Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Сиқырлы әлем”

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ балабақшаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

105 «Елкезек» МКҚКбөбекжай – бақшасы

Жолдыбаева Гулсим Алтынбековна – тәрбиеші


Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекет

Тақырыбы:«Сиқырлы әлем»



































Шымкент – 2023ж.


ҰО іс-әрекеттің тақырыбы: «Сиқырлы әлем»

ҰО іс-әрекеттің мақсаты:

  • Балалардың көктем туралы білімдерін бекіту,табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.


  • Гүлдердің атын атап,оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.


  • Мнемотаблицаны пайдалана отырып,балалардың тілін дамыту,сөздік қорын байыту.


  • Ойын арқылы балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.


  • Жаттаудың мазмұнына қарай қимыл көрсете отырып, мәнерлеп айтуға үйрету.


  • М.Монтессори педагогикасының элементтерінпайдалана отырып, балалардың саусақ қимылдарын дамыту,адамгершілікке,ұқыптылыққа баулу, төзімділікке тәрбиелеу, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.


Қолданылатын көрнекіліктер:Көктем белгілеріне байланысты мнемотаблица,

ертегілер,үлестірмеліматериалдар,құрастыру құралдары,

сиқырлы кілемше.


Сөздік жұмыс:Сиқырлы кілемше,моншақ,күлте.


Билингвалды компонент:Бәйшешек-подснежник,жауқазын-тюльпан,түймедақ-

ромашка,бақ-бақ-одуванчик, көктікен-василек, раушан-роза.

Әдіс тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу,көрсету,түсіндіру.


ҰО іс-әрекеттің барысы: Балалар музыка әуенімен бөлмеге кіреді,жарты шеңбер

болып тұрады,қонақтармен амандасады. (Үш тілде)


Шаттық шеңбері: Ал, балалар, тұрайық,

Жарты шеңбер құрайық.

Терезені ашайық,

Таза ауаны жұтайық.

Күннен жылу алайық,

Жүрекке жылу жинайық.

Жүректегі жылуды ,

Қонақтарға сыйлайық.



Балалар орындарына жайғасады, осы кезде есік қағылады, есіктен көгершін хат алып келеді.Хатты тәрбиеші алып оқиды,хатты сиқыршы жазыпты,ол сендерді ертегілер еліне алып баруға келе жатқандығын хабарлап жазыпты.

Тәрбиеші:Ал, балалар сендердің ертегілер еліне барғыларың келеді ме?

Балалар:Иә!

Тәрбиеші:Ендеше,айтыңдаршы ертегілер еліне қандай көліктермен баруға болады?

Балалар:Көлік түрлерін атайды.(Машина,ұшақ,қайық,кеме т.б.)

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,сендер көліктің көп түрлерін біледі екенсіңдер.Ал сендердің сиқырлы кілеммен ұшып көргендерің барма?

Балалар:Жоқ!

Тәрбиеші:Бүгін сендерді сиқыршы ханшайым сиқырлы кілемшесімен ертегілер еліне алып баратынын айтыпты.

Сиқыршы:Сәлеметсіздер ме?

Тәрбиеші:Сәлеметсізбе сиқыршы ханшайым,хош келдіңіз,төрлетіңіз.Балалар сиқыршы ханшайым өзінің сиқырлы кілемшесін ала келіпті.Сиқыршы ханшайым,енді біздерді сиқырлы кілемшемен апарасызба?

Сиқыршы ханшайым:Балалар, бұл сиқырлы кілеммен тек білімді балалар ғана ұша алады.Ұшу үшін менің тапсырмаларымды орындауларың керек.

-Сендер соған келісесіңдер ме?

-Орындай аласыңдар ма?

Балалар:Иә! Орындаймыз.

Тәрбиеші:Менің балаларым өте ақылды,білімді,қолдарынан келмейтіні жоқ.

Сиқыршы:Қане,сынап көрейік!Ендеше, айтыңдаршы:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Қазір жылдың көктем мезгілі(хормен).

Сиқыршы:Көктемде қандай өзгерістер болады?

Балалар:Көктем мезгілінің белгілерін атайды(мнемоталицамен жұмыс жасайды)


Көктем мезгіліне мнемотаблица.



Күн жылынады


Қар ериді

Жаңбыр жиі жауады


Жер көгереді




Құстар ұшып келеді


Picture 14

Ағаштар бүршік жарады


Жеміс ағаштары гүлдейді






Гүлдер шыға бастайды


Тәрбиеші: - Балалар, сендерқандайжеміс ағаштарын білесіңдер?

Балалар:- Алма ағашы, алмұрт ағашы, өрік ағашы т.б.

Тәрбиеші:Сиқыршы,менің балаларым өзінің ана тілімен қатар орыс тілінде меңгерген.

Билингвалды компонент: Бәйшешек-подснежник,жауқазын-тюльпан,түймедақ-ромашка,бақ-бақ-одуванчик, көктікен-василек, раушан-роза.


Сергіту сәті:Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкте қызыл-жасылды,

Кемпір қосақ асылды.

Тәрбиеші: - Балалар, осы гүлдердің сендермен ойын ойнағысы келіп тұр екен. Ал, сендердің ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә.

Дидактикалық ойын:«Жасырынған гүлді тап».


Сиқыршы:Жарайсыңдар, балалар!Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдерме?

Балалар:Иә!

Сиқыршы:Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар:Өздеріне таныс ертегілерді атайды.(Шалқан,Бауырсақ,Үш аю,Маша мен аю,Үйшік т.б.)

(Сиқыршының тапсырмалары)

  1. тапсырма:Ертегілер елінде мыстан кемпір ертегі кейіпкерлерін ауыстырып жіберіпті,олар тіпті өзінің қай ертегіден екендігін ұмытып кетіпті.Бізге соларға көмектесу керек.Ол сендердің қолдарыңнан келе ме?

Балалар:Иә!

Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар!Ертегі кейіпкерлері аюға арнап бір сергіту сәтін орындап берейік.

Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Тәрбиеші:Сиқыршы менің балаларымды енді кілемге отырғызасыз ба?

Сиқыршы:Менің тағы да бір тапсырмам бар еді.Соны орындаған соң отыруларына болады.

Тәрбиеші:Ол не қылған тапсырма?

Сиқыршы: Менің ертегілер елінде күлшеқыз атты әдемі, сыпайы қыз бар.Соның мерекелерге тағатын түрлі-түсті моншақтары болатын.Ол сол моншақтарын мерекеге барамын деп асығып жүріп, абайсызда үзіп алыпты. Моншақтары араласып кетіпті.Сол моншақтарды түстеріне ажыратып беруді өтінген еді.Сендер күлшеқыздың тапсырмасын орындай аласыңдарма?

Балалар:Иә!

2- тапсырма:

Сиқыршы:Жарайсыңдар!Сендер өте білімді, ақылды, тәртіпті екенсіңдер.Апайларың дұрыс айтқан екен.Сендер сиқырлы кілеммен ұшуға лайық екенсіңдер.Келіңдер кілемшеге, ертегілер еліне апарайын.Көзімізді жұмамыз.

Релаксация:Асу-асу таулардан

Алыс-алыс белдерден

Орманды-тау көлдерден өттік

Ғажайып табиғаты бар ертегілер еліне жеттік.


Сиқыршы:Балалар, біз ертегілер еліне де келіп жеттік, көздеріңді ашыңдар.

  • Айналаға қараңдаршы, біз қандай ертегідеміз?

  • Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

(Балалар ертегінің атын атап, кейіпкерлерін атайды.)

Сиқыршы:Балалар сендер осы «Бауырсақ» ертегісін сомдай білесіңдерме?

Тәрбиеші:Әрине, менің балаларым қазір саған «Бауырсақ» ертегісін сомдап береді.


Балалар«Бауырсақ»ертегісін сомдайды.


Түлкі:Бауырсаққа менің достарыма гүл жасап берсең, сені жемеуге уәде беремін.

Бауырсақ:Балалардан сендер маған көмектесіңдерші деп өтінеді.

Балалар:Тапсырманы орындайды.

Түлкі:Маған кішкентай емес үлкен гүл керек, өзі биік , әдемі болсын.

Бауырсақ:Сасып не істерін білмейді

Сиқыршы:Ол сөз емес маған, қазірмен оны сиқырлап, әдемі гүлдесте жасап беремін.

(Бір кішкентай гүлді сиқырлап, әдемі көп гүлдестеге айналдырады)

Тәрбиеші:Жарайсың сиқыршы, сен бізге көп көмектестің,рахмет саған.Балалар,

албіздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды. Сиқыршы, бізді балабақшамызға қалай апарасың?



Сиқыршы:Балалар сендер сиқырлы кілеммен ұшып көрдіңдер, енді менің тағы да бір сиқырымның куәсі болыңдар.

Ал, енді көздеріңді жұмыңдар, мен сендерді бір сәтте балабақшаларыңа апарып саламын.

(таяқшасын ары-бері бұлғайды, өзінің сиқырлы сөздерін айтады)

Тәрбиеші:Міне, балалар бақшамызға да келіп жеттік.

Сиқыршы:Балалар мен сендерге бүгін риза болдым,менің сендерге арналған силығым бар соны берейін.

(сиқыршы силығын балаларға беріп, қоштасып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар бүгін сендерге саяхатымыз ұнады ма?

-Біз қайда бардық?

-Немен бардық?

-Кілемшемен ұшу үшін не істедік?

-Кімдерге көмектестік?

Жарайсыңдар балалар, мен сендерді мақтан тұтамын!


Тәрбиеші:Ал енді қонақтармен қоштасайық:

Балалар:Біз қатарға тұрайық

Жарты шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық!

(Балалар өлең жолдарына сәйкес іс-қимылдар жасайды)

Тәрбиеші:Осымен бүгінгі сиқырлы әлемге саяхатымыз аяқталды, зейіндеріңізге көп рахмет.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2025
134
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12