жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Симметрия дегеніміз не?" көркем еңбек пәні
|
Сабақтың тақырыбы: Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не? |
Мектеп |
||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
|
СЫНЫП: 3 |
Қатысқан оқушылар саны |
Қатыспағандар |
|
|
Оқу мақсаттары |
Жанды табиғатқа деген сүйіспеншіліктері мен қызы- ғушылықтарын ояту. Табиғаттағы әртүрлі құбылыс- тарды түсінуге ықпал ету. |
||
|
Бағдарламалық міндеті |
3.2.1.1 3.2.3.1 |
||
|
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: «жанды табиғат» түсінігімен, таби- ғаттағы әртүрлі нысандармен, табиғаттағы симметрия құбылысымен таныстыру. Екі жағы бірдей симметриялы бейнелер жасап үйрету. Оқушылардың шығармашылық міндеті: әртүрлі тәсілдермен симметриялы бейне жасау. №1 жұмыс дәптерінің 3–5-беттеріндегі тапсырмаларды орындау. |
||
|
Оқушылардың міндеті |
«Жанды табиғат» терминінің мағынасын түсіндіре білу, табиғат нысандарын суреттеу. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру. Табиғат басты суретші екенін дәлелдеу. Екі жағы бірдей симметриялы құбылысты түсіндіре білу. Тірек сөздер: табиғат, жанды табиғат, жанды табиғат нысандары, екі жағы бірдей симметрия, симметрия осі.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: 1. Табиғат дегеніміз не? Жауап. Табиғат – адамды қоршаған орта. Табиғатты адам жасаған жоқ, ол ұзақ даму нәтижесінде пайда |
||
|
|
болды. Теңіз, мұхит, өзен, тау мен тас, шөл дала, өсімдіктер мен жануарлардың бәрі табиғатқа жатады.
нысандары – микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар және адамның өзі.
туындыларынан көріп жүргеніміздің бәрі табиғаттан алынған.
Жауап. Кез келген заттың оң жағы мен сол жағы сәйкес келсе (бірдей болса), екі жағы бірдей симметрия деп аталады.
Жауап. Симметриялы бейнені монотипия тәсілімен, екі бүктелген қағазды қию арқылы жасау оңай. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: жанды табиғат дегеніміз не екенін, оған нелер жататынын біледі. Жанды және жансыз табиғат нысандарын ажыратып, симметрия құбылысын түсіндіре алады. |
||
|
Оқушылардың көпшілігі: табиғаттың әсемдігін түсі, пішіні, сызығы арқылы суреттеп, тәсілдердің бірін таңдап, симметриялы бейне жасай алады. |
|||
|
Кейбір оқушылар: бірнеше тәсілмен симметриялы бейне жасай алады. |
|||
|
Бұрын алған білімдері |
Сенің айналаңдағы түстер. 1-сынып. Жануарларды бейнелейміз. 2-сынып. |
||
|
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу. Оқушылар табиғатты бейнелеу барысында жаратылыстану сабақтарынан меңгергендерін пайдаланады. Шығармашылық шабыттарын арттыру үшін №2 қосымшадағы 1-тақы- рыпқа арналған өлеңдерді оқиды. |
||
|
Сабақтың барысы |
|||
|
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Дереккөздер |
|
|
Сабаққа кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығар- машылық жағдай жасау. Мұғалім жанды табиғаттың не екенін еске түсірулерін сұрайды. Табиғат суреті бейнеленген фотосуреттерге қарап, жанды табиғат ны- |
Суретшілердің жан-жануарлар мен өсімдіктерді бейнелеген гра- |
|
|
|
сандарын атауды, жанды табиғат нысандары қандай сипаттарға ие екенін еске түсіруді ұсынады. Фотосуреттерді қарау барысында оқулықтағы «Табиғатты неліктен шебер суретші дейді?» сұрағына жауап беріп, оны дәлелдеуді тапсырады. |
фикалық және кескіндеме жұ- мыстары. |
|
Алған бі- лімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жет- кізу |
Мұғалім оқушылардың зейінін көркем еңбек саба- ғында жанды табиғатты меңгерудің өзіндік ерекшелік- тері бар екеніне аударады, дәлірек айтқанда, оқушы- лар табиғаттың әсемдігіне, оны байқап, сүйсінуге үй- реніп, суретші табиғатқа қарап көргенін бейнелейтінін түсінулері керек. Мұғалім одан әрі табиғаттың құпиясы көп екенін, со- лардың бірімен бүгінгі сабақта танысатындарын ай- тады. Алдымен табиғаттың тамаша суретші екеніне көз жеткізіп алайық. Оқушылар бірнеше суретті қарап шығып, табиғаттың нағыз суретші екенін дәлелдесін. |
Оқулық.
Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме жұ- мыстарының ре- продукциялары. |
|
Материал- ды түсіндіру |
Мұғалім «Симметрия дегеніміз не?» тақырыбымен таныстырады. Тақырыпты оқулық бойынша түсіндіре отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятады. Сабақты түсіндіру барысында фотосуреттерді көрсетеді және тақтаға симметриялы бейнені сызады. Оқушылардан кез келген затты мысалға алып, симметрия құбылысын көрсетуді сұрайды. Симметриялы бейнені салу оңай емес екенін, ол үшін сызғышты пайдаланып, үнемі өлшеп отыру керегін айтады. Ал екі жағы бірдей симметриялы бейнені қалай салуға болады? Балалардың жауабын тыңдап, оларды дұрыс жауап беруге талпындырады: симметриялы бейнені монотипия тәсілімен, сондай-ақ екі бүктелген қағаз парағын қию арқылы орындаған жеңіл. |
Оқулық, 6–7, 12– 13-беттер. Тәсілдердің бірін пайдаланып, сим- метриялы бейне жасап көрсету (монотипия, екі бүктелген қағазды қию). |
|
Өздік жұмысты орындау |
Табиғат нысандары бойынша сұрақтарды қарастыр- ғаннан кейін, оқушылар жұмыс дәптерінің 3-бетіндегі тапсырманы орындайды. Екі жағы бірдей симметриямен танысып, 4–5-беттер- дегі тапсырмаларды орындайды. Мұғалім жеке-дара кеңес береді, оқушыларға қажет жерінде көмектесіп, қателері болса түзетеді. |
Жұмыс дәптері, түсті қарындаштар не фломастерлер. |
|
Сабақтың қорытын- дысы |
Орындалған тапсырмаларды қысқаша талдайды. Оқушылар сабақтағы жұмыстарын бағалайды. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген