400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Шет тілі сабақтарында оқушылардың дискурсивті құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
дискурссивті құзіреттілікті оқушыларға қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шет тілі сабақтарында оқушылардың дискурсивті құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту



Ғылыми жетекшісі: Багитжанова Ш.С., аға оқытушы,магистр

Шет тілі:екі шет тілі 4 курс студенті Батыргалиева Гулзат

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институты Арқалық, Қостанай, Қазақстан



Аннотация: Компетентность означает способность использовать приобретенные знания и навыки на практике для решения любых практических и теоретических проблем в повседневной жизни.

Annotation: Competence means the ability to use acquired knowledge and skills in practice to solve any practical and theoretical problems in everyday life.

Ключевые слова: компетенстность, индивид, взаимоотношения;

Key words: competence, individual, relationship;

Құзіреттілік ұғымы бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде құзіреттілік ұғымы оқушылардың білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолануы болып табылады. «Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистика ғылымына енгізген американдық ғалым Н.Хомский болатын. Оның пікірі бойынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қарастырады. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша әрі жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз - жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы, алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі. Ғалым Б.Т. Кенжебеков құзыреттіліктің бірнеше түрін ажыратқан болатын. Олар: арнайы құзіреттілік, әлеуметтік құзіреттілік, жеке тұлға құзіреттілігі жәнә дара құзіреттілік. Арнайы құзіреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білуімен сипатталады. Әлеуметтік- кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастыққа қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады. Жеке тұлға құзіреттілігі өзін- өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Дара кәсіби құзіреттілік өзін-өзі басқара білетін тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады. Бүгінгі оқыту жүйесіндегі озық идеялар оқушының дамуына, ерекшелігіне сай бағытталып, педагогтар тарапынан қолдауға ие. Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың аспектілерін көрсетеді:

  • Түйінді құзыреттер;

  • Жалпыланған пәндік біліктіліктер;

  • Қолданбалы пәндік біліктіліктер;

  • Өмірлік дағдылар.

Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға білім алушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады. Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады». Оқушының шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады..

Атап айтканымдай, құзыреттілік - оқушы дайындығының сапасын сипаттайтын жаңа сапалық белгісі. Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде мектеп түлегі оқушыда, яғни жеке тұлғада төмендегі құзыреттіліктер болуы тиіс:
• Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі
• Коммуникативті құзыреттілігі
• Мәдениеттану құзыреттілігі
• Оқу-танымдық құзыреттілігі
• Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі
• Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі
• Ақпараттық -технологиялық құзыреттілігі

Қазіргі таңда шет тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың бойында мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту болып табылады. Яғни оқушылар қарым – қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символдарын білулері керек. Бұл оқушылардың өзге мәдениет өкілдерімен емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.Мысалы, сабақта ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің мәдениеті мен өз елінің мәдениетін қатар қарастыру оқушылардың әлеуметті мәдениеттілік құзіреттілігін дамытуға ықпал етеді. Жалпы коммуникатиті құзіреттілікті дамытуда рөлдік ойындардың орны ерекше. Себебі ойын оқушылардың бір бірімен, мұғаліммен әрекеттесуге деген талпынысын жандандырады және әңгімелесу барысында теңдік шартын тудыру арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы дәстүрлі кедергіні жояды. Рөлдік ойын шет тілінің әлеуметтік қолдануына сезімтал болуды үйретеді. Жақсы әңгімелесуші көбіне тілдік құрылымдарды дұрыс қолданатын адам емес, серіктестердің түскен жағдайын талдап, түсіне алатын және бар мәліметтерді ескере отырып, әрекеттесу үшін ең қолайлы лингвистикалық тәсілдерді қолдана алатын адам болып табылады.



Қорыта келе айтатынымыз, құзырлылық – оқушының іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе. Қазақстанның жаңа білім беру жүйесінде жеке тұлғаны дамытуға, оның қабілетін басқаруға және үнемі жаңарып отыратын ақпаратты өз бетімен меңгертуге деген қажеттілік оқытудың дәстүрлі тұрғысын қайта қарастыруды талап етуде.





Қолданылған әдебиеттер:
1. Левитан, К.М. О соде
ржании понятия "коммуникативная компетентность". Перевод и межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан. Екатеринбург.: Издательство АБМ, 2001. №.2.89-91б

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

3. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005

4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» (ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 маусым
640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі