жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Синхронды генератордың жұмыс принципі, құрылысы
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Синхронды генератордың жұмыс принципі,құрылысы
Мақсаты:
Білімділік: Асинхронды қозғалтқыштың құрылысымен таныстыру; Сатор орамдарын электр жүйесіне үшбұрыштап қосуды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың дұрыс дағды қалыптастыруын көздеу, теориялық білімін практикада қолдану қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілік: Нарықтық экономика кезінде кәсіптік білімнің ерекшелігіне көзқарасын қалыптастыру.Білім алушыларды таңдаған мамандықтары мен техникаға сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Оқу өндірістік жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар: монтаждау құралдарының жиынтығы, Жалпақ қысқыштар, тістеуіктер
САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру бөлімі 8.30-8.35
- Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
- Арнайы киімдерін қарау;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ІІ. Кіріспе нұсқау 8.35 – 9.25
Сабақтың тақырыбы және мақсатын хабарлау;
Өткен сабақты оқушылардың есіне салу,сұрақтар кою;
Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіру;
1.Синхронды машинадағы ротордың айналым саны неге тең?
Ж: Синхронды машинадағы ротордың айналым саны статордағы айналушы магнит өрісінің айналым санына тең.
2. Синхронды қозғалтқыш қандай жерлерде көп қолданылады?
Ж:Синхронды генераторлар өнеркәсіпте кең қолданылады. Электр энергиясы бірінші реттік қозғалтқыштар болып табылатын гидравикалық, бу турбиналары немесе іштен жанатын қозғалтқыштар болатын синхронды генератор жәрдемімен өндіріледі.
3. Статор орамдарын электр жүйесіне үшбұрыштап қосу қалай жүргізіледі?
Ж: Статор орамаларын электр жүйесіне үшбұрыштап қосу үшін машина қалқанының жоғары
қысқыштарын төменгілерімен ұстатқыш қосу үшін машина қалқанының жоғары қысқыштарын төмендегілерімен ұстатқыш арқылы қосады, ал бірге жалғанған қысқыштардың әрбір жұбын үш фазалы электр желісінің сызықтық сымына қосады.
Магнит өрісінің магнит сызықтарын қиып өткенде,бұл өткізгіште электр қозғаушы күші индукцияланады.Сондықтан қозғалмайтын магнит өрісін өткізгіштер қиып өткенде де,сондай-ақ,қозғалмайтын өткізгіштер магнит өрісі қиып өткенде де өткізгіште электр қозғаушы күші пайда болады.Бірінші жағдайда магнит өрісін қоздыратын машинаның индукциялаушы бөлігі,яғни полюстері машинаның қозғалмайтын бөлігіне(статорға),ал индукцияланушы бөлігі(зәкір),яғни электр қозғаушы күш пайда болатын өткізгіштер,машинаның қозғалмалы бөлігіне(раторға),бекітіледі.Екінші жағдайдаполюстер роторға, ал индукцияланушы бөлігі (зәкір) статорға орналастырылады.
Біз жоғарыда полюстері қозғалмайтын және зәкірі айналмалы синхронды генератордың іс-әрекет принципі қарастырдық.Мұндай генераторларда өндірілген энергия тұтынушыға қозғалмалы түйіспелер – түйіспелік сақиналары мен щеткалар арқылы беріледі.
Сырғымалы түйіспе қуаты үлкен тізбекте энергияның шығынын тұғызады, ал жоғары кернеуде мұндай түйіспенің мүлде болмағаны дұрыс.Сондайақтан айналмалы зәкір мен қозғалмайтын полюстері бар генераторлар тек төменгі кернеулер (380-220 B дейін) және шағын қуаттар (15 кВт дейін) үшін ғана ғана жасалады.Әсіресе, кең қолдау тапқан полюстері ротордың, ал зәкірі статорына бекітілген синхронды генераторлар осындай сипаттамаға ие.
Қоздыру тоғы ротордың полюстеріне орналастырылған, қоздырушы орамаға тізбектеліп жалғастырылған орауыш арқылы жүреді.Қоздыру орамаларының ұштары машинаның білігіне бекітілген түйіспелі сақиналарға жалғастырылады. Сақиналарға қозғалмайтын щеткалар орналастырылған, олар арқылы қоздыру орамасына қоздырушы деп аталатын тұрақты ток беріледі. 10.5-суретте қоздырушысы бар синхронды генератордың жалпы түрі көрсетілген.
Синхронды генератордың статоры құрылысы жағынан асинхронды машинаның статорна ұқсас.Синхронды генераторлардың роторын айқын көрсетілмеген (шығып тұратын) полютермен , яғни шығып тұратын полютерсіз жасайды.
Айналу жылдамдығы неғұрлым (полюстерінің саны көп) машиналардың роторы ротор шенберінің бойымен бірқалыпты орналасқан айқын көрініп тұратын полютер түрінде жасалады.
Полюс өзекшеден, полюс ұшынан және полюс өзекшесінің ішіне орналастырылған қоздыру орамасының ораушынынан тұрады.Әдетте, айқын көрінетін полюстері бар синхронды генераторлардың бірінші реттік қозғалтқыштары жай жүрісті машиналарға жататын гидравикалық турбиналар болып табылады.Сондықтан айқын көрсетілген полюстері бар синхронды генераторлар сугенераторлар (гидрогенераторлар) деп аталады.
Айналу жылдамдығы көп болғанда, ротордың мұндай құрылыс қажеттімеханикалық төзімділікті қамтамасыз ете алмайды, сондықтан жылдамдықты машиналардың роторлары айқын көрсетілмеген полюсті етіп жасалады.
Айқын көрсетілмеген полюсті ротор өзара оқшаулаған жұқа болат пластинкадан іріктеліп алынған цилиндр түрінде жасалады. Ротордың беттік бөлігіне қоздыру орамасының өткізгіштері салынатын паздар штампталған. Айқын көрсетілген полюстері бар ротордың өзекшелері бетінде паздары фрезерленген бітеу құймадан жиі жасалады.
Ротор қоздыру ораманы салғаннан кейін оның пазын сынамамен, ал қоздыру орамасының құрсауымен маңдай байланысын ротордың жиегіне шығарылған болат құрсаумен (бандаж) бекітеді. Осындай құралымды ротордың шеңбер бойындағы сызықтық жылдамдығын 180-200 м-ге жеткізуге болады. Айқын көрсетілмеген полюсті генераторлары, әдетте, бірінші реттік қозғалтқыш жылдам жүретін машиналар қатарына жататын бу турбиналары болып табылады. Сондықтан айқын көрсетілмеген полюсті синхронды генераторлар турбогенераторлар деп аталады.
Генератордың орамасы өзара қосыла келіп, орам мен орауыш жасайтын саны көп сымдардан құралады. Ең қарапайым генератор магнит өрісінде айналып тұратын 1 жжәне 2 сым түріндегі орам болып табылады.
Білім алушыларға жаңа сабаққа нұсқау беру
Қауіпсіздік техникасы жайлы ережелерін түсіндіру;
Кездесетін қателер,олардың алдын алу;
Оқушыларды жұмыс орындарына бөлу;
ІІІ.Құрал-жабдықтарды қолдана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету. 9.25 – 09.45
ІV. Ағымдық нұсқау:оқушылардың жаттығуы 09.45 – 13.20
Берілген жаттығу жұмыстарын орындау;
Тексеру мақсатында оқушылардың жұмыс орындарын аралау;
Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту;
Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау;
Звенолардың жұмыс орындарына дұрыс орналасуын тексеру, оларға
құрал – саймандарын беру;
Берілген тапсырманың өз дәрежесінде орындалуын қадағалау;
Жіберілген кемшіліктердіне нұсқау беру;
V. Қорытынды нұсқау. 13.30 – 13.35
- Орындалған жұмыстарын тексеріп, бағалау;
- Жұмыс орнын жинау;
- Үйге тапсырма

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген