400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Колледж басшысының оқу

ісі жөніндегі орынбасары

___________Аюпова.Н

«____»______________2025ж



«Бейнеу гуманитарлық колледжі» МКҚК


Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы: Эмоциялар мен сезімдер

Модуль/пән атауы: Психология

Дайындаған: А.Өтесінова

Күні: «7» қараша 2025ж

1.Жалпы мәліметтер:

Курс,топ: ҚтБ-23

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы

2. Мақсаты: Эмоциялар мен сезімдердің, мазмұнын түсіндіру

2.1.Күтілетін нәтиже: Эмоциялар мен сезімдер туралы ұғымды сипаттай алады

3.Қажетті ресурстар: Жалпы және балалар психологиясы. С.Нұржанова. Астана-2016

4.Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ой қозғау әдісі топтық жұмыстар

5.Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (3-5мин) Сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсыралар мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бағалау критерйилері: Сұрақ-жауап

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік


Сезім – бұл өте күрделі, тұрақты қалыптасқан адамның қатынасы, жеке тұлғаның белгісі. эмоция - өте қарапайым көңіл-күйді білдіреді, Сезім эмоциялар арқылы байқалады. Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер тек адамдарға ғана тән болады. Жануарларда сезім болмайды, оларға эмоцияның қарапайым түрлері тән.

Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре,еңбек ете,күресе отырып,осындай көптеген әсерлерді бастан кешіреді.Өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін сезім (немесе эмоция) деп атайды.


Сезімдер — өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қогамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісінс: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.6. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.

Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі — жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырада. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажст.

Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктсрінс, дүниеге көзқарасы мен мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар — белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамныц органикалық қажеттерінің өтселу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кірсді.

Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күші адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.02.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12