Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Сиқырлы айналар" ертегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға,тәрбиешілерге көмек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сиқырлы айналар туралы ертегі


Алыс бір королдықтағы балықшының отбасында кішкене қыз дүниеге келеді. Ол туылар алдындағы кеште балықшының үйінің есігін бір бейтаныс кемпір қағып, түнеп шығуды қиылып сұранады.

-Мейлі, біздің үй тар болғанымен сізге орын табылады,-деп балықшы үйіне кіргізеді.

-Рақмет саған, мейірімді адам. Қайырымдылығың міндетті түрде алдыңнан шығады. Сенің қызың үлкейген кезде өте бақытты болады,-дейді кемпір. Таңертең кішкене қыз дүниеге келіп, ата-анасы оған Кари деп ат қояды. Кемпір кетерінде рақметін айтып, қызға үш сиқырлы айна тастап кетеді.

-Айнаны қызың бой жеткенге дейін берме, оның сиқырын сол кезде көреді, деп кетіп қалады.



Содан он алты жыл өтеді. Балықшы мен әйелі айналар туралы мүлде ұмытып та кетеді. Бірақ балықшының қызы өте әдемі, сұлу қыз болып өседі. Бірақ өте тәкаппар, бірбеткей болып өседі. Күндердің бірінде сол королдықтың мұрагері, анасының тапсырмасы бойынша өзіне болашақ жар іздеп, сол ауылға келеді. Кари ханзаданы көргенде оған бірден ғашық болып қалады. Ханзада Агор барлық үйлерге барып қыздарымен танысып шығады. Кариде осы сәтті асыға күтеді.




Бір күні Кари айнаға қарап, әсемдігіне таң қалып отырып, айнаны үстел үстіне қоя салады. Оның мысығы байқамай айнаны үстелден құлатып жібереді. Кари қатты ашуланып, үйден басқа айна іздеуге кіріседі. Сол кезде шкафтың төбесінен үш айна тауып алады: жасыл, қызыл, көгілдір. Кари жасыл айнаға қарап еді, өзін өте әдемі көрсеткеніне қуанып қалды. Келесіде қызыл айнаға қарап, таң-тамаша қалды, айнадағы түрі бұлыңғыр болып жөнді көрінбеді. Үшінші айнаға қараса, мүлде басқа көрініс, айнада өзіне ашуланғыш, бұртиған бір таныс қыз қарап тұр, бірақ жақсылып қараса - өзі.

-Бұл не деген керемет? Кім маған түсіндірер екен?

-Мен, -деді мысығы. –Бұл сиқырлы айналар. Саған оны мейірімді сиқыршы сыйлаған. Жасыл айна сенің өз қалауыңды көрсетеді. Қызыл айнадан сені басқалар қалай көрсе соны көре аласың. Көгілдір сенің өзіңнің нақты түріңді көрсетеді. Айналар тек адамның сыртқы бейнесін емес, ішкі жан дүниесін де көрсетеді,-деп терезеден секіріп түседі.



Келесі күні Агор ханзада Каридің үйіне келеді. Агорға да Кари қыз ұнайды. Кетерінде Каридің әкесі Агордан ауылдың қыздары ұнағандығын сұрайды. Көршісінің қызын мақтап еді, Кари бірден бұрқ ете қалды. Бұл ханзадаға ұнамай қалып, үйден шығып кете барады.




Бірнеше күн өтеді. Ханзада үйіне қайтуды шешеді. Мейірімді ханзаданың кететініне халық қатты қайғырады.

- Менің анам көрсеткен бейнедегі қызды мен бұл жерден таба алмадым. Сондықтан да мен қайтуым керек. Бұған Кари де қатты уайымдайды, өзінің істеріне өкініп, өз мінезін және өзгелерге деген қарым-қатынасын өзгертеді. Сол түні Кари ханзаданы, қарсыласқанына қарамастан айдахардан өжеттікпен, батылдықпен құтқарып қалады. Сол кезде ханзада айнадағы анасының көрсеткен қызын таниды. Кариге үйленіп, екеуі бақытты өмір сүреді. Ал Кари туылған түндегі кемпір ол-ханзаданың анасы екен.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.11.2020
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12