Сезім тәрбиесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сезім тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сезім тәриесі әр түрлі: ақыл – ой, эстететикалық, елжандылық, дене, адамгершілік т.б. тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады..
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың сезім тәрбиесі.

Талдықорған қаласы

Өтенай ауылы

12 «Байтерек» бөбекжайы

Донбаева Б.А.

Мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын тәрбие түрі – сезім тәрбиесі. Сезім тәриесі әр түрлі: ақыл – ой, эстететикалық, елжандылық, дене, адамгершілік т.б. тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады.. Соған байланысты сәзім тәрбиесін мектепке дейінгі педагогиканың құрамды бір бөлігі деп айтуға болады. Сезім тәрбиесі алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру, есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес, қиял, ойлау, пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көру не есту керек.

Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету – қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.

Балабақшада бала сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, қарапайым математикалық ұғымдармен жазу негіздерін меңгере бастайды. Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала ден шынықтыру оқк қызметінде қимылдарды қайталай алмайтын жағдай болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Музыкант, суретші, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жежетін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.

«Сенсорлық мәдениет» ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға     М.Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді. Баланың сенсорлық мәдениеті – адамзат жасаған сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі. (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар).

Бала өмірде де заттардың алуан түрлі пішіндері, түстері және басқа қасиеттерімен, әсіресе ойыншықтар және тұрмыстық заттармен кездеседі. Ол өнер туындыларымен де танысады: музыка, жазба өнері, скульптура. Әр бала мақсатты бағытталған тәрбиелеусіз осының бәрін қабылдайды. Мұнда адамзаттың сенсорлық мәдениетімен жоспарлы таныстыратын сенсорлық тәрбиелеу көмекке келеді.

Әр жаста сенсорлық тәрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады, сенсорлық мәдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады.Үш жастағы балалар қарапайым өнімді әрекеттерді орындай алады  (мозаика құрастыру, құрылыс материалдарынан қарапайым заттарды жинау). Бірақ ол кезде олар көрген заттар мен  қолданылатын материалдардың қасиеттеріне аса назар аудармайды, өйткені олардың маңызын түсінбейді және оған назар салмайды. Сондықтан балаларды қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету кезінде, әр бала пішін, көлем, түс – заттардың тұрақты белгілері екендігін ұққан жөн. Үш жас кезінде балаларды сенсорлық тәрбиелеудің дайындық кезеңі аяқталады және ары қарай олардың сенсорлық мәдениетті жүйелі меңгеруді ұйымдастыру басталады.

Ұсынылған жүйе көмегімен жүзеге асырылатын сенсорлық тәрбиелеудің  әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту (сурет салу, т.б.) кезінде жүргізілетін сенсорлық тәрбиелеумен байланысы туралы мәселе маңызды болып табылады. Әрекеттің өнімді түрлері баланың үш жасында қалыптаса бастайды, бірақ осы жаста оқыту маңызды орын алмайды. Сондықтан ерте жастағы балаларға өнімді әрекетті және сенсорлық тәрбиелеу бойынша дидактикалық ойындар мен жаттығуларды шектеудің мағынасы жоқ. Балалар ойын тапсырмаларды орындау арқылы ғана өздеріне сенімділік, батылдылық пайда болады.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2021
565
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі