Шетте жүрген бауырластарға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шетте жүрген бауырластарға

Материал туралы қысқаша түсінік
Шетте жүрген бауырластарға өлеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

Модуль/пән атауы

Қазақ әдебиеті


Сабақтың тақырыбы

О.Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңі.


Педагог

Мусаева Салтанат


Курс

I-курс


Топ

Аспаз 2-951





Сабақтың өткізілетін күні

2.12.2025ж.






Сабақтың түрі

Теориялық


Сабақтың мақсаты, міндеттері немесе оқыту нәтижелері

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңін талдау арқылы ұлттық патриотизм, туған жерге сағыныш және сөздік-стильдік құралдардың қызметін түсіндіру; сын тұрғысынан ойлауға және дәлел келтіріп жауап беруге үйрету.

Міндеттері

1. Білімділік: Өлеңнің негізгі идеясын, тақырыбын және авторлық ойды анықтау; .

2. Дамытушылық: Оқушылардың мәтінді талдау дағдыларын, пікір білдіру және дәлелдеу қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық бірлік идеясын қалыптастыру; елге деген жауапкершілік сезімін ояту.


Оқу сабақтары барысындағы білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі

Өлеңнің негізгі идеясын анықтап жаза алады.

Проблемалық сұраққа өз көзқарасын дәлелдермен қорғай алады

Топтық талқылауда ұлттық бірлік пен отаншылдық туралы кемінде бір қорытынды тұжырым жасайды.


Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

Оқулық, таратпа қағаздар

Т.Н.Ермекова,Г.Б.Тоқтыбаева,Н,Ә.Дүсіпова;


Техникалық құралдар, материалдар

Оқулықтар,проектортірек конспект, карточкалар, жұмыс парағындағы тапсырмалар


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

(минут)

Оқытушының әрекеттері


Студенттердің әрекеттері

Студенттерді бағалау

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3

4

5

6

1.Ұйымдастыру кезеңі



5 мин

1. Журнал бойынша білім алушылар тізімін тексеру.

2. Білім алушылардың сырт көріністеріне назар аудару.

3. Топқа бөлу :

1-топ. «Атамекен»

2-топ. «Отан»

Топ старостасы оқушылар туралы баяндады.

Студенттер «Team meker» әдісі арқылы 2 топқа бөлінеді


https://www.randomlists.com/team-generator


2.Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

Топқа бөлу

10 мин

«Пазл» ойыны

1.Оразақын Асқар қай жылы дүниеге келді?

1936ж

1935ж

1934ж

2.Оразақын Асқардың туған жері?

Қытай халық Республиасы, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас.

Алматы облысы, Райымбек ауданы

Бастауыш білімді қайдан алды?

Сарыбұлақ мектебінен

Ауыл молдасынан

Елге қай жылы оралды?

1958ж.

1955ж.

Үрімші қаласындағы Ұлттар институтына қай жылы түсті?

1954 жылы

1951 жылы

1955 жылы

1996 жылы ақын ...

Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері болды.

Жазушылар одағы басқармасының мүшесі болды.

"Тәуелсіздіктің 10 жылдығы" медалінің иегері болды.

Қай оқу орнынында білім алды?

Қазақ мемлекеттікуниверситетін

Қ.Сәтбаев атындағы университетін

Абай атындағы университетін

Қай журналда аға қызметкер болды?

"Жалын" журналында

"Парасат" журналында

Алғашқы жеке жинағы қай жылы, қандай атпен жарық көрді?

1962 жылы, "Туған жер"

1964 жылы, "Тұңғыш"

Еңбек жолын қайда бастады?

"Шолпан" журналы редакциясында

"Шыңжаң" газеті редакциясында

"Парасат" журналы редакциясында

" Егеменді Қазақстан" газеті редакциясында

Балалар әдебиетіне қосқан үлесі қандай?

Балаларға арнап өлеңдер жазды.

"Әлем балалар әдебиетінің" қазақ тіліндегі 50 томдығын шығаруға атсалсты.

Ақын қай жылы дүниеден өтті?

2019 жылы

2018жылы.

202жылы.


















































Дескриптор:

-сұрақтарды оқиды

-сұрақтарға дұрыс жауап береді

Жалпы балл: 10балл

Genially

платформа

https://view.genially.com/676bc916cdadad4918c60dbb/interactive-content-jigsaw-quiz
























3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау (10 минут)

5 мин

Мақалдың мазмұнын ашу арқылы жаңа сабақты болжау.

1.Жаңа сабақ тақырыбын баяндау. 2.Сабақтың мақсат мен міндетін баяндау.

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын болжап, жаңа сабақты тыңдауға зейін қояды.

-оқу мақсатымен танысады

-жаңа тақырыпты меңгереді

4. Жаңа материалды

түсіндіру кезеңі (25минут)


25мин

1.Өлеңнің мазмұны

2.Елге оралған қандастар туралы .

3. Қандастардың ел дамуысна қосқан үлесі.


Шетте жүрген бауырластарға

Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсендер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.
Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.
Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
Уақытша көрсендер де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
Қожа боп өз жеріңде өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып.
Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның,
Қандастар қапы қалма, орны бөлек
Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,
Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін.
Бәріміз ұйымдасып көркейтейік
Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.

7сәуір, 1992 ж.

Елге оралған қандастар
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды.
2025 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,9%-ы Қытайдан, 39,2% – Өзбекстаннан, 5,8%  – Моңғолиядан, 5,2% – Түрікменстаннан, 2,8% – Ресейден және 1,1% басқа елдерден.
 Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2%-ды және зейнеткерлер 9,4%-ды құрайды.
 Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8%-ы жоғары білімді, 24,8%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді, және 3% білім жоқ.
 Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
 Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
 Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 841 қандас қоныс аударды.
 Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
 Жыл басынан бері 2 390 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 763 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Ең танымал қандастар

Халифа Алтай - дінтанушы, ғалым, 1917 жылы Шығыс Түркістанның Алтай аймағы Шіңгіл ауданы Жаргаланты өзенінің (қазіргі Моңғолияға қарайды) бойында дүниеге келген. 1991 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қамқорлығымен Халифа Алтай атажұртқа біржола қайтып оралды. 2003 жылы дүниеден озды.
1992 жылы "Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі" атты кітабын Түркиядағы Фахд баспаханасында 800 мың данамен шығарып таратты. Сонымен қатар "Кәләм Шарифді" қазақ тіліне тәржімалады.

Майра Мұхамедқызы - (сахнада Maira Kerey - Майра Керей есімін пайдаланады) (1965 жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келді) қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі "Гранд Операның" қазақстаннан шыққан жалғыз тұңғыш әнші.
Шұғыла Сапарғалиқызы - Қазақстан  Президентi Ұлан оркестiрiнiң бишiсi, Астанадағы Күләш Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балетмейстерi, Қытай елiнiң ең жоғары дәрежелi бишiсi.  Би әлемiне өзiндiк шұғыла шашқан қазақтың нәп-нәзiк, талдырмаш қызы ҚХР Iле Қазақ автономиялы облысының орталығы Құлжа қаласында дүниеге келген.
Қанат Ислам - боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. 1984 жылы ҚХР-дың Алтай аймағының Қаба ауданында дүниеге келген.  2010 жылы тарихи Отаны - Қазақстанға көшіп келді. Қазақстандық "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі.

Шавкат Бақтыбайұлы Рахмонов (23 қазан 1994 жыл дүниеге келген, Шурчи, Өзбекстан) — жартылай орта салмақта UFC демеушілігімен өнер көрсететін қазақ аралас жекпе-жек шебері. Кіші жүздің Алшын руының Шекті руынан шыққан. Бұрынғы жартылай орта салмақтағы M-1 чемпионы. Ол UFC жартылай орта салмақтағы ресми рейтингінде 2-ші орында тұр.



Жаңа сабақты түсінеді


https://youtu.be/BjHj07VGfCg



Слайд

Оқулық


5. Жаңа материалды бекіту кезеңі

(30 минут)






  1. мин

1–тапсырмы.Жұптық жұмыс. «Сәйкестендіру » әдісі. Негізгі айтар ойды мақалмен түйінде.



2. Жеке жұмыс «Ойлы болсаң, озып көр»әдісі. "Шетте жүрген бауырластарға "өлеңін оқып, құрылымына талдау жасау.





3-тапсырма. “ ” Топтық жұмыс. Шығармашылық тапсырма. Шетте жүрген қандастарға өлең не хат түрінде үндеу жазыңыз.



4-тапсырма. “Ойлан,тап” ойыны





5-тапсырма. «Шын немесе Жалған» ойыны

1."Шетте жүрген бауырларға " өлеңінің авторы Т.Сұлтанбеков.

2. Өлеңнің тақырыбы білім, ғылым туралы

3. Өлең 6 шумақтан тұрады

4. Өлеңде автор шетте жүрген қандастарымызды туған жерге шақырады.

5. Шығарманың жанры-поэзия (арнау)

6. Өлеңнің тақырыбы- Атамекен

7. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды.

8.Елімізге оралған қандастардың 45 %-ы Монғолия мемлекетінен

9.Халифа Алтай - дінтанушы, ғалым.

10.Шұғыла Сапарғалиқызы-Париждегі "Гранд Операның" қазақстаннан шыққан жалғыз тұңғыш әнші.

11.Майра Мұхамедқызы - (сахнада Maira Kerey - Майра Керей есімін пайдаланады) (1965 жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келді) қазақтың ең атақты опера әншiсi

12.Шавкат Бақтыбайұлы Рахмонов (23 қазан 1994 жыл дүниеге келген, Шурчи, Өзбекстан) — жартылай орта салмақта UFC демеушілігімен өнер көрсететін қазақ аралас жекпе-жек шебері


13Ш.Рахманов - боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері.

14.Оразақын Асқар Қытай елінен оралған қандас

15.Өз елім -өлең төсегім мақалы батырлықты білдіреді.

16.Қандастар елдің дамуына үлкен үлес қосты.

Жұптасып жұмыс орындайды.







Жеке тапсырма орындайды.















Топпен тапсырма орындайды.

















Түстерді оқиды.



Сұрақтарға жауап береді?









.

















Сұрақтардың шын немесе жалған екенін анықтайды.






Дескриптор:-Өлең шумақтарын оқиды;

-Негізгі айтар ойды мақалмен түйіндейді.

Жалпы:10балл




Дескриптор: - :
-Авторын, тақырыбын, жанрын, идеясын анықтайды;
-Шумақ, тармақ, бунақ. буын санын есептейді;
- Ұйқас түрін табады.
Жалпы балл:10





Дескриптор:

-Тірек сөздерден шетте жүрген қандастарға арнап өлең не хат түрінде үндеу жазады.

Жалпы балл:20















Дескриптор:

-Сұрақтарды оқиды;

-Жауыбын табады.

Жалпы:10 балл







Дескриптор:

-сұрақтарды оқиды

-шын немесе жалған екенін анықтайды

-жауабын тексереді

Жалпы:10 балл






Слайд

Таратпа қағаздары.















слайд

Оқулық

Таратпа қағаздары.















































https://www.educaplay.com/learning-resources/26966299-learning_resource.html





Слайд

https://view.genially.com/676c30e079aacc626e104032/interactive-content-true-or-false-quiz

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі

2 мин

Өлеңді мәнерлеп жаттап келу.

Үй жұмысын түсінеді.


7.Сабақты қорытындылау және рефлексия

5 мин

Білім алушыларды бағалау.

Додокаэдр арқылы кері байланыс жасау.

Киіз үй әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.



Рефлексия жүргізеді



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі