ШЕТ ТІЛІНДЕ КОММУНИКАТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
№ 14 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі
Досова Турсынай Тлеккабыловна
Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет -тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пiкip алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру. В. Риверс айтып кеткендей, «тілді үйретудің әдістемелерін қабылдаудан бұрын, тіл дегеніміз не?» соны қарастырғанымыз артық, болмас.
«Tіл - ешқашан солмайтын, мәңгі жасарып жайыла түсетін гүл» -деп бейнелеген ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский.
Шет тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді. Әрине соншама уақыт көлемінде оқыту әдістемесі де әр кезде тілдің әр аспектісе көңіл аудара отырып көп өзгерісе ұшырап отырды.
Ғылыми әдістеменің объективті түрде дaмyы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Бұл салада еңбектенген ғалым-педагогтардың ішінде Е.И.Пассовтың шет тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдістемесін атап айтуға болады. Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме.
Ал адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бipiн-бipi түсініп, пікір алыса алады.
Оқушыларды белгілі бip дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, шет тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиic. Өйткені жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бip-бipiмeн байланысып, сөйлем-құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады.
Коммуникативтік әдістеме ең бірінші сабақтан бастап тіл үйренуді тіл ұстартуды талап ететіндіктен, коммуникативтік дегеніміз не, соған тоқталайық.
Коммуникативтік - оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді - ол дегеніміз коммуникативтік әдістемеде «сөйлеу» - тіл дамыту жұмыстарының бip түpi ретінде және қарым-қатынас құралы ретінде үйретудің басты принциптерінің бipi болып табылады деген сөз.
Өкінішке орай көп жағдайда оқушыларымыз актив сөздік қоры мол бола тұра, грамматикалық ережелерді біліп тұрса да, сөздерді бip-бipiмен байланыстырып сөйлей алмай жатады.
Е.И.Пассов айтқандай, мұның себебін оқытудың стратегиясынан іздеу керек. Олай болса тіл үйрететін құралдарымызды коммуникативтік тұрғыдан таңдап-талғап ала білуіміз керек,яғни:
- қай салада оқушылар қарым-қатынаста болуы керек, соны анықтауымыз керек.
- сөздік қоры тіл ұстарту мақсатымен тығыз байланысты болып іріктелінуі керек.
- сөздік жұмысы белгілі бip «Кино», «Дүкен» секілді тақырыптарға байланысты қарастырылмай, белгілі бip әлеуметтік проблемаларды талқылап шешу мақсатында қарастырылуы керек.
- сөйлеуге үйретудің проблемаларды айқындағанда, оқушылар тарапынан караған жөн. – Ал оқушылар өздері ықылас білдіріп, өз өрісмен сөйлеуі үшін олардың өз көзқарастарына, қызығушылығына сай ситуациялық жағдайлар туғыза білуіміз керек. Өйткені сабақта ситуациялық жаттығулар мен ойындарды қолдану арқылы оқушылардың ынтасы мен зейінін арттыруға болады.
Әpбip оқушының бip-бipiмен әңгімелесуі, сөйлесуі үшін, өздері бір-біріне немесе мұғалімге, ата-анасына, бөгде адамдарға сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет. Осы орайда ойын жағдаяттарын пайдаланудың маңызы зор.
Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізу –оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосалқы-қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады.
Ал әлеуметтік қарым-қатынастар мен жағдаяттарға рольдік ойындар негізделетін болғандықтан, рольдік ойын дегеніміз не, енді соған тоқталайық.
Рольдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым-қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытудағы рольдік ойындардың берер көмегі өте көп;
Рольдік ойынның өзіне тән қасиеті - басынан бастап оның «сөйлеу» ретінде жүргізілуі
Сөздің, сөйлемнің тілдік қызметінен ауытқымауы. Оның әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделген көрініс-бейнелердің үлгісі екендігі. Рольдік ойын барысында тілдік серіктестік жұмысының жасанды емес, шынайы түрде жургізілу мүмкіндігі.
Сабақта бip ескеретін нәрсе, жұппен жұмыс барысында рольдік ойынды қолданғанда оқушылардың алдында басты міндет — жұп арасындағы әңгімені өрбітуден басқа да қосалкы-қосымша міндеттердің туындайтындығы. Сол үшін оқушыларды функционалды тіректерді пайдалана білуге үйретуіміз керек.
Жұп арасындағы әнгімені топ ішіндегі әңгімеге өрбітуге мүмкіндік тудыратын функционалды тіректердің моделін қарастырайық.
