айтып мақтанатын, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсеткісі келетін. Әсет пен Ырысжанның айтысы бұндай көзбояушылыққа жол бермеген.

Ақынның мол мұраларының бірі- қисса-дастандар. Бұл салада әдеби қауымға оның тұңғыш белгілі болған шығармасы - «Евгений Онегин». Абайдан кейін Евгений Онегинді қазақ халқына жеткізу – Әсеттің әдебиет тарихынан үлкен орын алатын еңбегі, қазақ және орыс әдебиетіне қосқан үлкен үлесі десек болады. Біраз дастандарын Шығыс әңгіме – аңыздарының оқиғасынан алып жырлаған Әсет Найманбаев бірінші рет өз дастанының оқиға желісін орыс өмірінен алып жырлаған. Сертке беріктік, уәдеге адалдық – Әсет шығармаларында ең көп жырланған тақырып. Әсет дастандарында махаббат, байлық, мансап, зұлымдық, адамгершілік бірдей қатар орын алып, шытырман оқиғалардың дамуы да, шешілуі де қызықтырып отырады.

Әсет шығармашылығының қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихынан алатын орны ерекше. Оның әуен саздары да, өлеңі де өнерімізге қосылған зор үлес. Өлең сөздерінен Әсеттің арманы, өнер жолындағы өмірі, өкініші мен қуанышы – бәрі, бүкіл жан дүниесі сезіледі. Оның әдеби және музыкалық мол мұрасы халықтың рухани игілігіне айналған, эстетикалық және тәрбиелік мәні зор ұлттық қазына.























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Түгелбаев «Тереңге тамыр тартқан», /Әсеттің аударма өлеңдері/ 1987жыл №7, 47бет

  2. Б.Адамбаев «Алтын сандық», әдеби мақалалар 1989жыл 200бет

  3. Ә.Болғанбаев « Алашқа аты шыққан Әсет ақын» 1991жыл

  4. О.Бекбосынов «Әсет ақын қайда туған?» 1992ж

  5. Т.Құдайбергенов «Ақынды еске алғанда» ,/Әсет ақынның 125 жыл толуына орай/ Семей таңы 1992жыл


ЖИ арқылы жасау
31 Қазан 2018
358
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі