№6 «Нұрай»
балабақшасы
Тақырыбы: «Сиқырлы
думан»
(Спорттық
ойын-сауық)
ДШ нұсқаушысы: Аханова
А.А
Көкшетау
қ.
Тақырыбы: «Сиқырлы
думан»
Мақсаты:
1. Білімділік: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс – әрекетінде кең
қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық
шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Қазақ халқының ерлік – жауынгершілік тарихын
ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір
өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды,
ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп
өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қаражорға әуенімен балалар ортаға шығады.
ДШ нұсқаушысы: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды.
ДШ нұсқаушысы: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып сабақты
бастаймыз.
Ойын шарттары:
1. Бәйге
2. Арқан тартыс
3. Теңге алу
4. Қол күрес
5 Ақсерек - көксерек
Ойын: Ұлттық ойын «Бәйге»
Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер
белгіленді.
Екі топтың балалары ( арақашықтық2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында
жұптасып жарысады. Әр
топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір
баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы
тиіс.
Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір
түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады.
Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
Ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу»
Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат
пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды.
Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба
жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп
есептеледі.
Ойын: Ұлттық ойын: «Ақсерек - көксерек»
Ойын шарты: Ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,
қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20 - 30 қадам.
1 - топ. Ойынды бастайды:
Ақсерек - ау, ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2 - топ Ойынды жалғастырады
Ақсерек – ау, ақ серек
Жаман – жаман бала аты (бала аты) керек.
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан
ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан
бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын
осылай жалғаса береді.
ДШ нұсқаушысы: Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.