Пікір алысуға үйрету барысында тіл ұстарту шараларын ұйымдастыруға мысал келтірсек; нашар оқитын оқушы мен жақсы оқитын оқушының арасындағы әңгімені өрбітудің функционалды моделін былай қарастыруға болады.
Жұп мүшелерінің алдына қойылған міндет:
-
Нашар оқитын оқушы түзелгісі келетіндігін білдіріп жақсы оқитын оқушыдан көмек сұрауы керек;
-
Жақсы оқитын оқушы көмектесуге ісімен де, сөзімен де дайын екендігін көрсетуі керек.
Логико - синтаксистік схемаларды сөйлем қурудың немесе сөйлесудің оперативтік негіздерінің біpi деп тануға болады. Оған дәлел: сөйлемдер бет алды кұрылмай, белгілі бip ой жүйесінде үйлесіп жататындығы, және де синтаксистік тұрғыдан қайталанып тұратындығы.
Шет тілінің міндетті курс ауқымында сыныптан тыс жұмыстарда қолданылуы білім берудің практикалық, тәрбиелік, жалпы білімділік, дамытушылық мақсатын іске асыруға септігін тигізетіндігі мәлім. Және де ол оқушылардың міндетті курс барысында білім-біліктілігінің қолдану аясын кеңейтіп, тілдік ортаның кеңейуіне де септігін тигізеді.
Сонымен, коммуникативтік оқыту технологиясының мүмкіндіктерін қарастыру негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады:
Жұппен жұмыс түрімен қоса пікіp алысуға, қарым-қатынас жасауға үйретуде топ ішіндегі жұмыстарды ұйымдастыра білу керек. Өйткені ол:
1. Оқушылардың екеу ара сөйлеу қабілетін арттырады.
2.Оқушылардың өзара қарым-қатынасын күшейтіп, бip-бipiн түсінушілікке үйретіп, ұжым құруға септігін тигізеді.
3. Өзгенің ғана емес, өз iciн де объективті тұрғыдан бағалауға уйретеді.
4. Бip-бipiмен білгенін бөлісіп, сөйлесімдік мүмкіндіктерін арттырады.
5. Оқушылардың оқуға деген талпынысын арттырады.
6.Оқушылардың ұжымдағы беделін, іскерлік кабілетін арттырып, «Осының бәpi мен үшін керек», «Мен не істей аламын?» деген сияқты қағидаларды басшылыққа ала отырып бағыт беруде жеке тұлғанын сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
7.Сабақты түрлендіреді.
Сондықтан шет тілдерін оқытуда коммуникативтік оқыту әдістемесін қолдану - оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан бip-бipiмен дұрыс байланыстырып еркін сөйлей білуіне мүмкіндік тудыратын болғандықтан, бұл әдістемені сабақ, барысында жиі қолданып отыру әрбір мұғалім үшін тиімді .
Коммуникaтивтік оқыту технологиясының мақсаты – шет тілінде пікір алысуды пікір алысу арқылы үйрету, шетел тілі мәдениетін пікір алысу нәтижесінде меңгеру болғандықтан, оны ic жүзінде қолдану мүмкіндіктерін терең, жан-жақты зерттеп, сабақта кең ауқымда қолданып отыру - кажетті әpi міндетті.
-
Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы,97б,2006ж..
-
М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ. Айтбаева «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, №3, 2006 ж.43б
-
Ботағарина.Г«Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім,2006 ж.-6б
-
Г. Шамшырақова «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы»,12-бет, Кәсіптік мектеп, №3, 2007ж..
-
Гүлмира Жұмайқызы, «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер», Білімдегі жаңалықтар №3, 53б, 2006ж..
-
Зимняя И.А., «Психология обучения иностранным языкам в школе».
-
Көшкімбетова С.А., Т.К.Кенжебаев Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру жолдары. Тараз, 2004.-952б.
-
Карпова А.С. "Интернет в подготовке будущих учителей иностранного языка". Иностранные языки в школе.-2002. №4, с73.
-
Кузьмичева Т. Н. "Технические средства в обучений английскому языку". - М. «Просвещение»,2001.- 94с.
-
Пассов Е.И., «Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению»-М.: Просвещение, 1985-64с.
-
Полат, Е.С. "Интернет на уроках иностранного языка". "Иностранные языки в школе", 2001г.,№3, 5с.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шет тілінде коммуникативті оқыту технологиясын қолдану

шағым қалдыра аласыз