Материалдар / "Сиқырлы білім еліне саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сиқырлы білім еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бір жылдық қорытынды ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Маусым 2021
373
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6 «Орман ертегі» мектепке дейінгі ұйым

















«Сиқырлы білім еліне саяхат»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Мектепалды даярлық «Таңшолпан» тобы





















Ақтөбе, 2021ж

Тақырыбы: «Сиқырлы білім еліне саяхат»

Мақсаты: Балалар жыл бойы алған білімдері мен үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетеді. Заттарды санына қарай салыстырып, ертегілерді тәрбие құралы ретінде пайдаланады. Бір-біріне көмектесіп, ұнамсыз істерді болдырмауға тырысады.

Көрнекіліктер: суреттер, сандар мен дыбыстар, сиқырлы кітап, слайд т.б

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі көңіл күйлерін қалай? Менің де көңіл күйім жақсы. Балалар мен сендерді сондай жақсы көремін, ал сендер бір-бірлерінді жақсы көресіндер ме? Ендеше бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап бойымыздағы мейрімге толы жылуымызды сыйлайық. Осындай мейірімге толы шуағымызды қонақтарға да сыйлайық.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық

Picture 1 Picture 3







Міне балалар, сендердің бойларың да, ойларың да өсіп қалыпты. Сендер мектепке дайындалып жүрсіңдер. Болашақта таңғажайып оқиғаларға толы «білім әлемінде» өмір сүресіңдер. Сол білім әлеміне дайын болу үшін біз қазір «Сиқырлы білім еліне» сяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығуға дайынсындар ма ?

Бал\р: Әрине дайынбыз.

Тәрб: Олай болса барлығымзы көздерімізді жұмып, сиқырлы білім еліне аттанамыз.

Енді көзімізді ашып жан-жағымызға қараймыз. Мінекей балалар біз сиқырлы білім еліне келдік. Аты айтып тұрғандай бұл жақта барлығыда сиқырлы, сандар да дыбыстарда сөйлеуі мүмкін.

Кітап: Саламатсыздар ма ? Сіздер кімсіздер, мұнда нағып жүрсіздер?

Тәрб: Балалар дауыс қай жақтан шығып тұр, бұл ненің даусы болды екен? Әуелі амандасып алайық.

Бала\р: Саламатсызба. Біз балабақшадан келген балалармыз.

Тәрб: Иә, дұрыс айтады, біздің балалар биыл мектепке барады. Өз білімдерімізді одан әрі толықтыру үшін арнайы сиқырлы білім еліне саяхатқа келдік. Ал сіз кім боласыз ?

Кітап: Мен осы сиқырлы білім елінің қазынаға, білімге толы сиқырлы кітабымын. Жыл бойы сендер сияқты балалар менің еліме келіп өз білімдерін сынап жетілдіруге келіп тұрады. Сендердің де келгендерін жақсы болды.

Балалар қалай ойлайсындар сендер мектепке баруға дайынсындар ма ?

Бала\р: Әрине дайынбыз.

Кітап: Олай болса қазір мен сендердің қаншалықты дайын екендіктерінді тексеретін боламын. Мен жай кітап емеспін, мен сиқырлы кітаппын. Мен бес саладан тұрамын, олар: денсаулық, қатынас, таным, шығармашылық және әлеуметтік деп аталады. Әр саланың өзіндік тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды дұрыс орындасандар онда сендерді «Білімпаздар» қатарына санаймын.

Picture 5 Picture 7







Тәрбиеші: Балалар сиқырлы кітаптың тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба?

Бала\р: Иә

Тәрбиеші: Олай болса бірінші денсаулық саласының тапсырасынан бастайық.

Денсаулық саласы: «Бой сергітейік»

(әуен қосылады, балалар әуенмен жаттығу жасап билейді)

Қатынас саласы:

1 «Ертегі сыр шертеді»

Тәрб: Балалар біз қандай ертегі білеміз?

Бала\р: «Үйшік», «Түлкі мен тырна», «Шалқан», «Үш торай», «Бауырсақ», «Алдар көсе мен бай», «Екі аяз», «Күн,су және жарық»

Тәрб: Олай болса ортаға шығып «Күн,су және жарық» ертегісін кім айтып береді?

(бір бала ортаға шығып ертегіні айтып, кейіпкерлерді орналастырады)

2 «Дыбыстар»

Тәрб: Балалар дыбыстар неше түрге бөлінеді? Жақсы олай болса қазір дауысты, дауыссыз деп екі топқа бөлінеміз.Әуен ырғағымен билеп, әуен тоқтаған кезде әр дыбыс өз үйшігінің қасына келіп тұрады.

Медина сен қандай дыбыссын? А дыбысы қалай айтылады?

Серәлі сенде қандай дыбыс? Т дыбысынан келетін қандай сөздерді білесіндер?

Кітап: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғып келіп тұр

Жұмбақ:

Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрісі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.

Бала\р: Жауабы Балық

Кітап: Дұрыс айтасыздар. Енді осы Балық деген сөзді текшелермен жазып көрсетіндерші.

(балалар орындарына барып текшемен жұмыс жасайды)

Picture 9 Picture 11







Таным саласы:

1 Есептер шығарайық. (карточкамен жұмыс)

Сергіту сәті

2 Жоқ санды тап. (карточкамен жұмыс)

(Picture 13 балалар карточкамен жұмыс жасайды)

Әлеумет саласы:

1 «Сиқырлы паравоз»





Шығармашылық саласы:

1 Суреттер сөйлейді

Тәрб: Балалар қазір біз еркін тақырыпта триз әдісінің үш түрін пайдаланып сурет саламыз.

Picture 15 Picture 17







(балалар триз әдісімен сурет салады)

Мінекей сиқырлы кітапша балалар сіздің тапсырмаңыз орындап болды.

Кітап: Ой жарайсыңдар балалар, мен барлығын мұқият қарап , бақылап отырдым. Сендер білімді балалар екенсіндер. Мектепке дайындықтарын жақсы екен. Енді мен сендерге «Біз білімпаздармыз» атты бой тұмарды сыйға тартқым келіп отыр. Озат оқушы болындар, ақ жол сендерге.

Тәрб: Олай болса біз енді өзіміздің балабақшамызға қайтайық. Сау болыңыз

(балалар әуенмен балабақшаға оралады)

Тәрб: Балалар сендерге саяхат ұнады ма ?

Бала\р: Иә ұнады.

Тәрб: Саяат сендерге несімен ұнады, ол жақта біз нестедік?

(балалар саяхат туралы айтады)

Тәрб: жарайсыңдар балалар осымен бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды, бүгінгі сабақ ұнадыма сендерге?

Басбармақпен бағалау, қоштасу

Сау болыңыздар









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!