400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шетте жүрген бауырлар

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы




Бөлім: Парасат пайымы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: көркем шығармалардан алған үзінділерді қолдану, шығарманы көркемдік ерекшелігіне талдау;

Көпшілігі: көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану, шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау .

Кейбір оқушылар: көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану, шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

































Сабақтың

ортасы































І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түгендеу. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Ат айналып, қазығын табар,

Ер айналып, елін табар.

Халық мақалы(оқушылар мақалдың мазмұнын ашады).

Қазақтың мықтыларының есімі арқылы сабақ тақырыбы болжанады.

  • Бұл суреттегі тұлғалардың біздің сабағымызбен қандай байланысы бар?


  • Қанат Ислам

  • Ибрагим Ескендір

  • Майра Мұхаммедқызы

  • Төлеген Айбергенов

  • Қабдеш Жұмаділов

  • Әділ Сламхан

  • Бұл тұлғалар арасында қандай байланыс, қандай ұқсастық бар?

Болжатудан кейін сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады

ІІІ. Мағынаны тану.

1.Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол;

2.Өз үйім – өлең төсегім;

3.Бірлік түбі – тірлік;

4.Ер туған жеріне,

Ит тойған жеріне.

1-тапсырма. Жоғарыда айтылған мақал-мәтелдердің мағынасын көрсете алатын өлең үзінділерін көрсетіңіз. Оған қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. Осы тұста «Алыстағы ағайыннан, жақындағы көрші артық» мақалына да қатысты ойыңызды айтыңыз. Бұл мақалды қандай жағдайда айтуға, колдануға болады?

Дескриптор:

  • Мақал-мәтелдерге қатысты өз ойларын білдіреді;

  • Мақал-мәтелдердің мағынасын аша алатын үзінділерді өлеңнен табады.

ҚБ

Оқушыларға Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі беріледі, барлығы оқиды, тапсырма орындайды.

2-тапсырма.

«Ойланыңыз» - Өлең желісіне жоспар құру.

«Суреттеңіз» - Шетте жүрген бауырлардың бейнесін суреттеп жазыңыз.

Дескриптор:

  1. Өлең желісі бойынша жоспар құрастыра алады;

  2. Кейіпкер бейнесін суреттей алады;

  3. Өлеңге талдау жасай алады.

ҚБ

3-тапсырма. Өлең үзіндісін көркемдік ерекшелігіне талдау.

2-тапсырма. Төмендегі үзінділердің біреуін таңдап алып, ақын өлеңінің құрылымына, стиліне салып өзіңізше жалғастырып көріңіз.

Атажұрт шақырады тұқымым деп...

Астында өз аспаның, өз туыңның...

Уақытша көрсеңдер де қиыншылық

Қазағың жетті ежелгі арманына...

Дескриптор:

  • үзінділердің біреуін таңдап алады;

  • ақын өлеңінің құрылымына, стиліне салып, жалғастырады.

ҚБ

Оқушылар назары сабаққа аударылады.


Мақалдың мағынасын ашады.







Суреттегі құлғалардың сабақ тақырыбымен байланысын анықтайды.











Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады.






Жоғарыда айтылған мақал-мәтелдердің мағынасын көрсете алатын өлең үзінділерін көрсетіңіз. Оған қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. Осы тұста «Алыстағы ағайыннан, жақындағы көрші артық» мақалына да қатысты ойыңызды айтыңыз.

Өлең желісі бойынша жоспар құрастыра алады;

Кейіпкер бейнесін суреттей алады;

Өлеңге талдау жасай алады.


Өлең үзіндісін көркемдік ерекшелігіне талдау.






Төмендегі үзінділердің біреуін таңдап алып, ақын өлеңінің құрылымына, стиліне салып өзіңізше жалғастырып көріңіз.

Қалыптастырушы бағалау

«Шапалақ» әдісі

«Бір шапалақ» - төмен жауап;

«Екі шапалақ» - жақсы жауап;

«Үш шапалақ» - тамаша жауап.



















Қалыптастырушы бағалау

«Нысана» Схема 1














Қалыптастырушы бағалау

«Нысана» Схема 2

10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/26363/dara-jol-orazaqyn-asqar-aqyn-qr-madeniet-qayratkeri-halyqaralyq-alash-syylygynyn-iegeri-tolyq-nusqa/




Сабақтың соңы


Кері байланыс

Не туралы сөйлестік?

Не туралы жаздық?

Қандай шешімге келдік?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі