Ғылыми мақала
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Шетел тілі: 2 шет тілдері мамандығының
3-курс студенттері: Бекова Сабира Балтабаевна
Санибаева Айнур Калыбековна
Ғылыми жетекші: Нуралы Альбина Бакыткызы
Шеттілдік білім беру әдіснамасы
Шет тілі пәні – оқушылардың мәдени баюы, олардың диалогтық өзара әрекеттесу тәжірибесін, шетел тілінің көмегімен білімнің әр түрлі салаларында алдағы өз бетімен білім алуға қабілеті мен дайындығын игеруі жүзеге асатын, "шетел тілі" пәнінің мазмұны және құралдарымен оқыту, тәрбиелеу және дамытудың біртұтас, арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдерісі.
Шеттілдік білім беру құндылық ретінде үш деңгейде: коммуникативті қарым-қатынастар мен коммуникативті мінез-құлықтардың мәні мен мағынасын ашатын құндылықтар-қатынастар деңгейінде; мәдениеттану, елтану және лингвоелтанушылық білімнің мәні мен мағынасын ашатын құндылықтар-білім деңгейінде; жеке, тұлғалық, коммуникативті, мәртебе-позициялық және оқушының басқа да қасиеттерінің мәні мен мағынасын ашатын құндылықтар-қасиеттер деңгейінде қарастырыла алады.
Шеттілдік білім берудің құндылықты негіздері ретінде төменде аталған жағдайлардың жиынтығы көрінеді. Бұл жерде шет тілі: тіл мәдениетті тудыру, дамыту, сақтау және көрсету құралы болғандықтан, халықтың рухани қасиеттерін, оның мәдениетін көрсететін белгілі бір дүниетанымды бекітетіндіктен, мәдениет феномені ретінде; мәдениеттің ұлттық-ерекше компоненттерінің ішінде біріншісі болғандықтан, лексика, грамматика, идиоматика, фольклор, көркем және ғылыми әдебиетте, сөйлеудің ауызша және жазбаша формаларында мәдени құндылықтарды сақтайтындықтан, мәдениет элементі ретінде; әр шетелдік сөз шетелдік әлемді және шетелдік мәдениетті көрсететіндіктен, соның нәтижесінде түйісетін мәдениеттер мен тілдер арасында өзара әрекеттесу және өзара ықпал ету кеңейе түсетіндіктен, "мәдениеттер қиылысы" ретінде; ақпаратты, өзге халықтардың мәдени мұрасын беру амалы, әлеуметтік тәжірибе тұрғысынан алынған адам мәдениетіне қосылу құралы болғандықтан, мәдениетті көрсету құралы ретінде қарастырылады.
Шеттілдік білім беру шетел тілі құрал ретінде көрінетін келесі құрамдас бөліктердің бірлігі болып табылады: тұлға тек тілдесіп қана қоймай, сонымен қатар талдап, әлем мен онда болып жатқан үдерістерді терең түсінетін, өз пайымдауларын бағыттап және өз санасының әлемін құрастыратын ойлау құралы; зерделілік, білімділік, мәдениеттілік, толеранттық, өзін әлем азаматы ретінде сезіну, басқа біреудің қайғысына уайымдау, барлық халықтардың ерікті құқықтарын тану сияқты тұлғалық қасиеттердің артуын біріктіретін адамгершілікті дүниетанымы бар адамды тәрбиелеу құралы; шеттілдік құралдармен шешілетін сөйлеу-ойлау тапсырмаларының тұрақты күрделенуі арқылы қол жеткізілетін тұлғаны дамыту құралы; барысында мәдени тәжірибе меңгеріліп, жинақталатын, тұлғаның әлеуметтенуі, адамның қоғамға кіруіне жағдай жасайтын мәдениетаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін тілдесу құралы.
Шеттілдік білім беру жеке тұлғаның жаңа психикалық үдерістері мен қасиеттерінің қалыптасуында зор маңызы бар танымдық, құндылықты-бағдарлы, коммуникативті, эстетикалық, олай болса қайта жасаушы қызмет ретінде қарастырылады.
Шеттілдік білім берудің нәтижесі болып сәйкес құзыреттердің жиынтығы табылады: коммуникативті – қызметтің белгілі бір саласы шеңберіндегі тілдесу жағдаяты мен мақсатына сәйкес оқылатын тіл құралдарымен сөйлеу әрекетін жүзеге асыра алу қабілеті; адамның мәдениетаралық қарым-қатынасқа тиімді қатыса алу қабілетінің қалыптасқандығының көрсеткіші болып табылатын мәдениетаралық құзырет; өзге мәдениет көріністері саласындағы ауқымды білімді, елдің реалиялары мен салт-дәстүрлерін оқып үйренуді, шеттілдік мәдениетаралық тілдесу жағдайларында өз елін, оның мәдениетін таныстыра алу шеберлігінің қалыптасуын болжайтын әлеуметтік-мәдени құзырет; шетел тілдерін меңгеру бойынша оқу қызметін жетілдіруге, оның нәтижелілігін жоғарылатуға, оқылатын тілді білім алуды жалғастыру және өз бетімен білім алу мақсатында қолдануға мүмкіндік беретін оқу-танымдық құзырет.
Шеттілдік білім берудің нәтижесі тілдік тұлғаның қалыптасуы болу керек. Бұл жердегі тілдік тұлға – тұлғаның дамуы, оның мәдениетінің қалыптасуына себеп болатын адамның мәдениетаралық деңгейдегі шеттілдік тілдесуге қабілеттерінің жиынтығы болып табылады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді түйіндей келе, шеттілдік білім беру – бұл оқушыларды "шет тілі" пәнінің мазмұны мен құралдарымен оқыту, тәрбиелеу және дамытудың біртұтас педагогикалық үдерісі; жеке тұлғаның жаңа психикалық үдерістері мен қасиеттерінің қалыптасуында зор маңызы бар танымдық, құндылықты-бағдарлы, коммуникативті, олай болса қайта жасаушы қызмет; оқылатын тіл елінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері туралы білім алу «Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №2-3(23), 2018 ж. құралы, дамыту және тәрбиелеу, еңбек, таным және тілдесу субъектісі ретіндегі дамушы және қалыптасушы тұлғаға әсер ету құралы; оқылатын тіл елінің мәдениеті туралы білімді адамгершілікті-эстетикалық сенімдерге, рухани өмірдің нормалары мен ұстанымдарына, шығармашылық қызметтің қабілеттері мен икемділіктеріне қайта жасауға жағдай жасайтын әлеуметтік-мәдени ағарту, ал шеттілдік білім берудің нәтижесі болып мәдениетаралық, әлеуметтік-мәдени, коммуникативті және оқу-танымдық құзыреттіліктердің жиынтығы табылады – тұлғаның дамуы, оның мәдениетінің қалыптасуы, шетел тілінің көмегімен білімнің әр түрлі салаларында алдағы өз бетімен білім алуға қабілеті мен дайындығының дамуына себеп болатын мәдениетаралық тілдесу жағдайларында адекватты өзара әрекеттесуге қабілеті мен дайындығы [5, 17-20 б.].
Еліміздегі шеттілдік білім берудің дамуының жалпы стратегиясы, мақсаттары, міндеттері, деңгейлері, мазмұны мен негізгі бағыттары профессор C.С. Құнанбаеваның жетекшілігімен құрастырылған «Қазақстан Республикасының шеттілдік білім беруінің дамуы концепциясы» атты ғылыми-практикалық, әдіснамалық құжатында анықталған [6]. Сонымен қатар, аталған концепцияның түбегейлі қағидалары, шетел тілдеріне оқытудың заманауи концепциялары мен теорияларын талдау нәтижелері, шеттілдік білім берудің когнитивтік-лингвомәдени әдіснамасының негіздері профессор C.С. Құнанбаеваның «Заманауи шеттілдік білім беру: әдіснама және теория» монографиясында ұсынылған. Бұл монографияда ұғымдық-категориялық құрам жаңарған әдіснама қырынан қарастырылып, шеттілдік білім берудің қазақстандық үлгісі ретінде құрастырылған мәдениетаралық қарым-қатынастық теорияның концептуалдық негізі баяндалған, ғылыми танымының нысаны «тіл-мәдениет-тұлға» пәнаралық құрылымы болып табылатын «шеттілдік білім беру» ұғымының зерттеу және иелену пәні ретіндегі кіріспесі негізделген, мәдениетаралық қарым-қатынас теориясының құрастырылған отандық нұсқасын енгізудің теориялық-практикалық нәтижелері ұсынылған [4].
4. Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного образования. – Алматы, 2010 – 344 с.
5. Ветчинова М. Н. Теория и практика иноязычного образования в отечественной педагогике второй половины XIX - начала XX века: автореф. дис. ... д-ра пед. наук: 13.00.01 / Ветчинова Марина Николаевна; Курский гос. ун-т. - М., 2009. - 51 с.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз