Сезім мүшелері және анализатор.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сезім мүшелері және анализатор.

Материал туралы қысқаша түсінік
Анализатор туралы түсінік қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сезім мүшелері және анализаторлар.

Мектеп 19М.Мақатаев ЖОМ.


Күні:02.12.2017ж.

Мұғалімнің есімі: Г.Тукоякова. Пәні.Биология.


Сынып: 8 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны :


Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сабақ мақсаттары.













Анализатор туралы түсінік қалыптастыру, қоршаған ортаны қабылдауда сезім мүшелерінің маңызын түсіндіру



Барлық оқушылар. «Анализатор» ұғымының мағынасын,сезім мен қабылдаудың адам өміріндегі маңызын біліп,бұрынғы білімдерін жинақтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі.Сезім мүшелерін жіктеп, адам өмірін қоршаған әлемді танудағы рөлін түсініп,топтық жұмыста ойларын дәлелдеу,пікірін білу барысында диалогқа түсе алады.

Кейбір оқушылар.сезім мүшелерін ажырата біледі,толық сипаттап береді

Бағалау критерий








Барлық оқушылар. «Анализатор» ұғымының мағынасын,сезім мен қабылдаудың адам өміріндегі маңызын біліп,бұрынғы білімдерін жинақтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі.Сезім мүшелерін жіктеп, адам өмірін қоршаған әлемді танудағы рөлін түсініп,топтық жұмыста ойларын дәлелдеу,пікірін білу барысында диалогқа тесе алады.

Кейбір оқушылар.сезім мүшелерін ажырата біледі,толық сипаттап береді.


Тілдік мақсат.

Оқушылар.

1.Жаттығу жасайды.

2. Сезім мүшелерін зерттеп, ғылыммен танысады.

Талқылауға арналған сұрақтар.

1. Анализатор дегеніміз не.

2. Анализатор қандай бөліктерден тұрады.

3. Неліктен кез келген анализатордың қалыпты жұмыс атқаруы үшін оның барлық құрамдас бөліктерінің болуы қажет.

Құндылықтарға баулу.

Денсаулық,достық,қамқорлық құндылықтарын дамыту.

Пән аралық байланыс.



Алдыңғы оқу.


География,



Жүйке жүйесі.

Сабақ барысы.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері.





Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері.

Сабақтың басы.





















































Сабақтың ортасы.25минут.Жаңа сабақты оқушылардың өз беттерімен меңгерулеріне жағдай жасау.

Сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Олардың зейінін сабаққа аудару.

« Сенсорлық жүйе » тапсырмасы.

. Мына кеспе қағаздардан араласып кеткен мүшелерді жүйесіне қарай жіктейміз: құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы, кірпік , мұрын қуысы, тіл, иіс сезу бадамы, дабыл жарғағы, қабақ, мұрын қалқандары, тері, тәтті,дыбыс сүйекшелері,

иіс сезу жүйкесі, қарашық, тіл бадамшасы, кеңсірік, ақ қабықша, есту жүйкесі, ащы, торлы қабықша, тұзды, ұлу дене, миға баратын иіс сезу жүйкесі.

        Осы тапсырмаларды үш топ жеке-жеке сезім мүшелеріне, құрылысына қарап жіктейді. (яғни сезім мүшелеріне не жататынын сипаттап береді)

 

1. Көру мүшесі.

2. Есту м үшесі.

3. Иіс және дәм сезу мүшесі.

Үй тапсырмасын пысықтау үшін Зымыран сұрақтар.

1. Адамның миы қайда орналасқан (баста).

2. Салмағы қанша.(1300-1400г)

3. Адам миы қанша жасқа дейін өседі.(20-жасқа )

4. Ми қанша бөлімнен тұрады.(5аралық ми,ортаңғы ми,артқы ми,сопақша ми,мишық).

5. Жұлын қайда орналасқан.(омыртқа жотасының өзегінде).

6. Оның диаметрі.(1см).

7. Рефлекс дегеніміз не.(орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және бақыланатын,тітіркендіруге жауап реакциясы).

Дескриптор.

-Барлық сұрақтарға толық жауап бере алады.3б

-Сұсақтарға жартылай жауап берсе.2б

-жауап бере алмаса 0б

«Сезім жағалауы»  тапсырмасы

         Үш топқа үш қобдиша беріледі. Қобдишаға түрлі заттар салынған. Оқушылардың көзі орамалмен таңылады да заттарды қолмен ұстап, иіскеп жіктеп атын атайды. Қобдишадағы заттар: бор, алма, иіс су, мақта, темір, спирт, т.б. Оқушылар сипап сезу, иіс сезу мүшелерінің көмегімен заттарды тану қабілетін көрсетеді.

Топпен жұмыс.Постер қорғау. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі.

1топ «Көздің құрылысы мен қызметі»

2топ «Құлақтың құрылысы мен қызметі»

3-топ «Дәм сезу және сипап сезу анализаторы» тақырыптары бойынша мәлімдеме жасайды.

Дескриптор.

-Сезім мүшелерін толық ажыратып,мысалдар келтіре алады.3б

-Сезім мүшелерін жіктеп бере алады.2б

-Жартылай мәлімет бере алады.1б

Мұғалім түсіндірмесі.Оқушыларға жаңа мәлімет беру.

Слайдпен жұмыс.



Зерттеу.Ауруханаға барлық мүшелердің зақымдануымен, барлық сезім мүшелері мен сезімталдықты жоғалтқан әйел жеткізілді. Ол қоршаған ортаны тек бір қолымен ғана сезген.



Сабақ соңы.

« Жедел тест»әдісі.

  1. «Анализатор» түсінігін алғаш ХХ ғасырдың басында орыс ғалымы кім ұсынды?

А) И.П. Павлов   В) Н. И. Пирогов    С) И. М. Сеченов   Д) И. И. Мечников

  1. Шүйде аймағында қандай анализаторлар орналасқан?

А) есту            В) көру           С) дәм сезу        Д) иіс сезу

  1. Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден неше % ақпарат ала алады?

А) 70 %           В) 80 %           С) 85%                Д) 90%

  1. Қарашықтың артқы жағында екі жағы дөңес линза тәрізді не орналасқан?

А) ақ қабық         В) тамырлы қабық    С) көзбұршақ          Д) тор қабық

  1. Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы қай мүшеге жатады?

А) ортаңғы құлақ     В) сыртқы құлақ     С) ішкі құлақ    Д) есту сүйекшелері

  1. Бұл қорғаныш реакциясы, қауіппен күресуді жеделдетудің маңызды сигналы

А) ауырсыну         В) сипап сезу         С) тері сезімі     Д) бұлшық ет сезімі

  1. Тілдің ұшы ……….сезеді?

А) тұзды       В) тәтті            С) Қышқыл           Д) Ащы

  1. Омыртқа жотасы мен қабырғалар, төс сүйегі қай қаңқаға жатады?

А)  бас          В)  кеуде            С) тұлға            Д) иық

9.Арқа омыртқа саны

А) 7           В) 5          С) 4-5         Д) 12

10.Екі жауырын мен екі бұғанадан тұратын белдеу

А) кеуде     В) Иық         с)көкірек.



















7-тапсырма «Құпиялы сурет (жеке жұмыс)

1.Суретте қандай сезім мүшесу берілген?

2.Осы анализаторлардың бөліктерін атаңдар.

3.Қандай анализаторлармен байланысты?

4.Бұл сезім мүшесі қандай жағдайда сезімтал?





Оқулық, дәптер



Саралау

-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау

15-14 ұпай- «5»

13-11 ұпай –«4»

10-7 ұпай –«3»





Химия

Медицина

География

Сөздерді, сөйлемдерді оқыту

Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды мадақтау арқылы бағалау (ауызша)

Музыка

Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердің бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқуды да оқытуды да ескеріңіз)

1.



2



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.



2.



Менің алдағы сабақты жетілдіруге көмектесетін ұсынысым:















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2018
1492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі